ИНФОРМАТИКА  КУРСЫНДА СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУДЫ ОҚЫТУ

Новый орта мектебі, информатика пәні мұғалімі Исмагамбетова Анаргуль Умирбековна

 

ИНФОРМАТИКА  КУРСЫНДА СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУДЫ ОҚЫТУ

 

Қазақстан Республикасының білім жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасында: «Орта білім берудің мақсаты- жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешім-дер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» -деп нақты көрсетілген.

Жалпы ұлттық деңгейдегі 12 жылдық жалпы орта білім берудің басты мақсаты да тұжырымдамаға сәйкес төмендегідей: Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті тұлғаны дайындау.

Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында» (2007 ж., 28 ақпан): «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек. Оқы-тудың, әр оқушының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау қажет» деп көрсетілген.

Оған сапалы білім, оқушының өміріндегі оқуға және өз білімін көтеруге дайындығы негізгі алғы шарт болып табылады. Қазіргі кездегі білім беру сапасы оқушының әртүрлі әрекет саласында өз бетінше шешім қабылдауға мүмкіндікті қамтамасыз ететін қалыптасқан негізгі құзіреттілік түріндегі білім нәтижелерімен түсіндіріледі.

Сондықтан, бүгінгі таңда ұстаздардың алдында тұрған міндет: табысты және тиімді әрекетке дайын, өзінің пікірін білдіруге және өзінің іс-әрекеті мен өмір сүріп отырған қоғам үшін жауапкершілігін түсінуге қабілетті, отбасындағы, қоғамдағы, еңбек ұжымындағы әлеуметтік рөлін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру.

«Қазақстан Республикасы 12 жылдық орта жалпы білім берудің жалпыға міндетті стандарты» жобасында «Құзіреттілік -оқушылардың іс-әрекетінің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі, ал құзірет дегеніміз алға қойылған мақсаттарға жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді іске асыруға дайындық; оқушының білім беру жүйесіне деген әлеуметтік тапсырысты құрайтын жеке және қоғам талаптарын қанағат-тандыру мақсатында табысты іс-әрекетке дайындығы» деп көрсетілген. Сонымен қатар, құзыреттілікті тәсілге де төмен-дегідей анықтама берілген: «Құзырет-тілікті тәсіл – оқу процесінің түпкілікті құзіреттерді қалыптастыруға бағдарлануы; күтілетін нәтижелерге қол жеткізу аясында білім сапасын қамтамасыз ететін білім беру мақсаттарын анықтаудың, білім мазмұнын іріктеудің, білім беру процесін ұйымдас-тыру мен білім нәтижелерін бағалаудың жалпы ұстанымдарының жиынтығы».

Тұлға құзыреттілігін дамыту үшін ұстаздың құзыреттілікті тәсілдерді меңгеруі, білім беру мазмұнын жетілдіруі қажет екендігін ескере отырып, біз, жаңа инновациялық әдіс – тәсілдердің ең тиімдісін пайдалану жоғары нәтиже береді деген болжам жасап, өзіміз оқып, үйреніп, үш жылдан артық уақыт бойы тәжірибемізде пайдаланып келе жатқан американ ғалымдары Джинни Стилл, Куртис Мередит және Чарльз Темпл жасаған «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» жобасының оқушы құзыреттілігін дамытуда маңызы зор болар деген тұжырымға келдік. Сын тұрғысынан ойлау-сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл бағдарламаның құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым үш фазадан тұрады. Олар өздерінің қызметтеріне байланысты аталады:

1) қызығушылықты ояту;

2) мағынаны ажырату;

3) ой толғаныс.

Қызығушылықты оятуоқушылар үшін сабаққа қатысудағы алғашқы қадам. Бұрынғы білімдері мен сезімдеріне немесе әсерлеріне еніп, жаңа білімге мазмұн қалап, болашақта зерттеу жүргізулеріне күш алуларына және орындалуы керек тапсырмалар жөніндегі жеке және топтық түсініктерді қалыптастыруларына көмек-теседі. Сонымен қатар оқушының жаңа идея мен мәліметтерді үйренуге және оны өзіндегі білім негізімен ұштастыруда іштей немесе сырттай белсенді болатын – болмайтындықтарын шешуі де алғашқы кезеңде іске асады. Қызығушылықты ояту ұзақ, әрі мағыналы оқытудың қажетті психологиялық негізін салады.

