Табиғаттағы металдар мен бейметалдар және оның қосылыстарының таралуы    

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Пәні: химия.  Сыныбы: 10- сынып

Мектеп: Астана қаласы №53 МЛ

Пән мұғалімі: Схаг Аманкельди

Сабақ тақырыбы: Табиғаттағы металдар мен бейметалдар және оның қосылыстарының таралуы уақыты
Мақсаты: Оқу материалын 63% меңгерту үшін логикалық, сыни тұрғыдан ойлау шапшандығын және тақырыптық сөздік қорын дамыта отырып, табиғаттағы металдар мен бейметалдардың таралуы   туралы ұғымдарды қалыптастыру  
Жаңа технологиясы: Биоэнергетика және синергетика технологиясы (БжС),

«Ауызша сабақ -2» картасы

 
Құрал- жабдықтары: Орынға отырғызу матирцасы (ООМ), оқулық, ПЖ кестесі, негізгі тірек сөздер  
І. Ұйымдастыру кезеңі:

Мотивация

Оқушылармен сәлемдесу. Қызығушылықты ояту. Сыныпты белсендендіру үшін көшбасшы сөзі. Сабақ тақырыбы, мақсатын хабарлау. 2 мин
ІІ. Жаңа тақырыпты қабылдау Мұғалім кіріспе сөзі. Оқушылар мәтінді мұқият зейінмен оқиды.  1 парағына-4мин. Тірек сөздерді тауып, айту. Тақтаға жазады. Тірек сөздің мағынасын мұғалім түсіндіріп өтеді. Жалпы балалар  мәтінді оқып, одан  тірек сөздерді  тауып, тақырып  бойынша  мазмұнын  ашуы  тиіс. Сонымен  бірге  балалар   мәтінді  көңіл  қойып  оқуға  нұсқау  алады. Себебі,  мұғалім  сабақты  сұрау  барысында  ұсақ  детальдарға  көңіл  қоятындығын  ескертеді Дайын  тірек сөзбен салыстырады.

Тірек сөздері:

1). Химиялық элементтер;       2). Металдар;                             

3). Бейметалдар;                         4). Металдық байланыс ;                  

5). S- элементтер;                      6). Р- элементтер;      

7). Коваленттік полюссіз байланыс; 8). Тотықтырғыш;

9). Тотықсыздандырғыш;         10). Агрегаттық күй;      

11). Жай заттар;                       12). Қосылыстар

10 мин
ІІІ. Түсінуді ұйымдастыру Тірек сөздерді жаттауға уақыт беріледі 12 сөзге- 1мин.

Жаттау уақыты аяқталған соң, (Шапалақ соғу зейінді бағыттау үшін) дәптерге жазу. Көршісімен алмасып, жазған тірек сөзін санау. 7 сөзден жоғары плюс алады. ООМ ұяшығына белгілеу. Қосу + алғандардың әділдігі тексеріледі. Матрицамен жұмыс. Тақтаға кезең нәтижесін жазу.

8 мин
                      ООМ бойынша І бағалау    
ІҮ. Алғашқы түсінікті тексеру Қарама- қарсы сұрау: мұғалім ООМ бойынша тақырыпқа байланысты сұрау. Оқушы жауап бермесе кез келген оқушыдан сұрау.Егер жауап алынбаса сыныптан сұрау. Жауап берілмесе өзі жауап береді. Кезең аяқталған соң екі минусы бар оқушыға «Құтқару шеңбері» тасталып, сол оқушыларға үш сұрақ қойылады. Олар қол көтеріп минустарын жоя алады.

Қиылыс сұрақтары:

1). Химиялық элементтердің ПЖ-дегі элементтер саны? Ж:-110

2). Химиялық элементтердің ішіндегі металдар саны? Ж:- 88

3). Сирек газдарды қосқандағы бейметалдардың саны? Ж:-22

4). Қазіргі техникада қолданылатын металдар саны? Ж: 40-дай

5). Металдар –жай зат тұрғысынан (метал атомдары) қандай химиялық  байланыс түрімен байланысқан?

                                                    Ж: металдық байланыс

6). Металдардың ең сыртқы энергетикалық деңгейіндегі электрон саны?                                                             Ж: 1е-3е электрон

7). Күміс, алтын, мыс, кейде сынап табиғатта қандай күйде кездеседі?                                                   Ж: бос күйде кездеседі

8). Металдар кендердің құрамында қандай қосылыстар түрінде болады?                       Ж: оксидтер, сульфидтер, карбонаттар

9). Алюминий мен темірдің жер қыртысындағы таралу мөлшері?

Ж: алюминий-7,5%; темір -4,7%.

10). Магний мен калийдің жер қыртысындағы таралу мөлшері?

Ж: магний-2,3%; калий 2,4%.

11). Натрийдің жер қыртысындағы таралу мөлшері?

Ж: натрий-2,6%;

12). Бейметалдық қандай элементтер — жер қыртысы массасының 76%-ын құрайды?.                Ж:оттек пен кремний

13). Бейметалдардың жай заттарында бейметалл атомдары арасындағы химиялық байланыс түрі?

Ж: коваленттік полюссіз байланыс

14). Бір атомды бейметалдарға жататын, бірақ ең белсенді заттармен де әрекеттеспейтін салғырт газдардың ПЖ-дегі орны?

Ж: ҮІІІ топтың негізгі топшасы

15). Бейметалдар- сутек, оттек, азот, хлор кәдімгі жағдайда қандай агрегаттық күйде болады? Ж: газдар

16). Мына бейметалдардың бром, көміртек, күкірт, фосфор қайсысы кәдімгі жағдайда сұйық агрегаттық күйде болады?

Ж: бром

17). Бейметалдардың ең сыртқы энергетикалық деңгейінде болатын электрон саны?      Ж: 4е-8е электрон

18). Табиғатта азот, оттек, және күкірт қандай түрде кездеседі?

Ж: жай зат түрінде

19). Ең сирек кездесетін бейметалдар? Ж: мышьяк, селен, йод.

20). Оңтүстік Қазақстандағы Қаратауда қандай  кен орны бар?

Ж: фосфорит кен орны

8 мин
ООМ бойынша ІІ бағалау    
Ү. Бастапқы пысықтауды ұйымдастыру Бірінші нұсқа екінші нұсқаны тестілейді. І нұсқа тест тапсырмаларын құрастырып жатқан кезде, ІІ нұсқа оқушылары оқып дайындалады. ООМ ұяшығы бойынша сұрау. 8 мин
ООМ бойынша ІІІ бағалау     
ҮІ. Талдау Жаңа тақырып бойынша түсінігіне тақырыптық сөздік қор (ТСҚ) өткізіледі. Оқушылар Эссе немесе шығарма түрінде жазады. 63сөз. Көмекші сөздер, жалғаулықтар саналмайды. 6 мин
ООМ бойынша ІҮ бағалау    
Рефлексия Ең көп сөзі бар шығарма мен ең аз сөзді шығармалар оқылады. 2 мин
Бағалау Журналға баға қою нормативі:

+4 алған болса, баға «5»;

+3 алған болса, баға «4»;

+2 алған болса, баға «3»;

ал «екілік» баға журналға қойылмайды.

Сапа нормативінің орындалуы көрсетіледі.

1 мин
ООМ бойынша қорытынды бағалары көрсетіледі    
Үй тапсырмасы «2» және«3» баға алған оқушыларға үй тапсырмасына тақырыпты қайталауға тапсырма беріледі.

(Оқулықта: 126-бет. Металдардың табиғатта таралуы.

