Жазбаша қосу және азайту. 736+264  және 1000-264

 

Математика Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы Жазбаша қосу және азайту. 736+264  және 1000-264
Сілтеме Математика оқулығының әдістемесі,мұғалімге арналған нұсқаулық
Сабақтың жабдығы Сызба, деңгейлік тапсырма ,карточкалар
Жалпы   мақсаттар Жазбаша қосу және азайту туралы алған білімдерін қайталау, бекіту, өз бетінше жұмыс істеу, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру. Терминдерді және амалдардың қасиеттерін түсіндіре отырып шығаруды қолдану біліктілігін дамыту. Шығармашылыққа баулу. Тақырыпты, ой ұшқырлығын және шығармашылық қабілетті дамытуға тәрбиелеу.
Оқыту  нәтижесі
Күтілетін нәтиже    Оқушылар ауызша «+», «-»-ға, «*», «:»-ге жаттығады. Оқушылар есептер шығару барысында есептің шығарылуы туралы ой қозғайды, оларды талдайды, дәлелдейді, өзара топ ішінде жұмыс істеуге үйренеді.
Көрнекіліктер: оқулық бойынша

Әдісі: сұрақ-жауап, өзіндік, іздену, ашық сабақ.

Қолданылатын модульдер Сыни ойлау, топтық жұмыс, оқыту үшін бағалау
Топқа бөлу Математикалық амалдар арқылы топтарға бөлу. (Қосу, азайту, көбейту, бөлу)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасы Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Бір, екі, үш,

Бойға жинап күш.

Математика сабағын бастаймыз,

Білімнен біз қашпаймыз!

Осы айтқандарыңды орындауға бар күш — жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!
Үй тапсырмасын сұрау

 

№2 ә) 111-бет. Ауызша тексеру.

1-топ                                          3-топ

538+272                                     754+166

349+361                                     237+483

 

2-топ                                        4-топ

620-133                                    840-665

730-442                                    950-774

 

1 –топ                                       3-топ

56:7*4=                                     30*8+16=

54:6*3=                                     63:3-10=

28:4*9=                                     48:6*9=

 

2-топ                                         4-топ

80*3:4=                                    72:8*9=

90*2:6=                                    36:6*100=

40*9:6=                                    490:70*30=

Қызығушылықты ояту
Мағынаны тану  Жаңа сабақ

-Дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді жазып қоямыз.

-бүгін нешесі?

-қазір қайсы ай?

-Осы айда қандай атаулы күндер бар?

«Қосу және азайту. 736+264 және 1000-264»

736+264                           1000-264

Көп таңбалы сандарды баған түрінде қосу және азайту былай орындалады:

1)Екінші қосылғышты бірінші қосылғыштың сәйкес разрядтарының астына жазамын:

Бірліктерді бірліктердің астына,

Ондықтарыды ондықтардың астына,

Жүздіктерді жүздіктердің астына

2)Бірліктердің қосындысын қосылғыштардың бірліктерінің астына, ондықтардың қосындысын қосылғыштарының ондықтарының астына және жүздіктердің қосындысын қосылғыштардың жүздіктерінің астына т.б.

  736

  264

Бірліктерді қосамын: 6+4=10, 10 санында 1 ондық және 0 бірлік бар.   0-ді бірліктің астына жаз, ал 1 ондықты есіңе сақта.

Ондықтарды қосамын: 3онд.+6онд.=8онд., тағы ойдағы 1онд. бар, сонымен барлығы 10онд. Ондықтардың астына 0-ді жаз, ал 1ондықты есіңе сақта.

Жүздіктерді қосамын: 7жүзд.+2жүзд.9жүзд., тағы ойдағы 1жүздік бар, сонымен барлығы 10жүзд. Жүздіктердің астына 10-ды жаз.

Жауабын айт: Қосындының мәні 1000-ға тең.

Енді қосындыны азайтумен тексеріп қараймын. Себебі, қосу мен азайту өзара кері амалдар.

1000

 264

  Азайтқышты азайғыштың астына жазамын:

Бірліктерді бірліктердің астына,                                                                  ондықтарды ондықтардың астына,                                                           жүздіктерді жүздіктердің астына.

   Бірліктерді азайт:Нөлден 4-ті азайтуға болмайды.  Азайғыштың ондығында да, жүздігінде де нөл болғандықтан 1000-нан 1ондықты береміз.

  Ондықтарын азайт: 9онд.-6онд. 3онд

  Жүздіктерін азайт: 9жүзд.-2жүзд. 7жүзд.

