АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА  ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

 

 

 

 

 

 

 

АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА

ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ

(облыстық пән семинарына әзірленген баяндама)

 

 

 

 

 

 

Баяндаманы әзірлеген: Джагапаров Р.Е.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алакөл – 2014 ж.

АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ

Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, тәжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген іскер мұғалім қажет екендігі аз айтылып жүрген жоқ. Қазір заман да, қоғам да өзгерген. Бүгінгі балалардың мақсаттары да, құндылыктары да, идеялары да бұрынғыдан мүлде баскаша. Өйткені олар — өзінің болашағына тиімділік тұрғысынан қарайтын, іскерлікке бейім, жоғары талап қоя білетін адамдар. Олай болса, бұл коғам кез келген педагогтан өз пәнінің терең білгірі ғана болу емес, теориялық, нормативтік — құқықтық, психологиялык — педагогикалық, дидактикалык әдістемелік тұрғыдан сауатты және ақпараттық компьютерлік технология құралдарының мүмкіндіктерін жан — жақты игерген ақпараттық құзырлығы қалыптасқан маман болуын талап етіп отыр.

Мақсаты: Информатика сабағында ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын оятып, танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.

Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, өзіне — өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше. Бастауыш саты – білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Біздің міндетіміз – жеке тұлғаны дамытып, білімге деген сенімін нығайту, оқуға қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру.

Қазіргі заманғы ғылыми — техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына үлкен мақсаттар мен жаңа міндеттер жүктейді. Жас ұрпақты жан — жақты жетілген, ақыл — парасатты, ой — өрісі биік, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу – қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бұл әр мұғалімнің шығармашылық ізденіспен жаңаша істеуін қажет етеді.

Орта білім беру жүйесіндегі информатиканың рөлі қазіргі ақпараттық қоғамдағы ақпараттық мәдениеттің негізін құрайтын ақпараттық және коммуникациялық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастырудағы ақпараттық білімнің мәнімен қамтамсыз етіледі. Олай болса, білім беру жүйесін ақпараттандыру жағдайында жас ұрпақты әлемдік – ақпараттық – білімдік кеңістікке енуге тірбиелеуіміз қажет. Сондықтан «информатика» пәнін оқытуда екі үлкен үрдіс байқалады:

Бірінші үрдісте информатика «ақпаратты жинақтау, өңдеу және сақтау әдістері» туралы пән ретінде қарастырылады. Ол білімді «ақпаратқа» толығымен айналдыратын технократтық тәсілмен сипатталады. Мұнда информатиканың мазмұны ретінде алгоритмдеу және програмалау бөлімдері қарастырылады. Аталған бөлімдерге шамадан тыс сағаттын бөлінуі адамның нақты қоршаған ортамен байланысының бірте-бірте жойылып, оның «жорымал» өмірге енуіне әкеліп соғады. Бұл оның негізгі кемшіліктерінің бірі болып табылады, әрі бұл практика жүзінде  де дәлелденіп отыр.

Екінші үрдіс «ақпараттық бірліктердің»  білімге айналуымен сипатталады. Ол әлемнің жүйелік-ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері және құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамды бөлігі болып атбылатын интелектуалды дамуын қалыптастырудың қажетті жолы. Аталған үрдіс адам мен ақпараттық ортаның («мұғалім-компьютер-оқушы; «оқушы-компьютер-оқушы») арасындағы өзара жеке тұлғалық бағыттағы қарым-қатынасты зерттеуді қажет етеді.

Осы процестермен компьютердің көп функциональды мүмкіндігінен туындайтын, информатиканың басқа пәндермен сабақтастық байланыстылығын ерекшелейтін аралық «үрдіс» те бар. Бұл үрдіс орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттерінің біріне енген. Ал информатиканың синтездеуші мазмұны ретінде ақпараттық қоғам жағдайында оқушының өзіндік танымдық қабілеттерін дамытуына мүмкіндік береді.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз — берілетін білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған процесс, яғни еліміздің ұлттык білім жүйесінің барлық түрлерінде кәдімгі технологияларды тиімді жаңа комплекстік ақпараттандыру технологияларына алмастыру, оларды сүйемелдеу және дамыту болып табылады. Ақпараттык коммуникациялық технология электрондық есептеуіш технологиясымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулыктарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламасына негізделеді. Ақпараттык әдістемелік материалдар коммуникациялык байланыс құралдарын пайдалану аркылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері мұғалімдерге баланы оқытуда бейне және ойын программаларын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы — оқушыларға акпараттық білім негіздерін беру, логикалык — құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын калыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Демек, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік — ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.

Қазіргі білім беру жүйесі ақпараттық технологиялар мен компьютерлік коммуникацияларды белсенді қолдануда. Әсіресе қашықтан окыту жүйесі жедел карқынмен дамуда, бұған бірнеше факторлар, ең бастысы — білім беру мекемелерінің қуатты компьютер техникасымен камтылуы, оқу пәндерінің барлык бағыттары бойынша электрондық оқулыктар құрылуы және интернеттің дамуы мысал бола алады.