Мағынаны тану кезеңі оқушылар жаңа мәліметпен, идеямен немесе жаңа мазмұнмен кез келіп қалғанда іске асады. Дәрісті басқаратын талқылау, кітап оқу, бейнетаспа, өнер қойылымдары немесе басқа да нұсқау әдістерінің қайсысы болмасын осы кезде іске асады. Оқушылар жаңа білімді бұрынғымен біріктіре отырып және ақпараттың жаңа мазмұнға қолданбалылығы мен қолайлылығын қарастыра отырып, белгісізден белгіліге қарай жүретін ақпарат пен идеяның маңыздылығы жөнінде шешім қабыл-даулары қажет. Оқушылар жаңа идеяны қабылдайды, ескі мен жаңаны ұштас-тырады, ойлау қабілетін кеңейтіп, не түсінгенін анықтайды.

Ой толғаныс – үйрену процесінің соңғы кезеңі болады да, бұл кезде оқушылар алған білімдерін сыртқа шығарып, түсінгендерін өз сөздерімен жеткізіп бере бастайды. Саналы талқылаулар мен білімді тәжірибеде қолдану, жаңа идеялар мен ұғымдарды жинақтаумен, мазмұн жөніндегі өздерінің ашық ұсыныстарымен немесе бір зерттеуді бастаумен айғақталады. Бұл процесс арқылы оқушылар өздерінің ойын нақтылайды, қатарластары мен мұғаліммен кері байланыса отырып мәліметтер жинағы мен құрылым мағынасын сынақтан өткізеді. Яғни, іштей ойлануға үйренеді, ой алмасады. Белсенді түрде өз білімін үйрену жолына қайта қарап, өзгерістер енгізеді. Бұл ең ұзақ та, маңызды кезең. Осы кезеңдер әртүрлі стратегиялар, яғни әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асады.

Тұлғалық бағдарлы көзқарас тұрғысынан қарастыратын болса, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас, түсіндіруден түсінуге, монологтан диалогқа, әлеуметтік бақылаудан дамытуға, басқарудан өзін-өзі басқаруға көшу болып табылады. Мұғалімнің негізгі міндеті – оқушымен қарым-қатынас, оқушылардың өзара түсінуі, оларға шығармашылық үшін жағдай жасау, еркіндік беру.

Сыни ойлау философиясындағы басты мақсат: оқушы қандай да болмасын ақпаратты өздігінше игеріп, өз өміріне жарата алатын әмбебап тәсілдерді үйренуі керек. Білім алу оқушы тұрғысынан белсенді процесс болуы қажет, тек белсенді түрде жұмыс жасай отырып, ол қандай да болмасын білімді игереді. Сын тұрғысынан ойлау әрбір оқушыны терең ойланып, философиялық тұжырым жасауға бағыт-тайды. Өмірде ең керекті білік пен дағды – қоғамда қарым – қатынас құра білу, басқа адамдармен тіл табысу екендігін ескере отырып, әр сабақта оқушы оқытудың басқа да қатысушыларымен (оқушылар мен ұстаздар) араласып коммуникативтік қарым – қатынас процесінің белсенді мүшесіне айналады, әрі ұжымда, қоғамда, әлеуметте қалайша өзара байланыс құру мәселесі төңірегінде ойланады.

Теорияны зерттей келе, практикалық іс-әрекетті бастамас бұрын алдыма төмендегідей мақсат қойдым: мектеп психологының көмегімен және «Қазақстан Республикасының 12 жылдық жалпы орта білім берудің жалпыға бірдей міндетті стандарты» жобасына сүйене отырып, құзіреттіліктің критерийлерін анықтап, сынып оқушыларының оқу жылының басындағы құзыреттілігінің қалыптасу деңгейінің көрсеткіштерін белгілеп алу.

