«Жетістік формуласы»

 

«Жаңғызтөбе орта мектеп-балабақша кешені»КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тренинг тақырыбы:

«Жетістік формуласы»

 

 

 

 

 

 

Педагог-психолог

М.Т.Мухаметкалиева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2018-2019ж

 

Тақырыбы: «Жетістік формуласы»

Мақсаты: ҰБТ-ге психологиялық қолдау, оқушы, мұғалім

арасындағы қарым-қатынасты нығайту, оқушылардың өзіне деген

сенімділігін арттыру.

Қатысушылар: 11-класс оқушылары.

Көрнекілігі: А4, жұлдыздар мен жүректер, фломастер, нақыл сөздер.

Психолог: «Бір күнгі танысыңа, қырық күн сәлем» дегендей амандасып алайық.

Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар!

 

Амандасу. «Бумбу-юмба тайпасы» жаттығуы арқылы

Біз сіздермен Бумба-юмба тайпасына қоршауға түсіп қалдық. Ол тайпаның дәстүрі, салты бойынша былай амандасуымыз керек. Алақанымызды 1 рет соққанда сіздер қасыңызда тұрған адаммен бір — біріңіздің шынтақтарыңызды  түйістіресіздер. Белгі беріліп, алақандарыңызды 2 рет соққанда бір — біріңе арқаларыңды түйістіресіздер. Белгі беріліп, алақандарыңызды 3 рет соққанда бір – біріңізбен қол алысасыздар.

Рефлексссия: Сіздер қандай сезімдесіздер? Қандай әсер алдыңыздар?

Бүгінгі тренингте сіздерді көргеніме қуаныштымын!

 

Жетістік дегеніміз – рухани әрі дене қуатының бір мақсатқа бағыттау және сол мақсатқа жету. Қандай да бір істі тындырымды әрі тыңғылықты істеу де – жетістік. Ойдағыдай істелген іс, жоспарланғандай атқарылған жұмыс, мұрат етілгендей орындалған арман – жетістіктің нақ өзі. Сондықтан жетістік – адам  бақытының қайнар көзі. Жетістікке жетудің екі жолы бар: өз ақылыңды пайдалану және басқалардың ақылынан пайдалану.

Ендеше сіздерге сәттілік тілей отырып, тренингімізді бастаймыз.

ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ ЖОЛЫНДАҒЫ ҰСТАНЫМДАР

–         Алдыңа мақсат қою

–         Сені жетістік күтіп тұрғанына үміттену

–         Әр іске дайын болу

–         Адымыңды анық басу

–         Алға ұмтылу

–         Қорықпау, күмәнданбау

–         Жаңашыл болу

–         Басқалармен кеңесу

–         Жетістіктеріңнің қайдан келуін ұмытпау

Адам баласы өмірінде түрлі сипаттағы талай сынақ тапсырады. Әр жас кезеңнің, әр даму шақтың өзіне тән ауыртпалығы болатын тіршіліктегі сынақтан ешкім құтыла алмайды. Топтың алдына шығып, сәби шақта алғаш рет тақпақ айту да – сынақ. Үйге келген қонақты күтіп, разы етіп шығарып салу да – сынақ.

Ал енді қазір біздің республикадағы мектеп бітірушілердің ҰБТ тапсыруына қоғамда тіпті аса маңыз беріледі. Ұлттық бірыңғай тестілеуге оқушылардың психологиялық дайындығы өзекті мәселенің бірі. Емтихан болсын, сынақ болсын, тест болсын бұл – оқушылар, ұстаздар және ата-аналар үшін стресс болып келеді.

«Ерік-жігері күшті адам – нағыз мықты адам».

«Армансыз адам қанатсыз құспен тең».

«Адам баласының құндылығы – оның білімінде һәм ойлана білуінде» (Жүсіп Баласағұни).

Осы нақыл сөздер бойынша әр топ бүгінгі тақырыбымызға қатысты өз пікірлерін айтады.

 

 «Бес саусақ» жаттығуы

Мақсаты: жетістікке байланысты құндылықтарды тұлға бойына қалыптастыру.

Шарты: оқушыларға бес саусақтың суреті беріледі,әр саусаққа оқушылар өз қалаулары бойынша жетістікке жету жолдарын жазады және тақтаға іледі.

