«Ертегілер еліне» саяхат

«Ертегілер еліне» саяхат

Мақсаты: 1) оқушыларды халық ауыз әдебиетіндегі ертегілермен, ертегі кейіпкерлерімен таныстырып, ұлттық рухани біліммен қаруландыру;

2) оқушының тілін, қиялын, сөздік қорын халық мұрасы арқылы дамыту;

3)оқушыларды ертегіні сүйіп оқуға, адамгершілікке, шындыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ертегілер тақырыбына байланысты суреттер, қақпа, кейіпкерлердің бет перделері, ертегілер кітабынан көрме, тапсырмалар, бейнетаспа.

Барысы.

Мұғалім: Балалар! Бүгінгі «Ертегілер еліне» саяхатқа қош келдіңдер. Бүгін біз ертегілер еліне саяхатқа шығамыз. Саяхатты Қызыл телпек бастайды. Қызыл телпек ертегілер еліндегі әжесінің үйіне жетуге асығуда. Әжесінің үйіне дейін бірнеше кедергілер бар. Сол кедергілерден сүрінбей өтсе ғана әжесіне барып, жақсы ертегіні достарымен бірге тыңдайды. Балалар Қызыл телпек кім ол?

Оқушылар жауап береді.

Қане ендеше бәріміз бірге саяхаттайық! Қызыл телпекті ауырып жатқан әжесіне тез жеткізейік. Ортаға Қызыл телпекті шақырайық, ол біздің саяхатымызды бастасын!

Қызыл телпек: Әжеме жетуге мен асығамын, Қарашы кедергілер тосылғанын. Жалғыз емес, жанымда достарым бар, Орындаймыз біз барлық тапсырманы.

Қасқыр: Бәріміз айналайық бізде енді,

Тапсырма қиынырақ көрінеді.

Күш салып тапсырғанын орындасақ,

Жетеміз біз де үйіне әжесінің.

Балалар, ендеше бәріміз тапсырманы бірігіп орындап Қызыл телпекпен бірге барып, әжесінің ертегісін тыңдайық.

1-тапсырма. «Ерте, ерте, ертеде…» деп аталады. Бұл тапсырмада ертегіде не туралы айтылады? Осы сұрақка жауап берсек «Ертегілер елінің» қақпасы ашылады.

Ертегілер туралы кім не біледі? Ертегілерде кімдер туралы, нелер туралы айтылады екен?

1-оқушы: Өткен күн таңтамаша ертегі ғой,

Айтады ертегі сыр, ертегі ой.

Ертегі айтса еліктіріп балалар,

Қиялға қызықтырып ертеді ғой.

2-оқушы: Ертегіде халықтың мұң-зары бар,

Орман, тау, өрмелейтін кұздары бар.

Жамандықпен алысып, жауын жеңген

Халқымның ұлдары мен қыздары бар!

3-оқушы: Жауларымен алысып жекелеген,

Батыр ма ел намысын өтемеген.

Ертегімен халқымыз ертеңіне

Ұрпағын қызықтырып жетелеген.

4-оқушы: Кел онда, ертегіні шертейік біз,

Қауымды мына келген ертейік біз.

«Ертегі еліне» бір саяхаттап,

Келгендерді соңымыздан ертейік біз.

Өте жақсы, балалар! Ендеше ертегілер елінің қақпасын ашайық! Бізді қандай ертегілер күтіп тұр екен.

Балалар, ертегілер — бұл қиял-ғажайып оқиғалар туралы әңгімелер. Ертегілердің түрлері көп. Хайуанаттар туралы, қиял-ғажайып, шыншыл ертегілер, аңыз-ертегілер болып бөлінеді. Мына суретте сол ертегілер түрлері бейнеленген. Сендер өздерің қандай ертегілер білесіндер? Әжелерің ертегі айтады ма? Сендерге қандай ертегілер айтты? Қане, кім айтар екен?

— Ертегі басталғанда қалай басталады?

«Ерте, ерте, ертеде Ешкі жүні бөртеде Қырғауыл жүні қызыл екен, құйрық жүні ұзын екен».

Жақсы.

2-тапсырма: Бұл қай ертегі? Кейіпкерлері кім?

3-тапсырма: Ертегі кейіпкерлерінің өзін-өзі қорғауы.

«Мақта қыз бен мысық »

Мақта қыз: Мен Мақта қыз үйімді тазаладым,

Сен, мысық, кайта-қайта мазамды алдың.

Қатық төктің, еңбекті қадірлемей,

Құйрығынды жұлып ап жазаладым.

Мысық: Көзіме көрінбей тышқан,

Мен мысықпын іші пысқан.

Қатығынды қайтардым төккен,

Қайырымды алдым көптен.

Біздің ортамызда мыстан кемпір отыр. Ертегіде мыстан кемпірдің істері сендерге жағымды болады ма, әлде жағымсыз ба? Өзі не дер екен?

Мыстан: Мен мыстанмын, мыстанмын,

Жақсылыққа дұшпанмын.

Су астынан шыға кеп,

Алақаныннан қысқанмын.

Тісімді жұлып лақтырып,

Сыпырғышқа мініп ұшқанмын.

Жас емеспін, кәрімін,

Ертегінің сәнімін.

Көркейтуге келгенмін

Ертегілер ауылын.

Дәу қай ертегінің кейіпкері? Ол туралы не айта аласындар, балалар?

Дәу: Мен жалғыз көзді Дәумін,

Балаларға, батырларға жаумын.

Тауыңды да, тасыңды да лақтырамын,

Тек жамандық жолында шапқыладым.

Талай жерде ақылмен алдап кетті,

Қаңбак шал ма, қылғаны- ай, қап мынаның.

(Кақпадағы қаңбак шалды тұра қуады).

Қанбақ шал: Мен Қаңбақ шалмын, қаңбақтаймын,

Жел соқса ағаштан түскен жаңғақтаймын.

Алып дәуді алдадым ақыры мен,

Қу түлкіден құтылдым ақыры мен.

Ешқашан жамаңдыққа жоламаймын,

Мен қаңбақ шал, жел соқса домалайтын.

«Қырық өтірік» ертегісіндегі Тазша бала өзінің шешендігімен хандарды сөзден ұтқан. Сөйтіп өзінің мұратына жеткен кейіпкер.

Тазша бала: Мен Тазша баламын,

Кіп-кішкентай ғанамын.

Қысылғанда сөз табамын,

Қырық өтірік пе кедергі,

Жаңылмай айтып беремін.

Ақылыма тәнті боп,

Алтын үйді басыма,

Той жасады хан қызын

Отырғызып қасыма.

Біздің ортамызда тағы қонактар бар. Олар Керқұла атты Кендебай, Меңдіқыз, Толағай.

Керқұла атты Кендебай: Алмас қылыш жарқылдап қасымдағы,

Жамандықты жайраттым жолымдағы.

Азу тісін қағыпап арыстанның,

Жеті басты аждаһармен алысқанмын.

Міне Дәудің жалғыз көзін ойып алдым,

Әйтпесе батыр деп мені мойындар кім?

Мен батыр, Керқұла атты Кендебаймын,

Кәнеки, тұра алады жолымда кім?

Меңді қыз: Мен Менді қыз ақыл мен көркі қонған,

Жақсылыққа әрдайым серік болған.

Ертегіде хан, қара батырлар да

Жүреді мендей қыздың ақылымен.

Толағай: Аптап ыстық кең даланы қуартқан,

Егін күйіп, бұлақтарды суалтқан,

Мен Толағай тау көтеріп ел үшін,

Жаңбыр әкеп,Отанымды қуантқам.

Жақсы, балалар! Үшінші тасырманы да орындап, әжейдің үйіне жеттік. Енді Кызыл телпектің әжесі бізге қандай ертегі айтар екен? Бәріміз қосылып ертегі тыңдайык. (Теледидарды қосып әжейдің ертегісін тыңдау).

Әжейдің ертегісі қалай аталады екен?

Алдар қаңдай адам?…

Ертегі сендерге ұнады ма?..

Ертегі біздің қиялымызға қанат бітіреді екен, ертегі сендерді жамандықтан аулақ жүруге, жақсылық жасауға, адалдыққа үйретеді екен.

Ендеше мына жерде сендерге арнап ертегілер кітаптарынан көрме ұйымдастырылған. Сендер осы ертегілердің өздеріңе ұнағанын алып үйден оқып келесіңдер. Ойдан ертегі құрастырып келесіңдер.

Ертегілер сенің қиялыңа қанат бітіріп, арманыңды аскақтатады, өмірге құлшындырып, жаңалық ашуға жігерлендіреді. Сондықтан ертегілерді сүйе біліңдер, сүйсіне оқыңдар. Сау болыңдар.

Тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат

Мақсаты: білімділігі: Оқушыларға ертегіні суреттеп, сахналап қою. Мән-мағынасын ашу, Халық ауыз әдебиеті шығарма кейіпкерлерінің істеріне баға беріп, өз көз қарастарын білдіруге үйрету. дамытушылығы:Оқушы бойындағы адамгершілік қасиеттерді дамыту,  логикалық ойлауын және шығармашылық қабілетін дамыту.

тәрбиелік: Ұқыптылыққа, жауапкершілікке, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиреніп, баланы жақсылыққа бейімдеу. Жауапкершілікке тәрбиелей отырып достыққа, қарым-қатынастарын дамыту.

Көрнекілігі: «Ертегілер еліне саяхат» плакаты, шарлар, гүлдер, ертегі кейіпкерлерінің суреті.

Сабақтың барысы:

Сіздерден өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті біздің ата-аналар, балалар, ұстаздар!

І. Кіріспе сөз

Ертегілер ауыз әдебиетінің ең көне жанрына жатады. Бұларда көбінесе өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін ойдан шығарылатын оқиғалар баяндалады.

Ол ауызша айтылып, ел есіне ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, біздің дәуірімізге жеткен. Ертегілер көбінесе қара сөз түрінде айтылады. Кейде өлең түрінде де кездеседі.

Ертегілердің әдетте басталулары ұқсас: «Баяғы өткен заманда бір шал мен кемпірдің ……. болыпты» немесе «Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөлтеде» деп те басталады. Ертегі соңы олар «сөйтіп мұратына жетіпті» үнемі жақсылықпен аяқталады.

Ертегілер мынандай жанрларға бөлінеді:

  1. Қиял-ғажайып;
  2. Хайуанаттар туралы;
  3. Шыншыл ертегі;
  4. Тұрмыс-салт ертегілері.

Қиял-ғажайып ертегілерде жүрек, батыр адамдардың басынан кешкен сан-алуан ерлік оқиғалар баяндалады.

Олар жеті басты жыланмен, жалғыз көзді дәумен, жалмауыз кемпір, мыстан кемпір, небір құбыжықтармен күрес үстінде бар асыл қасиеттерімен көрінеді.

Олар көкке ұшады, жер астына түседі, теңіздерден өтеді, азабы мол қиын-қыстау оқиғаларда ақыл, айла-тәсілін асырып, жеңіп шығады. Бұл ертегілерді оқи отырып жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренуге тырысады. Мысалы: «Алтын сақа», «Ер Төстік», «Алтын балық» т. б.

Ата-бабамыз төрт түлік малды қадірлеп, пір тұтқан. Балаларға ең жақын ертегілер хайуанаттар туралы ертегілер. Хайуанаттар туралы ертегілердің кейіпкерлері аң, құс, үй жануарлары болады.

Алайда олар адамға тән қасиеттер, әрекеттер иесі болып суреттеледі де сол арқылы сұм-қиянатшыл, арамза, қу мінез қылықтар әшкереленеді, еңбексүйгіштігі, батылдығы, адалдығы суреттеледі.

