Қариялар-өмір шежіресі.

Тақырыбы: Қариялар-өмір шежіресі.

Сценарий мақсаты: оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.

 

1-жүргізуші: Нұрдаулет

Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар,

Ақыл кенін арқалаған аталар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

Біз алаңсыз балғын шақты балалар

Армысыз ауылымның асылдары

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы

Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би

Сіздер үшін мереке шашулары

2-жүргізуші:Эльмира:

Дүниеге келер бір кісің

Дария кеуде,  тау мүсін.

Құрыштай құйған құдірет

Қарттарым аман – саумысың.

1-жүргізуші:

Қымбатты ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар! Ақ жаулықты аналар! Шынайы да ізгі сезімдерді, білімнің алтын діңгегін сыйлаушы ұстаздар қауымы! Барлықтарыңызды қазан айының алғашқы мерекелері қарттар күнімен құттықтаймыз.

2- жүргізуші

Бас ассамблея 1990 жылдың 14- желтоқсанында 1- қазанды Халықаралық қарттар күні деп есептеу туралы қаулы шығарды. ХХ ғасырда пайда болған бұл мереке алдымен Еуропада, кейіннен Америкада, ал 80 –жылдардың аяғында бүкіл әлем бойынша атап өтіле бастады.

1-жүргізуші:

Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше, олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей теңіз болып келеді. Міне осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін 1 қазан Қарттар күнімен құттықтай отырып, «Қариялар- өмір шежіресі» атты кешімізге хош келдіңіздер.

2-жүргізуші:

Кешімізді бастамас бұрын сөз кезегін мектебіміздің директоры Садвокасов Серғазы Уалиұлына береміз.                        ФАНФАР

 

ДИРЕКТОРДЫҢ СӨЗІ

 

 

1-жүргізуші: 

Аяулысың, ауылымның асылдары,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Сіздер үшін ән менен күй, өлең мен би,

Сіздер үшін мереке шашулары.

КҮЙТАРТЫС

2-жүргізуші:

Өн бойың тұнған ақыл, ұлағат

Ешкімге жасамайтын қиянат

Жайлап қана ақылменен түзейсің

Болып қалса ұғына алмай бір сағат

Мектебіміздің  зейнеткер ұстазы  Күланда Әбілқызына  сөз береміз.

1-жүргізуші:

Жақсылық берер бізге көзі деп,

Қазыналы қарияның өзі деп.

Пір тұтамыз ерекше жан сіздерді

Себетұғын бойымызға нұры кеп.

2-жүргізуші:

Мен қарапайым қарттарды сүйемін,

Не деген керім еді!

Не біледі осы жұрт не біледі?!

Бабалардың баласы – қариялар.

1-жүргізуші:

Келесі кезекте ақын –жазушыларымыздың қарт адамдар жайлы жазған нақыл сөздеріне құлақ асайық.

2-жүргізуші: «Өткен менен кеткенді, көп жасаған қарт білер» деген нақыл сөздің мазмұнына үңілер болсақ, қариялардың болашақ үшін төккен тері мен еткен еңбектерінің зор екендігі баршамызға мәлім.

1-жүргізуші: «Адам алдына қарап өседі, артына қарап ойланады»,- деп  Ғабит  Мүсірепов айтқандай, ата – дәстүрімізге зер салсаң, ежелден – ақ халқымыз балаларын үлкенге құрмет көрсетуге тәрбиелеген.

2-жүргізуші: «Қарттардың адамдық осалдықтарына кешірімді  бола біліңдер» .

1-жүргізуші: Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да қақысы бар. Бұл моральдық құқыны құрметтей білу».

2-жүргізуші: Қартайған шағында өзіңді басқалар құрметтеу үшін жас кезіңде қауқары қайтып,  сақал – шашы ағарған кісіге ізет қыл».

1-жүргізуші: Ауылыңда қартың болса,  Жазып қойған хатпен тең.

2-жүргізуші: Эльмира, білесің бе, мен бүгінгі қонақтарды қарт адамдар деп айтуға тілім бармайды.

1-жүргізуші: неге?

2-жүргізуші: себебі, бұл кісілер кешегі қыз-жігіттер емес пе?

1-жүргізуші: болса ше?

2-жүргізуші: олай болса, сол кездерін той- домалаққа барған кездерін  еске түсіріп бір ойын ойнап жіберсек қалай қарайсың?

 

ОЙЫН ОЙНАТУ.   «Әуенді тап».

 

1-жүргізуші:

Алдарыңызда бірнеше музыкалық  ноталар. Сол ноталардың біреуін таңдайсыздар.  Кейін әуенді тыңдап, жасырылған әннің бір шумағы мен қайырмасын айтып бересіздер. Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтарымыз бар.

