«Физика өмірде»

Сыныптан тыс шара

«Физика өмірде»

 

 

Шалқар қалалық №8 жалпы орта

білім беретін мектептің физика пәнінің мұғалімі

Жиеналина Айнур Кажигалиевна

 

Мақсаты:

Оқушыларға табиғаттағы таңғажайып құбылыстардың физика мен  байланысы бар екендігін қааптастыру. Оқушыларға қазіргі кездегі техниканың қарқынды дамуы, зор екендігіне көз жеткізу. Тәжірибе жасу барысында, оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке, ыждағаттылыққа тәрбиелеу

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд-шоу, шарлар, физикалық құрал-жабдықтар,текшелер.

Сайыс барысы.

Жүргізуші: Қайырлы күн ханымдар мен мырзалар! Ұстаздар мен оқушылар!

Жүргізуші

Армысыздар осында жиналғандар!

Сіздерді қызықтырар небір сыр бар,

Рұқсат берсе біздерге көрермендер.

Кешімізді  басталық қатысушылар

Ешқайсысы онсыз өмір сүре алмас

Өмірдегі құбылыстарды ол болмаса біле алмас.

«Бекзадасы, әрі қызметшісі» бәрінің,

Физикамен ешкімде жоқ талас.

 Жүргізуші:

«Физикасыз өмір жоқ, өмірсіз физика да бола алмайды». Айналамыз физикаға толы екендігі сөзсіз. Бүгінгі сайысымызда әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

 Жүргізуші:

  Ойын толқын, айналған қатты ағысқа

Табылғандай таным да, жат дауыс та.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу қалып жатады асығыста.

Ойын толқын жатқандай асып- тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып, — дей келе ойынға шығатын оқушыларды ортаға шақырайық.

Жүргізуші:

 Ал олай болса, сайыс кезеңдерімен таныстырып өтейін. Сайыс 5 кезеңнен тұрады.

  1. Сәлемдесу
  2. «Физикалық мақал мәтелдер»
  3. Физика өмірде
  4. Жұмбақты шешіп көр
  5. «Кім жүйрік»

I топ «Күш»                                          II топ «Энергия»

Топ басшысы:                                               Топ басшысы:                                       I

Жүргізуші:

Жалғайтын достастырып бар елменен

Жолдардан тұрады ғой әлем деген

Бүгінгі бізге келген қонақтарға

Кешіміз басталсыншы сәлемменен – дей келе, бүгінгі сайысымыздың        бірінші шартына кезек берейік. Әр топ өзін таныстырып, сәлемдеседі.

Жүргізуші:

        Физика тілдесер табиғаттың тілі екен ғой

Көз тартар сұлулықтың сыры екен ғой

Аттасаң аяғыңды, алдыңды орап,

Артыннан қалмайды екен тірі де ол

Салған ән, айтылған сөз, ішілген ас,

Ғарыштың кемелері, атылған тас.

Аққан су, соққан дауыл, айтылған жыр

Бәрінің бағынары физика ғой

Сондықтан табиғаттың сырын терең

Деушіге оқып, зерттеп, білем, көрем

Демесең болсын егер еңбегім еш

Әуелі физиканы оқы дер ем.

I кезең — Сәлемдесу.

Сәлемдесу

«Күш» тобы:(8 -сынып)

«Күш» деп атап тобымызды

Келдік бүгін сайысқа.

Біздің топтың ұраны

«Қарсыластан қалыспа».

Күштің көп қой түрлері,

Күшсіз күндер болмас.

Ауырлық күші болмаса,

Адам жерде тұра алмас

Салем бердік сіздерге

Әділқазы алқасы.

Бүгінгі сайыс біздерге

Өмірдің әрі жалғасы.

«Энергия» тобы:  (8-сынып)

Сәлемдесу:

Сәлем бердік баршаға,

Тұрмыз міне сайыста.

«Энергия» тобынан

Салем бердік қарсыластарға.

Әр тарауды ашқанда,

Сырын бізге ұқтырған.

Есептерін шығарып,

Өлшеуін дәл тапқызған.

Физика атты бұл пәнге

Қарыздармыз әрқашан.

Қарсыласпен жанкүйлерге

Иіліп салем береміз.

Жеңіп шықсақ бұл сайыста

Осы кештің жұлдызы болып жүреміз.

Құрметті сайыскерлер,енді ұшқыр ой, көп ақыл, терең біліммен мақал айтып, жұмбақ шешіп жарысып көрелік.

Сонымен  ІІ кезең – «Физика мақал- мәтелдерде». Қазақтың  мақал- мәтелдерінің мағынасын ашу. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.

 

1.Отты үрлеген жағады,

   Шындықты іздеген табады.

Жауабы:  Отты үрлеген кезде, отқа жаңа таза ауа келеді, от жақсы жанады. Өтірік айтпау керек. Әр уақытта  шыншыл, әділ болу керек, әр уақытта шындық жеңеді, шындықты қажымай іздеу керек.

