Оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыру- көптілді білім беруге көшудің негізгі.

 

Тойкенова  Балжан  Шаубановна

                                                 ШҚО  Семей қаласының 

                                                    «№ 9ЖОББМ»КММ

                                   қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

                   Аннотация                                                                       

      Бүгінгі таңда елімізде «Көптілділік» мәселесі көкейкесті мәселелердің бірі болып саналады. Елбасымыз сол үшін де тілдердің үштұғырлылығын міндеттеп отыр.    Қазіргі таңда адам қызметінің барлық салаларында жаһандану үрдісі орын алғандықтан, білім беру саласында қайта қарастырулар жетілдіруде. Басты мақсат оқушылардың үш тілді меңгеруде танымдық белсенділігін және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру. Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда бүгінгі жас ұрпағымызды биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткізу.

             Аннотация

       Сегодня проблема «многоязычия» — одна из самых актуальных проблем в стране. И поэтому наш лидер считает введение трехъязычного образования должно сделать казахский народ конкурентоспособным на мировой арене.  В настоящее время улучшается реформация в области образования, поскольку процессы глобализации происходят во всех областях человеческой деятельности. Основная цель введение трехъязычного образования — это развитие познавательной деятельности и коммуникативных навыков учащихся. Поэтому сегодняшние знания и конкурентоспособность можно увидеть благодаря нашей повседневной работе, через наше всестороннее образование, цель которое представить молодое поколение в конкурентной среде.       

                                                Annotation

    Today, the problem of «multilingualism» is one of the most pressing issues in the country. Our Leader is obliged to do the same for the three languages. Nowadays, reformation in the field of education is being improved because globalization processes are taking place in all areas of human activity. The main goal is to develop students’ cognitive activity and communicative skills in three languages. Therefore, today’s knowledge and competitiveness can be seen through our daily work, through our comprehensive education, to present our younger generation in a competitiv.

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыру- көптілді білім беруге көшудің негізгі.

 «Қазақстандықтардың жас ұрпағы кем дегенде

 үш тілді білулері тиіс: қазақ, орыс, ағылшын

тілдерін еркін меңгерулері қажет»

Назарбаев Н. Ә

Соңғы онжылдықтар көлемінде әлемде терең өзгерістер жүріп жатыр, саяси және экономикалық өзгерістер тілдерді оқыту мен дамытуға да өз әсерін тигізіп отыр. Осыған орай ЮНЕСКО XXI ғасырда  білім саласында тілдерді оқытуға қатысты 3 қағиданы анықтады.

1 қағида – ана тілінде білім беру.

2 қағида  — екі және көп тілде білім беру.

3 қағида – тіл мәдениетаралық білім алудың негізгі құрылымы.

ЮНЕСКО-ның 1999 ж. конференциясында қабылданған 12 резолюциясында «көптілді білім» ұғымын бекітті. Бұл резолюция бойынша бұл ұғымға мемлекеттік тілде, ана тілінде, халықаралық тілде білім алу кіреді. Осы жағдайларды ескере отырып еліміз әлемнің дамыған елу мемлекеті қатарынан орын алуы үшін бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған жас ұрпақты қалыптастыру мәселесі алға шығып отыр. Шығармашылық тұрғыдан ойлайтын, ой-өрісі, дүниетанымы дамыған, Қазақстан қоғамының әлеуметтік-экономикалық, рухани қалыптасуының жаңа міндеттерін іс-жүзінде асыруға дайын жас ұрпақты тәрбиелеудің негізгі факторларының бірі – мектепте көптілді білім беруді жолға қою болып табылады.

Бүгінгі таңда елімізде «Көптілділік» мәселесі көкейкесті мәселелердің бірі болып саналады. Елбасымыз сол үшін де тілдердің үштұғырлылығын міндеттеп отыр.

Көптілділік мәселесі – Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемнің алдында тұрған көкейтесті мәселелердің бірі, себебі, жаһандандыру және киберкеңестікке шыққан заман тілдерді білуді талап етеді.

Бұл ұғымға жалпылама тоқталсақ. Көптілділік, полилингвизм — нақтылы коммуникативтік жағдайдың әсер етуімен белгілі бір әлеуметтік ортада, мемлекетте бірден үш, одан да көп тілде сөйлей білушілік.  Мұның өзі жеке адамның көптілділігі және ұлт пен ұлыстың көптілділігі болып бөлінеді. Көптілділіктің үш тілді меңгеру дәрежесі сол адамның немесе бүтіндей халықтың өмір сүрген тілдік ортасы, әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірі, тұрмыс-тіршілігі секілді көптеген факторларға байланысты. Ұлттық құрамы бірыңғай, бірғана  этнос мекендейтін мемлекетте көптілділік сирек. Онда жеке адамның ғана көптілділігі ұшырасады. Көптілділік: жаппай көптілділік, ішінара көптілділік болып бөлінеді

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының 12 сессиясында: «Қазақстандықтардың жас ұрпағы кем дегенде үш тілді білулері тиіс: қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгерулері қажет»-деп, Еуропадағы мектеп түлектері мен студенттерінің өзара бірнеше тілде еркін сөйлесулері қалыпты жағдайға айналғандығын атап өтті. Кем дегенде үш тілді меңгеру-заман талабына айналып отырған қажеттіліктердің бірі.

Қазіргі таңда адам қызметінің барлық салаларында жаһандану үрдісі орын алғандықтан, білім беру саласында қайта қарастырулар жетілдіруде. Сол себептен ақпараттық- коммуникативтік  құзырлықпен қатар, полимәдениеттілік бүгінгі уақытта әлемдік білім беру қоғамдастығының кеңістігін қалыптастыратын білім беру құзырлығының басты бағыттарының бірі ретінде анықталды.

Көптілді білім беру дегеніміз — оқу үрдісі барысында екі не одан да көп тілде білім беру. Мемлекетіміздің мектеп реформасында қаралған үш тілде оқыту-қазіргі заман қажеттілігі. Осы мақсатта қазақ, орыс, ағылшын тілдері ұлтына қарамастан тең дәрежеде асырылады.

Осындай кешенді шаралардың бірі ретінде тілдерді оқытудың бұрынғыдай тек тақырыпқа емес, дағдылармен қоса меңгертілуі қолданысқа енгізіліп отыр. Тілдік дағдылар дегеніміз — ол өмір сүруге қажетті дағдылар. Адам тыңдайды, оқиды, сөйлеседі, жазады. Аталмыш дағдылар адамның өмір сүруі бойында еш қиындықсыз кәдеге жарауы тиіс. Осы мақсатта тілдік дағдылар барлық тіл сабақтарының басын біріктіреді. Демек, қай тілді оқытуда болмасын әдістеме бір, оқушыға қойылатын талап та бір болмақ. Ол оқушының түрлі тіл сабақтарына келіп, түрлі талаптарға сай тапсырма орындауынан құтқарады. Оқушы білмін біріздендіреді.

Президентіміз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауындағы білім беру жүйесінде үш тілдің – мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін, ұлтаралық қатынас тілі ретінде орыс тілін және әлемдік экономикаға үйлесімді кірігу тілі ретінде ағылшын тілін меңгерген, бәсекеге қабілетті маман даярлау міндетін атап көрсетті. Бұл дегеніміз оқу орындарына жаңа міндеттер, жаңа талап, жаңа мақсаттар қойып отыр дегенді түсіндіреді.Қазіргі кездегі жаңа білім саласына қойылатын талап, жас маманның кәсіби білімділігін, біліктілігі мен дағдысын қойып отыр.Өркениетті қоғамда тіл адамзаттың баға жетпес құндылығы деп саналады.«Тегінде адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез қасиеттерімен» озады деген ұлы ақын Абай сөзі қай заманда да өз мәнін жойған емес. Сондықтан болар, білім беру жүйесін дамыту басты бағыт болып саналады.

Көптілділік — көп мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі. Бүгінгі таңда көп тілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік. Үш тілде оқыту – заман талабы десек, оның негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Қазақ тілі мемлекеттік тіл, ал орыс тілі мен шетел тілдерінің бірін білу тұлғаның ой — өрісін кеңейтеді, оның «сегіз қырлы, бір сырлы» тұлға болып дамуына жол ашады, ұлтаралық қатынас мәдениетін  және толлеранттылығының қалыптасуына мүмкіндік туғызады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің жылдағы дәстүрлі Жолдауында «Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасын іске асыруды жеделдету тиістігіне ерекше мән береді. Сонымен қатар, бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқытудың сапасын арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударады. Сондықтан қазақ тілін тереңдетіп оқыту, сонымен қатар көптілділікті меңгеруді жолға қою- бүгінгі таңдағы орта білім жүйесінде педагогикалық үрдістің негізгі бағыттарының бірі. Әлемдік білім беру іс- тәжірибесінде көптілді және билингвалды білім беру жаңалық емес. Қазақстандық білім беру жүйесінде көптілді және билингвалды білім берудің халықаралық іс-тәжірибесінде қолданыс тапқан моделдерін енгізу- жаңа педагогикалық мәселе, өйткені ол жаңа жағдайларда шығармашылық тұрғыдан іске асырылуы тиіс.

