Алматы қаласы

Тақырыбы : Алматы қаласы

Сабақтың мақсаты: Алматы қаласы туралы жаңа мәліметтер бере отырып,  грамматикалық ережені практикалық жолмен меңгерту.
Міндеті:

білімділік: Алматы қаласы, көрікті жерлері туралы мәлімет беру, жаңа сөздерді меңгеру,  түрлі тапсырмаларды орындау арқылы шылауды пысықтау.
дамытушылық: сөздік қорын дамыту, ауызша сөйлеу мәдениетін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту
тәрбиелік: оқушыларды өз Отанын,елін, туған жерін құрметтеуге, адамгершілік қасиеттеріне тәрбиелеу.
с/әдісі: СТО – ның элементтері, әңгімелеу, кубизм стратегиясы, синквейн
с/түрі: жаңа сабақ
с/көрнекілігі: Алматы қаласының суреттері, итерактивті тақта, карта
пәнаралық байланыс: тарих, география, орыс тілі

күтілетін нәтиже: Алматының көрікті жерлерімен танысады, шылаудың түрлерін практикада қолдана алады.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:
Барысы:

І. Ұйымдастыру

Сәлемдесу.

( сабаққа психологиялық дайындық) Тақтаға назар аударайық. Сабағымызды өлең жолдарымен бастайық.

Мейірімді жүрекпен,

Ақпейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық!

 

Жүректен жүрекке

Жақсы, балалар шаттық шеңберіне шығайық. Сыныптастарыңа осы сабаққа қандай тілек тілер едіңдер?
— Осындай жылы тілектерді бойымызға қабылдай отырып, сабағымызды бастайық.

Ой қозғау

— Біз қайда тұрамыз?

— Қазақстан қандай ел?

— Астанасы қай қала?

— Ал бұрынғы астанасы қай қала?

АЛМАТЫ

 

Дұрыс балалар, өткен сабақта біз сіздермен саяхатқа шыққан болатынбыз. Қалай ойлайсыңдар, біз бүгін қайда аттанамыз?

— Алматыға

Жақсы, тақтаға назар аударамыз. ( тақтада карта)

-Алматының қай жерде орналасқанын кім көрсетеді?

-Алматы сөзі қалай пайда болған? Дұрыс, алма сөзінен.

-Демек, Алматы қандай қала?

-Ол немен әйгілі? Дұрыс, Алматыда апорт алмасы өседі.

 

Тақтаға назар аударайық: (Алматы туралы бейнеролик көрсетемін.)

 

— Не көрдік?

— Алматының қандай әсем жерлері бар екен?

— Алматыда болғандарың бар ма? (слайдта)

Бұл қандай сөйлем?  Сұраулы

Осы сөйлем қалай жасалған?

— Сұраулы шылау арқылы. Ал шылау дегеніміз не?

Ережесі: Шылау сөздер лексикалық мағынасы жоқ, бірақ басқа сөз таптарымен тіркесіп, сол сөз таптардың мағыналарын толықтырады және айқындайды. Сөздерді, сөз тіркестерін және сөйлемдерді байланыстыратын сөз табы.

Шылаулар сөйлем мүшесі бола алады ма?

Жоқ, бола алмайды.

Оның қандай түрлері бар?

3 түрге бөлінеді. Олар: септеулік, жалғаулық, демеулік

Өте жақсы, біз бүгін сабағымызда Алматы қаласы бойынша саяхатқа шығамыз. Саяхат барысында 3 аялдамаға тоқталамыз. Әр аялдаманың тапсырмаларын орындау керек.

 

1-ші аялдама: Көктөбе.

 

Көктөбе – Іле Алатауының бөктеріндегі көрікті жерде орналасқан. Биіктігі 370 м-дей.Көктөбеде телевизиялық мұнара, қала тұрғындарының демалыс аймақтары бар. Көктөбе – Алматы қаласына панорамалық шолу жасайтын орын саналады.

 

Тапсырма:

Сұраулық шылауларды қолдана отырып мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.

3 минут уақыт беріледі

 

2-ші аялдама : Медеу мұз айдыны

Достық даңғылымен тауға қарай машиналар тынбай зулайды.  Көгілдір таулармен қатар әлемге әйгілі «Медеу» мұз айдыны  жатыр. Мұз айдыны – қаланың ең көрікті орындарының бірі. «Медеу» спорт кешені 1972 жылдан бері елдің назарында.

Мұнда 100-ге жуық рекордтар жасалған. Трибуналары   12 мыңнан астам көрерменге арналған.

 

Тапсырма: Мәтіннен шылауларды табу. Шылаудың қай түріне жатады?

 

3-ші аялдама: Алматы метросы

Алматы метросы – 22 жылдық тарихы бар ұлттық ауқымдағы жоба … ешбір баламасы жоқ жаңа бағдарлама. Метро қызметiн тұтынушыларға 9 бекетте 27 эскалатор, 9 желдеткiш … көтергiштер … лифттер қызметi ұсынылған.

 

Тапсырма: Көп нүктенің орнына қажетті шылауды қойыңдар.

 

— Өте жақсы, балалар сонымен Алматының қандай жерлерімен біз бүгін таныстық?

 

Ал енді сіздермен ойын ойнайық.

Жалғаулық 10 20 30
Септеулік 10 20 30
Демеулік 10 20 30

Сіздердің алдарыңызда шылаудың 3 түрі бойынша сұрақтар.

  1. Жалғаулықтар
  2. Себебі шылауы жалғаулықтың қай түріне жатады?

— Себепті

  1. Және жалғаулығының синонимы

— мен

  1. Бірақ жалғаулығымен сөйлем құрастыр

  1. Септеулік
  2. Үшін шылауы қай септікте қолданылады?

— атау

  1. Біз Гүлнәр Алдабергенқызымен … саяхатқа шықтық.

Қандай септеулік жетіспейді?

— бірге

  1. Кейін септеулігімен сөйлем құрастыр.

 

  1. Демеулік
  2. ма, ме демеуліктің қай түріне жатады?

— сұраулық

  1. Демеуліктің неше түрі бар?

— 6

  1. Бүгін сабаққа он оқушы … келді.

Көп нүктенің орнына қажет демеулікті қой.

— ғана

 

Жарайсыңдар, шылауды жақсы меңгерген екенсіңдер және 3 аялдамадан сүрінбей өттіңдер. Ал енді Алматы сөзіне 5 жолды өлең құрастырайық.

Алматы

үлкен, әдемі

орналасқан, дамиды, өседі

Алматы үлкен, әдемі қала.

қала

 

Өте жақсы, Алматы қаласы біздің еліміздің бір бөлшегі. Келесі сабағымызда әрі қарай еліміз бойынша саяхаттауымызды жалғастырамыз.

Сонымен балалар, Отан дегеніміз не?

— Отан дегеніміз туған жер, атамекен.

— Отан туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

— (оқушылар жауабы)

—  Біздің Отанымыз қандай ел?

— Біздің Отанымыз егеменді, тәуелсіз ел

— Биылғы жылы еліміздің тәуелсіздік алғанына неше жыл болады?

— 25 жыл болады.

— Жарайсыңдар, Еліміздің астанасы қай қала?

— Астана қаласы.

— Ал оңтүстік астанасы?

-Алматы

Жақсы, қазір тарихты есімізге түсірейік.

— Қай жылдары Алматы еліміздің астанасы болды?

— 1929 жылдан 1997 жылға дейін Алма-Ата Қазақстан астанасы болды.

— Биылғы жылы Алматы қаласының неше жылдығын тойламақшы? Білетіндерің бар ма?

— иә, биылғы 2016 жылы Алматының 1000 жылдығы тойланбақшы.

— Ал біздің Солтүстік Қазақстан облысының құрылғанына биыл неше жыл?

— Солтүстік Қазақстан облысына — 80 жыл.

 

Жарайсыңдар, ендеше үйге тапсырма: «Менің туған өлкем» шығарма

Бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өзіндік сабақ талдауы

Сынып: 9 Б

Менің тобым 12 баладан тұрады.Оның ішінде 4-ке 4 оқушы, 3-деген бағаға 8 оқушы оқиды. Сыныпта оқушылардың 50 пайызы сабақты түсіну үшін көп уақыт алады, сөздік қорлары таяз.

Ашық сабақтың тақырыбы : Алматы қаласы

Бұл тақырыпты алу себебім, күнтізбелік жоспармен сәйкес келеді. Сабақтың нәтижесінде балалар  Алматының көрікті жерлерімен танысады, шылаудың түрлерін практикада қолдана алады.

Сабақтың мақсаты: Алматы қаласы туралы жаңа мәліметтер бере отырып,  грамматикалық ережені практикалық жолмен меңгерту.
Модуль бойынша екінші сабақ. Сабақта СТО – ның элементтері, әңгімелеу, кубизм стратегиясы, синквейн әдістері қолданылды.

с/көрнекілігі: Алматы қаласының суреттері, итерактивті тақта, карта
пәнаралық байланыс: тарих, география, орыс тілі

Сабақ барысында оқушылар өздері жұмыс жасайды, мұғалім тек қана нұсқаушы қызметін атқарады.Сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында оқушылармен шеңберге тұрамыз, ойыншықты  бір-бірімізге тілек айта отырып беріп шығамыз.Балалардың сабаққа деген қызығушылықтарын ояту үшін видеоролик көрсетуден бастадым.

Алынған тақырыбымның күрделілік деңгейі сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай.  Материалдың көлемі мен қиындығы, мазмұны түсінікті. Көздеген мақсат-міндеттеріме оқушылардың тікелей қатысуымен қол жеткіздім деп ойлаймын.

Өткізген сабағым қызықты, жаңашыл түрде өтті. Ең бастысы оқушылар өткен тақырыппен байланыс жасай отыра сабақтағы материалды толық игеріп, өздеріне тың мағлұматтар алды. Сабақ мақсатына жетті, себебі оқушылардың бұл тақырыпты меңгергендіктері көрініп тұрды. Сабаққа сыныптағы 11 оқушы қатыса отырып, өздерінің  білімдерін өз түсінік дәрежесінде көрсете алды деп есептеймін. Нәтижесінде  5 оқушы « 5  », 4 оқушы « 4 » , 2 оқушы « 3 »  деген  бағаға ие болды.