2.Теректің  жануында мін жоқ,

  Бірақ жылуында мән жоқ.

Жауабы: Терек жақсы жанады, оның меншікті жану жылы аз болғандықтан тез жанып кетедіде, жылуды аз береді.

3.Азықсыз адам алысқа бармайды.

Жауабы: Адам әр уақытта энергияны астан алады, егер тамақтанбаса, адамның әл-ауқаты да болмайды, сондықтан күнделікті дұрыс тамақтану қажет.

4.Тонның жылуы  терісінен емес-жүнінен.

Жауабы: Тонды әдетте қойдың, түйенің терісінен илейді, ал жүннің арасында ауа болады. Ауаның жылу өткізгіштігі нашар, сондықтан тон адамның жылуын сыртқа, ал сыртқы суықты  адам денесіне нашар өткізеді.

  1. Нан піскенше күлше күйеді.

Жауабы: Неғұрлым қыздырылған дененің массасы аз болса, оған соғұрлым аз жылу керек. Таба нан салғанда нан жұқа болса, әрі кіші болса, ол күйіп кетпеу үшін отты аз қалау керек.

6.Түндіксіз  үйден түтін түзу шықпайды.

Жауабы: Ертеде біздің ата-бабаларымыз көшіп- қонып жүргенде, киіз үйлерде тұрған, киіз үйдің төбесінде уығы болған, оны киізбен жапқан. Күндіз киізді ашып, жоғары жақтан салқын, таза ауа кіргізгенде, оны түндік деп атаған.

III Физика өмірде

I топ  «Күш»

  1. Диффузия

Жауабы:1.Диффузия–бір зат молекулаларының басқа бір зат  молекулаларының  аралығына ену құбылысы.

Мысалы: Газдағы қарапайым мысал ретінде ауадағы иістің таралуын алуға болады. Қақпағы ашық құтыдағы әтірдің хош иісі бөлменің ішіне лезде таралады

  1. Температура

Жауабы: Біз салқын, жылы немесе ыстық денелерді анықтай аламыз, өйткені дене әр түрлі қызу қасиетіне ие бола алады. Бұл қасиетті температура деп атайды.

  1. Өткізгіштерді тізбектей жалғау

Жауабы: Егер  бірінші өткізгіштің соңы екінші өткізгіштің басымен, екіншінің соңы үшіншінің басымен жалғанса, онда мұндай қосуды тізбектей жалғау деп аталады. Өмірде  тізбектей жалғаудың өзіндік ерекшеліктері  бар. Тізбектегі  өткізгіштердің ең болмағанда біреуі жұмыс істемесе, онда бүкіл тізбек бойында ток жүрмейді. Мысалы, өмірде шырша шырақтарының біреуі жанбай қалса қалғандарыда жанбай қалады.

II топ «Энергия»

  1. Конденсация

Жауабы: Будың сұйыққа айналу құбылысы конденсация деп аталады. Конденсация процесінде  бу молекулаларының біразы ретсіз қозғалысы салдарынан сұйыққа қайтіп келеді. Мәселен, жазғы кеште ауа салқындағанда, шқтың түсуін будың конденсациясымен түсіндіруге болады. Ауадағы су буы салқындағанда – конденсацияланып, шөп бастарына, жапырақ беттеріне ұсақ тамшылар түрінде қонады.

  1. Қайнау.

Жауабы: Буланудың екінші тәсілі – қайнау болып табылады.Температура жоғарлағанда, ыдыс қабырғасының қаттырақ қызған жерлерінде көптеген көпіршіктер пайда болады. Бұлар судың ішінде болатын еріген ауакөпіршіктері. Көпіршіктердің өлшемдерінің үлкеюімен қатар, оларға сұйық тарапынан әрекет ететін ығыстырушы күште артады. Көпіршіктер ыдыс қабырғасынан ажырайды да жоғары көтеріледі. Осы кезде, әдетте, су қайнар алдында шығатын ызыл естіледі. Белгілі бір температурада көпіршіктер судың бтіне шығып, жарылады. Су буы бұрқылдап сыртқа шығып, су қайнайды.Сұйықтың тек үстінгі бетінен ғана емес, сонымен бірге оның ішінде де бу көпіршіктерінің пайда болуымен жүретін мұндай қарқынды қайнауды кебу деп атайды.

  1. Өткізгіштерді параллель жалғау

Жауабы: Егер өткізгіштердің басын бір ғана А нүктесінде, ал ұштарын екінші бір В нүктесінде жалғасақ, онда мұндай жалғауды өткізгіштерді параллель жалғау деп атайды. Өмірде тұтынушылар бір-біріне тәуелді болмайды, бір ғана кернеуді пайдаланатындықтан, олардың параллель жалғануы айтарлықтай қолайлы. Бір тұтынушының істен шығуы, басқаларының жұмысына әсерін тигізбейді.

