Алаш туы астында, күн сөңгенше сөнбейміз шығарма

Алаш туы астында, күн сөңгенше сөнбейміз

XIX ғасырдың I жартысында қазақ халқының басына қилы да, зарлы өмір басталуымен басталды. Бұндай заманда қазақ зиялыларының ұлт жанашырларының халқы үшін аянбай жанпида болған асыл жандар. Қазақтың зиялы қауымдарының қазақ жеріне келген әділетсіздік жолындағы аянбай еңбек еткен күресі, жан айқайы, ұлт болудан қалмауды жас ұрпақтың болашағын ойлап олардың келешегін бүгінгі халықтың хал- ақуалын сол кездегі өміріңді жақсарту басты мақсат болды. Қазақ халқы үшін де, тарихта да, өрнекпен оюлап, тас түйіндей болып, айрықша орын алды. Бұр ғасырдың басталу кезеңі қазақ жұртына жасалған әділетсіздік халықтың зорлық- зомбылықтан, қатыгездіктен қанаушылықтан басталуы қыңжылтады. Алайда, осындай қиын жағдайда өз елінің қамын ойлайтын елі үшін,тілі үшін жанпида болатын адамдар қашан да бар және болады. Қазақ зиялылары дегеніміз әсіресе келешек ұрпақ үшін көзі ашық, көкірегі ояу ағаларымыз ат салысты. “Батырды намыс, қоянды қамыс өлтіреді”, дегендей өзіміздің ұлт болудан қалмауымызға ат салысқандар- қазақтың зиялылары. Атап айтатын болсақ, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың қосқан үлесі көп.

С.Торайғыровтың өмір жолы әсіресе ақындығы оның заманымен тығыз байланысты. Өзінің барлық өміріндегі көрген білгені өзінен жасы үлкен ағаларынан үлгі алған. Өмір жолы сол кездегі әрбір қазақтың қара баласы сияқты ауылдағы күйбен тіршілікпен басталады. Бала  кезіндегі зеректілігімен құштарлығының арқасында ерте ер жетеді. Сол кездін ғасырдағы тарихтың беттеріндегі тайға таңба басқандай орын алған қиыншылықпен бетпе-бет келеді. Алайда, өзінен үлкен үлгі аларлық әрі соларға қарап бой түзе алатын Алаштың қайраткерлерімен танысып, халықтың жан айқайын тыңдап өзінің қаласында күнделікті болып жатқан әділетсіздікті жырлайды. Әсіресе шығармаларының ішіндегі ең ұшқыр да, терең жазылған Алаш партиясының ұранына айналған “Алаш туы астында, күн сөнгенше сөнбейміз” өлеңі.

Менің ойымша, бұл өлеңде жазылған әрбір сөз сол кездегі өмірді баяндайды. Болған жағдайды дүниедегі барша сөзбен жеткізу мүмкін. Ақынның жүректен  шыққан сөзі жүрекке жас тамғандай адамның жан-дүниесін баурап алады.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келетін болсақ, “Алаш” деген сөз қазақ халқының тарихында мәңгіге қалады. Қазақтың мәңгіге соққан жүрегі бар ұрпағы барда қазақ жұртының ертеңі, бүгіні мен келешегі сақталады. Ал оны сақтаудағы, білудегі  бағыты сол кездегі адамдардың жаңына медеу еткен, адамдардың жүрегіне бір жалың отын тұтандырған қазақтың қазақтың ақындарының еңбегі мол десе болады. Себебі ақындарымыздың басты қаруы өткір де тілдері жүйрік ойлары болды. Сол замандағы қиыншылықты халықты қанаудағы суреттерді бейнелеген. Көзді ашып жұмғанша артта сонша жылдар өтсе де, ақынның шығармалары мәңгіге есте қалады. Біз білетіндей осы Уалиханов ауданы ақынның туғар жері. Мен осы ауданда оқитыныма мақтан етемін. Себебі Торайғыровтың өзінің ақындық жолындағы поэзиясына азаматтық ұстанымын мүлтіксіз пайдалана алған. Ақынның ендігі кезектегі болашақ ұрпаққа, білуге қалған асыл мұрасын жеткізу біз бен сіздің қолымызда.Өзіміздің ақындарымызды пір тұтайық!

 

 

 

Чехов орта мектебінің

10-сынып оқушысы

Қажыкен Мәдинә