133-бет.Бейметалдардың табиғатта таралуы

 

 

 

Табиғаттағы металдар мен бейметалдар және оның қосылыстарының таралуы. Химия. 10-сынып

Тірек сөздер:

 

1). Химиялық элементтер;       2). Металдар;                             

3). Бейметалдар;                         4). Металдық байланыс ;                  

5). S- элементтер;                      6). Р- элементтер;      

7). Коваленттік полюссіз байланыс; 8). Тотықтырғыш;

9). Тотықсыздандырғыш;         10). Агрегаттық күй;      

11). Жай заттар;                       12). Қосылыстар

 

 

 

 

 

 

 

Табиғаттағы металдар мен бейметалдар және оның қосылыстарының таралуы. Химия. 10-сынып

 

Табиғаттағы металдар мен бейметалдар және оның қосылыстарының таралуы    

 

Оқулықта: 126-бет. Металдардың табиғатта таралуы.

133-бет.Бейметалдардың табиғатта таралуы.

 

Металдардың табиғатта таралуы. Химиялық элементтер саны-110, оның 88 металдар, ал қалған 22-і бейметалдар. Қазіргі техникада 40-тан астам металл қолданылады. Металдар –жай зат тұрғысынан (метал атомдары) металдық байланыспен байланысып, металдық кристалл тор түзеді. Бұл металдардың физикалық қасиеттерін айқындап береді. Сондықтан металдарға ортақ қасиеттер: металдық жылтыр, иілімділік, жылу-электрөткізгіштігі, созылғыштық қасиеттер көрсетеді. Металдар –S элементтер. Олардың ең сыртқы энергетикалық деңгейінде 1е-3е электрон бар. Химиялық реакцияларда тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді. Көптеген металдар табиғатта кең таралған. Кейбір металдардың жер қыртысындағы таралу мөлшері мынандай: алюминий-7,5%; темір -4,7%; кальций-3,4%; натрий-2,6%; магний-2,3%; калий 2,4%. Металдар табиғатта әртүрлі күйде кездеседі. Күміс, алтын, мыс, кейде сынап бос күйде кездессе, ал көптеген металдар кендердің құрамында қосылыс түрінде кездеседі. Олар оксидтер, сульфидтер, карбонаттар және басқа да химиялық қосылыстар түзеді. Металдар құймалар түзеді. Таза металдар алу және оларды ары қарай қолдану үшін кендерден бөліп алып тазарту жұмыстарын жүргізу керек.

 

Бейметалдардың табиғатта таралуы. Бейметалл екі элемент- жер қыртысы массасының 76%-ын құрайды. Бұл- оттек пен кремний. Өзіміздің тыныс алатын ауа құрамына бейметалдар оттек, азот жай заттар түрінде, ал көмірқышқыл газы мен су буы күрделі зат ретінде кіреді. Бейметалдардың жай заттарында бейметалл атомдары коваленттік полюссіз байланыспен байланысқан. Бір атомды бейметалдарға, тіпті ең белсенді заттармен де әрекеттеспейтін ҮІІІ топтың негізгі топшасында орналасқан салғырт газдар жатады. Бейметалдар кәдімгі жағдайда әртүрлі агрегаттық күйде болады: сутек, оттек, азот, хлор- газдар, бром –сұйықтық, ал көміртек, күкірт, фосфор –қатты заттар. Қатты бейметалдардың түстері  әртүрлі, металдық жылтыры болмайды,морт сынғыш, электр тогымен жылуды нашар өткізеді. Бейметалдар –р элементтер. Олардың ең сыртқы энергетикалық деңгейінде 4е-8е электрон бар. Химиялық реакцияларда тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш қасиет көрсете алады. Бейметалдардың ішінде табиғатта жай зат түрінде азот, оттек, және күкірт кездеседі. Көбінесе бейметалдар химиялық байланысқан түрде (қосылыс түрінде) болады. Оларға: су, минералдар, тау жыныстары, әртүрлі силикаттар, фосфаттар, бораттар жатады. Жер қыртысында таралуы бойынша бейметалдар біршама ерекшеленеді. Ең көп таралғандары: оттек, кремний, сутек, ең сирек кездесетіндері: мышьяк, селен, йод. Оңтүстік Қазақстанда Қаратау фосфориттердің ірі кен орындары бар. Сапасы мен мөлшері бойынша оларға тең келетін ештеңе жоқ.