«Мысыққа арналған жіп»
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Күні, айы, жылы: 08.01.2019 жыл.
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: «Мысыққа арналған жіп»
Міндеттері:
Білімділік: қоршаған орта және үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту; балаларды қайшымен жұмыс істеуге үйрету
Дамытушылық: Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру
Тәрбиелік:Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Қайырымдылыққа тәрбиелеу
Әдіс-тәсілдер: Жылулық шеңбері, әңгіме, түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап,жұмбақтар
Жабдықтар: Қыс бейнесі суреттері, орман бейнесі бейнеленген алаң,
Қостілділік компонент: қыс-зима.қар-снег
Сөздік жұмыс: қар, қыс, ағаш
Қызмет кезеңдері | Тәрбиешінің қызметі | Балалардың қызметі |
Мотивациялық қозғаушылық |
Шаттық шеңбері: Салем аспан Салем жер Салем балабақшам Салем жер |
Шеңберге тұрып,өлең жолдарын айта отырып көңіл- күйлерін көтереді.Бір-бірімен амандасады. |
Ұйымдастыру – іздестіру | Сұрақ – жауап:
Жылдың қай мезгілі? Дұрыс айтасындар! Қыс мезгілінің қандай өзгерістері бар? Қыста күн қандай болады? Ғажайып сәт: Есік қағылады, тәрбиеші есіктің артыннан қорап алып шығады -Балалар қалай ойлайсындар қорапта не бар екен ?Тәрбиеші қораптан мысық алып шығады. Мынау не? — Мынау – мысық. Мысықтың түсі ақ екі көзі, екі құлағы, төрт аяғы, құйрығы бар — Осы мысыққа мұқият назар аударайық.көңілсіз, Иа балалар мысығымыз көңілсіз. Неге көңілсіз екенің сұрайық? Мысық: менің ойын ойнағым келеді? Тәрбиеші: Балалар мысықпен бірге ойын ойнаға дайынбыз ба? Мысық сенімен бірге біздің балалар ойын ойнауға дайын. Мысық: Менің жіппен ойнағым келіп тұр? Тәрбиеші: Балалар мысықтың жіппен ойын ойнағысы келіп тұр екен. Онда біз мысыққа жіп жасап берсек қалай қарайсындар? Тәрбиеші: Балалар сендердің алдыларын да ермексазды саусақ ұшымен жұмсартамыз. Жұмсарған ермексазды алақанымызға қойып есеміз. Есілген ермексазды жіпке ұссатып ораймыз. Сергіту сәті Мысық сүтке тояды Тәрбиеші: Мысық біздің балалар саған арнап жіпті мүсіңдеп берді. Мысық: Балалар сендерге көп рахмет! |
Қыс
Қар жауады,
— Суық, аяз, боран.
— мысық
Иа.
Мысық көңілсіз
Иа
Иа
Иа. Жасап береміз.
Өлең жолдарын бірге қосылып айтып, қимыл-қозғалыстар жасайды. |
Рефлексивті – түзетушілік | Тәрбиеші балалардың жауаптарын қорыта, білмегендерін үйретеді. Тілдері келмеген кейбір сөздерді қайталатады. Мысалы: мысық, мияулайды т. б. |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: мысық туралы білімдерін жетілдірді
Қандай түсініктерді игерді: мысықтың қалай дыбыстайтынын
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Мысыққа қуаныш сыйлау арқылы, ұсақ қол моторикасын игерді