А. Байтұрсынов «Егіннің бастары»

Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: 3-бөлім: Адамгершілік-асыл қасиеттер 

Мұғалімнің аты-жөні: Адамбаева Бакытгуль Тарибаевна

Мектеп: «ЖББ №5 орта мектебі» КММ         

Күні:                                                                                                                      

Сынып: 5                                                Қатысқандар:                                      Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы А. Байтұрсынов «Егіннің бастары»
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 5.Т\Ж2. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау
Сабақ мақсаты А.Байтұрсыновтың «Егіннің бастары» өлеңінің тақырыбы мен идеясын анықтау
Бағалау критерийі ·         шығарманың идеясына қатысты тақырып ұсынады;

·         шығармадан идеяға қатысты шумақты анықтау арқылы, өзіндік тұжырым жасайды;

Тілдік мақсаттар Диалог немесе жазу үшін қажетті тіркестер: «Мен … пікірімен келіспеймін/келісемін, себебі…»
Құндылықтарға баулу —          қарым-қатынас жасау;

—          шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;

—          өмір бойы оқуға дайын болу;

—          жауапкершілік;

Адамгершілік қасиеттерді насихаттау мысалдағы кейіпкерлер әрекеті арқылы беріледі

Пәнаралық байланыс «Сәлемдеме хат» ойынында балалардың музыка ырғағына билеуі арқылы ән-күй, хореография, дене шынықтыру пәндерімен байланыс орнатылады. Топта постер дайындау графика, сызу, сурет салу дағдыларын шыңдайды. Сергіту сәті оқушыларды өз көзқарастарын білдіруге ынталандырып, өз-өздерін тануларына ықпал етеді
Алдыңғы білім Оқушылар алдыңғы сабақта мысалдың сюжеттік дамуын сипаттап,

композициялық құрылысына талдау жасады. Оқушылардың мысалдың толыққанды фабуласын білуі олардың тақырып мен идеяны анықтауларына көмектесе алады

Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Сабақтың басы – 15мин.

Ширату жаттығуы-сабақ тақырыбына байланысты оқушылардың қызығушылығын тудыру.

 

ҰЖ. «Сәлемдеме хат» әдісі. Оқушылар музыка әуенімен билеп тұрып, өткен сабақ бойынша сұрақ жасырылған сәлемдемені бір-біріне жылдам беріп тұрады. Әуен тоқтаған кезде, сәлемдеменің бір бөлігін ашып, түскен сұраққа жауап береді. Сәлемдеменің соңғы бөлігі түскен оқушы, бидай суретін алып шығып, бүгінгі сабаққа қатысты өз болжамын айтады.

 

ТЖ. Балалар, жаңа сабаққа көшпес бұрын топ құрамын жасап алайық. Ол үшін Сіздерге бір жұмбақтың бойындағы сөздер жеке-жеке қағаздарда таратылады. Сіздер оны дұрыс құрастыру арқылы, топ құрамын анықтай аласыздар.

 

Жұмбақтар:

1.    Ұзын мұртты сарылар,

Қойынында дәні бар (егін)

2. Қыр басында әрқилы,

Сары теңіз толқиды (бидай)

3.    Жезге ұқсас сабағы,

Дәні -халық тамағы (бидай)

Топ жұмбақ мазмұнын құрастырып, жауабын табады.

 

Балалар, жұмбақ жауаптарынан-ақ сабақтың қай тақырыпта өрбитінін біліп отырсыздар. Ендеше бүгін сабақта Т\Ж2. мақсаты бойынша А.Байтұрсыновтың «Егіннің бастары» мысал өлеңінің тақырыбы мен идеясын анықтаймыз.

«Сәлемдеме хатқа» жазылған сұрақтар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

жұмбақ сөздері жазылған қима қағаздар

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы – 20мин. ТЖ. «Фрайер» әдісі. Әр топқа «Фрайер» графикалық органайзері таратылады. Олар органайзердің бөліктеріне талап етілетін ақпаратты ұйымдастырып, түсірулері қажет.

1
2
3
4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тең ортасы – «Егіннің бастары»

1-бөлік – мысалдың тақырыбы?

2-бөлік – идеясы неде?

