Қосымшаға арналған тапсырмалар 3сынып

Қосымшаға арналған тапсырмалар 3сынып

1 сабақ

Қазақ тілі

Жалаң сөйлем дегеніміз-ол бастауыш пен баяндауыштан жасалатын сөздер.

Жайылма сөйлем дегеніміз-ол бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыштан жасалатын сөйлем.

Мысалы: Қар жауды. (жалаң) Қар қалың жауды. (жайылма)

Тапсырма:

Берілген сөйлемдерді жайылма сөйлемге айналдыр.

Мұз қатты. Құстар ұшты. Орман жаңғырды. Ағаштар мүлгіді. Қоян қашты. Тоқтар қуанды.

2сабақ

Қазақ тілі

Жалаң сөйлем дегеніміз-ол бастауыш пен баяндауыштан жасалатын сөздер.

Жайылма сөйлем дегеніміз-ол бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыштан жасалатын сөйлем.

Мысалы: Қар жауды. (жалаң) Қар қалың жауды. (жайылма)

Тапсырма:

Берілген сөйлемдерді жалаң сөйлемге айналдыр.

Құстар жем жеді. Асқар сабаққа келді. Оқушылар мұражайға барды. Тоқылдақ ағашты шоқыды. Қалың қар жауды. Ұлыған боран соқты.  

3сабақ

Қазақ тілі

Жалаң сөйлем дегеніміз-ол бастауыш пен баяндауыштан жасалатын сөздер.

Жайылма сөйлем дегеніміз-ол бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыштан жасалатын сөйлем.

Мысалы: Қар жауды. (жалаң) Қар қалың жауды. (жайылма)

Тапсырма:

Жалаң сөйлемге-3сөйлем, жайылма сөілемге 3 сөйлем құрап жаз.  

4сабақ

Берілген сөздерге дыбыстық талдау жаса.

Мысалы:

Қ-дауыссыз қатаң

а- дауысты жуан

р-дауыссыз үнді.

Қарға, аққу, өзен, теңіз.    

5сабақ

Дауысты және дауыссы дыбыстарды жаз.

Жуан дауыстылар:

Жіңішке дауыстылар:

Қатаң дауыссыздар:

Ұяң дауыссыздар:

Үнді дауыссыздар:   

6сабақ

Түбірлес сөздер дегеніміз-бір түбірден жасалып оған түбір+жүрнақ, түбір+жалғау, түбір+ жұрнақ +жалғау,  түбір+жалғау+жалғау /жалғануды айтады.

Мысалы: ән, әнші, әнге, әншілер, әндерге.

Берілген сөздерден түбірлес сөздер жаса: Бас, кітап. 

7сабақ

Антоним-қарама-қарсы сөздер. Биік-аласа.

Синоним-мағынасы бірдей, жазылуы әртүрлі сөздер. Әдемі-сұлу.

Омоним-жазылуы бірдей, мағыналары әртүрлі сөздер. Қой-үй жануары, қой-затты орнына қой.

Берілген сөздердің антонимін, синонимін, омонимін тап:

Антонимін: 2 сөз жаз.

Синонимін: От, ата.

Омонимін: Бет,тура .

8сабақ

Антоним-қарама-қарсы сөздер. Биік-аласа.

Синоним-мағынасы бірдей, жазылуы әртүрлі сөздер. Әдемі-сұлу.

Омоним-жазылуы бірдей, мағыналары әртүрлі сөздер. Қой-үй жануары, қой-затты орнына қой.

3 синоним  сөз жаз.

9сабақ

Антоним-қарама-қарсы сөздер. Биік-аласа.

Синоним-мағынасы бірдей, жазылуы әртүрлі сөздер. Әдемі-сұлу.

Омоним-жазылуы бірдей, мағыналары әртүрлі сөздер. Қой-үй жануары, қой-затты орнына қой.

2 синоним сөз жаз.

10сабақ

Жасырын тіл, жұмбақ сөздер.

Әсел мен Асан екеуі інісі Қанат түсінбесін деп, «жасырын тіл, жұмбақ сөзбен» сөйлесті.

Әсел:

— АлдыраА салдырсан, балдырбар ғолдырғой, келдірке шелдірше шелдірше шелдіршем нілдірнің талдырта балдырба ғылдырғын сылдырсын дылдырды ылдыррып алдырал дылдырдым,-деді.

— Елдірен ділдірді нелдірне ілдіріс телдіртей мілдірміз?-деп, Асанның көзі бақырайды. –Шелдірше шелдіршем нелдірнен келдірке шілдірші релдіррім сұлдырсұ ралдырра йылдырайық.

Екі бала не туралы әңгімелесті? Дәптеріңе дұрыс түрін жаз.

11сабақ

Антоним-қарама-қарсы сөздер. Биік-аласа.

Синоним-мағынасы бірдей, жазылуы әртүрлі сөздер. Әдемі-сұлу.

Омоним-жазылуы бірдей, мағыналары әртүрлі сөздер. Қой-үй жануары, қой-затты орнына қой.

Берілген сөздердің антонимін, синонимін, омонимін тап:

Антонимін: Ыстық, ащы, ақ.

Синонимін: Биік, батыр, қасқыр.

Омонимін: Алма, жаға, бас.

12сабақ

Антоним-қарама-қарсы сөздер. Биік-аласа.

Синоним-мағынасы бірдей, жазылуы әртүрлі сөздер. Әдемі-сұлу.

Омоним-жазылуы бірдей, мағыналары әртүрлі сөздер. Қой-үй жануары, қой-затты орнына қой.

2 омоним сөз жаз.

13сабақ

Қазақ тілі

Зат есім сөздер ғана тәуелденеді. Зат есім Кім? Не? кімдер? нелер? кімі? Несі? деген сұрақтарға жауап беретін сөздер.

Тәуелдік жалғауы 3 жақта болады.

Жекеше Көпше
Менің –ым, -ім, -м,

Сенің –ың, -ің, -ң,

Сіздің –ңыз,-ңіз,

Оның  -сы, -сі.

Біздің –мыз, -міз,

Сендердің –ің, -ың, -ң.

Сіздердің –ңыз-, -ңіз.

Олардың –ы,-і.

Мысалы: әже сөзін жекеше, көпше тәуелдеп жаз.

Жекеше                       Көпше

Менің әжем,               Біздің әжеміз,

Сенің әжең,                Сендердің әжелерің,

Сіздің әжеңіз,            Сіздердің әжелеріңіз,

Оның әжесі,               Олардың әжелері.

Тапсырма:

Ата сөзін жекеше, көпше тәуелдеп жаз.

14сабақ

Дәптер сөзін жекеше, көпше тәуелдеп жаз.

15сабақ

Қазақ тілі

Зат есім Кім? Не? кімдер? нелер? кімі? Несі? деген сұрақтарға жауап беретін сөздер.
Зат есім жалқы, жалпы, жекеше, көпше, негізгі туынды болып бөлінеді.

Жалқы-Бас әріппен жазылады.

Жалпы— Кіші әріппен жазылатын сөздер.

Жекеше-жалғыз берілген заттар.

Көпше-жалғыз берілген затқа –лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер жалғауы жалғанатын сөздер.

Тапсырма:

Сөздер құра:

Жалқы (адам, қала, өзен, жер, ж.қ.а)

Жалпы: (мамандық, туыстық, оқу-құралдары, әшекей, аң, құс, аспап, тамақ)

Жекеше: (өлі табиғат, тірі табиғат, жиһаз)

Көпше: жекешеде берілгендерге көптік жалғауын жалғап жаз)

16сабақ

Қазақ тілі

Зат есім Кім? Не? кімдер? нелер? кімі? Несі? деген сұрақтарға жауап беретін сөздер.
Зат есім жалқы, жалпы, жекеше, көпше, негізгі туынды болып бөлінеді.

Негізгі-түбір сөздерден тұратын зат есім сөздер.

Туынды-жұрнақ жалғану арқылы жасалатын сөздер.

Мысалы:

Негізгі: ән, жыр

Туынды: әнші, жыршы.

