Шешендік сөздер. «Тайкелтірдің төрелігі»

 Сабақтың тақырыбы:   Шешендік сөздер. «Тайкелтірдің төрелігі»

 

Сабақтың мақсаты:

  1. Шешендік сөздердің өзіндік ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру, «Тайкелтірдің төрелігі» мәтінінің мазмұнын игерту.
  2. Оқушылардың мәтін мазмұнын талдау, салыстыра білу қабілеттерін, танымдық қызығушылықтарын дамыту.
  3. Рухани-адамгершілік, еңбексүйгіштік, эстетикалық дағдыларын қалыптастыру.

 

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түрі: шығармашылық-ізденіс сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, проблемалық әдіс, т.б.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, бейнелеу

Сабақ кезеңдері Мақсат Күтілетін нәтиже Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру

кезеңі

Жағымды психологиялық ахуал орнату, сыныпты топқа бөлу.   Оқушылармен сәлемдеседі.

Психологиялық тренинг «Мен кіммін?» әдісі арқылы оқушыларды топқа бөлу.

Оқушылар шеңберге тұрып, өздерін жақсы бір нәрсеге теңеу арқылы көңілдерін көтереді. Шеңберде 1, 2, 3-ке санап, бірлер І топ, екілер ІІ топ, үштер ІІІ топ болып бөлінеді.

Оқушыларға бағалау парақшалары таратылады.

Сәлемдеседі, тренинг жасайды, топқа бөлінеді.

      Шеңберге тұрады, өздерін жақсы нәрсеге теңейді, 1, 2, 3-ке санап, топқа бөлінеді.

Теориясы

«Білу»

«Көпір» тапсырмалары арқылы үйден дайындалып келген тақырып бойынша сұрақтар беріледі.

(Кім? Не? Қайда? Қашан? Не істеді?)

Қазақ халқының даналығы және шешендік атты асыл қазынасын таныту.

 

Шешендік сөздер туралы жалпы мағлұмат алады. Шешендік сөздер бойынша сұрақтар:

1.  Шешендік сөздер дегеніміз не?

2. Шешендік сөздер әдебиеттің қай саласына жатады?

3.  Шешендік сөздерде не бейнеленеді?

4. Шешендік сөздерде қандай мәселелер көтеріледі?

5. Шешендік сөздер неге баулиды?

 

 

Сұрақтарға жауап береді.

1. Шешендік сөздер — елге белгілі адамдардың қайсыбір оқиғаға байланысты айтқан тапқыр сөздері.

2. Шешендік сөздер ауыз әдебиетінің саласына жатады.

3. Шешендік сөздерде халықтың бастан кешкен оқиғалары, ақыл-ойы, арман-тілегі бейнеленеді.

4. Шешендік сөздер көбіне дауларға байланысты екі кісі, екі ру арасындағы мал-мүлік, ар мен жер, ер мен жесір құны сияқты даулардан бастап, екі ел арасындағы мемлекеттік келісім сияқты мәселелер көтеріледі.

5. Шешендік сөздер жақсы мінезге, байқағыштыққа, сергек те зерек болуға үйретеді әрі тілдерін байытып, ұтқыр да ойлы сөйлеуге баулиды.

Теориясы «Түсіну»

Мәтіннің мазмұнымен жұмыс жүргізуге дайындық

(Неге? Неліктен? Не үшін?)

«Тайкелтірдің төрелігі» мәтінінің мазмұнын меңгерте отырып, тілдік қорын дамыту. Оқушы мәтіннің мазмұнымен толық танысады. 1. Мәтінді түсініп оқу.

2. Мәтінде не туралы айтылған?

3. Мәтіннің кейіпкерлері кімдер?

4. Тақырыбына қарап қандай оқиға болатынын білуге болады?

 

Түсіндірме сөздікпен жұмыс:

Атқосшы жігіт –
Күміс қақтаған —
Былғары тоқым —
Зер төккізген —
Тобылғы сапты —

1.Мәтінді түсініп оқиды.

2.Мәтінде Тайкелтірдің ер-тұрманға таласқан екі кісінің дауын шешіп беруі суреттеледі.

3.Мәтіннің кейіпкерлері: Төле би, Тайкелтір, екі кісі және жігіт.

4.Мәтіннің тақырыбына қарап, Тайкелтірдің қандай да бір дауды шешетіндігін білуге болады.