Бүгінгі танда білім беруді ақпараттандыру формалары мен құралдары өте көп. Оқу процесінде ақпараттык және телекоммуникациялық кұралдар мүмкіндігін комплексті түрде колдануды жүзеге асыру көп функционалды электрондық оқу кұралдарын құру және қолдану кезінде ғана мүмкін болады. Осындай электрондық оқулыктар­ды оқытуда пайдаланудың негізгі дидактикалық мақсаты білім беру, білімді бекіту, дағды мен іскерліктер қалыптастыру, меңгеру деңгейін бақылау.

Информатика сабағында көп функционалды электрондық оқулықтар:

-оқушылардың өз бетінше білім алу қызметін ұйымдастыруга;

-әр түрлі ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау, объектілерді, құбылыстарды модельдеу сияқты, оқыту қызметін ұйымдастыру процесінде қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалануға;

~оқу процесінде мультимедиа технологияларын, гипермәтіндік және гипермедиа жүйелерін пайдалануға;

-оқушылардың интеллектуалды мүмкіндіктерін, білім, дағды, іскерлік деңгейлерін, сабаққа дайындық денгейін бақылауға;

-оқытуды басқаруга, оку қызметінің, тестілеудің нәтижелерін бақылау процесін автоматтандыруга интеллектуалдық деңгейіне қарай тапсырмалар беруге;

-оқушылардың өз бетінше оқу қызметін жүзеге асыру үшін жағдай жасауға;

— қазіргі заманда ақпараттық ағымдарды басқаруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Информатика сабағында окытудың компьютерлік әдістерін интерактивті деп атайды, себебі олардың мұғалім мен оқушының әрекетіне «дыбыс беру», олармен диалог «жүргізу» қабілеті бар. Бұл компьютерлік оқыту әдістемесінің ең негізгі ерекшелігі болып табылады.

Информатика сабағында компьютерді оқыту процесінің барлык кезендерінде қолданылады: жаңа материалдарды түсіндіргенде, бекіткенде, қайталағанда, білімін, іскерлігін және дағдыларын бақылағанда. Сонымен қатар оқушы үшін ол әр түрлі функцияларды атқарады.

Информатика сабағында электрондық оқулыкты пайдалану мұғалімнің де ғылыми-әдістемелік потенциалын дамытып, оның сабақ үстіндегі еңбегін жеңіддетеді. Окытудың әр сатысында компьютерлік тестер аркылы оқушыны жекелей бақылауды, графикалық бейнелеу, мәтіндері түрінде, мультимедиалык, бейне және дыбыс бөлімдерінің программасы бойынша алатын жаңалыктарды іске асыруға көп көмегін тигізеді. Электрондық оқулықтарды қарапайым оқулыктарға қарағанда пайдалану ыңғайлы және оларда өзін-өзі тексеру жүйесі бар. Осы электрондық оқулыктың артықшылығы болып табылады. Сондыктан, өзін — өзі тексеру жүйесі оқушы мен оқытушының арасындағы байланысын алмастырады. Электрондық оқулыктарды пайдалану оқушылардың, танымдык белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану казіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулыктарды пайдалан-бай алға жылжу мүмкін емес. Оқыту үрдісінде оқыту әдістерін тиімді пайдалану, білім беру жүйесін тұтастай ақпараттандыру арқылы жана оқыту технологиясын енгізу оқыту процесінде толыққанды дамуына мүмкіндік жасайды. Оқыту процесінде компъютерге негізделген жеке әдістемелер оқу мақсаттары мен жағдайларына байланысты тиімді қолданылуы қажет.

Оқытудың тиімділігі оқытудың жеке тұлғалық стиліне, яғни, оқушыға оқу материалын тиімді сипаттайтындай қабылдау механизміне тәуелді болады. Осыған байланысты оқу іс-әрекетін тиімді камтамасыз ету бәрінен бұрын оқушылардың өзіндік іс-әрекетін, оқытушының әрбір оқушымен жеке тұлғалык оқу іс-әрекетін сүйемелдеуді және жобалар мен оқу жұмыстарын оқытушылармен бірге ұйымдастыруды жобалайды. Осылайша ақпараттық технологиялардың дамуы жаңа әдіс-тәсілдердің пайда болуына көмектеседі және сонымен бірге оның сапасын жоғарылатады. Сонымен, электронды оқулық мынандай жағдайларда тиімді белгілі бір бөлім бойынша білімді тексеруде, гипермәтіндік түсініктемелердің көп рет қолданған кезде уакытты үнемдейді. Электронды оқулық оқушының уакытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып калған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Себебі, оқушының өзіне көрнекілік қолданған тиімді кажет элементінің жанында жазуы болады.

