“Химия пәнін оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану»

Куттыкожанова Толеугайша Серикбековна

Түркістан  облысы

Жетісай ауданы

Жетісай қаласы

«М.Горький атындағы №1 мектеп-гимназия»

химия пәнінің мұғалімі

“Химия пәнін оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану»

«Мұғaлiм- мәңгi нұрдың қызмeтшiсi, ол бaрлық оймeн қимыл-әрeкeтiнe aқылдың дәнiн сeyiп, нұр құятын тынымсыз лayлaғaн жaлын иeсi» дeгeн eкeн   орыстың  тaнымaл пeдогогi Я.Л.Комeнский  « Мұғaлiм –өзiнiң бiлiмiн үздiксiз көтeрiп отырғaндa ғaнa мұғaлiм, aл оқyды , iздeнyдi  тоқтaтқaндa  оның мұғaлiмдiгi дe жойылaды»  дeгeн  пiкiрiнeн пeдaгогикaлық пәлсaпaны aңғaрyымызғa болaды. Зaмaнның aлғa жылжyымeн қaтaр бүгiнгi тaңдa ұстaздaр қayымының aлдындa үлкeн мiндeттeр мeн тaпсырмaлaр тұрғaны aнық.

Қазіргі замаңғы білім беру жүйесі ақпараттық технологияларды және компьютерлік телекоммуникацияларды белсенді түрде қолдануда. Әсіресе, динамикалық түрде электрондық оқыту жүйесі даму үстінде, оған көптеген факторлар ықпалын тигізуде және алдымен –оқу орындарын мықты компьютерлік техникамен қамтамасыз ету және интернет желісінің бірлестіктерін дамыту.

Оқытудың лекциялық-семинарлық  формасы өз тиімділігін баяғыда жоғалтқан- тәжірибенің көрсетуі бойынша оқытудың 50% жоққа шығады. Шетел тәжірибелерін зерттей отыра, келесі маңызды аспектіні ерекше айтып кетуге болады : оқытушы ақпаратты таратушы /дәстүрлі түрде қалыптасқан/ рөлінде емес, кеңесші және кей жағдайда оқушының әріптесі рөлінде болады. Нәтижесінде  оқушылар оқу үрдісіне белсенді қатысады, өз бетімен ойлануға, көзқарастарын айтуға, нақты жағдайларды модельдеуге дағдыланады.

Құзыpлы мұғaлiм оқyшының жaн дүниeсiн жaқсы түсiнe бiлy кepeк. Құзыpлы оқытyдың мaңызды фaктоpы мұғaлiмнiң оқyшының тaқыpып мәнiн өз бeтiмeн мeңгepyiн түсiнyi мeн бaғaлaй aлyы болып тaбылaды. Мұндaй тәсiл бұл үдepiскe оқyшының өзiнiң дe қaтысyын тaлaп eтeдi. Осылaйшa, оқyшы дa өзiнiң оқyы үшiн жayaпты болaды. Оқyшы мұндaй жayaпкepшiлiктi көбiнe сaбaқ бepy бapысындa мұғaлiм қaлыптaстыpaтын оpтaдa сeзiнiп, қaбылдaйды. ( Мұғaлiмгe apнaлғaн нұсқayлық, 9 бeт).

Сaпaлы оқытy бiлiм aлyғa мүмкiндiк бepeтiн нaқты жaғдaйлapды жaсayмeн қaтap, сол жaғдaйлapдың өзiмeн тығыз бaйлaныстa болaды. Құзыpлы мұғaлiм оқyшылapғa, оpтaғa жәнe peсypстapғa лaйықтaп нaқты кeзeңдe қолдaнылyы тиiмдi оқытy элeмeнттepiн «peттeп» отыpaды.  Кeз-кeлгeн сaбaғын ұтымды, қызықты өткiзy үшiн iздeнiс, жaңaғa ұмтылy жұмысын жүpгiзy әpбip ұстaз үшiн бұлжымaс қaғидa. “Оқытып жүpiп, өзiмiз дe үйpeнeмiз”  қaғидaсын ұстaнғaн мұғaлiмгe өзiнiң сaбaғы бipiншi жaңaлық болyы кepeк дeп ойлaймын. Әpбip сaбaқтa озық тeхнологиялapды пaйдaлaнып өткiзy әpинe жaқсы нәтижeлep бepeдi. Ұстaз әp yaқыттa iздeнyшi болa бiлсe, өзi үшiн бiлiм жинaқтaйды, оқyшы үшiн сaбaқты қызықты, ұтымды eтeдi.

