Жамбыл Жабаевқа арнау

  1. Алтын қалам – еркін тақырыпта өлең жазу

Шәмен Бақдәулет

 

 

 

 

               Жыр алыбы – Жамбыл

                                    (Жамбыл Жабаевқа арнау)

 

Өзің едің поэзияның алыбы,

Жырың әрбір жүректерді жаныды.

Қазақ сені жырыңменен әрқашан,

Бір ғасырдың Гомері деп таныды.

 

Жырдың қызыл жолбарысы атанған,

Ақын едің Сүйінбайдан бата алған.

Жырларымен бар қазаққа рух берген,

Сендей ақын таба алмаспын жаһаннан.

 

Туған жансың алашымның бағы үшін,

Әлем бізді сен арқылы танысын.

Өлімге бас тіккен әрбір жастардың,

Өлеңменен қайрап өттің намысын.

 

Өлеңіңмен әр қазаққа от бердің,

Жамандықты, өтірікті жек көрдің.

Жырыңды арнап барша мына халыққа,

Екі бірдей ғасырды да өткіздің.

 

Талай небір нәубеттерді сен көрдің,

Жастайыңнан өлең-жырға тербелдің.

Соғыс көрген, аштық көрген халықтың,

Жігерлерін қайрап әркез дем бердің.

 

Әдебиетке даңғыл жолды қалдырып,

Жырың қалды әр жүректе жаңғырып.

Өлең сүйер, өнер сүйер ел барда,

Сенің атың өлмейді еш мәңгілік.