Ақпараттық құзіреттілігін тест және жеке тұлғаның ақпаратпен өздігінен жұмыс істеп, талдай алу қабілетін тексеру барысында анықтадық. Проблемаларды шешу құзіреттілігі байқау, бақылау, сауал-сұрақ әдістері, ата-анамен байланыс жұмыстары арқылы белгіленіп алынды. Коммуникативтік құзіреттілігін оқушылардың жазбаша жұмыстары мен құжаттарды тексеру, интервью әдісі арқылы жоғары, орта, төмен деңгейдегі оқушыларды анықтап алдық.

Оқушылардың құзіреттілік қалыптасуы қорытындысын ескере отырып, құзіреттіліктерін дамыту мақсатында жұмыс жүргізу жоспарланды.

«Сыни тұрғыдан ойлау» жобасын сабақтарда және тәрбие үрдісінде жүйелі түрде қолданып, төмендегі шаралардың орындалуын ескердім:

Үш қатарда екі-екіден тізіліп отыратын өзгермейтін отыру қалпы мұнда жоқ:

— жұппен жұмыс;

— топпен жұмыс;

— 3,4 тен отыру;

— әркім өз көзқарасын қорғау үшін бұрыштарға бөлініп тұру;

— қабырғаға қарап тұру.

Сынып бөлмесіндегі өзгерістер:

— қағидалар

— идеялар тақтасы

— ең үздік сұрақтар тақтасы

— пікір бұрышы

— үздік шығармашылық жұмыстар тобы.

Мұғалім ретінде менің тұратын орнымның да мәні зор екенін түсінемін. Топтың атынан шыққан оқушы сөйлегенде, мұғалімнің столының қасыңда тұрсам, ма-ған қарап сөйлейді, сондықтан оқушы-лардың қасында боламын, ол бізге қарап сөйлейді. «Маған айт», «Мен солай дедім» сияқты тіркестерін қолданбауға тырысамын. «Бізге айт», «Ортаға сал» тіркесін пайдаланамын. Оқушының «Менің пікірім былай» деген тұжырымдамасын қолдаймын.

Жоғарыдағы талаптардың орын-далуын ескере отырып, сабақтың үш кезеңінде оқушылардың проблеманы шешу құзіреттілігі, ақпараттық құзіреттілігі және коммуникативтік құзіреттіліктерін дамы-тыту мақсатында әртүрлі стратегиялардың тиімді қолданылуына ерекше мән бердім.

Проблемаларды шешу құзіреттілігін қалыптастыру барысында: торлы тақылау, венн диаграммасы, концептуалды кесте, бұрыштар алгоритмі, дәлелді эссе.

Ақпаратты құзіреттілікті дамытуда: INSERT кестесі, үш қадамды сұхбат, алма-кезек сұрақ қою, ғылыми баяндама жасау, ББҮ кестесі, жолаушының қойын дәптері, ассоциация, кластер, семантикалық карта, қос жазба күнделігі.

Коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыруда: ЖИГСО – 1, аквариум, бірлесе оқу, үш қадамды сұхбат, эссе, еркін жазу, хат жазу, дөңгелек стол, болжау, оқырман жауабы, жазба конференциясы, бірлесе жазған әңгіме, сауалнама т.с.с. стратегияларды қолда-нудың тиімділігі анықталды.

Бүгінгі күнде ойлау процесі, сыни тұрғыдан ойлау, оны қалыптастыру мәселелері көптеген философтар, психологтар, педагогтар, физиологтардың зерттеу назарын тартуда. Зерттеу тақырыбымыздың мәнін ашу үшін алдымен философия, психология және педагогика сияқты ғылымдарда белгіленген негізгі көзқарастарды пайдалануды қажет етеді. Ойлау процесінің теориялық құрылымын білмей тұрып, мұғалім сабақты ұйымдастыруда белгілі дағдыларды қалыптастыруға бағытталған оның әдістемесін белгілей алмайды.