Шыншыл ертегілерде халық өмірін, тұрмысын шындық тұрғыдан бейнелейді. Атқамінерлердің іс-әрекеттерін әшкерелейді.

Ертегілердің тілі көркем, қарапайым, түсінікті жеңіл келеді. Сендер құрметті жас достар, ертегінің осылай тілі арқылы халықтың өз өмірлерін жақсарту жолындағы арман-тілектерін, тамаша қиялдарын біліммен қоса өздерінде солай қиялдауға, армандауға үйренесіңдер. Ертегінің көркем де, жеңіл тіл сендердің қиялдарыңа қанат бітіріп, арманды ақиқататады, қайратты істерге құлшындырады. Шешен сөйлеуге, өз ойларыңда әдемі баяндауға үйретеді. Тіл құдіреті сені небір құпия сырлар әлеміне жетелейді, көзіңді ашып, кереметтерді танытады. Халық ертегілерін сүйе біл, сүйсіне оқы, одан тіл үйрен, мәнін, мазмұнын аңғар!

Жақсы қасиеттерін бойға сіңір! Ертегі саған өмір бойы адал серік бола алады.

Қатысушы топтар:

а) «Мақта қыз бен мысық» тобы (Ы. Алтынсарин)

«Алтын балық» тобы (А. С. Пушкин)

«Қар ханшайымы» тобы (Г. Х. Андерсен)

«Қызыл телпек» тобы (Шарль Перро)

Олай болса «Ертегілер еліне саяхат» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Осы мерекенің ашуы Дәуреннің орындауында «Ертегілер әлемі» әнін қабыл алыңыздар.

ә) Енді осы сайыскерлерге әділ бағасын беретін әділқазылар мүшесімен таныс болыңыздар:

б) Бүгінгі сайысымыз алты кезеңнен тұрады:

І бөлім – Таныстыру.

ІІ бөлім – «Сөзжұмбақ».

ІІІ бөлім – «Кім ойшыл?»

IV бөлім – «Ертегілер еліне саяхат» (Сахналау).

V бөлім – «Кім шапшаң?»

VI бөлім – «Кім білгір?»

І бөлім – Таныстыру.

ІІ бөлім – «Сөзжұмбақ».

  1. Қой басқаратын жануарі (Ешкі)
  2. Аң патшасыі (Арыстан)
  3. Апаң-апаң, ескі шапан,

Иір қобыз, жарық құлдызі (Түйе)

  1. Жанды сағат, айғай саладыі (Есек)
  2. Қалтасында баласы, ол қандай аң? (Кенгуру)
  3. Мал терісінен жасалатын қыстық, жылы киім. (Ішік)

 

  к  
  е

а

 
  н  
е р т е г і
ш ы ү с у ш
к с й е р і
і т е к у к
  а  
  н  

ІІІ бөлім – «Кім ойшыл?» (ата-аналар)

Шарты: Кез-келген ертегіден үзінді айтылады, сол ертегі кейіпкерлерін ретімен айту керек.

  1. – Ей күшік мен сені жеймін! – депті

— Қой, көкешім, қой! (Күшік, қасқыр, мысық)

  1. Дерменші үшінші рет қолын суға малғанда, қара темір балта ілігеді. (Кедей, дерменші

бай)

  1. Жыл ббасына таласып түйе күнді көрмей қалыпты. (Тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу,

жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз).

  1. – Тышқан, тышқан сен неден күшті болдың? (Мұз, күн, бұлт, жусан, қошақан, қасқыр,

мерген, тышқан, құмырсқа).

IV бөлім – «Ертегілер еліне саяхат» (Сахналау).

Шарты: Әр топ өз ертегілерінің үзінділерін сомдайды.

V бөлім – «Кім шапшаң?»

Шарты: Ертегіден үзінді оқылады. Ертегінің атын табу және жалғастырып айту.

  1. Түлкі, түлкі сен неге мына семіз аққуларды жемейсің? – дейді. (Күңшіл үйрек)
  2. Қыз итті шақырады. Ит мысықты шақырады. Мысық тышқанды шақырады. (Шалқан)
  3. Төгілмесе, ешкім ішпесе бір қазан сүт қайда кетеді. (Бір қазан сүт)
  4. Көлге қарқырдың құйрығы мұз болып қатып қалыпты. (Түлкі мен қасқыр)

VI бөлім – «Кім білгір?»

Шарты: Сурет бойынша ертегілердің атын табу керек.

  1. Маша мен аю
  2. Түлкі мен т ырна
  3. Бауырсақ
  4. Жеті лақ пен қасқыр

Қортынды:

Ән көңілдің ажары:

«Ән – көңілдің ажары». Бұл бағдарлама танымал сазгерлердң әндерімен қатар жергілікті сазгерлердің әндерін, ұлы Абай әндерін насихаттау, үйрету мақсатында жасалған.

Бағдарлама мазмұны негізінде сазгерлердің әндерін үйрету мен қатар өмірімен таныстыру, сахна шеберлігін меңгерту, түрлі байқауларға қатыстыру, вокальды ән айту шеберлігін меңгерту көзделді. Үйірме жұмысының көздеген мақсаты болашақ өнер жұлдыздарын тәрбиелеп шығару.

Ұраны:

«Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй».

Үйірме жұмыстарын ұйымдастыру мазмұны:

  • Мақсаты
  • Міндеттері
  • Жұмыс жоспары
  • Пайдаланған әдебиеттері

Үйірменің мақсаты:

    1. Халық әндерін үйрету арқылы халқымыздың тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеуге, тыңдаушыға дәл, нақты жеткізе білуге тәрбиелеу.
    2. Үйретілген әннің сөзіне дұрыс мән беріп, түсініп, сөз дикциясын анық айтуға дағдыландыру.
    3. Әнді орындау барысында тыныс алу белгілерімен жұмыс жасау және дұрыс демалып орындауға үйрету, қалыптастыру.
    4. Әнді орындау барысында динамикалық белгілерді, яғни музыкалық нюанстарды сақтап орындауға үйрету, тәрбиелеу.
    5. Композиторлардың өмірі және шығармашылығымен таныстыру.
    6. Оқушыларға сахна шеберлігін меңгерту, қалыптастыру.

Үйірменің негізгі міндеттері:

  1. Халық әндерін үйрену арқылы туған еліне, өз халқының салт-дәстүріне құрметпен қарауға тәрбиелеу, вокальдық ән айту дағдысын қалыптастыру.
  2. Өнерпаздардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.
  3. Балалардың музыкалық ырғақты есту, қабылдау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
  4. Халық әндерін, Қазақстан және жерлес композиторлардың әндерін үйреніп, оны орындауға тәрбиелеу.
  5. Ой-өрісін дамытып, баланың өнерге деген ынта-ықыласын нығайту.
  6. Ән айту, музыка тыңдау ережелерін сақтауға және оны тәжірибе жүзінде дұрыс пайдалана білуге тәрбиелеу.
  7. Өнерпаздардың дауыс ерекшеліктерін, диапазондарын ескере отырып, дарынды, талантты өнер жұлдыздарын тәрбиелеу.

Оқушы деңгейіне қойылатын талаптар:

  1. Іс жүзінде алған білімдерін қолдана білу.
  2. Музыканың адам өміріндегі орнын аша білу.
  3. Музыка өнерінің құдыреттілігін ұғыну.
  4. Композиторлардың өмірін және шығармаларын зерттей білу.
  5. Музыкалық шығармаларды мәнерлеп, нақышына келтіріп орындай алу.
  6. Музыка сауаттылығы, анық дикция, дұрыс тыныс алу жолдарының қолданылуы.

Күтілетін қорытынды нәтижесі:

  1. Композиторлардың өмірін және шығармаларын білу.
  2. Тақырыптық түрлі мерекелік концерттерге қатысу.
  3. Лекция – концерттер ұйымдастыру.
  4. Республикалық, облыстық, аудандық байқауларға қатысу.
  5. Оқушылардың шығармашылық жетістіктері.