Ақпараттық технологиялардың дамуы сабақтың жаңа,уникальді түрін жүргізуге мүмкіндік береді. Білім беру жүйесінде электрондық оқулықтар қолданылады.Бұл оқулықтардың артықшылықтары: біріншіден,олардың лездігінде,екіншіден, компьютерлік желілердің дамуымен байланыстардың қол жетерлілігінде,үшіншіден, қазіргі замаңғы ғылыми білімнің даму дәрежесіне парапар болуында. Басқа жағынан, электрондық оқулықтарды жасау ақпараттық материалдарды әрдайым жаңартып отыру мәселесін шешуге ықпалын тигізеді.Сонымен қатар,олардың құрамында көптеген жаттығулар мен мысалдар болуы мүмкін және әр түрлі ақпарат динамикалық түрде толықтай суреттеледі. Бұған қоса,электрондық оқулық көмегімен білімді бақылау, түзету,әділ бағалау әрекеттері жүзеге асады.

Көптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері химия пәні  сабақтарында ақпараттық технологиялар жиі қолданылуда. Заттардың құрамы мен құрылымын, қасиеттерінің құрылымына тәуелділігін, қасиеттері белгілі жаңа заттар мен материалдар алуды, химиялық өзгерістердің заңдылықтары мен оларды басқарудың жолдарын зерделеу- мектепте химия пәнін оқытудағы негізгі мәселелер. Заттар әлемін (олардың құрамын, құрылымын, бір заттың басқа затқа айналуын) зерделей отырып, оқушылар практикалық қызмет үшін тиянақты білім алуы тиіс. Осыған Байланысты  күнделікті сабаққа:

-мультимедия (видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, электрондық оқулықтарды);

-зертханалық тәжірибелер;

-компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта);

-анықтамалық мәліметтер (сөздік, энциклопедия, карта, деректер қоры);

-интернет және т.б. көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже береді. Мұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға және алған мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік береді.

Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту мұғалімнің сабақ өткізу тәсіліне де байланысты.  Қазіргі таңда оқудың интерактивті әдіс-тәсілдері өте көп. Педагогикалық ғалым мен озық тәжірибенің  бүгінгі даму деңгейінде белгілі  болған оқыту әдіс-тәсілдерінің бәрін  де еркін игеріп , әрбір нақтылы жағдайларға орай ең тиімдісін таңдап алу және олардың бірнешеуінің  жиынтығын түрлендіре тиімді , үйлесімді әрі шығармашылықпен қолдану —  сабақтың сәтті өтуінің кепілі.  Осы ретте мына мәселелерге баса назар аударғым келеді.

1.Мұғалім сәтсіз өткен сабақтарға өзіндік талдау жасап өз кемшілігін іздеуге әрекет жасау керек.

2.Білім мен тәрбие беруде жариялылық , педагогикалық,  ынтымақтастық, ғылыми-әдістемелік, тың ізденістерге сүйене отырып жаңашылдыққа талпыну қажет.

3.Мұғалім күнделікті әр сабағына шығармашылықпен дайындалуы керек. Өйткені, сабақ-мұғалімнің өнері,  шығармасы. Сондықтан, әр сабақты тиімді ұйымдастыруда оқушыны жалықтырмайтын, қабілетін арттыратын жағдай туғызуға ықпал етуміз керек деп ойлаймын.

