Ұрпағымыз – ұлы елдің

Тақырыбы:   Ұрпағымыз – ұлы елдің

Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне  -20 жыл толуына орай тарихқа шолу жасап білімдерін кеңейту. Жас ұрпақты білімділікке,ойларын еркін айтуға қорытынды жасай білуге дағдыландыру.

Түрі: ашық тәрбие сағаты

Әдісі: ертегі сабақ

Барысы:

І Ұйымдастыру амандасу, топқа бөлу

Мұғалімнің сөзі: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар,оқушылар,қонақтар. Барлығымызға тәуесіздік мейрамы құтты болсын. Тәуелсіздіктің  бүгінгі ұрпағы біз екенімізді дәлелдеп тарих сабағынан біз бүгін 5 «А» және 5 «Ә» кластары болып жарысамыз.

Ол үшін бәріміз Бауырсақ ертегісін білеміз гой,  олай болса Бауырсақ ертегісі қалай аяқталатын еді?

Оқушылар пікірі Ал бүгін біз орманда  жүрген бауысақты аман-есен үйіне қайтарамыз.

Бауырсақ ертегісі желісімен

Ерте-ерте ертеде ешкі жүні бөртеде бір шал мен кемпір болыпты. Шал кемпіріне бауырсақ пісіріп берші  депті.

Кемпір: үйде ұн жоқ  немен ашытамын дейді.

Шал: қапты қағып –қағып ашытсайшы депті.

Кемпір қаптың түбін қағып  бауырсақ ашытып, сап-сары қылып пісіріп терезенің алдына суытып қояды. Бауырсақ ары жатып, бері жатып жерге домалай түседі. Сөйтіп қалың орманға келеді. Келе жатырса алдынан қоян шығады:

Қоян: Бауырсақ,бауырсақ мен сені жеймін.

Бауырсақ: жеме, жеме мен саған өлең айтып беремін.

Қоян: Жоқ,жоқ. Мен саған тапсырма беремін. Соны орындатып бер. Мына орманға екі топ келіпті олар кімдер соларды біл да маған таныстырсын

Бауырсақ: Жарайды олай болса достар маған көмектесіңдер, өздеріңді мына қоянға таныстырып беріңдер.

І тур Таныстыру

І топ:  «Ғұн» тобы

ІІ топ:  «Хан» тобы

Автор: Бауырсақ қояннан аман –есен құтылып әрі қарай орманда домалап келе жатырса алдынан аю шығады

Аю: Бауырсақ,бауырсақ мен сені жеймін?

Бауырсақ: жеме, жеме мен саған өлең айтып беремін.

Аю: Жоқ,жоқ. Сен одан да маған мына ормандағы қонақтаға сұрақтарым бар соның жауабын тауып бер

Бауырсақ: жарайды қазір. Достар маған көмектесесіңдер ғой.

ІІ тур. «Сен білесің бе?»

1 сұрақ: Тарих дегеніміз не?

2 сұрақ: Тарихтың атасы кім?

3 сұрақ: ҚР президенті кім?

4 сұрақ: ҚР мемлекеттік нышандарын ата?

5 сұрақ: Туған жер алтын бесік мақалының мағынасын ашып бер

6 сұрақ: Түркілердің туыңда не бейнеленген?

Автор:  Бауырсақ аюдан да құтылып әрі қарай жөнеледі? Келе жатырса алдынан  қасқыр шығады.

Қасқыр: Бауырсақ,бауырсақ мен сені жеймін.

Бауырсақ: жеме, жеме мен саған өлең айтып беремін.

Қасқыр: жоқ,жоқ  мен саған тапсырма беремн соны орындап бер.

Бауырсақ: Жақсы мен саған орындап беремін. Айта бер…

Маған мына қонақтар тарихқа байланысты көрініс көрсетіп берсін

ІІІ тур Көрініс

І топ: Ғұн тобы

ІІ топ: Хан тобы

Автор: Бауырсақ қасқырдан да аман-есен  құтылып әрі қарай жөнелді

Солай  келе жатырса  алдынан түлкі шығады. Түлкі бауырсақты көріп қуанып әрі айналып, бері айналып жегісі келіп қасына жақындай түседі.

Түлкі: Бауырсақ,бауырсақ мен сені жеймін.

Бауырсақ: жеме, жеме мен саған өлең айтып беремін.

Түлкі: жоқ,жоқ мен саған тапсырма беремін орындатып бер мына көрермендерге.

Бауырсақ: Жарайды.айта бер

Түлкі: Мына экрандағы  адамдар кім соны таныстырып берсін.

Бауырсақ: Жарайды.

ІҮ тур «Мені таны»

І топ: Н.Назарбаев

ІІ топ: Әл Фараби

Автор: Бауырсақ тапсырмасын орындатып беріп енді құтыламын деп тұрғанда, қу түлкі…

Түлкі: Бауырсақ, бауырсақ сен мені түсін  менің жасым болса келді, қартайдым,құлағым болса естімейді. Тағы екінші тапсырмам бар соны орындатып бер.

Бауырсақ: жарайды айта бер. Мына келіп отырған 2 топ маған өз өнерлерін көрсетіп берсін.

Ү тур: Өз өнерін көрсету

І топ: «Қара жорға»

ІІ топ Ән: «Ауылым»

Автор: Тапсырманы орындатып берген Бауырсақ аман — есен үйіне оралады. Түлкі болса тағы да не сылтау айтарын білмей қала береді.

Қорытынды: Сонымен Бауырсаққа көмектесіп, жақсылық іс жасап атасы мен әжесіне  тапсырдық. Бауырсақпен шал мен кемпір шай ішуге жайғасты

Әділ қазы алқасына сөз беру