Бүгінгі таңда жалпы орта білім беруді жетілдірудің негізінде құзіреттілік тәсілді қолдану ұсынылып жүр.  Білімге бағытталған мазмұнды құзіреттілік, яғни нәтижеге бағдарланған білім мазмұнына алмастыру қажеттілігін көреміз. Құзіреттілік – бұл алынған білімдер мен біліктерді іс – жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір теориялық және тәжірибелік мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі. Ол ең әуелі мектеп үрдісінде қалыптасады. Заман талабы оқушылардың бойына түйінді құзіреттіліктерді қалыптастыру болып табылады.

Бүгінгі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл әрине, оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытуда маңызды мәселе.Білім беру жүйесінде оқушының бойында коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияның рөлі ерекше. Бұл технологияны қолдану оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін және жұмыс істеу шеберлігі мен қабілеттіліктерін арттырады. Бағдарламаны жақсы меңгеруге, өз жұмысын жоспарлауға, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді. Оқушының қазіргі заман талабына сай білім алуына, білім сапасына тікелей әсер ететіндер – ақпараттық құралдар.

Қазіргі кезде оқушыларға қазақ тілін оқытудың әртүрлі деңгейлеріне сәйкес оқытудың жаңа технологияларын, ақпараттық және компьютерлік жүйелер арқылы ізденіс жұмыстарын жандандыра түсудің барлық мүмкіндіктері жасалып жатыр. Тілді оқытуда лингафондық құрал-жабдықтар, аудио, видео кешені – оқушылардың ауызша және жазбаша аударудағы білім жетілдіру, сөздік қорын қосымша жаңа сөздермен байыту, толықтыру, ой-өрісін дамыту мақсатында қолданылады. Сондай-ақ, оқыту үдерісінде мультимедия бағдарламасының көмегімен, ғаламтордан алынған әлемдік жағдайлар, педагогикалық технологиялардың түрлі әдіс-тәсілдері, комуникативтік бағыттағы оқыту элементтері кең қолданылады. Тілге байланысты оқу үдерісінде жүйелі жетілдіру жұмыстары жүргізіліп отырады, атап айтсақ ашық сабақтар, пікір-сайыстар, семинар, конференциялар, тәжірибелік сабақтар, дөңгелек үстелдер, кездесулер, оқушылардың зерттеу жұмысымен айналысулары, сонымен қатар білімгерлердің жеке ізденіс жұмыстарына басшылық ету.

Қазақстанның болашағы көптілді білім берумен қатар 12 жылдық білім беру саласында осы мақсатты жүзеге асыру мәселесі болып саналады. Сондай-ақ 12 жылдық білім беру үлгісіне ауысу мұғалімнен инновациялық, шығармашылық тұрғыдан ойлауды талап етеді. Кәсіби педагогикалық шеберлікті, шынайылықты талап ететін қазіргі заманда ұстаздың әрбір ісін, жоспарын мұқият зерделеуін қажетсінеді. Яғнин, жаңаша білім беруде оқытушыларға қойылатын талаптар. Сондықтан көптілді білім берудің мақсаты:

— әлем бірлестігінің жағдайында бәсекеге түсе алатын көптілді тұлғаны дамыту.

Міндеттері:

— әр оқушының жеке қабілеттерін көптілді дамытуды қамтамасыздандыратын жағдай жасау;

— әртүрлі деңгейдегі мәселелерді шешуге бағытталған оқушылардың жобалары.

Көптілді тұлға дегеніміз  — бірнеше тілден қатысымдық, сөйлесімдік, сөздік қоры қалыптасқан және де оны қажетті жағдаятқа байланысты қолдана алатын адам.

Көптілді білім берудегі негізгі шарт тілдік пәндерден басқа әдебиет, елтану, биология, тарих, география, музыка, бейнелеу өнері сабақтарының өзге тілде жүргізілуі. Көптілді білім беру үшін төмендегідей жағдай міндетті түрде болуы қажет:

  • пәннің білім мазмұнын анықтау. Дамытушылық ұстанымдары негізінде білім беруге пайдаланылатын материалды нақтылау.
  • оқыту принциптерін айқындау.
  • арнаулы технология негізінде жасалған тіл дамыту оқулықтары, тілашар, сөздіктер, әдістемелік нұсқаулардың болуы.
  • осы көмекші құралдарда оқылатын тілдердің, пәндердің мазмұнындағы ұқсастықтар, ортақ белгілері, айырмашылығының көрсетілуі.
  • оқушыға қиындық туғызбау үшін бағдарламаны шамадан тыс күрделендірмеу.
  • білім дәрежесінің мониторгін жасау, бағалау.
  • жұмыс нәтижесін көру үшін кіріктірілген сабақтар өткізу, мектеп көлемінде іс-шаралар жүргізу, үш тілдік газеттер шығару, «Полиглот» бағдарламасы бойынша сайыстарға қатысу.