1-жүргізуші:

Ұлылықтың мықтылығы ағашымен,

Қымыздың күштілігі сабасымен

Бишінің биші болып аталуы

Қол соғып, қошеметтеген ортасымен – дей келе сіздердің қошеметтеріңізбен

2-сынып оқушыларын «Қуыршақ» биімен ортамызға шақырамыз.

БИ. 2-сынып

1-жүргізуші:

Келесі ойын «Жеделхат».Қазір 4-5 әріптен тұратын  кез келген сөз аламыз. Мысалы: ҚАЛА. Осы сөздің бірінші әріптерін пайдаланып жеделхаттың мәтітін  тез арада  құраймыз. Қанат  Астанадан Лимузин алды. Кімінің мәтіні мағыналы болады сол жеңімпаз атанады.    Тақтаға 3-4 сөз жазып қоямыз.

ЖЕҢІМПАЗҒА СЫЙЛЫҚ БЕРУ

2-жүргізуші:  Келесі ойын: «МЕРГЕН». Ортаға аталарымызды шақырамыз.

Мен сіздерге датстың таяқшаларын беремін. Алдарыңыздағы шеңберлерге дәл тигізулеріңіз керек. Әр шеңбердің өзінің тұрмысқа қажетті заттары жазылған.

ЖЕҢІМПАЗҒА  СЫЙЛЫҚ  БЕРУ

1-жүргізуші:

Жарайсыздар, бұл ойыннан да аман-есен өттіңіздер. Енді соңғы ойын-сайысымыз «Мәнерлеп оқу сайысы». Оқушы, студент кездерімізді бір сәт еске түсірейік. Жүрегімізге жақын өлең жолдарын жатқа айтамыз.

ЖЕҢІМПАЗҒА СЫЙЛЫҚ  БЕРУ

2-жүргізуші:

Әже, сен бірге жүрсің меніменен,

Өліге мен өзіңді тілемегем.

Ақ кимешек киген бір кемпір көрсем

Ақ кимешек астынан сізді көрем.

Өңі түсі өзіңнен бір аумайды,

Немересін ертпесе жүре алмайды.

Таныс дауыс, таныс сөз, таныс мәсі

Көзіме оттай басылып алаулайды –деп «Әже» әнімен

ортаға    Асылханды  шақырамыз.

 

СОҢҒЫ КУПЛЕТІНДЕ ОҚУШЫЛАР ОРТАҒА ШЫҒЫП, МОНТАЖҒА ДАЙЫНДАЛАДЫ

1-жүргізуші:

Халқымыздың тәлім – тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен берісіп, өзіндік қасиетімізді қалыптастыру көзделген. Ендеше «Мен атам мен әжемнің жалғасымын» бөліміне құлақ түрелік.

 

МОНТАЖ:

 

 

Дамир

Асыл әжем, мақтанышым менің  де

Қонақ болып отыр міне төрімде.
Өзіңе арнап балдай тәтті үніммен
Жыр айтатын кезім келді  менің де.

Томирис

Менің әжем, жыр әжем,
Шуағы мол нұр әжем.
Ақ таяққа сүйеніп,
Аман-есен жүр әжем.
Мади: 

Менің әжем, ақ әжем,
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десем,
Айтып береді тағы әжем.
Менің әжем, гүл әжем,
Алтын әжем, нұр әжем.
Анам үшін, мен үшін,
Нағыз әжем, тіл әжем

Риза:

Шай ішетін қоюлап,
Жақсы көрем атамды.
Сырмақ сырған оюлап,
Жақсы көрем апамды.
Жан:

Құрт пен майын жинаған

Балаларға сыйлаған.

Бұл әжемнің өмірі

Таусылмайтын жыр маған.

Дильназ:
Жер бастырмай баласын ,

Желкесіне мінгізген .

Өсіріп ар санасын,

Аталығын  білгізген.

Оразалы

Ата үлкен кәріміз,
Қуат берген дәріміз.
Әуелете аялап,
Ардақтаймыз бәріміз.

Альмира:

Сүйсінер ісің көп болса,

Батаға жарып өсесің.

Көп  жаса, балам! – дегізсең,

Қарттыққа сен де көшесің.

Қартаю деген әрқалай,

Қартаяр әркім әр түрлі.

Кәрілікті қалар байқамай,

Қадірлей біл қартыңды!

Тоқтар:
О, қарттарым…

Сыр ашпайды сенің құла түздерің,

Сыр ашпайды тау – тастағы іздерің.

Сенің бүкіл болмысыңның тағдырын

Домбыраңның пернесінен   іздедім.

О, қарттарым…

Мен білмеймін,

Басыңа әлде орнап бақ,

Шәһар салып, жасадың ба жаннат бақ.

Әлдеқалай тасқа түскен таңбаға

Табынамын тарихымдай ардақтап.

Айгүл:

Сән еңкейген нұр жүзінен әл тайып,

Қуат кетіп бара жатыр қартайып.