Тапсырма:

Негізгі және туынды зат есімге сөздер құра. Әрқайсысына 2 сөз құра. 

Негізгі:

Туынды:

17сабақ

Қазақ тілі

Қазақ тілінде 7 септік жалғауы бар.

Түрлері Сұрақтары Жалғауы
Атау Кім? не?  
Ілік Кімнің? Ненің? -ның,-нің,-тың-тің,

-дың,-дің.

Барыс Кімге? Неге? -ға,-ге,-қа,-ке
Табыс Кімді? Нені? -ны, -ні, -ды,

-ді,-ты,-ті

Жатыс Кімде? Неде? Қайда? -да, -де, -та, -те.
Шығыс Кімнен? Неден? Қайдан? -нан, -нен, -тан, -тен, -дан, -ден.
Көмектес Кіммен? Немен? -мен, -бен,

-пен.

 Мысалы: ана сөзін септеу.

А. ана

І. ананың

Б.анаға

Т.ананы

Ж.анада

Ш.анадан

К. анамен

Тапсырма:

Әке сөзін септе

18сабақ

Қазақ тілі

Етістік-іс-қимылды білдіретін сөздер.

Сұрақтары: Не істеді? Қайтті? Не қылды?

Етістік дара, күрделі, негізгі, туынды, болымды, болымсыз болып бөлінеді.

Дара: бір сөзден тұратын етістік.

Күрделі: екі немесе үш сөзден тұратын етістік.

Негізгі: түбір етістіктер.

Туынды: түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалатын етістік.

Болымды: іс-әрекеттің орындалатын қимылы

Болымсыз: орындалмайтын іс-әрекет.

Туынды етістік жұрнақтары: да-де, та-те, ла-ле.

Болымсыз етістік жұрнақтары: ма-ме, ба-бе, па-пе

Үлгі:

Дара: шықты

Күрделі: шығып кетті

Негізгі: шық

Туынды:шықпа

Болымды:  бол

Болымссыз: болма

Тапсырма:

Етістіктің әр түріне 2 сөзден құра.

Дара:

Күрделі:

Негізгі:

Туынды:

Болымды:

Болымссыз:

19сабақ

Қазақ тілі

Сын есім-заттың сынын білдіреді.

Сын сөзіне: дәм, түс, пішін, көлем, сапа жатады.

Сын есім

Қарсы мәндес: қарама-қарсы сөздер.

Мәндес: жазылуы әртүрлі мағынасы бірдей сөздер.

Негізгі сын есім: түбір сөздерден тұрады.

Туынды сын есім –сын есім жасайтын жұрнақтар арқылы жасалады.

Сын есім жасайтын жұрнақтар: -ғыш, -гіш, -қыш, -кіш, -дай, -дей, -ғылт, -гілт, лы, -лі, -ды,-ді.

Үлгі:

Қарсы мәндес: ауыр-жеңіл

Мәндес:сұлу-әдемі

Негізгі:қызыл

Туынды: қызғылт

Тапсырма:

Сын есімнің әр түріне 2 сөзден жаз.

Қарсы мәндес:

Мәндес:

Негізгі:

Туынды:

20сабақ

Қазақ тілі

Сан есім-заттың санын білдіреді.

Есептік-математикадағы барлық сандар жатады.

Реттік-ыншы,-інші,-ншы,-нші,-ау,-еу жұрнақтары арқылы жасалады.

Дара-бір ғана сөзден тұрады.

Күрделі-екі немесе оданда көп сөзден жасалады.

Үлгі:

Есептік: бір

Реттік:бірінші,

Реттік: біреу

Дара: жеті

Күрделі:жиырма жеті

Тапсырма:

Сан есімнің әр түріне 2 сөзден жаз.

Есептік:

Реттік:

Реттік:

Дара:

Күрделі:

21сабақ

Қазақ тілі

Үлгі:

Есептік: бір

Реттік:бірінші,

Реттік: біреу

Дара: жеті

Күрделі:жиырма жеті

Тапсырма:

Сан есімнің әр түріне 3 сөзден жаз.

Есептік:

Реттік:

Реттік:

Дара:

Күрделі: