Атмосфера, оның құрылысы, ауаның құрамы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Атырау облысы

Қызылқоға ауданы

Кенбай орта мектебі

 

 

 

 

 

 

 

Атмосфера, оның құрылысы, ауаның құрамы

(«Өзін – өзі тану» пәнімен интеграцияланған ашық сабақ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өткізген:   Болатқызы В

 

 

 

 

 

 

 

Бекітемін:_______________

Оқу ісінің меңгерушісі: Д. Әділ

 

«Өзін – өзі тану» пәнімен интеграцияланған география сабағының жоспары

 

Мектеп:   Кенбай орта мектебі                        Мерзімі:  29.01.2018ж

Мұғалім:                                                           Болатқызы В

Сынып:  6ә                                                       Оқушылар саны: 18

Тақырып: Атмосфера, оның құрылысы, ауаның құрамы

Құндылық: қиянат жасамау                Қасиеттер: жанашырлық, мейірімділік,

қамқорлық

 

Сабақтың мақсаты: Атмосфера қабаты туралы оқушыларға түсінік бере отырып, оның жер қабықтары  ішіндегі ерекшелігі туралы ұғым қалыптастыру.Қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік: Атмосфера қабаттарының ерекшеліктерін, оның маңыздылығын айта отырып, оны зерттеу, жанашырлық танытуға тоқталу.

Дамытушылық: Өз бетінше ізденіс пен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдаландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін, мейірімділік қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Ауаны қорғауға, жанашырлық, мейірімділік және қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

І. Сәлемдесу.

5Т ережесін еске түсіру.

Тәртіп

Талап

Тыныштық

Тазалық

Татулық

ІІ. Тәтті коньфеттер арқылы топқа бөлу.

1.     Азот

2.     Оттегі

3.     Инертті газдар

 

Сыртқы интеграция (Өзін – өзі тану сабағының әдістемелік тәсілдерін қолдану).

Жағымды көңіл күйге келтіру. Тыныштық сәті

Балалар еркін отырайық. Көзімізді жұмып, бәріміз терең демалып, таңның атуын елестетейікші. Тіршіліктің оянуын, Табиғаттың сұлу, әдемі, көркемдігін сезінейікші.

Шығыс жақ сарғайып енді таң да атып келеді.

Атып келе жатқан таң, шіркін қандай тамаша! Қандай керемет, әдемі, сұлу десеңші! Біз бәріміз таңның атуын күтіп, ойланып отырмыз. Жаңа ғана шыққан жасыл шөп те, жылы жел де, жұп-жұмсақ жапырақтар да бізді айналады, жақсы көреді. Күннің жаңа ұядан шыққан сәулесі мүлгіп тұрған әр гүлге бір төнеді. Жылы шуақпен желпіп, тербей оятады. Гүлдердің бәрі де ұйқыдан оянды.

Шуақ шаша алтын таң да, мөлдір таза ауа да оянды. Әлемнің бәріне жарық жайылды. Құстар да оянды. Жәндіктер қыбырлап, құмырсқалар шапқылап жүр.

Табиғат та оянған, оян сен де!

Терең дем алып, көздеріңді ашыңдар. Рахмет!

—         Қандай әсерде болдыңыз?

Ресурстар

 

Оқулық, суреттер, түрлі түсті қарандаш, А3, стикер, интерактивті тақта, электронды оқулық, www.bilimmedia.kz видеоролигі.

 

 

 

 

 

 

 

5 Т ережесі

 

 

 

 

Коньфеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар тыныштық сәтінде таңның атуын елестеіп, ойша серуенге шықты. Оқушылар ерекше әсермен тыңдады. Тыныштық сәтінде оқушыларға әуен жағымды әсер етті. Оқушылар алған әсерлерімен бөлісті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

www.bilimmedia.kz

 

 

 

 

 

 

Постер, карандаш, А4

 

 

 

 

Ауаның адам өміріндегі маңызы, оны қорғау туралы және адамдардың бір – біріне үнемі жылы сөйлеп, ешкімге қиянат жасамауға шақырды.

 

 

 

 

 

 

Сұрақтар салынған сандық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Интерактивті тақта

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақтамен жұмыс

 

 

 

 

 

Рухани, адами қасиеттер жақсылыққа жанашыр болуға жетелейді.

 

 

 

 

 

 

Оқушылар бағаланды.

