«Үй — жануарлары»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.

Күні,айы,жылы: 19.10.2018 ж

Білім беру саласы: «Таным»

Кіші сала: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Үй — жануарлары»

Мақсаты:

Білімділік:Үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту. Олардың күту жолдарын түсіндіру.

Тәрбиелік:Жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу.

Дамытушылық:Адамдардың жануарларға қамқорлық жасауын түсіндіру. Адамға беретін пайдасы туралы білімдерін кеңейту.

Билингвалдық компонент: жылқы-лошадь, сиыр-корова, түйе-верблюд, ешкі-коза, қой-баран.

Сөздік жұмыс: үй жануарлары, дала жануарлары.

 

Қызмет кезеңдері Тәрбиешінің қызметі    Балалардың

     қызметі

Мотивациялық қозғаушы -Балалар, адамдар күнделікті тіршілік етіп, өмір сүретін баспанасын қалай атаймыз?

-Үй қандай бөліктерден тұрады?

— Үй бөліктері қандай геометриялық пішіндерге ұқсайды?

-Балалар, дұрыс айтасыңдар, енді алдымыздағы тұрған үйдың неше терезесі бар екенін санайық?

-Балалар, әр терезеде жұмбақтар бар екен, мен сендерге оқып берейін.

— Үй

 

 

— Төбесі, есік, терезе, үйдің қабырғасыннан тұрады.

— Төбесі үшбұрышқа, есігі тік төртбұрышқа, терезесі төртбұрышқа ұқсайды.

— 1, 2, 3.

 

 

 

Жұмбақтарды тыңдауға келіседі.

Ұйымдастырушы ізденуші 1. Терезе:

Қамыс құлақ,

тостаған тұяқ,

мінсең қанат,

сүті дәрі, еті тамақ.

2. Терезе:

Кезікті бір жануар.

Үстінде екі тауы бар,

3. Терезе:

Кішкене ғана бойы бар,

Айналдыра киген тоны бар

4. Терезе:

Өзі күшті, мүйізі мықты,

Төрт бұлағы сүт, баға білсең құт.

5. Терезе:

Секең- секең етеді,

Таумен тасқа жетеді.

Жұмбақ шешілген терезе ашылып ішіннен көрінген үй жануарлары тақтаға ілінеді.

Ойын: «Бұл не?»

-Жарайсыңдар, балалар! Бір сөзбен біз оларды «Төрт түлік » — мал дейміз.

Дид/ойын: «Адаспай тап».

(Игровизормен жұмыс жасау).

Мақсаты: Сурет бойынша төлдерді өз енелеріне сызықпен қосу, сәйкестендіру.

 

-Балалар, мен сендерге үй жануарларының аталары туралы тақпақты айтып берейін  мұқият тыңдайық.

 

Жылқы атасы- Қамбар ата,

Сиыр атасы- Зеңгі баба.

Түйе атасы- Ойсыл қара,

Қой атасы- Шопан ата.

Ешкінің иесі- Сексек ата.

 

Дид/ойын: «Мекеніне апар»

Мақсаты: Үй жануарларын, дала жануарларыннан ажырата білуге үйрету. Үй жануарлары мен дала жануарларының қайда тіршілік ететінін білуге үйрету.Балалардың ойлау қабілетін дамыту.

Сергіту сәті:

Жазда атамның аулына

Барып едім қыдырып,

Бір қошақан алдымнан

Шықты ойнап, секіріп.

Ақ маңдайлы айма екен

Шекер ме екен бал ме екен.

Кеттім оны сағынып,

Қошақаным қайда екен.

-Балалар үй жануарлары қандай дыбыс шығарады?

— Балалар, енді мен сендерге осы үй жануарларының адамға қандай пайдасы бар екенін айтып берейін. Сендер мұқият тыңдандар.

Сиырдың адамға пайдасы көп. Сүтін ішіп, етін жейміз, терісінен киім тігеміз, сондықтан да сиырды күтіп бағуымыз керек.

Қойдың сүтін қорғасын дейді. Етін жеп, жүнін тұрмыста пайдаланымыз.

Ешкі сүті құнарлы, ем болып келеді. Ешкінің түбітінен шәркей, орамал, қолғаптар тоқиды.

Жылқының сүтінен қымыз аламыз. Жылқының еті адам ағзасына пайдалы.

Түйенің сүтінен шұбат дайындайды.

Балалардың жауаптары:

— Жылқы.

 

 

 

 

— Түйе.

 

 

— Қой.

 

 

 

 

— Сиыр.

 

 

 

 

— Ешкі.

 

 

Балалар суреттегі жануарларды атайды.

 

 

 

Балалар үстелдің үстінде жатқан суреттерді мұқият қарап, жануарлардың атын атап, тақтаға жапсырады.

 

 

Балалар  игровизормен жұмыс жасайды.

Сурет бойынша төлдерді өз енелеріне сызықпен қосып, сәйкестендіреді.

 

 

Тақпақты мұқият тыңдайды.

 

 

 

Балалар тақпақты қайталап, естеріне сақтайды.

 

 

 

 

 

Қалтада әр түрлі үй жануарлары мен дала жануарлары салынған аты аталған бала ортаға шығып қалтаға қолын салып бір жануарды алып шығады. Алып шыққан жануардың дала немесе үй жануар екенін айтып, орманға немесе үй қасына қояды.

 

 

Балалар сергіту сәтіндегі қимылдарды тәрбиешімен орындайды

 

 

— Сиыр «мө-мө-мө» — деген дыбыс шығарады.

— Қой «мә-мә-мә» -деп маңырайды.

— Ешкіні,  лақты «шөре-шөре» — деп шақырады.

— Жылқыны «қырау-қырау» деп дауыстап шақырады.

— Түйе «бө-бө-бө» -деп боздайды.

 

 

 

Балалар үй жануарларының

адамға  беретін пайдасы туралы мұқият тыңдайды.

 

Рефлексивті коррекциялаушы Балаларға сұрақтар қою. Сұрақ- жауап арқылы қортынды жасау.

Балаларды мадақтау.

Балалардың қызықты жауаптары.

 

 

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Үй жануарлары туралы білімдерін кеңейтіп.

Нені игереді: Олардың күту жолдарын.

Нені меңгерді: Жануарларға қамқор болуға.