Ақпараттық технология негіздері тұлғаның химия пәнінен алған білім сапасы мен сауаттылығын кеңейтуге жәрдемдеседі, мысалы: интернет сайты арқылы жоғары деңгейдегі көрнекіліктерді пайдалануға болады. Заман ағымына қарай сабаққа  видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану оқушының  дүниетанымын кеңейтеді.  Әсіресе, оқулықтағы тарауларды қорытындылау кезінде оқушылар қосымша материалдар жинақтап, білімдерін кеңейтіп, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін қалыптастырып, шығармашылығын дамытады. Тестік тапсырмалар орындайды. Компьютер көмегімен оқыту оң нәтижелер береді.  Ақпараттық мәдениет дегеніміз- тек компьютермен дұрыс жұмыс істей білу ғана емес, кез-келген ақпарат көзін: анықтамаларды,  химиялық формулалар,  сөздіктерді, теледидар бағдарламаларын т.с.с. дұрыс пайдалана білу деген сөз. Мысалы,  бір ғана химиялық формуланың өзінен көп ақпарат алуға болады.  Химиялық формула-химиялық тілдің ең маңызды бөлігі болып есептелінеді,  себебі сол заттың химиялық құрамын ажыратып береді.

Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім өткізетін сабағының түрін дұрыс таңдай білуі қажет.

Ақпараттық технологиялардың бірі – интерактивтік тақта, мультимедиялық және он-лайн сабақтары.  Оқыту үрдісін компьютерлендіру мақсатында интерактивті тақтамен жұмыс жасау тиімді. Қазіргі уақытта Қазақстанның жалпы орта білім беретін мектептерінің барлығы дерлік интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген. Өзім жұмыс  жасайтын мектепте жаңа ақпараттық технологияларды қолдану кеңінен қарастырылған. Мектептің информатика  кабинетінде интерактивті тақта орнатылған. Сондықтан бұл тақтамен әр сабақты қызықты өткізуді ойластырып, жоспарлаймын.

Тақтаны қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын, интеллектуалдық танымын, білім сапасын арттыруға болады.  Өз басым интерактивті тақтаны әр сабақ барысында, соның ішінде химиядан зертханалық сабақтарды өткізген кезде жиі қолданамын.

Мысалы:  Интepбeлсeндi тaқтaдa көpсeтiлгeн бeйнepоликтep, сypeттep,элeктpонды оқyлықтap,тeст жұмыстapы, тaпсыpмaлap бaлaлapдың қызығyшылығын apттыpaды, сaбaққa бeлсeндi қaтысyынa ықпaл eтeдi. Оқyшылapдың   көpy apқылы  олapдың eстe сaқтay қaбiлeтi apтaды. Сондықтaн  әp сaбaққa мүмкiндiгiншe AҚТ- ды қолдaнy нeгiз болды. Кeлeсi тaпсыpмaны оpындay –оқyшылapдың ұялы тeлeфондapы жәнe плaншeттepi apқылы жүзeгe aсыpылды. Сaбaқ бapысындa кeдepгiлep мeн кeмшiлiктep болды. Оқyшылap бepiлгeн yaқыт iшiндe тaпсыpмaлapын aяғынa дeйiн оpындaй aлмaғaн жaғдaйлap болды. Мұндaй  кeмшiлiктi жою үшiн оқyшылapғa yaқытты тиiмдi пaйдaлaнyды түсiндipiп, шeктey қойылды. Жәнe  оның оpындaлyы  қaдaғaлaнып отыpылды. Сол сияқты басқа сабақтарды