«Сыни ойлау» ұғымын қарастырмас бұрын «ойлау», «ойлау процесі» туралы сөз бастағанды жөн көрдік. Себебі, сыни тұрғыдан ойлау процесі жалпы ойлау ұғымынан бастау алады. Соңғы жылдары философияда, психологияда, педагогикада ойлау процесін адам дамуын зерттеудің негізі деп қарастыруда.

Осы орайда, Л.С.Выготскийдің философиялық еңбектерінде «ойлау» ұғымы былай түсіндіріледі: «…арнайы сипатта құрылған материя – мидың ең жетік өнімі, объективті дүниенің ұғымдар, теориялар, пікірлер және тағы басқаларда бейнеленуінің белсенді процесі. Ойлау адамдардың әлеуметтік-өндірістік әрекеті нәтижесінде пайда болады…».

Сонымен қатар, оның психологиялық зерттеулерінде, ойлау анықтамасы «…болмыстың белгілі бір байланыстары мен қатынастарын сипаттау субъектінен тұратын объективті шындықты белсенді бейнелейтін ең жоғарғы формасы…» .

«Ойлау» ұғымын жан-жақты тұрғыда талдау мақсатында түрліше сөздіктерді талдау жасадық. Атап айтқанда, Л.С.Выготскийдің психологиялық сөздігінде бұл ұғым былай түсіндірілген: «Ойлау қабілеті жоғары психологиялық функциялар құрамына еніп, ол — өте күрделі психологиялық құбылыс ретінде өмір бойы қалыптасып, әлеуметтік құрылымға ие, психологиялық құрылымы жағынан орталықтандырылған және әрекетке түсу жағынан еркін болған процесс болып саналады».

Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибиенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездуге бағытталған  пәндік шешім. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе  қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдер қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.

Сыни ойлауды дамыту технологиясына үш кезеңнен тұратын сабақ түрі жатады:

1-кезең — қызығушылықты ояту;

2-кезең – мағнаны ашу;

3-кезең —  ой толғаныс (рефлексия)

Психологтардың  пікірінше сабақтың мұндай түрі адамның қабылдау кезеңдеріне сәйкес келеді:

  • Әуелі бұл тақырып бойынша сізге не белгілі екенінін еске түсіру керек, көңілді аудару керек (кіріспе ой қозғау)
  • Сосын жаңа ақпарапен танысу керек, оны ұғынукерек (танымдық кезең)
  • Содан кейін бұл алынған білім саған не үшін керек, оны қалай қолданатыныңды ойлану керек (рефлекция бағалау кезеңі)

Бірінші кезең оқушыларды  танымдық процеске жұмылдырады, өздерінде бар білімді, әсерді, сезімін өзектендіреді; қызығушылықты оятады, оқушыларды оқытуға жағдай тудыратын білімқұмарлық атмосфера жасалынады.

Дәл осы кезеңде оқушылар ойлана бастайды, болжайды, сосын жаңа тақырыптың мақсатын анықтайды, бұл олардың болашақта ізденуіне стимул болады , «егер оқушыларға осы оқылып жатқан тақырып бойынша өз білетіндеріне талдау жасауға мүмкіндік берілсе» онда ол «оқушылардың өз мақсаттарын тұжырымдауға қосымша ынталандыруға болады».

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының  «Қызығушылықты ояту» бірінші кезеңі келесі қызметтерді жүзеге асырады:

  • Дәлелдеме (Мотевациялық) – тақырыпқа, жаңа ақпаратқа қызығушылықты ояту;
  • Ақпараттық – бар білімді актуаландыру мен жүйелеу;
  • Сындарлы қарым-қатынас, байланыс (коммуникативті) –жанжалсыз ой алмасу;
  • Мақсат-қою – зертелетін тақырыптың мақсатын анықтау.

Екінші кезең «Мағнаны тану» оқушылар жаңа тақырыпты оқушылар жаңа ақпаратты  алғанда, жаңа идеялар ойға келгенде жүзеге асады.