Талдау: жетістікке жету жолдарын жазу қиын болды ма? сіздің ойыңызша жетістікке жетудің басты құндылығы не?

 

 

«Біз біргеміз» жаттығуы

«Біз бір сыныпта оқығанмен, бізде ұйымшылдық болу керек. Әрқашан бір бірімізді қолдау арқылы жетістікке жетеміз. Әр істе досымызға көмек , кеңес беріп отыруымыз керек.  Барлықтарыңызды ортаға шақырамын, жақынырақ тұрамыз. Аяғымызды скочьпен біріктіріп, 1,2,3 дегенде бір адамдай барлығымыз секіреміз.

 

 «Мен үшін ҰБТ…»

Нұсқау: ҰБТ-ның қиындықтары мен жетістіктері, оның маңызы оқушылар көзімен айтылып, жоба қорғалады.

Қорытынды: Ұлттық бірыңғай тесті – заман талабы бола тұра, ол оқушыларға оқуға түсуге мүмкіндік береді. Ендеше, сол мүмкіндікті жібермеу әркімнің өз қолында.

 

Емтиханға дайындықты дұрыс ұйымдастыру туралы психологиялық кеңес.

  • Емтихан туралы жағымсыз ой қалыптастырмаңыз.
  • Өз-өзіңізге сенімді болыңыз.
  • Емтихан сіздің жеке қасиеттеріңізді емес, білімдеріңізді тексереді.
  • Алдын ала: «Тапсыра алмасам не болады ?»-деп уайымдамаңыз
  • Емтиханнан өмірлік мәселе жасамаңыз.
  • Емтихан үстінде Мен тапсыра алмаймын . Мына сұрақты білмеймін. Шаруам бітті- деген ойларға батпаңыз.

 

«Күн шуағы» жаттығуы.

Бір бірлеріңізге арқаңыздағы күн шуақтарына алдағы ҰБТ-ға жақсы тілектеріңізді жазыңыздар.

 

«Сағат тілі» жаттығуы

Нұсқау: қатысушыларға сағаттың суреті бинеленген қағаздар таратылып беріледі. Қатысушылар психологтың нұсқауымен уақыт аралықтарына өздері қалаған қатысушылардың есімдерін жазады. Есімдер жазылып болған соң, психологтың бұйыруымен әрбір қатысушы өз таңдаулары бойынша адамдарды іздейді: Мысалы:

1-2 аралығы – амандасу

3-4 аралығы – күлімдеу

5-6 аралығы — комплимент айту

7-8 аралығы – басынан сипау

9-10 аралығы – қол алып амандасу

11-12 аралығы – мимика арқылы сыйлық сыйлау

 

«Биіктік»  жаттығуы

Мақсаты : оқушының өмірлік жетістіктеріне жету мақсатына талпындыру , сенімділігін нығайту .

Жаттығу барысы : қатысушылардың біреуі шығады . Оған мынадай нұсқау беріледі : «Қабырғаға жақын тұр , сосын секір . Қай жерге дейін секіргенін бергілеу» .

Талдау . бірінші және екінші белгі салыстырылады . Қатысушылар мынадай сұрақтарға жауап беру керек .:

—          Белгі  қойылған биіктердің айырмашылығы болды ма ?

—          Бұл айырмашылыққа не әсер етеді ?

—          Қойылған талап пен мақсат нәтижесі жақсарады ма , әлде нашарладыма ?

—          Қалай ойлайсыңдар , өмірде де осындай жағдайлар кездесе ме ?

 

Бүгінгі тренингке қатысқандарыңызға сіздерге рахмет. Бүгінгі тренингімізді «ҰБТ-да жетістікке жетейік!» әнімен аяқтауға рұқсат етіңіздер.

«ҰБТ-да жетістікке жетейік!» әні орындалады.

«ҰБТ-да жетістікке жетейік!» әні

(«Біз дәуірдің түлегіміз» әнінің әуенімен)

  1. Арман, мақсат бір болған соң тілегіміз,

ҰБТ деп бірге соққан жүрегіміз.

Білім болған бастау алар тірегіміз,

Әннен шашу шашайық.

Қайырмасы:

Болашаққа қанат қаққан түлегіміз,

Орындалсын үміт толы тілегіміз.

Бәріміз де дайын

Көрмей қайғы-уайым,

ҰБТ-дан жетістікке жетейік.