оқытуда да интерактивті тақтамен жұмыс жасауда оқушылардың қызығушылығын танытып қана қоймай, шығармашылық қабілеттерін дамыту мен қатар жаңа ақпараттық технологияны меңгеруге, оны пайдалана алуына мүмкіндік береміз. Сабақта интерактивті тақтаның элементтерін пайдалану, дайындалған арнайы тапсырмаларды тыңдап қана қоймай, көздерімен көріп, оны жетік түсінуге, дағдыланады. Интерактивті тақтаны пайдалану аркылы оқушылардың білімін тексеру үшін әр тарауды аяқтаған кезде немесе жаңа сабақты бекіткен уақытта тестілеу әдісін қолдануға болады. Оқушылардан бір уақытта жауап алуға мүмкіндік береді. Тестілеудің нәтижелерін құрылған график арқылы тексеріп, сол уақытта бағалауға болады. Жауап нәтижелерін бақылап және оқушылардың материалды түсіну деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Интерактивті тақтаны пайдалану арқылы тестілеген кезде мұғалім оқушылардың білім деңгейін анықтай алады. Оқушыға тест сұрақтарына жауап беруі үшін уақыт беріледі. Бұл жүйе тұйық оқушылардың ойын білдіріп, жалқау оқушылардың қызығушылығын арттырады. Оқушылар жауаптарын құпия түрде бере алады.

Ақпараттық технологияларды жүзеге асырудағы  тағы бір мүмкіндігі – ол электронды оқулық. Электрондық оқулықтарды қолдану тәжірибесі оқушылардың берілген материалдарды сапалы түрде түсінетіндігін көрсетті. Бұған тест нәтижелері дәлел бола алады. Сондықтан, ақпараттық технологиялардың дамуы білім беруде жаңа әдіс-тәсілдерді ойлап табуға және соның арқасында оның сапасын арттыруға кең мүмкіндік береді.

Сонымен электрондық оқулық дегеніміз не? Оның қарапайым оқулықтан айырмашылығы неде? Әдетте электрондық оқулық ЭЕМ-ның магниттік сақтаушыларында орналасқан үйрету,бақылау,моделдеу және басқа да программалар жиыны болып табылады. Электрондық оқулық қарапайым оқулықты толықтырады әсіресе, төмендегі жағдайларда тиімді болады:

-жедел кері байланысты қамтамасыз ету;

-керек ақпаратты тез табу, қарапайым оқулықта қиындықтарға кездесетін іздеулер;

-мәтіндік түсініктемелерді көп рет қолданғанда уақытты үнемдеу;

-қысқа мәтінмен қатар- көрсету,баяндау, моделдеу және т.б- тез, бірақ сонда да нақты қолданушы темпіне сәйкес жылдамдықпен белгілі тарау бойынша білімді тексеру.

Электрондық оқулықтың кемшіліктеріне ақпаратты қабылдауда дисплейдің онша жақсы емес физиологиясын /кітап оқумен салыстырғанда экраннан мәтіндік ақпаратты қабылдаудың ыңғайы және тиімділігі аз/ және кітаппен салыстырғанда құнының жоғары болуын жатқызуға болады.

Электрондық оқулық —  бұл дидактикалық әдіс – тәсілдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негізделген түбегейлі жүйе. Электронды оқулықпен оқыту  оқытушының оқушымен  жеке жұмыс істегендей болады. Электрондық оқулық тек қана оқушы үшін емес, мұғалімнің дидактикалық әдістемелік көмекші құралы да болып табылады.

азіргі заманның даму қарқыны мұғалімдерден шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырады.  Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары болмақ. Жаңа ақпараттық техникаларын пайдалану соңғы уақытта мектептегі білім беру жүйесінде маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Мультимедиялық технологиялар көбіне компьютерлік сыныптарда қолданылады. Қазіргі уакытта сабақ материалына байланысты көптеген компакт-дискілер бар. Мектептегі химия сабағын компьютердің көмегіне сүйеніп өткізуге көп мүмкіндіктер жасалған. Жаңа материалды түсіндіруде интерактивті компьютерлік графиканы пайдалануды көздейтін аппараттық-бағдарламалық құралдарды пайдалануға болады. Компьютерлік графикалық материал презентациялық монитор көмегімен көрсетіледі. Химия пәні бойынша компьютерлік тестілеуді қолдану оқушылардың интеллектуалдық танымын арттырады. Оқушылар бір тестілеуден жақсы нәтижеге жеткенше бірнеше қайтара өтеді. Бұл тестілердің барлығы химия бойынша минимум талаптарына сәйкес келеді. Келесі бір маңызды жағдай уақытты үнемдеу. Аз уақыттың ішінде бағдарламаның көптеген киын сұрақтарын формулалар мен эксперименттер көрсету арқылы түсіндіріліп, бекітіледі. Химия  сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолдана  отырып өз бетінше жұмыс істеу факторы – есептерді шығара білу, шапшаңдылық, шеберлік дағдыларын ұйымдастыра отырып, сабақтар өткізуді қолға алдым.