Мағынаны  тану кезеңінің мазмұнында оқушы:

  1. Жаңа ақпаратпен танысады.
  2. Жаңа ақпаратты өзінде бұрыннан бар біліммен, тәжірибемен байланыстырады;
  3. Пайда болған сұрақтар мен қиындықтарға жауап іздейді;
  4. Түсінбеген жерлерге көңіл бөледі, жаңа сұрақтар қояды, мақсатқа түзету ендіреді;
  5. Жаңа ақпаратпен танысу процесін бақылайды, өздерінің көңілдерін не аударып тұрғанын аңғарады, қандай аспкт қызық және неге екенін түсінеді;
  6. Естіген және оқыған мәліметтерді талдауға және сараптауға дайындалады

Оқушының бұл кезеңдегі міндеті – мазмұнмен айналысу, жаңа идеяларды  өзінде бар біліммен байланыстыра білу. Оқушылар ақпаратпен белсенді жұмыс жасап, ақпараттың маңыздылығы туралы шешім қабылдай алуы қажет, маңызды ақпараттарды  елеусіз ақпаратардан ажырата білуі, бар білімді жаңа біліммен кіріктіре алуы, жаңа жағдайлар мен  мүмкіндіктерге ақпаратты қолдануға машықтануы қажет.

Осылайша, сыни ойлаудың «Мағнаны тану» екінші кезеңі мынадай қызметтерді атқарады:

  • Ақпараттық – (тақырып бойынша жаңа ақпарат алу);
  • Жүйелілік – (алыған ақпаратты білім деңгейі бойынша топтастыру);
  • Мотивациялық – (тақырыпқа қызығушылығын, танымдық ұмтылысын құптау);
  • Коммуникативтік – (жаңа ақпаратты алуда жанжалсыз ой алмасу);
  • Мақсат қоюшылық – (пайда болған жағдайда байланысты оқыту мақсатына  ттүзетулер енгізу);

Үшінші кезең «Рефлексия» (толғаныс)

Рефлекция- білім алудың қортынды кезеңі, оқушылар сабақ бойы алған білімдерін, түсініктерін өз сөздерімен  баяндап бере алатын, жаңа білімдерін көрсете алатын кезең. Сын тұрғысынын ойлау технологиясының «Рефлексия», яғни үшінші кезеңі мынадай міндетті қызметтерден тұрады:

  • Коммуникациялық –жаңа ақпара туралы білім алмасу;
  • Интерриаризиациялық –жаңа білімді иемдену;
  • Мотивациялық – ақпарат кеңістігін әрі қарай кеңейту;
  • Бағалау – жаңа білімнің бұрынғы біліммен сәйкестігі, өз ұстанымын жасау, үрдісті бағалау.

Сабақтың үш кезеңді құрылымысыни ойлауды дамытуға мүмкіндік туғызады. Сыни ойлау – яғни жаңа білімге бұрынғы өзіңде бар білім арқылы келу.  Бұл құрылым оқушының өзінде бар білімді жандандыруға уақыт береді, түсініктер мен құбылыстарды қайта жаңғыртуға әкеледі.Сыни ойлауды дамыту  технологиясы танымдық қажеттілікті  қанағаттандырып қана қоймай, өзін-өзі тануды да үйретеді.

Сыныптағы қарым-қатынасты зерттеуде көздеген еңбектер белгілі бір өзара әрекеттестік үлгілері-зерттеушілік әңгіме, дәйек пен диалогтің  мұғалімдермен оқушыларды мағына мен білімді игерудегі бірлескен іс-әрекетке тартылуымен қатар, жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттері өрістеуіне және зияткерлік қырларының дамуына ықпалын тигізетіндігін көрсетті. (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 50 бет)

Александр тәжірибиеде зерттелген диалогтің бес үлгісін анықтады:

  • механикалық есте сақтау (үнемі қайталап отырып арқылы фактілерді, ойларды және күнделікті іс-әрекеттерді жаттау);
  • декламация(тестілеу үшін дайындалған сұрақтар арқылы немесе бұрын өткендерді еске түсіруге ынталандыру, т.б.);
  • нұсқаулық/мазмұндама (оқушыға не істеу керектігін түсіндіру немесе ақпаратты жеткізу, сонымен бірге фактілерді, қағидаттар мен рәсімдерді түсіндіру);
  • тақылау(ақпаратты тарату және мәселелерді шешу мақсатында ой бөлісу);
  • диалог(қателіктермен тәуекелдерді азайта отырып, таңдауды қысқартуға және түсініктермен қағидаттарды).

