Бағандар, беттердің параметрлері, жиек Практикалық жұмыс №7

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

 

Күні:  
Сыныбы 6-сынып  
Пәні Информатика  
Сабақтың тақырыбы Бағандар, беттердің параметрлері, жиек Практикалық жұмыс №7  
Сілтеме Информатика. Жалпы білім беретін мектептің  6-сыныбына арналған оқулық.  
Сабақтың мақсаты MS Word  әртүрлі құралдарын қолдана отырып, мәтінді бірнеше бағанға рәсімдеуге үйрету.  
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері Ø Жеке және топпен  жұмыс жасауда пікір алысуға, бір-бірінен үйренуге жетелейді.

Ø Өз пікірін дәлелдейді тұжырым жасап, басқалардың ойымен санасады.

 
Оқыту нәтижесі MS Word  әртүрлі құралдарын қолдана отырып, мәтінді бірнеше бағанға  рәсімдеуді  үйренеді.  
Негізгі идея Бірлескен топтық жұмыс оқушылардың ынтымақтастығын дамытудың қуатты құралы болып табылады.  
Сабақтың көрнекілігі Үлестірмелі қағаздар, компьютер, маркер, постер, бағалау парағы.  
Бағалау Бағалау критерийлер  
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті  
І .Ұйымдастыру  кезеңі( 3 минут)  
Қызығушылықты ояту.

Ұйымдастыру.

Оқушылармен амандасу, түгендеу

Тренинг: «Сен қайдасың?»

·         Сәлем достым (қол беріп амандасу)

·         Сен қалайсың? (иықтарын қағады)

·         Қайда болдың? (құлақтарын тартады)

·         Жақсы болды (қол шапалақтайды)

Геометриялық фигуралар арқылы сыныпты 2 топқа бөлу. Топ басшыларын сайлайды, Хатшы, бақылаушы, таймспикерін тағайындайды.

Тренинг: «Сен қайдасың?»

·         Сәлем достым (қол беріп амандасу)

·         Сен қалайсың? (иықтарын қағады)

·         Қайда болдың? (құлақтарын тартады)

·         Жақсы болды (қол шапалақтайды)

Геометриялық фигуралар арқылы сыныпты 2 топқа бөлу. Топ басшыларын сайлайды, Хатшы, бақылаушы, таймспикерін тағайындайды.

 

 
І бөлім «Ой қозғау»

Үй  жұмыстарын тексеру

(5 минут)

Оқушыларға  «Теңге алу»  ойыны (сұрақ-жауап)   арқылы  үй  тапсырмасын   тексеру.

 

 
ІІ бөлім «Ой түю»  Жаңа тақырыпты  хабарлап  мақсатын түсіндіру. Тыңдайды,  ұғынады, салыстырады, ой түйеді.  
 
ІІІ бөлім  «Ой қорыту» Топ болып ақылдасады, бірін бірі тыңдайды, шешімге келеді жауап береді.  
 
 
 
 
 
8. Блум таксономиясы бойынша тапсырмалар
                    Мұғалімнің іс-әрекеті

 

Оқушының іс-әрекеті   Бағалау Уақыт
Үй тапсырмасын тексеру «Теңге алу» ойыны (Үй тапсырмасы)

Әртүрлі теңге суреттерінің астында сұрақтар жасырылады. Оқушылар өздерінің таңдаған теңгелердің артында жасырылған сұрақтарға жауап береді

1.Мәтінді пішімдеу дегенді қалай түсінесің?

2. Мәтінді редакциялау деген не?

3.Мәтіндік редакторды қалай іске қосады?

4. Shift пернесінің қызметі.

5. Delete пернесі қандай қызмет атқарады?

6. WordPad қандай редактор?

Сұрақтарға жауап береді Әр сұрақ 1 ұпаймен бағаланады. 6 мин
Білу

 

Бүгінгі сабақта жаңа сабақтың тақырыбын анықтау үшін, мәтінге бетшені, жиекті қалай қою болады? үлкен және қарапайым редакторда жұмыс істеудің ерекшелгі.Сұрақтарға жауап беру арқылы сабақтың мақсатын анықтаймын. Сұраққа жауап береді   4 мин
Түсіну

 

Бағандар жайлы таныстырып өтемін. Тақырыппен таныса отырып дәптерлеріне жазып отырады.   5 мин
Қолану А деңгейі:Берілген мәтінді теріп жазып, көшіріп, маркерленген, нөмірленген тізімдер құр.

Адам баласы үшін ақпараттың аса маңызды қасиеттеріне мыналар жатады:

§   Ақпараттың сенімділігі;

§   Ақпараттың толықтылығы;

§   Ақпараттың құндылығы;

§   Ақпарттың дер кезінде берілуі;

§   Ақпараттың түсініктілігі;

§   Ақпараттың қолжетімділігі;

§   Ақпараттың қысқалығы;

§   Ақпараттың нақтылығы;

В деңгей: Өлеңді көшіріп жазып, екі бағанға бөл. Әр бағанға нөмірленген, маркерленген тізім жаса.

Ақ қанатты көбелек,

Көк қанатты көбелек,

Қызыл қанатты көбелек,

Бақшамызға келе кет.

Гүлдер, гүлдер көктесін,

Көбелектер көп келсін.

Ақ қанатты көбелек

Бақшамыздан кетпесін.

Көбелек-ау, көбелек,

Бақшамызға келе кет.

С деңгей: Үлгі бойынша мәтін құр, бағанға бөл.

Оқушылар деңгейлік тапсырманы жұппен орындайды. Бағалау критерийлері 12 мин
                  Сергіту сәті: Көз, қол жаттығулары  1 мин
Жинақтау Талдау Оқулықпен жұмыс. ЖИКСО әдісі бойынша топ ішінде талқылау.

ІІ топ Бағандар

ІІ топ Мәтіндік редактор туралы қысқаша мәлімет

Топ жетекшілері үйден орындап келген шығармашылық жұмыстарын қорғайды Өз бетінше оқиды, түсінеді, топ ішінде талқылайды. Бағдаршаммен бағалау 10 мин
Бағалау Ынталандыру белгілері арқылы бағалау парағы бойынша жиналған ұпайларын есептеп суммативті бағасын шығару. Бүгін мен не білдім қызықты болды

Қиын болды.Мен енді білемін

   3 мин
Үйге тапсырма
Тақырыпта  оқу. «Менің елім тақырыбына» өлең жазу бапттау (жиек, бетше т.б)

 

 1 мин