3-бөлік – визуализация

4-бөлік – өз тұжырымы

 

Дескриптор:

— мысалдың көздеген тақырыбын жазады;

— оған дәлел болатын 2 сөйлемді мысалдан теріп жазады;

— өз тұжырымдарымен идеясын көрсетеді;

— идеяны ашуға негіз болып тұрған шумақты анықтап, жазады;

— идеялық мазмұнды ашатын креативті сурет салады;

— 1 сөйлеммен өз тұжырымын жасайды.

 

Мұғалім бұл жұмысты орындау кезінде оқушыларға мысал мәтініндегі сөз оралымдар мен сөйлемдерді қолдана алатындықтарын ескертеді.

 

ЖЖ. Дайын постерлер аудиторияның әр жеріне ілінеді. Оқушылар «Галереяда ой шарлау» әдісімен әр топтың постерлеріндегі жазылған ойларды қарап шығады. Сонан соң «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісімен жұптарда ой бөліседі.

 

Ж. Жұптағы талқылаудан соң өз ой қорытындысын «ПОПС» формуласы бойынша жазбаша түсіндіреді.

Бірінші сөйлем: «Менің ойымша мысалдың басты идеясы — ….»

Екінші сөйлем: «Себебі,оны былай түсіндіремін…»

Үшінші сөйлем: «Оны мына мысалдармен, фактілермен дәлелдей аламын…»

Төртінші сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім…»

 

ҰЖ. «2 бұрыш» әдісі. Оқушылар қалаулары бойынша өз жазғандарын оқи алады. Қалған оқушылар сыныптасының позициясына келісу/келіспеуін лайықты бұрышты таңдау арқылы көрсетеді.

 

Сергіту сәті «Тәкаппар болмас үшін, онда, сонда» ойыны. Оқушылар үштікке бірігіп, бір-бірлеріне арқаларын беріп тұрады. 1-ойыншы «Тәкаппар болмас үшін» деп бастайды, 2-ойыншы бұл ойды «онда сен кішіпейіл бол» деген сияқты оймен жалғастырады. Ал 3-ойынша «сонда сені барлығы жақсы көреді» деген сияқты нәтижелік сөйлеммен аяқтайды. Олар рөлдерімен ауысып, жалғастыра береді.

 

ҚБ. Мұғалім мақсатқа жетуге бағытталаған тапсырманың дескрипторларына сүйеніп, ауызша кері байланыс береді.

Флипчарт, маркер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«ПОПС» жазу құрылымы парақтары

 

 

 

 

 

 

«Келіспеймін», «Келісемін» пікірлері жазылған парақтар

Сабақтың соңы – 10мин. Оқушылар рефлексиясы: «Аяқталмаған сөйлемдер»

-Мен бүгін білдім…

-Мен бүгін сезіндім…

-Мен келесі сабақта білгім келеді…

 
 
Саралау: Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз? Бағалау: Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
Барынша қолдау: топтағы С деңгейлі оқушыларға ынталандыру, уәждеу сөздермен ерекше назар аударылады. «ПОПС» формуласы арқылы жазу кезінде дайын құрылым беріледі. Өз көзқарасын білдіруде ойды тұжырымдауға арналған дайын клише ұсынылады.

Аз қолдау: А деңгейлі оқушылар көзқарастарын мысал мазмұнынан бөлек өз ойларымен, басқа дереккөздерден алып жаза алады

Оқушылардың жеке, жұптық, топтық жұмыстары мұғалімнің ҚБ қолдау сөздерімен ынталандырылып, дескрипторларға негізделген ауызша/жазбаша кері байланыстары арқылы жүзеге асырылады Сабақтағы ынтымақтастық пен достық қарым-қатынас оқушылардың топтық, жұптық жұмыстары арқылы сақталады. «Сәлемдеме хат», «Фрайер», «Галереяда ой шарлау», «ПОПС» жазу құрылымы сияқты белсенді оқу әдістері, «Тәкаппар болмас үшін, онда, сонда» сергіту сәті оқушылардың сабақ соңына дейін өздерін сергек ұстап, шаршаңқы сезімге бой алдырмаларына ықпал етеді.
Сабақ бойынша рефлексия Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланаңыз. Төменде өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз
Сабақ мақсаты қолжетімді болды ма?

 

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?

 

Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?

 

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

 

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

 

Сабақ жоспарынан ауытқу болды ма және неліктен?

 

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен 2 нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым,келесі сабақта не нәрсеге назар аудару керек?