 «Рефлективтік практик»  деген ұғым философ, психолог және оқу реформаторы Джон Дьюи мен философ, индустриялық және технологиялық зертеуші Дональд Шонның жұмыстарынан шығып отыр.  (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 52 бет)

Балалардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін табуды қажет ететін негігі ерекшеліктер:

  • Ұтқырлық;
  • Сыңаржақтылықтың болмауы;
  • Пайым;
  • Тәртіп;
  • Өзіндік сана сезім;

Жалпы сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақ қойып, дәлелдерді талдайды, мағнаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолданады; олар ауызша, жабаша,  көзбен шолу дәлелдеріне сенімсіздікпен қарай отырып, ештеңеге сенбейді, мұндай адамдар жаңашыл идиялар мен келешекке ашық болады.

Сыни тұрғыдан ойлау — бұл саналы мағынаны іздеу: өзінің көзқарасының  қандайлық болуымен, басқалардың да пікірін  ескеріп, қандай да обьективті ойлау және қисыны бар өзіндік қате сенімінен  бас тарта білу. Сыни тұрғыдан ойлаудың жаңа идеяларды ұсынуға және жаңа мүмкіндіктерді көруге  қабілетті, мәселелерді шешу кезінде маңызы зор.

Сабақтың кезеңдерін, өзінің танымдық әрекетінің механизімін бақылау – оқу мен ғылымдық танымның әдістемесін түсінуге көмектеседі. Оқу процесінде оқушылар нақты және шынайы  мақсаттан  оқу процесін өздері құрастырады,  өзінің даму бағытын өзі бақылайды, соңғы нәтижені өзі анықтайды. Сонымен сыни ойлауды  дамытатын педагогикалық технология жеке тұғаға бағытталған, оқытуда  субьектілік қатынасқа негізделген және бұрынғы мектеп жұмысын шынайы шығармашылықпенжұмыс жасайтын,мақсатты, мазмұнды әрекетке негізделген оқытуға айналдырады.

Сонымен, қорыта келе информатика  сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша үйрету барысында мынадай қорытыныдыға келдім:
1. Оқушы өмірге деген өз ойын білдіретін жазу стилін тапты.
2. Жаңа білім бойынша өз жобалары, модельдері, болжамдарын тыңдап, талқылау (өздері талдайды, бір-бірін тыңдайды)
3. Өзіндік қорытыныдылары, оның қаншалықты ғылыми, шындыққа жақын екенін саралайды.
4. Білімді өз бетімен алуға деген ынтасын, шығармашылық жұмыстарға қабілетін, танымпаздық белсенділіктерін арттырамыз.
5. Білім дәрежесі деңгейін саралау /өзіндік анализ, синтез, бағалауының деңгейі қалыптасады/
6. Бір-бірімен ынтымақтастығы, пікірлерін айта білуі, қорғай білуі, айтыса білуге дағдыланады.
7. Оқушыларда жазу кезінде ғажайып ойлар пайда болады, онымен қатар өзінің және өзгеледің пікірі мен тәжірибесіне құрметпен қарауға үйренеді.
8. Оқушы әрекеті адамның ойлау қабілетін дамытады және ол кітап оқыған кезде өз ойын тұжырымдайды.
9. Оқушылар өз ойымен, іс-тәжірибесімен, пікірелрмен бөлісуге үйренеді, бұл бағыт топпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
10. Жұмыс барыстарын алмасу арқылы оқушының өз ойын ашық, жасқандай айтуға, басқа адамның ойын дұрыс қабылдауға үйренеді.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық
  2. Имжарова З.У., Ахметова А.У., Имжарова Ж.Н.. Сын тұрғысынан ойлау білім үрдісінде. Оқу-дәстемелік құрал. Ақтөбе қаласы, 2010 ж.,-104 б.
  3. trk.kz, www.google.kz, www.ustaz.kz. сайттан интернет материалдары.