Отбасында, бала – шаға қасында

Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.

Көңіл жетім болмаған соң сыңары,

Жас баладай жаутаңдаған жанары,

Қайта – қайта қарағың кеп тұрады,

Қағыс естіп қалбақтайды баладай

Мәпелеңдер қарт біткенді аялап

Ниеті ақ, көңілі кең даладай,

Кімге болсын қарттық жетер аяңдап.

Нұрмұхан:

Ақиқатты айқындап жариялар

Бара жатыр азайып қариялар.

Дауыл тұрса бүлк етіп толқымайтын

Бара жатыр сарқылып дариялар.

Неменеңе жетістің, бала батыр,

Қариялар азайып бара жатыр.

Бірі мініп келместің кемесіне,

Бірі күтіп әнеки жағада тұр.

Ақыл айтып жүрмесе қасымызда,

Сонда орнайды жетімдік басымызға.

Жалаңашқа шекпенін шешіп беріп,

Бір күлшесін бөліскен ашымызға.

Неменеңе жетістің, бала батыр,

Қариялар азайып бара жатыр…

Алтынай:

Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!

Әр күлгенің бізге бақыт саналар

Еңбегіңді еш етпейтін өмірде

Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар

Ана мейір күн көзімен пара-пар

Тұла бойға қуат болып таралар

Өміріме шуақ шашып әрқашан

Көп жасаңдар аталар мен аналар!

Дамир: Құрметті қариялар,
Томирис: Түндеріңіз тыныш болсын,
Мади:Үйлеріңіз ырысты болсын,
Риза: Келіндеріңіз есті болсын,
Жан: Ұлдарыңыз сесті болсын!
Дильназ: Балаларыңыз қуаныш әкелсін,
Оразалы: немерелеріңіз жұбаныш әкелсін,
Альмира: Орындарыңыз топ болсын,
Тоқтар: Дастарқандарыңыз мол болсын!
Айгүл: Қатарларыңыз көп болсын,
Нұрмұхан: Уайым — қайғыларыңыз жоқ болсын,
Алтынай:Жастардың қазасын, зұлымдардың жаласын көрмеңіздер  көрмеңіздер!
Бәрі: Мерекелеріңіз құтты болсын, қариялар!
2-жүргізуші: 

Елде бірлік болсын,
Жарасты тірлік болсын!
1-жүргізуші:

Теңіздей тербетіліп көл бетінде,

Бишілер билеп кетті тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілер өнерлерін көрсетуде,-  алдарыңызда  мың бұралған бишілер. Қарсы алыңыздар!

БИ- (8сынып)

2-жүргізуші.

Кеше ол да дәл сендей,

Жас болғанын ұмытпа .

Дүние кезек  құрбылар.

Қарттардың көңілін суытпа .

1-жүргізуші.

Біздің  ата бабаларымыз бүгінгі ұрпаққа  ұлан-байтақ даланы,құс ұшырса  қанаты талмайтын  қазыналы жерді,ақыл парасат ,ойлы да  арлы  адамгершілік қасиеттері  арқасында  ғана мұра етіп қалдырған.

2-жүргізуші.

Олардың  өнегесін  ұлағат тұтқан  ұрпақтары да  өмір көшінде бабалар арманын  жалғастырып келеді. Болашағымыз деп өткен  жетістіктеріміздің  алтын қазығы  қариялар ортамыздың берекесін  арттырып, аман есен  жүріңіздер.

1-жүргізуші.

Жүректен кіріп бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй,- деп ортаға «Мен озат боламын» әнімен Қанатова Балнұрды шақырамыз .
1-жүргізуші.

Абырой амандығың арта берсін

Бақ дәулет қызығымен қатар берсін.

Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп,

Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін.

Тыныштық елімізге бере берсін.

Молшылық жерімізге ене берсін.

Соғыстан ел жұртымыз аман болып

Қызығын бейбіт өмір көре берсін

Қарттарым сіздерге Алла саулық берсін

Денсаулық ауыз-бірлік бола берсін

Тап-таза абыройлы болғаныңды

Қазіргі ел билеген жастар көрсін- деп тілек тілеп бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.

1-жүргізуші:         

Той деп бүгін халқым шашу шашады.

Той деп бүгін әлем сырын ашады.

Қарттар күні мейрамына арналған

Шын жүректен ән – шашуды шашады.

Қарсы аламыз, Даулет Башимович пен Айгүл Әділханқызының орындауында

—————————

соңғы пройгрышта

2-жүргізуші.

           Ән жырдан көңілдерді қуантыңдар,

            Барымен шат-шадымен болыңыздар.

Қоштасайық, келесі кездескенше,

Әрдайым сау-саламат болыңыздар!

 

МУЗЫКА

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№3 Смирнов орта мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өткізген: А.К.Альбаева

6-сынып

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2018 жыл