 

Атқосшы жігіт –

 1. Жолаушылардың ішінде ат бағу міндетін атқарушы;

2. Әскер басшысының қызмет бабындағы тапсырмаларын орындауға тағайындалған офицер;

Күміс қақтаған –

Күміс – қымбат, бағалы, жылтыр, ақ түсті металл;

Қақтаған – қақ ету, кептіру;

Былғары тоқым –

Былғары – зауытта иленіп, боялған мал терісі;

Тоқым – аттың арқасына ер батпау үшін екі қабат киізден ыңғайлап пішіп, сыртын мата немесе былғарымен қаптап, кейде өрнектеп жасайтын ер-тұрман жабдығының бірі;

Зер төккізген –

Зер1. Әшекей, сән бұйымдарын жасауға пайдаланылатын әдемі, сары түстес қымбат металл;

2. Алтын, күміс, мыс талшықтарынан тоқылған кесте, оқа;

3. Зер талшықтарынан алынған жылтыр жіп;

Тобылғы сапты –

Тобылғы – раушан гүлділер тұқымына жататын, ағашы қатты, қызыл күрең түсті бұта;

Сап – 1. Адамдардың рет-ретімен тұруы;

2. «Тыйылды» мағынасында жұмсалады;

3. Балтаның немесе күректің сабы;

Теориясы

«Қолдану»

 

Оқулықтағы мәтінмен жұмыс.

Оқушылардың ынтымақтастықта жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыра отырып, тілдік қорын дамыту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мәтінді лексика-грамматикалық тұрғыда талдау арқылы тілдік қорын дамыту.

Оқушылардың өздік жұмыс арқылы тілдік қоры дамиды. Топтық жұмыс. 

І кезең. Мәтіннің мазмұнына байланысты тапсырмалар

 

І топ

1.Мәтінді бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойыңдар.

2. Мәтінді ертегі түрінде айтып беріңдер.

ІІ топ

1. Мәтіннің мазмұнына байланысты кейіпкердің мінезі мен келбетін білдіретін сөздерді тауып жазыңдар.

2. Мәтінді 1, 2 жақта айтып беріңдер.

ІІІ топ

1.Таласқан екі адамның сөзге тоқтауы нені білдіреді? Өз пікірлеріңді айтыңдар.

2. Мәтінді диалог, сұхбат түріне ауыстырып айтыңдар.

 

 

ІІ кезең. Мәтіннің лексика-грамматикалық құрамына байланысты тапсырмалар

І топ

1.Мәтіннен омоним болатын сөздерді, синонимдік қатары бар сөздерді тауып жазыңдар.

ІІ топ

2.Мәтіннен ауыспалы мағынада турған сөздер мен сөз тіркестерін  тауып жазыңдар.

ІІІ топ

3.Мәтіндегі көп мағынаға ие болатын сөздерді теріп жазыңдар.

 

Берілген тапсырмаларды орындайды.

 

1.Омоним: тарту – сый, сыйлық; іс-әрекетке берілген атау, тұйық етістік, зат есім.);

би – зат есім, жалпы есім, ХІV-ХVІ ғ.ғ лауазым  атауы;  би – зат есім, өнерге берілген атау;

 ер – зат есім, ат әбзелі; ер – зат есім, жалпы есім, синоним: жігіт, азамат, т.б.;

зер – зат есім, синоним: оқа, әшекей; зер- дерексіз зат есім, синоним: ынта, ықылас, т.б.;

ілу – тұйық етістік, қимыл іс-әрекетке берілген атау, ілу – зат есім, қазақ халқының салт-дәстүрі бойынша құдалыққа барғанда алып баратын сыйлық;

сап – зат есім, қамшының сабы, күректің сабы, т.б. сап – зат есім, синоним: рет; сап түзеу, сапқа тұру, т.б.

ет – көмекші етістік, ет- зат есім, ас, тағам. (қой, ой, қара, мін)

 Синоним: алғыр, ұтымды; шешендігіне, тапқырлығына,

2. Ауыспалы мағынада тұрған сөздер: пана болу, ел намысын жібермеу, түзу бағыт, көзін жеткізу, күміс қақтаған, зер төккізген, өкініші кетпеу, т.б.

3. Көп мағынаға ие болатын сөздер: Көз, қол, бас, т.б.

 

 

 

Теориясы

«Талдау»

(Салыстыр, айырмашылығы неде? т.б.)

Аңыз әңгімелер мен шешендік сөздердің өзіндік ерекшеліктерін таныту арқылы тілдік қорын дамыту.    

«Ішіне-сыртына» әдісі арқылы аңыз әңгімелер мен шешендік сөздердің  адасқан ерекшеліктерін  өз орындарына жазады.

 

Аңыз белгілі бір адамның атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Шешендік сөздер әдетте екі адамның белгілі бір талас мәелені шешудегі сөз жарысында туып, елге таралып кеткен. Сондықтан шешендік сөздерді айтушылар көбінде билер, шешендер болып келеді. Аңыз әңгіме көбінесе тариха болған адамның басына құрылады.

Шешендік сөздер — елге белгілі адамдардың қайсыбір оқиғаға байланысты айтқан тапқыр сөздері. Ол адам не батыр, не ел басшысы немесе әділ би, ақыл-парасатымен ел құрметіне бөленген беделді адам болуы мүмкін. Ондай дауды қазақ ұрмысында билер шешіп отырған.

Аңыз әңгімелер Шешендік сөздер
Аңыз белгілі бір адамның атына, іс-әрекетіне байланысты туады.Аңыз әңгіме көбінесе тариха болған адамның басына құрылады. Ол адам не батыр, не ел басшысы немесе әділ би, ақыл-парасатымен ел құрметіне бөленген беделді адам болуы мүмкін. Шешендік сөздер — елге белгілі адамдардың қайсыбір оқиғаға байланысты айтқан тапқыр сөздері. Шешендік сөздер әдетте екі адамның белгілі бір талас мәелені шешудегі сөз жарысында туып, елге таралып кеткен.  Ондай дауды қазақ тұрмысында билер шешіп отырған. Сондықтан шешендік сөздерді айтушылар көбінде билер, шешендер болып келеді. Шешендік сөздерде халықтың бастан кешкен оқиғалары, ақыл-ойы, арман-тілегі бейнеленеді.
Теориясы

«Жинақтау»

 

(Алынған ақпарат негізінде қорытынды жасау, жүйелеу)

Алған білімдерін қорытындылау. Оқушылардың бүгінгі сабаққа байланысты білім деңгейлері байқалады. ІІІ кезең. Мәтін бойынша көшірмелі, құрылымдық, шығармашылық тапсырмалар:

 

І топ

1. Мәтін мазмұнына байланысты сурет салыңдар?

2. Мәтінді өткен шақ түрінде әңгімеле.

ІІ топ

1. Мәтін мазмұны бойынша кейіпкердің орнын басқа кейіпкермен алмастырып, шағын мәтін құраңдар.

2. Мәтінді әңгіме түрінде айтып беріңіз.

ІІІ топ

1. Мәтін бойынша мазмұндама жазыңдар.

2. Мәтін мазмұнына байланысты қойылым            құрыңдар.

Топ мүшелері бірлесе отырып, тапсырмаларды орындайды.

 

 

Бірде Аяз ата Ақша қардың тапқырлығын сынамақшы болып, оған жылап отырған қызды жұбатуын сұрайды. Өте ақылды, тапқыр Ақша қар жылап отырған қызға сыйлыққа ойыншық беріп еді, қыз жылағанын қояды. Содан бері Ақша қарды Аяз ата үнемі қасына ертіп жүретін болыпты.

 

 

 

 

 

Теориясы «Бағалау»

 

(Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? Өз ойың?)

 

 

Берілген тапсыр-маларды пайда-лана отырып, шешендік сөздер туралы бүгінгі алған білімді бағалайды. Оқушылар бағалау деңгейіне жетіп, тақырыпты тұтас меңгереді.     Төменде берілген әріптер тізбегінен мағыналы сөз шығарып алу.Мағынасыз әріптер тізбегінің белін сызу арқылы Төле бидің шешендік сөзін тауып жазыңдар.

 

 

 

 

 

Жақсының аты өлмейді,

Ғалымның хаты өлмейді.

 

Топ басшылары бағалайды.

 

Үйге тапсырма:

 

                              1. Мәтінді оқып келу.

2. Мәтін мазмұнына байланысты тест құрастыр.

3. Мәтін мазмұнына байланысты қойылым сценарийін құр.

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                                                                                                                                            Рефлексия

Оқушы оқу үдерісіне белсенді қатысқанда ғана материалды терең  меңгеруге қол жеткізеді. Егер оқу үдерісі оқушы мен оқу материалын қосатын «көпірді салуға» негізделсе, онда осы үдерісті үйлестіретін мұғалімдер көпірдің екі жағын да қадағалай білуі тиіс. Мұғалімдер оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын, сондай-ақ олардың қызығушылықтарын, әр оқушының нені жақсы көретінін және не істегісі келетінін түсінуге тырысады.  (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 35-бет).

«Тайкелтірдің төрелігі» тақырыбындағы сабақ 5-сынып оқушыларымен өткізілді. Бұл сабақта мен диалогтік әдіс-тәсілдерді кеңінен пайдалануға тырыстым. Себебі, диалог оқушылардың өзара сұхбаттасуына, пікір алысуына ықпал етеді. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты әртүрлі техникаларын пайдалануға болады. (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 41-бет). Мен осы сұрақ қою техникаларын қажеттілігіне қарай пайдаланып отырдым. Мұндағы мақсат-оқушының жауабын толықтыруға көмектесу, толығырақ жауап беруге  итермелеу және    тапсырманы орындау барысында оқушыға бағдар беріп отыру болатын. Сондай-ақ осы тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың тілдік қорлары дамиды және дарынды оқушылар танылады.

Мен осы сабағымда  Бағдарламаның мынадай модульдерін қолдандым:

  • Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
  • Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
  • Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану
  • Талантты және дарынды балаларды оқыту
  • Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу
  • Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер