«Таза жүрек, жылы жүзбен қайырымдылық жасап жүрейік! »

 

 

«Таза жүрек, жылы жүзбен қайырымдылық жасап жүрейік! »

Кайырымдылык Акциянын  жоспары

 

Мектеп: Оңғар орта мектебі   Сынып: 7- 9  Оқушылар саны: 14

Мерзімі: 09 наурыз  2018 жыл

Мұғалім:  Танзенова Г.К.

Оқудан тыс іс-әрекетті өткізу орны:  мектеп маңы

Қайырымдылық акция: «Таза жүрек, жылы жүзбен қайырымдылық жасап жүрейік! »

Құндылық: Дұрыс әрекет

 

 Мақсаты: Ауылымыздың қарт кісілерге  көмек қолын созу, оқушылармен қарт адамдар арасында жылы қарым-қатынас орнату, әлеуметтік көмек көрсету. Қарттардың  даналығын қашан да алға ұстап, осыдан үлгі-өнеге алып, сонымен қатар рухани демеудің маңызды рөлі бар екенін дәлелдей отырып, олардың өміріне нұр енгізу.Балалардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату.

Міндеттері:

1) оқушыларды барлық жанға сүйіспеншілікпен қарап, қолғабыс беруге дағдыландыру, оның уақытпен өлшенбейтіндігін ұғындыру;

2) оқушылардың жан-жағына қаншалықты көңіл бөлетіндігін аңғарту, үлкенге  үнемі қамқорлық танытуға шақыру;

3) бірлесе барлық қиындықты жеңе алатындығымызды, бір-бірімізге қуаныш сыйлайтындығымызды сезіндіре отырып, қоғамның зиялы тұлғасы болуға тәрбиелеу.

 

Ресурстары: (материалдары, көздері)

 

 

Оқудан тыс іс-әрекет жобасын өткізудің

даярлық жоспары:

1.Хабарландыру парақшасын ілу.

«Таза жүрек, жылы жүзбен қайырымдылық жасап жүрейік!»тақырыбында қайырымдылық акциясы өтетіндігі туралы хабарлама жасалады.Барлық мектеп мұғалімдері, қызметкерлері, оқушылары, ата-аналарының ат салысуына үндеу  жасалады.

Қайырымдылық акциясының болатыны туралы мектептің мұғалімдер бөлмесі мен кіре беріс дәлізіне хабарлама ілемін.

2.Оқушылар алқасының кеңесі. Бұл отырыста ең алдымен жақсылық жасау жайында «Твори добро и оно к тебе вернется!» бейнеролигін көрсетемін. Бұл видео оқушылардың белсенділігін арттырады деп ойлаймын.Оқушылар пікірін тыңдаймын.

Хабарландыру бойынша қандай ақпараттың түскенін саралаймыз.Кімге қандай көмек қажет екендігін шешеміз.

3.Ережемен таныстыру.

Оқушылардың өздеріне құрғызамын.Қосымша пікірімді білдіремін.Қай істі де ерікті, шынайы жасау қажеттігін айтамын.Мектеп әкімшілігіне ескертемін.

 

Талдау: Балалардың ата-аналарына алдын-ала ескертіп айтып қою.

(ата-ананың хабардар болуын қадағалау)

 

 

«Таза жүрек, жылы жүзбен қайырымдылық жасап жүрейік! »

Қайырымдылык Акциянын  жоспары :

1.Ұмсындық  әженің үйіне барып алдын-ала кездесіп, рұқсатын алу.

2.Ұмсындық  әженің үйіне барып, қолғабыс жұмыстарын жүргізу.(қар тазалау,су әкелу,үй жинау)

3.Жұмыс барысында оқушылармен бірлесе өзім де еңбектенемін және қауіпсіздік ережелерінің сақталуын назарда ұстаймын.

4.Іс-шараны өткізіп болған соң, әжемен үнемі байланыста болатындығымызды айтып, балалармен таныстырамын.

5.Мектепке келген соң, ат салысқан оқушы, ата-аналар марапатталады. Мектептің қабырға газетіне ілінеді, баспасөзге жарияланады.

 

 

 

 

Мұғалім:                                Танзенова Г.К.

Директор   у.м.а.                    Алпамысов Е.З.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Таза жүрек, жылы жүзбен қайырымдылық жасап жүрейік! »

Кайырымдылык Акциянын  жоспары

 

                                      

Мектеп: Оңғар орта мектебі   Сынып: 7- 9  Оқушылар саны:14

Мерзімі: 09 сәуір 2018 жыл

Мұғалім:  Танзенова Г.К.

Оқудан тыс іс-әрекетті өткізу орны:  мектеп маңы

Қайырымдылық акция:«Таза жүрек, жылы жүзбен қайырымдылық жасап жүрейік!»

Құндылық:Дұрыс әрекет

 

 Мақсаты: Ауылымыздың қарт кісілерге  көмек қолын созу, оқушылармен қарт адамдар арасында жылы қарым-қатынас орнату, әлеуметтік көмек көрсету. Қарттардың  даналығын қашан да алға ұстап, осыдан үлгі-өнеге алып, сонымен қатар рухани демеудің маңызды рөлі бар екенін дәлелдей отырып, олардың өміріне нұр енгізу. Балалардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату.

