«Құмырсқа» Н.Жанаев

ҰОҚ конспектісі

Күні: 16.04.2019 жыл

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Құмырсқа» Н.Жанаев

Мақсаты:

Білімділік: Жәндіктер туралы білімдерін кеңейтіп, бекіту. Сөздік қорын дамыту. Табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Шағын тақпақ арқылы тыңдау мәдениетін және оны түсіну дағдыларын қалыптастыру, эмоционалды көңіл күйін білдіруге үйрету, қайталау арқылы өлең сөздерін айтқызу және де сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелік: Жақсылық жасауға,адамгершілік,мейірімділік қасиеттерге тәрбиелеу;
 Қостілділік компонет:  құмырсқа-муравей, илеу — муравейник

Сөздік жұмыс:

Қызмет кезеңдері

 

Тәрбиешінің қызметі
Мотивациялық −

қозғаушылық

Ш.ш: Салем аспан

Салем жер

Салем балабақшам

Салем мен

Ұйымдастыру −

іздестіру

Балалар қазір жылдың қандай мезгілі?

Жоғарыдан нелерді көресіңдер,ал төменнен нелерді,кімдерді байқайсыңдар?

Аспаннан құстардың ұшқанын, жерден

адамдар,жануарлар,жәндіктерді көреміз.

Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын.
Қиналып көтеріп,өзінен ауырды.

Жорғалап кетеді,жүкшідей кәдімгі.

(құмырсқа)

-Құрмысқа қандай жәндік?

Еңбекқор жәндік.
Құмырсқа сендерге бір нәрсе айтқысы келіп, құлақтарыңның тұсына келді. Міне, енді сендерге сыбырлап жатыр. Мұқият тыңдаңдар: «Маған тиіспе, балақай! Табиғатты қорғай біл. Табиғат — ана сені жақсы көреді. Әрбір шөп, өсімдік, гүл, құмырсқа, өрмекші барлығы да өмір сүргісі келеді. Өтінемін, осыны есіңе мәңгі сақта».
Балалар, бүгін біз табиғат туралы әңгімелесеміз. (Жел тұрып, құмырсқаны ұшырып алып кетеді).
— Енді не істейміз? Құмырсқаны іздеп үйіне қайтарайық.

Сергіту жаттығуы.

«Гүл өсірсең терлеп,

Мұның аты — еңбек,

Кесте тіксең зерлеп,

Оның аты — еңбек.

Қырға шықсаң өрлеп,

Оның аты — еңбек.

Қиындықтың бәрін,

Еңбек қана жеңбек

(Н.Жанаев)

(Сергіту сәтін өлең шумағының ырғағымен қимыл-қозғалыс арқылы орындау).

балалар, бүгін біз құмырсқа туралы әңгімелесеміз. Құмырсқаның суретін «сиқырлы экранның» ортаңғы әйнегіне қойып, сұрақтар қою:- Құмырсқа тірі табиғаттың қай жүйесіне жатады- Құмырсқа қандай? Денесі қандай? Түсі ше? Аяқтары неше? Мұртшалары бар ма?- Қазір қандай жыл мезгілі?- Құрт – құмырсқалар көктемде не істейді?

Рефлексиялық − түзетушілік Қорытынды:

Ойын «Мекенін тап» Мақсаты:жәндіктердің өз мекендерін жаңылмай таба білу.Шарты: үстел үстіндегі  муляж жәндіктерді өз мекеніне  орналастыру.- Балалар бүгінгі оқу  іс әрекетінің  қай сәті ұнады? Кім айтады?- Бүгінгі оқу іс әрекетіне өте жақсы араластыңдар, сол себепті сендерге мен жүрекше таратып  беремін.