«Ақ қоян қонаққа келді»

Ұйымдастырылған оқу қызыметінің технологиялық картасы

Күні, айы, жылы:04.09.2018 ж.

Білім беру саласы: Коммукация

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Ақ қоян қонаққа келді»

Мақсаты:

Білімділік:  Балаларға қоян туралы түсіндіру. Орман туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: Сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: балаларды мейрімділікке жәнеде қонақжайлылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Қоянның суреті

Билингвалдық компонент:  қоян – зайц, қонақ гость.

 

Қызмет  кезеңдері Тәрбиешілердің  қызметі Балалардың  қызметі
Мотивациялық қозғаушы Шаттық шеңбері

Ал балалар тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Алдыменен бәріміз,
Амандасып алайық.
Ыстық алақаныммен,
Қолыңды бер қысайын,
Амандасып өзіңмен,
Құшақтасып алайын.
Сәлем! Сәлем! Сәлем! Ал енді бәріміз тілектер айтайық.
— Деніміз сау болсын.
— Ақылды болайық!
— Дос, тату болайық!!

Балалар орындарынан тұрып шаттық шеңбер құрады және тәрбиешімен бірге білетін өлең жолдарымен айтып сәлемдеседі.

 

Ұйымдастыру-щы ізденуші Балалар мен қазір сіздерге жұмбақ жасырамын жұмбақтың жауабын шешейікші.
Көлеңкесінен қорқып безектейді
Ал оның баласын көжек дейді.
Тәрбиеші: — Жарайсыздар балалар, бұл қоян.
Балалар тақтаға назар аударайықшы.
— Бұл қандай аң?
— Ол қайда мекендейді?
— Қоянның баласын қалай атаймыз?
— Қоян қандай аң?
— Қоян немен қоректенеді?
Тосын сәт.
Балалар, бізге қонақ келген сияқты, есікті біреу соғып тұрған секілді.
Секіріп қоян кіріп келеді:
— Сәлеметсіздер ме, балалар!
Балалар:- Сәлеметсіз бе, қоян!
Қоян:
— Мен сіздермен танысайын деп қонаққа келе жатырмын.
Тәрбиеші:
— Сәлеметсіз бе қоян! Қош келдіңіз, біз сіз туралы айтып жатырған едік.
Қоян:
— Солай ма? Онда мен жақсы келген екенмін.

Қоян:

Балалар келіндер бәріміз бірге сергіту сәтін жасайық

Сергіту сәті:
Ұзын құлақ, сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлермен,
Ытқып-ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қыйығын сап көзінің
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.

Ендеше балалар ойын ойнайық.
Ойынның аты:»Қай аңның сүйікті асы» деп аталады.
Ойынның барысы: Бірнеше баланы ойынға шығарып, мына жануарлар қандай тағаммен қоректенетінін балалар табу керек. Ойынды қызықты етіп ойнау.

Қоян:- Ой рахмет, жақсы балалар екенсіңдер мен туралы көп мағлұмат тақпақтар біледі екенсіздер. Олай болса мен жүрейін, тағыда баратын жерлерім бар еді.

 

 

 

Балалар: Бұл қоян.

 

 

 

 

— Қоян

— Орманда, үйде.

— Көжек

— Қорқақ, құлағы ұзын, сүйкімді жануар.
— Сәбізбен

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар орындарынан тұрып білетін өлең жолдарымен сергіту сәтін жасайды.

 

 

 

 

 

 

Рефлексивті коррекциялаушы Олай болса балалар біз бүгін қандай тақырыпта сабақ өткіздік?
— Қоян қандай аң екен?
— Ол қайда мекендейді екен?
— Қоян немен қоректенеді?
Жарайсыздар балалар! Бүгінгі сабаққа жақсы қатыстыңыздар.
— Қоян тақырыбында.

Қорқақ құлағы ұзын, әдемі, сүйкімді жануар.

— Орманда

— Сәбізбен.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:Қоянның үсті жұмсақ,түсі ақ,қоңыр болатынын

Нені игереді:Сәбізбен қоректенетінін

Нені меңгереді: Сұраққа дұрыс жауап беріп, тәртіпті отыруды