1.     Білу.

«Көрінбейтін сиқыршы»

Жер бетінде көзге көрінбейтін бір сиқыршы бар. Онымен әркім-ақ күнделікті кездесіп отырады. Сен оны көрмейсің, бірақ маңайында екенін сезесің. Міне, ол есікті тарс жапты. Көшемен келе жатқанда топырақтың жұлынып түсіп, жорғалай жүргенін көресің. оны көрінбейтін сиқыршының алып бара жатқанын сезесің. Тіпті басын шұлғып, ырғалған шөптерді байқайсың. Сені үнемі қоршап тұрады. Сенімен бірге жүреді.

Бар ма жоқ па оны анық білмейсің.
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа)
Ауа туралы не білесіңдер?
Олай болса бүгінгі сабағымыз «Атмосфера, оның құрылысы, ауаның құрамы» деп аталады.

Жаңа сабақ туралы www.bilimmedia.kz және электронды оқулықтан видеоролик көрсету.

2.     Түсіну.

«Көршіңе әңгімелеп бер» әдісі.

Әрбір топқа мәтін беріледі. Сол бойынша оқушылар постер қорғайды.

·        Атмосфера қабаты.

·        Атмосфераның маңызы

·        Атмосфераны қорғау

Ішкі интеграция  Жалпы адамзаттық құндылықтарды сабақ мазмұнына интеграциялау.

Атмосфера құбылысының әр түрлі болуына жер бетіне күн жылуының әркелкі таралуы себепші болады. Күннің жылуы мен жарығынан табиғат нұрлана түссе, адамдардың жылы сөзі де адамға жақсы көңіл күй сыйлайды. Жан дүниесінде тыныштық орнайды. Ішкі тыныштығы бар адам ешкімге қиянат жасамайды.

3.     Талдау «Сиқырлы сандық» әдісі

Әр топқа «сиқырлы сандық» тапсырмасы таратылады. Топ мүшелері әр сөйлемге сәйкестігінше «ия», «жоқ» деп жауап береді.

Мазмұны Иә Жоқ
Ауа кез-келген жерде болады  +  
Атмосфера басқа ғаламшарларда да кездеседі  +  
Жануарлар оттегі бөледі    —
Жер бетінде бар тіршілік тропосфера қабатында  +  
Тропосферада бұлт–жауын, шашын болмайды    —
Ауа құрамында азот, оттегі, тағы басқа газдар бар  +  
Атмосфера құрамында ең көп азот кездеседі +  
Атмосфера – жердің су қабығы  
Ауа түссіз, иісі жоқ +  

 

4.      Сергіту сәті.   «Ауада жазу»

Баспен, көзбен, бір қолмен, екі қолмен, аяқпен 1, 2, 3, 4, 5 сандарын жазу.

5.     Қолдану

«Сәйкестендіру»

 

Топтар сәйкестендіру тапсырмаларын орындайды.

1. Тропосфера —— атмосфера

2. Көмірқышқыл газы —- 21 %

3. Оттегі газы —- 0,03 %

4. Метеорология —- жауын – шашын қабаты

5. Ауа қабаты —- атмосфераны зерттейтін ғылым.

 

6.     Жинақтау.

  «Венн диаграммасы»

Ауаның  маңызы пайдасы ауаның ластануы

 

 

 

 

 

Түйіні: Өмірде адам баласының рухани әлемі таза болса аяғын тең басады. Ойдың, сөздің, істің бірлігі сырттай көрініс береді. Нақты сыртқы өзгеріс ішкі өзгерістен соң пайда болады. Демек, сыртқы әлем рухани әлемнің нақты және материалдық бейнесі. Сондықтан ар – ұжданымыз таза болу үшін адам ішкі тазалығына мән беруі керек, яғни ойы, сезімі, тілегі таза болғанда ғана сыртқы әлеммен үйлесімділік табады. Ар – ұжданы таза, рухы биік адам – нағыз Адам. Айналасындағы тіршілік иелеріне, Отанына адал, риясыз қызмет етеді.

7.     Бағалау

Бағалау парақшасы арқылы бағаланады.

 

8.     Кері байланыс

«Ауа — райы» элементтеріне стикер жабыстыру.

 

9.     Үйге тапсырма

§26. «Ауа – тіршілік тынысы» тақырыбына эссе жазу.