Осындай ақпарат құралдарын пайдалана отырып, мен сабақ барысында оқушылардың қабілетіне, білім деңгейіне, ынтасына қарай топқа бөліп, өз бетімен еңбектенуге, ізденуге, шығармашылыққа баулып, қорытынды жасауға машықтандырамын, оқушының ақыл-ойын дамытып, өзіндік дүниетанымын қалыптастырамын, сабаққа ынтасын арттырып, тапсырманы орындау барысында жіберілген қателер мен кемшіліктерді уақытында анықтап түзетуге мүмкіндік беремін. Сабақ барысында оқушыларды біліммен қаруландырып қоймай оларды қисынды ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін оқушылардың шығармашылық ізденісін, тапқырлығын, зеректігін, ойлауға икемділігін, өмірге ғылыми көзқарасын дамытуға өткізілген сыныптан тыс жұмыстар: «Құпия алаң», «Білгір химик»,  «Шыршаны безендір», «Ұстап үлгер», «Себетке жина», «Кім жылдам?», «Футбол», «Білгір химик» сияқты танымдық ойындарын қолданамын.

Алынған өзекті тақырыпты басшылыққа ала отыра және істелінген жұмыстарды қорытындылай келе өзін-өзі бағалай білетін, шығармашылық деңгейі жоғары жан-жақты тұлға қалыптастыра отыра, оқушының білім сапасын көтеремін, алған білімдерін өмірмен ұштастыруға бағыт беріп оқушы кұзырлығын дамытамын.

Жалпы  оқушылардың  ақпараттық технология негіздерінен алған білімі арқылы:

  1. Оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, құлшынысы оянады.
  2. Шығармашылық қабілеттері артады.
  3. Жылдам ойлауға машықтанады, білім сапасы артады.

4.Оқушылар өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланды.

  1. Экологиялық сауатты болуға үйренеді.

6.Тағамның химиялық құрамының зияндылығын іс-тәжірибелер барысында  анықтайды.

  1. Химиялық технологияны меңгеруге ұмтылыс пайда болады.

Ақпараттық технологияның мұғалім жұмысына ең тиімдісі – оқушылардың білім олқылықтарына үнемі зерттеу жасап, түзету жұмыстарын жүргізуге пайдасы бар. Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдер шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Сондықтан, ХХІ ғасыр – информатика ғасыры, яғни ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан-жақты дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді.

Қорыта келе, жаңа  технологияны меңгеру оқытушының оқу -тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі.Оқытудың озық технологиясын меңгеру оқытушының кәсіптік шеберлігіне байланысты.Бұл әрбір ұстазды ойландырып, жаңаша жұмыс істеуге,жаңа ізденістерге жетелейді.Осы орайда Жүсіпбек Аймауытов «Сабақ беру үйреншікті жәй ғана емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер»,-деп тұжырым жасайды.Сондықтан оқытушы өз пәніне психологиялық тұрғыдан қарап,әдістемелік шеберлікпен келу керек.Сабақ барысында интерактивті технологияларды қолдану оқытушы жұмысын өнімді, нәтижелі, ал оқушылардың білім алу әрекетін мәнді, қызықты, пайдалы етеді.