IV «Сөзден асқан байлық жоқ,тілден асқан жүйрік жоқ» — дегендей оқушылардың ойлы, жан – жақты екенін анықтау үшін, физикалық жұмбақ кезеңіне өтелік. Жұмбақтың шешуін айтқан топқа он ұпайдан беріледі. Егер дұрыс жауап бермесе қарсы жақтың ойыншысы жалғастыруға болады.

         Мәңгі бақи есте қалар,

Ғажайып бір кеш болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Қиынырақ сұрақ болсын.

          Айналайын алға ұмтылған дарындар,

Айналайын жеңіс құшқан қырандар

Бізден қиын жағдайларды сұраңдар,

Сұрап қоймай шешу жолын табыңдар.

 

I топ  «Күш»

Жұмбақтар

1.Өзі затты құрайды,

Теңесуге таразыны сұрайды.

(Масса)

2.Ілдірдім жіпке мен өзім,

Кіп – кішкентай күн көзі

(Электр шамы)

3.Ән салады чемодан,

Ішінде тұр көп адам.

Естімейді сөзіңді,

Сөйлесеңде сен оған

(Теледидар)

  1. Тақиям толған сөк

Ертең тұрсам жоқ

(Жұлдыз)

5.Жоғалмайды ешқашан,

Түрлендірсең егерде.

Басқа күйге ауысса,

Жұмыс істейді әрқашан.                                           (Энергия)

 

6.Көкке қараған, жұдыз санаған                                (Телескоп)

 

7.Түнеріп келіп,

Бұлт егіп кетеді.                                                        (Жаңбыр)

 II топ «Энергия»

1.Тар шеңберді айналып,

Тұр қазыққа байланып.

Қаға берер таңдайды,

Әдетінен таңбайды

(Қабырға сағаты)

  1. Әуеден күбі түсті,

Күбінің түбі түсті

(Найзағай)

3.Туыстарын шетінен

Өбеді де бетінен

Бала шаға ұсағын

Бауырына қысады

(Магнит)

4.Қозғалысқа келтіріп,

Жылдамдығын береді.

Өлшемдерін қарасаң,

Ньютонға ол келеді.                      (Күш)

 

5.Құйрығы інге кірсе, беті өртенген

Ішегіне – ішегі тисе, қатер төнген

(Электр плитасы)

6.Мұз жарғыш жүзіп келеді

Бауыры қызып келеді

Абайла ойып түсер

Ондайлар бұзық келер

(Үтік)

7.Бір атасы, бір анасы, неше жүз мың баласы бар.

(Күн, ай, жұлдыздар)

 

V.«Біліп айтқан  сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді» дей келе «Кім шапшаң» кезеңіне көшеміз. Бұл кезеңде топтардың алғырлығы мен шапшаңдығы дәріптеледі, яғни оқушылар өздерінің білімдерін көрсетеді.

I топ  «Күш»

  1. Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі … (Джоуль)
  2. Энергияның неше түрі бар (Екі)

3.Термометр нені өлшейтін құрал …                         (Температура)

  1. Тығыздықтың өлшем бірілігі … (Кг/м3)
  2. 1 килоджоульде неше джоуль бар … (1000 Дж)
  3. Дененің массасы неғұрлым көп болса, оны қыздыруға кететін жылу мөлшері соғұрлым … (Көп болады)

II топ «Энергия»

1.Энергияның газдың немесе сұйықтың ағыны арқылы тасымалдануы …

(Конвекция)

  1. Ішкі энергияны өткізкдің тісілдері … (Жұмыс істеу, жылу берілу)
  2. Денелердің қозғалыс энергиясы… (Кинетикалық)

4.Күннен жылу жылу берілудің қай тәсілімен беріледі …    (Сәуле шығару)

  1. Жылу сыйымдылық қандай әріппен белгіленеді … (с)
  2. Массаны өлшейтін құрал … (Таразы)

Жүргізуші:

       Осымен бұл қызықты тәмамдасақ,

Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ.    

        Физика тілдесер табиғаттың тілі екен ғой

Көз тартар сұлулықтың сыры екен ғой

Аттасаң аяғыңды, алдыңды орап,

Артыннан қалмайды екен тірі де ол

Салған ән, айтылған сөз, ішілген ас,

Ғарыштың кемелері, атылған тас.

Аққан су, соққан дауыл, айтылған жыр

Бәрінің бағынары физика ғой

Сондықтан табиғаттың сырын терең

Деушіге оқып, зерттеп, білем, көрем

Демесең болсын егер еңбегім еш

Әуелі физиканы оқы дер ем.

Жүргізуші: Осымен бұл қызықты тәмамдасақ,

Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ.    

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тағы да үйренеміз аман болсақ.

Ойынымыздың шешуші сәті төрешілер өздеріңізде.

Қорытындылау:  «Физикасыз — өмір жоқ», өмірсіз физика да бола алмайды дей келе кешімізді аяқтаймыз.  Алтын уақыттарыңызды бөліп, тындағандарыңыз үшін көп-көп рахмет.Сау болыңыздар, ағайын