Көптілді білім беру мәселесін көптеген ғалымдар зерттеп, өз ой-тұжырымдарын айтуда. Солардың ішінде Ю.Н. Карауловтың теориясы қазақ тілін орыс мектептерінде жүргізетің мұғалімдер үшін өте қолайлы деп ойлаймын. Бұл теория бойынша біз өзіміздің гимназия көлемінде оқушылардың тілді меңгеру деңгейлерін дамытудың төмендегідей жағдайларын анықтадық:

1.Қазақ-орыс-ағылшын тілдерінде дыбыстардың үндесуін және оларды дұрыс айтуға дайын болу;

2.Оқытылып отырған тілдердегі интонациялық құрылымдарды меңгеру, айырмашылығын білу;

3.Әр тілдегі екпіннің түсу айырмашылығын сезу, сөздердің қандай жағдаяттта қолданылуын түсіну;

4.Үш тілдегі белгілер жүйесін дұрыс қолдану, айырмашылығын түсіну, есте сақтау; (антонимдер, синонимдер, омонимдер)

5.Үш тілдегі лексиканы дұрыс түсіну арқылы қабылдау;

6.Оқытылып жатқан тілдердегі лингвистикалық терминологияларды орынды қолдану;

7.Үш тілдің орфографиялық нормаларын білу;

8.Күнделікті өмірде қолданылатын мәтіндерді  құрастыру, қабылдау, қолдана білу;

9.Сұхбатты жалғастыра білу, сұрақ қою;

10.Бағдарлама көлемінде сөйлеу және берілген тақырып бойынша өз ойын еркін жеткізе білу.

Осы деңгейлерге жету үшін әр сатыдағы оқушыларда белгілі бір тілдік құзыреттілік қалыптасуы керек. тілдік құзыреттілікті қалыптастыру үшін орындалатын алғы шарт – лексикалық қордың болуы. лексикалық қорды қалыптастыруда әр түрлі технологияларды тиімді қолдану, әдіс-тәсілдерді дұрыс анықтау мұғалімнің шеберлігіне байланысты.

Көптілді білім беру бір күнде жүзеге асырылмайды, оған мұғалімнің дайындығы қажет. Ол үшін жеке нақты тақырып,  модуль анықталады, оқушының  оқу тіліндегі білім деңгейін шамалау керек, осы аталған пәндер бойынша 3 тілдегі сөздік көлемін жасау керек. Осының бәріне негіз болатын оқушының білім деңгейі және ұстаздың түрлі технологияларды қолдану шеберлігі.                                                                                                                                            2015-2019 жылдары Шығыс Қазақстан облысының барлық білім беру деңгейіндегі ұйымдарында үш тілде білім беруді сынақтан өткізу туралы» ҚР БҒМ 10.02.2016 жылғы №136 бұйрығына сәйкес үш тілді білім беруді енгізу бойынша Шығыс Қазақстан облысы пилоттық облыс болып анықталды. Тіл пәндері мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігіне кіріс бақылауы жүргізіліп, нәтижесінде мұғалімдер 2016 жылы барлық санаттағы педагогтарға  тілдік құзыреттіліктер мен оқыту әдістемесі бойынша курстар жоспарланып  өткізілді:  Ф.Ш Оразбаеваның оқыту қазақ тілді емес мектептерге арналған қазақ тілінің деңгейлік оқулығының авторларын шақыра отырып, қазақ тілін  оқыту әдістемесі бойынша оқулық курстарға шақырылып, аталмыш курстардан қазақ тілі пәнінің мұғалімдері өттік. Сонымен қатар, биылғы облыстық тамыз конференциясында ШҚО «2016-2019ж арналған үш тілді дамытудың аймақтық кешенді жоспарының» аясындағы мұғалімдер арасында өткізілген тестілеуден жоғарғы білімімді көрсеткен үшін 8 мұғалімге 500 мың теңге, 800 мың теңге бір жолғы сыйақы берілді.  Менің де еңбегім бағаланып  500 мың теңге бір жолғы сыйақы, әкім грант иегері атандым

Бүгінгі XXI ғасыр ұлттық бәсеке, ақпараттық сайыс, инновациялық

технологиялар, күрделі экономикалық реформалар сияқты көріністерімен ерекшеленеді. Қазіргі заманғы мұғалімдер информатор, бақылаушы, тексеруші,жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болу керек деп есептеймін. Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда бүгінгі жас ұрпағымызды биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз. ХХІ ғасыр — білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.

 

 

 

Начало формы

Конец формы