«Сәттілік менде деп ойла, сәтсіздік қанат сермесе» шығарма

«Сәттілік менде деп ойла, сәтсіздік қанат сермесе»

 

Адам болған соң жақсыны да,жаманды да, арамды да, адалды да көресің. Жақсы деп жүргеніңді  жаның қиналғанда таба алмасаң несі жақсы?! Ал осы өмірде арамдар, екіжүзділер,жемқорлар болмаса расымен,өмір қызықсыз болар ма еді?!Менің  сәтсіздік деп отырғаным  өмір жолындағы кездескен кедергілерім.Үнемі,өз ойлаған нәрсеме енді қолымды жеткіздім-ау деген де қолым жете берген нәрсенің  көзден ғайып болатыны  өкінішті.Бұл сәтсіздік уақыт өте келе менің өмірлік серігіме айналды.Әлі де соңымнан қалар емес.Алғашында  қолымды жеткізе алмағаныма налып,өмірге деген көзқарасым өзгеріп кетуші еді.Сол сәттерде ішкі дауысым: «Неге болмашы нәрсеге көз жасыңды төгіп жатырсың? Сол іс көз жасыңды төгуге тұра ма ? Бұл кішкене қиындықтарға төзбесең,мұнан үлкеніне қалай шыдамақсың ? Әлі де талай қиындықтарды жеңіп шығуға тиіссің!Арманыңа жетуің үшін қолың да не қалса,соның барлығын жұмсап, ең….. ең ….. соңғы мүмкіндік болса да қалт жібермеуге,үлгеріп,істеп қалуға  тиіссің деймін де өз ашуыма ақылымды жеңдіретінмін.»Қазір мен сәтсіздіктен  қорықпаймын жыламаймын да, уайымдамаймын да.

Сонымен қатар, әрбір кедергінің, яғни  сәтсіздіктің де ,бір жақсылығы болатынына толығымен көзімді жеткіздім.Өмір маған осыны үйретті.Сонда әрбір сәтсіздікті жеңген сайын,мына сөз ойыма орала береді.

«Сәттілік менде деп ойла, сәтсіздік қанат сермесе» Осылайша әрбір сәтсіздікке төтеп беріп, өз қиындықтарымды, қорқыныштарымды жеңе отырып, өзімді мұнан да үлкен,биік белестерге талпындырамын!

 

Арай Амантай Абзалқызы