 

  1. Жанымызға сенімділік серік болсын,

Бірлігіміз әрқашанда берік болсын.

Басымызға бақыт құсы келіп қонсын,

Асулардан асайық.

Қайырмасы:

Болашаққа қанат қаққан түлегіміз,

Орындалсын үміт толы тілегіміз.

Бәріміз де дайын

Көрмей қайғы-уайым,

ҰБТ-дан жетістікке жетейік.

 

Қорытынды сөз: Ж. Аймауытов “Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе” деген екен.

“Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, яғни сендердің қолыңда, сондықтан олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктіліктің арқасында биік белестерге жетеді” деген Н. Ә. Назарбаевтың сөзімен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

 

«ҰБТ-да жетістікке жетейік!» әні

1. Арман, мақсат бір болған соң тілегіміз,

ҰБТ деп бірге соққан жүрегіміз.

Білім болған бастау алар тірегіміз,

Әннен шашу шашайық.

Қайырмасы:

Болашаққа қанат қаққан түлегіміз,

Орындалсын үміт толы тілегіміз.

Бәріміз де дайын

Көрмей қайғы-уайым,

ҰБТ-дан жетістікке жетейік.

2. Жанымызға сенімділік серік болсын,

Бірлігіміз әрқашанда берік болсын.

Басымызға бақыт құсы келіп қонсын,

Асулардан асайық.

Қайырмасы:

Болашаққа қанат қаққан түлегіміз,

Орындалсын үміт толы тілегіміз.

Бәріміз де дайын

Көрмей қайғы-уайым,

ҰБТ-дан жетістікке жетейік.

«ҰБТ-да жетістікке жетейік!» әні

1. Арман, мақсат бір болған соң тілегіміз,

ҰБТ деп бірге соққан жүрегіміз.

Білім болған бастау алар тірегіміз,

Әннен шашу шашайық.

Қайырмасы:

Болашаққа қанат қаққан түлегіміз,

Орындалсын үміт толы тілегіміз.

Бәріміз де дайын

Көрмей қайғы-уайым,

ҰБТ-дан жетістікке жетейік.

2. Жанымызға сенімділік серік болсын,

Бірлігіміз әрқашанда берік болсын.

Басымызға бақыт құсы келіп қонсын,

Асулардан асайық.

Қайырмасы:

Болашаққа қанат қаққан түлегіміз,

Орындалсын үміт толы тілегіміз.

Бәріміз де дайын

Көрмей қайғы-уайым,

ҰБТ-дан жетістікке жетейік.

«ҰБТ-да жетістікке жетейік!» әні

1. Арман, мақсат бір болған соң тілегіміз,

ҰБТ деп бірге соққан жүрегіміз.

Білім болған бастау алар тірегіміз,

Әннен шашу шашайық.

Қайырмасы:

Болашаққа қанат қаққан түлегіміз,

Орындалсын үміт толы тілегіміз.

Бәріміз де дайын

Көрмей қайғы-уайым,

ҰБТ-дан жетістікке жетейік.

2. Жанымызға сенімділік серік болсын,

Бірлігіміз әрқашанда берік болсын.

Басымызға бақыт құсы келіп қонсын,

Асулардан асайық.

Қайырмасы:

Болашаққа қанат қаққан түлегіміз,

Орындалсын үміт толы тілегіміз.

Бәріміз де дайын

Көрмей қайғы-уайым,

ҰБТ-дан жетістікке жетейік.

«ҰБТ-да жетістікке жетейік!» әні

1. Арман, мақсат бір болған соң тілегіміз,

ҰБТ деп бірге соққан жүрегіміз.

Білім болған бастау алар тірегіміз,

Әннен шашу шашайық.

Қайырмасы:

Болашаққа қанат қаққан түлегіміз,

Орындалсын үміт толы тілегіміз.

Бәріміз де дайын

Көрмей қайғы-уайым,

ҰБТ-дан жетістікке жетейік.

2. Жанымызға сенімділік серік болсын,

Бірлігіміз әрқашанда берік болсын.

Басымызға бақыт құсы келіп қонсын,

Асулардан асайық.

Қайырмасы:

Болашаққа қанат қаққан түлегіміз,

Орындалсын үміт толы тілегіміз.

Бәріміз де дайын

Көрмей қайғы-уайым,

ҰБТ-дан жетістікке жетейік.