Міндеттері:

1) оқушыларды барлық жанға сүйіспеншілікпен қарап, қолғабыс беруге дағдыландыру, оның уақытпен өлшенбейтіндігін ұғындыру;

2) оқушылардың жан-жағына қаншалықты көңіл бөлетіндігін аңғарту, үлкенге  үнемі қамқорлық танытуға шақыру;

3) бірлесе барлық қиындықты жеңе алатындығымызды, бір-бірімізге қуаныш сыйлайтындығымызды сезіндіре отырып, қоғамның зиялы тұлғасы болуға тәрбиелеу.

 

Ресурстары: (материалдары, көздері)

 

 

Оқудан тыс іс-әрекет жобасын өткізудің барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Қайырымдылыққа қатысуға жиналған оқушыларға дөңгелек үстел өтетінін хабарлаймын.

Дөңгелек үстелді «Тыныштық сәтімен» бастаймын.     Оқушылардың адамгершіліктің белгісімен жақсылық, қайырымдылық жасау екендігінің мағынасын түсіндіру.

Дәйексөз

«Жүрек жылылығы – жан жұбанышы, өмір қуанышы»

                                                                              Халық даналығы

 

Халық даналығының мән мағанасын қалай түсіндіңдер?

 «Твори добро и оно к тебе вернется!» бейнеролигін көрсетемін. Бұл видео оқушылардың белсенділігін арттырады деп ойлаймын.Оқушылар пікірін тыңдаймын.

 

3.Ұмсындық  әженің үйіне бару, танысу.

   «Ана үйдің ұйтқысы, берекесі»демекші сіздердің әрбір сөздеріңіз, ұрпақтарыңыз біздер  үшін сарқылмас бұлақпен тең.  Адамдар бір- біріне жақсылық жасаудан жалықпаса, өмірде сыйластық, қамқорлық, достық, сүйіспеншілік қарым – қатынаста болатынын, ал қоғамда татулық, бірлік, ынтымақ орнайтынын жүрегімізге сіңіріп,бізге  бүгін асылдың сынығындай аяулы, қадірлі   әжемізбен жүздесуді жазған екен. Жақсылық  жасау имандылықтың,тәрбиеліктің,парасаттылықтың айқын көрінісі.«Анаңды үш рет Меккеге арқалап барсаң да, парызын өтей алмайсың» деген халқымыз. Аналарымызды ардақтап құрметтеу жастар біздердің парызымыз. Біз, бүгін сіздің алдыңызға сол парызымыздың бір бөлігін болсада орындауға  кеп тұрмыз.

 4.Әжеден сұхбат алу

Оқушылар жұмыстарын аяқтағаннан кейін, Ұмсындық әжеге  өз ойларында жүрген сауалдарын қойып, әңгімелесу.

1.Балалық шақ кезеңіңізде қандай оқиға сізде ерекше есте қалды?

2.Сіз қандай маман иесісіз?
3.Мамандық бойынша жұмыс жасадыңыз ба?

4.Бізге қандай ақыл кеңес айтар едіңіз?

5.Ұмсындық әжемен  бірге ән айтып, естелікке фотосуретке
түсу.(Ұмсындық  әжеден   бір ән шырқап беруін өтіну)

6.Балалардың әжеге  тілектері мен ән шашуы.
оқушылардың  орындауында «Ана туралы жыр» әні

Алғыс білдіру.

Кез келген адамның әдептілігі мен жан дүниесінің сұлулығы, ең алдымен  балаға  ақ  сүтін   беріп,                әлпештеп  өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады. «Егер атаң мен анаң бір мезгілде үн қатып қалса, әуелі анаңа жауап бер»деген ұлағатты сөз бар.Ана – үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі, шаруаның несібесі. Ананың көзінен нұр төгіліп, жан-жағына шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейір алып жүрген біз – алтын ананы мәңгі қастерлеп, еңбегін бағалап өтейікші!

Қымбатты жаны жайсаң, жүректері таза, жүздері жылы менің сүйікті оқушыларым, сіздердің рухани – адамгершілікті шын жүректеріңізден  ізгілік ісіне атсалысып, қариямызға риясыз сүйіспеншіліктеріңіз бен риясыз қамқорлық жасағандарыңызға үлкен ризашылығымды білдіремін!«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» Абай атамыз айтып кеткендейін, әрқашан да адамгершілігімізді ту етіп,   таза жүрек, жылы жүзбен қайырымдылық жасап жүрейік.

5.Оқушалармен жол бойы қандай әсерде болғаны жайлы   әңгімелесеміз.

6.Мектеп оқуларына хабарлау арқылы  дәлізге жинау. Қайырымдылық  акцияның өткені жайлы айтып, презентация арқылы оқушыларға көрсетіп, акцияға қатысқан оқушыларға алғыс білдіру.

7.Жоспарланған іс-шара өтісімен «Хромтау» аудандық газетіне мақала жазуға дайындалу. Оқушылар өз атынан газетке мақала жазғанда өздерінің жасаған қайырымдылығымен бөлісе отырып, басқа адамдарды да жақсылық, қайырымдылық жасауға шақырады.

 

Талдау: Балалардың ата-аналарына алдын-ала ескертіп айтып қою.

(ата-ананың хабардар болуын қадағалау)

 

                                                      

 

Мұғалім:                                Танзенова Г.К.

Директор   у.м.а.                    Алпамысов Е.З.