Тәлімгерлік жоспары

 

 

Тәлімгерлік жоспары

 

Тәлімгерлік бағдарламасының мақсаты Тәлім алушымен тәлімгерлік жұмыс жүргізу арқылы оқыту мен оқу үдерісіне өзгерістер енгізу.
Тәлімгер Тәлім алушы Мерзімі Тәлімгерлік бағыты Тәлімгерлік нәтижесі Табыс критерийі. Қол жеткізілгенін қалай білесіз?
Хасенов К.М. Мырзабекова С.М. 24.10.17. Кәсіби сұхбат жүргізу арқылы мұғалімнің әдістемесіне қандай өзгеріс енгізу керек екендігі анықтау. Тәлім алушының сабақ беру әдістемесін жақсарту мақсатында сабақтарына өзгеріс енгізіледі Кәсіби  әңгіме, сұхбаттасу  барысында пікір  алмасып, тәжірибені қабылдайды
Хасенов К.М. Мырзабекова С.М. 27.10.17. 7 модуль негізі Оқыту  мен оқу үдерісі барысында оқушыларға жағымды эмоционалдық, психологиялық жағдай туғыза алады. 7 модуль негізінде әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана алады
Хасенов К.М. Мырзабекова С.М. 31..10.17. Сын тұрғысынан ойлау Оқушының сыни ойлау қабілетін арттыру және қолдану. Сабақта қолданады
Хасенов К.М. Мырзабекова С.М. 03.11.17. Блум таксономиясы Блум таксономиясы бойынша сұрақтар мен тапсырмаларды құрастыра алады. Өзіндік талдауы
Хасенов К.М. Мырзабекова С.М. 07.11.17. Топтық жұмыс Топтарға бөлу, бағалау, спикер таңдау сияқты әрекеттерді түрлендіре алады. Рефлексия
Хасенов К.М. Мырзабекова С.М. 10.11.17 Диалогтық оқыту Диалогтық оқытуды ұйымдастыра алады. Сабақта тиімді пайда-ланады
Хасенов К.М. Мырзабекова С.М. 14.11.17. Дарынды және талантты балаларды оқыту Дарынды және талантты балаларды анықтай алады.  

Сыныптың білім сапасы

Хасенов К.М. Мырзабекова С.М. 17.11.17. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес тапсырмаларды береді. Сабаққа дайындалған тапсырмалар
Хасенов К.М. Мырзабекова С.М. 21.11.17 Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау Қалыптастырушы және жиынтық бағалауды жүзеге асыра алады. Сабақта қолданады
Хасенов К.М. Мырзабекова С.М. 24.11.17. Оқытуда АКТ пайдалану Оқытуда АКТ-ны қолдана алады. АКТ тиімді пайдаланылған сабақ
Хасенов К.М. Мырзабекова С.М. 28.11.17. Орта мерзімді жоспарлау Тізбектелген сабақтар топтамасының жоспарын жасай алады. Жұмыс кезеңдерінің дәйекті, тізбектеліп ұйымдастыра алады.
Хасенов К.М. Мырзабекова С.М. 30.11.17. Қысқа мерзімді жоспарлау Қысқа мерзімді жоспар құра алады. Қысқа мерзімді жоспар
Барлық мақсаттарға қол жеткізудің табыс критерийлері (Бағалау жоспары) 1. Тәлім алушыны анықтау .                                                                                                                                                                                                                                                                                               2. Тәлім алушының оқытудағы мәселесін анықтау. Ол үшін сабағына (сабақтарына) қатысу.                                                                                                                                                       3. Мәселені шешу жолдарын қарастыру. Ол үшін теориялық материалды сараптау (Сұрақтар үлгілері, мысалдар, олардың функциялары).                                                                                                                          4. Сол мәселе бойынша мүмкіндігінше танымдық материал ұсыну.                                                                                                                                                                                                          5. Мәселенің қиын жағын көрсетпеуге тырысу. Тәлім алушының өзіне деген сенімділігін арттыру.

6. Бірлесіп сабақ жоспарын дайындау.                                                                                                                                                                                                                                                                              7. Өткізілген сабақты талдау. Кері байланыс орнату.

8. Рефлексивтік есеп дайындауды үйрету.

 

Тәлімгерлік  есебі.

 

«Мектептегі тәжірибе» кезеңінің алты аптасы ішінде  өзіме тәлім алушы тағайындадым, тарих пәнінің мұғалімі, жас маман. Өзіме тағайындап алған тәлім алушы ұстазбен сенімді,  шынайы, адал, жеке тұлғаға бағытталған қарым-қатынас құруды негізгі алдым.Осы мақсат-міндеттерді жүзеге асыру үшін, тәлімгерлік жоспар жасалды.Осы жоспарға сәйкес жұмыс жүргізілетін болады.Бірінші кезекте тәлім алушымен отырып, әңгімелесіп, қандай көмек қажет екендігін анықтау.Екінші кезекте тәлім алушының сабағына қатысып, қандай өзгерістер еңгізу керектігін зерделеу.Әңгімелесіп, анықтап, зерделеп болғаннан тікелей жұмысқа көшеміз.

Тәлім алушы жеті модуль негізінде өзінің кәсіби шеберлігін жетілдіреді, сабақтарында әр-түрлі әдіс-тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолданады. Жеті модуль негізінде әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана алады, оқыту  мен оқу үдерісі барысында оқушыларға жағымды эмоционалдық, психологиялық жағдай туғыза алады. Сын тұрғысынан ойлау әдісі арқылы тәлім алушы өз сабақтарында, оқушылардың қай нәрсеге болса да терең оймен қарап салыстыра талдау жасап, көзқарасын білдіру, өзіндік менін қалптастыру, өз ойын тұжырымды жеткізе білуге оқушыларды дағдыландырады. Топтық жұмыстың тиідлігі, қандай тақырыптарда қолданылғаны дұрыс болатындығын, сабақ жүзінде көрсету.Сабақ барысында диалогтің маңызы өте зор сол себепті, тәлім алушыға «Диалогтық  оқытуды» өзінің сабақтарына тиімді пайдалану жолдарын бірлесе отырып қарастыру. Осы әдістің арқасында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады, білім деңгейінің өсуіне ықпал етеді.

Кез-келген мұғалімге дарынды және талантты балаларды оқыту қиынға түседі, жас маманға тіпті күрделі сұрақтардың бірі болып саналады.Тәлім алышу сыныптағы  дарынды және талантты балалардың кең өрісті, жан-жақты болатындығын ескеруі қажет.Сол себепті әр бір шәкірттің жеке дара ерекше қабілеттерін ілгері дамыту, дарындылығы анықталған оқушыны қабілетіне сай шығармашылықпен ойлай алатын тапсырмалар дайындау.Тәлім алушы  дарынды және талантты балаларды анықтай алады, қабілеттеріне сай тапсырмалар құрай білетін болады.

Тәлім алушымен бірге қарастыратын келесі мәселе «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу». «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу» оқушылар үшін қызықты, тартымды, маңызды етуге бағытталады. Сонымен қатар жас шамасы әр түрлі сыныптарда тиімді оқыту және білім беру стратегияларын іске асыру, жолдары болып қарастырылады. Қандай ақпарат беруге болатындығын анықтау үшін, тәлім алушы жиі қолданғаны дұрыс.

Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау оқу үрдісіндегі ең маңызды мәселелердің бірі болып келеді.Сондықтан тәлім алушы мен бірге осы бағытта жемісті жұмыс жүргізгені дұрыс. Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау — оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы. Бағалау бір нәрсенің деңгейін, сапасын, нәтижесін белгілеу. Оны оқушының оқу таным әрекетінде қарастырсақ оқыту процесінің міндеттерін оқушылардың қандай дәрежеде меңгеруі дайындық деңгейі мен дамуын, білімдерінің сапасын, білік пен дағды көлемін анықтайтын құрал. Оқушы үлгерімін қалыптастыруда бағалаудың маңызы зор. Өзіміз бағалаудың тиімді әдісін таңдап алсақ, оқушылардың жауапкершілігі қалыптасады.

Тәлім алушы бағалаудың түрлі нысандарын түсінеді, бағалау түрлерінің барабар мақсаттарын анықтайды, бағалаудың формальді және формальді емес жүйелерін анықтайды, бағалайды, сабақта қолданады.

Оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі, оқушының өз бетімен жұмыс жасауы, аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеуі, білім — білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру, қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы, қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі, іс әрекет қимылды қажет ететін  тапсырмаларды оқып үйренуі, оқушының ой өрісін, дүние танымын кеңейтуге ықпалы  өте зор.

Тәлімгер мен тәлім алушының жоғарыда аталған әдіс-тәсілдерді меңгеруі, тәлім алушының тізбектелген сабақтар топтамасының жоспарын жасай алуына,   жұмыс кезеңдерінің дәйекті, тізбектеліп ұйымдастыруына, қысқа мерзімді жоспар құра алатындай жағдайға жеткізеді.

Осы үдеріс барысында тәлім алушы оқытудың жаңа тәсілдерін меңгереді, оқыту мен оқуда топтық жұмыстың тиімділігін анықтайды, бағдарламаның жеті модулін өз тәжірибесіне жетілдіреді.