Жауапты оқимын: Айырманың мәні 736-ға тең.

Қосу мен азайтудың компоненттері бойынша оқыту

 

Оқулықпен жұмыс.

№3 а)

(910-674)-236

Ә) (810-652)+525

(652-652)+525

(910-652)+236

4. Теңдеулерді шеш. 
Көп білетін оқушы
Тақта алдына келеді
Теңдеулердің шешімін
Дұрыс тауып береді
Төрт  топ теңдеулерді орындайды.( тақтада орындайды)
Теңдеулерді шеш:

1-топ                                     3-топ

Х+264=710                           Х-436=264

600:Х=2                                120:Х=3

2-топ                                     4-топ

710-Х=264                          932-х=456

Х*4=800                              х-476=456

№5

Қане тәртіп сақтайық
Тез есептеп аттайық
Алға қадам басқанда
Батылдықпен аттайық.

А)1-топ

Болды – 1000 м сым

Жұмсалды – 372 м 1-ші үйге

2-үйге – 299 м

3-үйге — ? м сым жұмсалды

Шешуі: 372+299 671(2 үйдегі жұмсалған сым)

1000-671 329(қалғаны)

Жауабы: 3-үйге 329 метр сым жұмсалды.

Ә)2-топ

Теңіз тасбақасы – 540 кг

Құрлық тасбақасы – 1/90 бөлігіндей

Теңіз тасбақасы – ? артық

Шешуі: 540:90=6

Жауабы: Теңіз тасбақасының массасы құрлық тасбақасының массасынан 6 есе артық

Б)3-топ

Оқыды энциклопедияның – 40 бет

Бүкіл кітаптың – ¼ құрайды

Оқуы керек – ? бет

Шешуі: 40*4=160                160-40=120

Жауабы: оқу керек 120 бет

В)4-топ

Бір бөлмеде 10 шыбын мен 2 өрмекші  жүр еді. Біраздан соң әр өрмекші 3 шыбыннан жеп қойды. Бөлмеде неше шыбын қалды?

№6.

1-топ                                          3-топ

3м=300см                                  38дм=3м 80см

4м 9дм=490см                           60дм=6м

 

2-топ                                           4-топ

44см=4дм 4см                            20дм=200см

5дм 7см=57см                            7м 40см=74дм

 

№7

Берілгені: тіктөртбұрыш                   Шешуі: 6-4 2

Ұзындығы – 6см,                               P=(6+2)*2=16см

Ені – ? 4см қысқа                               S=6*2=12 кв см

Ені – ?

P – ?

S – ?

 

2. Қай сан орнында жоқ? Ойыны.
Кел, балалар, ойнайық!
Ойнайық та ойлайық
Қандай есеп болса да,
Шешпей оны қоймайық
9 • □ = 540                     1000 — □ =630                  90 • □ = 540
□ • 90 = 630                    □: 7 = 90                             □: 90 = 7
810:□ = 90                      700: □ = 7                          10 • □ = 90
3. Амалдарды орында. 
Ал, достарым, келіңдер,
Біріңе — бірің еріңдер
Біліміңді тексеріп,
Амалды орындап көріңдер
45 — (5•2)           9•(3+6)               50: (7+3)
63: (4+3)           24: (4+4)            48: (6+2)

21:4=                  31:3=

32:3=                  31:4=

12:5=                  13:9=

1.

 

Сергіту сәті Математика керек әр күнге,

Математика қажет өмірде

Математиканы оқимыз,

Миымызға тоқимыз.

 

 

 

Оқушылар сергіп алады

Ой толғаныс Сабақты қорытындылау

2.     «Кім зерек?»

1. 5ондықты 3есе арттыр
2. 1дм — де неше см бар?
3.  30 бен 50 — дің қосындысы
4. 89 — дың алдында келетін сан
3. 1 сағатта неше минут бар?
4. 90 мен 40 — тың қосындысы?
5. 7 ондық пен 2 ондықтың айырмасы
7. Логикалық тапсырмалар
1 1 жұмыртқаны қайнатуға 3 минут кетсе, 4жұмыртқаны қайнатуға неше минут керек?
2. Бір сағатта неше минут бар?
3. Бір аптада неше күн бар?
4. Бір жылда неше ай бар?
5. Екі аяғымен түрегеп тұрған адамның салмағы 50кг, бір аяғымен тұрған адамның салмағы неше кг?

Үй тапсырмасы Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады
 Бағалау  Оқушылар алдымен бір бірін бағалайды. Содан соң мұғалім барлық оқушыларды бағалайды. Смайликтерді жабыстырады.