Бұл технологияның өзектілігі коғамның акпараттандыру жылдамдығының артуымен сипатталады. Әр түрлі пән сабактарында жаңа ақпараттық технологияны пайдалану білім мазмұнын жаңартумен, ақпараттык ортаны қалыптастыруымен, сондай-ақ сапалы білім беру мүмкіндігінің жоғары болуымен ерекшеленеді. Соңғы кезеңде қазіргі заманғы педагогикалық ғылым мен практика түбегейлі езгерістерге ұшырауда. Соның ішінде оқыту үрдісі ақпараттык-коммуникациялык жағдайларда жаңа көрініс алу жолында басқаша жаңалаған жолмен XXI ғасыр талаптарына сай білгір, уақытты үнемдей алатын тұлғаны қалыптастыруға бағытталады.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Сондықтан оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологиясы-білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау, білімді қабылдау, білім сапасын бағалауі, оқу тәрбиесі үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін бойында ақпараттық мәдениетті, сауатты адам — ақпараттың қажет кезін сезіну, оны табу, бағалау және тиімді қолдану қабілетін арттыру керек. Осыған орай ақпараттық заманда өмір сүретін адам өзін-өзі шектей білетін негізгі нормалар мен ережелерді игеруі тиіс.

Ақпараттық қоғамның негізгі талабы — оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логика мен құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық — коммуникациялық технологияны өзіндік дамуы мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастыра отырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.

АКТ-дың дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесінде уақытылы өзгеріп отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технолгиялар жаңартылып отырады. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып табылады.

Информатика пәнін өзімнің оқыған жаңа әдіс-тәсілдер арқылы оқыту мақсатымен ақпараттық — коммуникациялық технология модулін сабақтарымда қолдандым. Сабақтарымда 7 модулді қолдaну тиімді болaды. Осы модулдерді тиімді етіп қолдaнылғaндa кезде сaбақтaрымның сaпaсы aртa түсті.

Сабақта АКТ-ны қолдануымның себебі, оқушыларымның шығармашылық ойларын дамыту, оқушыларға информатика сабағында тек компьютермен ғана жұмыс істеу емес, сонымен қатар бұл шығармашыл жұмыс екенін де көрсеткім келді. Сабағымдағы негізгі өзгеріс, оқушылардың информатика пәніне деген көзқарастары. Себебі олар информатикада тек компьютермен жұмыс емес, сонымен қатар шығармашылықпен де жұмыс істеуге болатынын түсінді. Келесі қадамым оқушыларды шығармашылық пен АКТ-ны байланыстырып оқушылардың жасырын таланттарын ояту.

Сабақтарымды өткізу бaрысында мен мақсатыма жеттім деп айта аламын. Себебі, оқушылар сабақ бойы топ болып, жұп болып, жеке дара жұмыс үстінде болды, сабаққа деген қызығушықтары мен белсенділіктері артты.

Кедергілер: АКТ құралдарын сабақ кезінде дұрыс пайдала алмаулары, өз ойларын толық дәлелдеп айта алмаулары, жауаптары айтуға ұялулары, үлгерімі төмен оқушылардың сабаққа деген ынтасын төмен болуы, сабақ барысындағы техникалық кедергілер (интернет желісінің жылдамдығының аз болуы,);

Шешу жолдары: Топтa, жұпта оқушылар бір-бірімен ақылдаса отырып дұрыс жауаптарын іздеп тауып, мұғалімнің бағыт – бағдарын түсіну арқылы өздерінің ойларын еркін дәлелдеп жеткізе алулары. Үлгерімі төмен оқушыларды жақсы оқитын оқушылармен жұптаса отырып бірге тапсырма орындауға бағыттау, сол оқушының да тапсырманы қызығушылықпен орындауы.

Себебі: Оқушылaрымның біріге отырып топтa, жұптa жұмыс істеуіне қызығушылықтaрының apтуы және менің бағыт-бағдapым оларға жaқсы әсер етуі. Нәтижесінде оқушылaр өткізілген сaбaқтaр бaрысындa өздерін менің aлдымдa жоғapы дәрежеде көрсете білді.

 

 

Келесі қадамдар:

  • Оқытуда ақпараттық –коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану арқылы оқушылapдың мүмкіндіктерін анықтау;
  • Бaсқa әдістердің сaбaқ барысында тиімділігін қарастырып, осы курстан өткенді әріптестерімен кеңесіп, осы әдіс-тәсілдерді сaбaғымда қолдaну.
  • Жеке – дарa, жұптық, топтық жұмыс aрқылы оқушылaрдың информатика пәніне деген қызығушылығын apттыpy, ocы әдістер aрқылы оқушылaрдың білім сапaсын көтеру

Қорытынды: ақпараттық-коммуникациялық оқыту технологияларын пайдалану — оқушылардың оқу деңгейін көтеріп пәнге деген қызығушылықтарын арттырып отырды. Мұнан шығатын қорытынды: бұл әдісті тек кана информатика пәнінде емес, кез келген пәнде еркін пайдалануға болады.

Жоғарыда айтылған ой-пікірлерді тұжырымдай келе, компьютерді қолдану негізінде мектеп пәндерін оқыту, үйрету мәселесі бүкіл халықтық деңгейге көтерілсе ғана біздің еліміз өндірістің жоғары психологиясын меңгерген дүниежүзілік бәсекеге төтеп беретін, өндіріс өнімдерін өндіре алатын алдыңғы қатарлы мемлекетке айналады. Ол дәрежеге жетуге қажетті білім алуына біздің жас ұрпақтың қабілетінің жететініне сенім мол.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор деп білемін.