Мектепте АКТ-ны тиімді қолдану арқылы оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыру.

 

 

 

Мектептегі кәсіби қоғамдастық жоспары.

Тақырыбы:  Мектепте АКТ-ны тиімді қолдану арқылы оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыру.

 

Мақсаты: Оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс — әрекетінде АКТ-ны  қажетті деңгейде пайдаланатын жан — жақты дара тұлға ретінде қалыптастыру,  оқушыны ақпараттық қоғамға бейімдеу.

 

Күтілетін нәтиже:

  • Оқушылардың оқуға деген ынтасы артады
  • Білім сапасы жақсарады
  • Оқушылар сабақта еркін АКТ-ны қолдана алады.
  • Мұғалімдер АКТ-ның тиімді жақтарын сабақтарында қолданады.
Іс-шаралар Қоғамдастық мүшелері Кездесуді өткізу мерзімі Топтардың негізгі мақсаттары Күтілетін нәтиже
1 Мектепішілік кәсіби қоғамдастықты ұйымдастыру. Көшбасшы, мұғалімдер. 25.10.2017. Мектепішілік қоғамдастықтың мақсат міндеттерімен бөлісу. Топ мүшелері анықталады, олардың мақсаттары мен міндеттері нақтыланады.
2 Мектептің оқу үдерісіндегі басымдықтарды анықтау мақсатында сауалнама алу. Көшбасшы, мұғалімдер. 01.11.2017. Оқыту мен оқытудағы басымдылық анықталады. Сауалнама талдауы.
3 Дөңгелек үстел «Оқыту мен оқудағы АКТ-ның тиімділігі» Көшбасшы, мұғалімдер. 08.11.2017. Оқыту мен оқуда АКТ-ны тиімді пайдалана білу. Мұғалімдер АКТ –ны тиімді пайдалануды меңгереді
4 Коучинг «Сабақта АКТ-ны тиімді қолдану жолдары» Көшбасшы, мұғалімдер. 15.11.2017. АКТ –ның тиімділіктерін өз тәжірибелеріне үнемі пайдалануға жетелеу. Сабақтарында қолдана алады.
5 Тәлімалушымен  сабақ барысын талдау Көшбасшы, мұғалімдер. 18.11.2017. Сабақта АКТ-ны тиімді қолдану  қалай іске асқандығын анықтау. ҚМЖ
6 Коучинг «Оқушы тілін дамытуда АКТ –нің  ролі» Көшбасшы, мұғалімдер. 22.11.2017. Ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастыру және оқушы әлеуметінің ақпараттық сауатты болып өсуі мен ғасыр ағымына бейімдеу. Жеке тұлғаның әртүрлі ақпаратты қабылдау, табу, сақтау, оны жүзеге асыру және қолдану қабілеті артады.
7 ОМЖ жасау. Көшбасшы, мұғалімдер. 25.11.2017. ОМЖ жасау алгоритмін біледі, оның мақсатын түсінеді, ОМЖ жасау дағдыларын қалыптастырады Пән мұғалімдерінің ОМЖ-лары
8 Коучинг «Рефлексия мен кері байланыс» Көшбасшы, мұғалімдер. 27.11.2017. Рефлексия ықпалдастыра отырып, рефлексия мен кері байланысты үйренеді, сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижесімен үйлестіреді. Әр сабақта дұрыс рефлексия жасау үшін негізгі сұрақтарды құрастыру жәнеде кері байланыс жол анықтайды.
9 Мониторинг жүргізу. Көшбасшы, мұғалімдер. 30.11.2017. Атқарылған жұмыстарды саралау және келесі жұмыстар жоспарын жасау. Алдағы  атқарылатын іс- әрекеттер мазмұнын біледі.

 

   Мектептегі кәсіби қоғамдастығы туралы жазба

 

Бұл кәсіби қоғамдастықты қазіргі заманға сай білім беру жүйесіндегі өзгерістерді жүзеге асыру жəне осы заман ағымына қарай мұғалімнің өзгеру үшін құрылған. Мұғалімнің кəсіби дамуы үшін өз білгенін өзгеге үйрету барысындағы көшбасшылық пен кәсіби қоғамдастық маңызды рөл атқарады. Іс-əрекетті зерттеудегі мұғалімнің оқушы белсенділігін арттыру, тəлімгерлік тəжірибе негізі жəне əріптестерін үйретудегі нəтижелер мен қоғамдастық жұмысы  жүзеге асырылуы қажет.

Әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер білім саласы үшін маңызды болып табылады. Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалынып, əлемдік білім берудің алдыңғы қатарлы озық тəжірибелері қолданылуда. Білім беру саласында оқу мен оқытудың 7 модулін енгізу арқылы білімдерін нығайтуға негізделген. Осыған орай əлем қалай өзгерсе, мұғалім де өзінің өзгеруіне мүмкіндік жасауы яғни жаңашыл болуы қажет . «Білімді ұрпақ — ел болашағы» дегендей, өскелең ұрпақты алған білімін өз өмірінде қолдана алуға, заманына лайықты өзін-өзі басқара алатын жеке тұлға ретінде қалыптастыру бүгінгі заман талабы болып отыр. Егер дəстүрлі оқытуда оқу-тəрбие үдерісінде басыңқы рөл мұғалімде болса, қазір белсенді қызметті оқушы атқарады, оны оқытпайды, ол өзі оқиды.

Қоғамдастықты құру кезінде жұмыс істеу қағидаттары ретінде мұғалімдер арасында кәсіби қоғамдастықты құру арқылы ой бөлісу, тәжірибе алмасу, өзара қолдау көрсету, қоғамдастық мүшелері арасындағы сенімділік, бір-біріне қолдау көрсету басымдыққа алынған. Бұл кәсіби қоғамдастық мүшелеріне жас маман  ұстаздарды да алдым.

Қоғамдастықтың тақырыбын «Мектепте АКТ-ны тиімді қолдану арқылы оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыру»  деп алдым, себебі қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты — бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мен де ұстазбын.  Менің ұстаз ретінде негізгі мақсатым — сабақтың сапасын көтеру, түрін жетілдіру, оқушылардың  сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың өздігінен ізденуін, танымын қалыптастыру, болашақ өмірлеріне қажетті дағдыларды қалыптастыру.

Осы мақсатқа жетудің бірден бір жолы – оқытудың жаңа технологияларын қолдану. Осындай аса қажетті технологиялардың бірі — ақпараттық — коммуникациялық технологиялар. АКТ — ны игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды.Ақпараттық технология – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық, кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.

АКТ-ның негізгі мақсаты-оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс-әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан — жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу, яғни оқушыны ақпараттық қоғамға бейімдеу. Заманауи АКТ құралдарымен жұмыс істеу оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге баулиды, сондай — ақ, АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында оқушылардың өзінің жеке іс — әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді.

АКТ — ның дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді шәкірт тәрбиелеу мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан — жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.

Кәсіби қоғамдастық жоспарына сәйкес мектепішілік кәсіби қоғамдастық ұйымдастырылып, мектептің оқу үдерісіндегі басымдықтарды анықтау мақсатында сауалнама алынды, мұндағы негізгі мақсат жүргізілетін жұмыстардың бағытын анықтау.

Жоспар бойынша өткізілетін келесі шара «Оқыту мен оқудағы АКТ-ның тиімділігі» тақырыбындағы дөңгелек үстел. Дөңгелек үстел барысында  АКТ — ны сабақта  тиімді қолдану  мәселесі сөз болды.Дөңгелек үстел арқылы мұғалімдер оқыту мен оқудағы АКТ-ның сабақта тиімді пайдаланудың түрлерін анықтап,  оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мүмкіндіктерін көрсетті. АКТ-ның тиімді жақтарын қолдану, оқушылардың   еркін ойлауына мүмкіндік береді, ақыл-ойын дамытады, шығармашылық белсендігін арттырады, ұжымдық іс — әрекетке тәрбиелейді, тіл байлығын жетілдіреді, жан — жақты ізденушілігін арттырады.

Коучинг «Сабақта АКТ-ны тиімді қолдану жолдары». Коучинг арқылы оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі, оқушының өз бетімен жұмыс жасауы, аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеуі, білім — білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру, қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы, қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі, іс әрекет қимылды қажет ететін  тапсырмаларды оқып үйренуі, оқушының ой өрісін кеңейтуге мүмкіндік беретіні нақтыланды. АКТ-ның тиімділіктерін өз тәжірибелеріне үнемі пайдалануға, сабақтарында қолдана алады.

Кәсіби қоғамдастық жұмысының ең негізі мақсаттарының бірі, өзара тәжірибе алмасу, сабақтарында АКТ-ны тиімді қолдану.Жұмыс кезінде тәлімалушының сабақтарына қатысып, АКТ-ның тиімді қолдануын  талдап, саралап, өзара көмек беру.Сабақта АКТ-ны тиімді қолдану  қалай іске асқандығын анықтау. Сонымен қатар тәлім алушының тәжірибесін жетілдіру мақсатында, сабақтардан соң кездесіп әңгіме жүргізу арқылы сабақтың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтай отырып, келесі сабақта болдырмау жолдарын іздеу. Тәлімгерлік-ұзақ уақыт созылатын тәлімген мен тәлім алуша арасында сенімді, жеке тұлғаға бағытталған қарым-қатынас құру үрдісі.

Коучинг «Оқушы тілін дамытуда АКТ-нің  ролі». Мұғалімдер  компьютерлік технологияны өз қызметтеріне  еркін, тиімді пайдаланып,   әр оқушы ақпаратты неғұрлым қаныққан, көрнекі түрде   алып,  қарқынымен жұмыс істеу дағдыланады.Оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық ойлау-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастыру және оқушы әлеуметінің ақпараттық сауатты болып өсуі мен ғасыр ағымына бейімделе білуге тәрбиелеу, яғни ақпараттық қоғамға бейімдеу. Жеке тұлғаның әртүрлі ақпаратты қабылдау, табу, сақтау, оны жүзеге асыру және қолдану қабілеті артады.

Қоғамдастық жоспарының келесі іс-шарасы орта мерзімді жоспар жасау. Қоғамдастық мүшелері орта мерзімді жоспар жасау алгоритмін біледі, оның мақсатын түсінеді, орта мерзімді жоспарды жасау дағдыларын қалыптастырады.Кәсіби қоғамдастықтың мүшелері жоғарыда аталған әдіс-тәсілдерді меңгеруі, тізбектелген сабақтар топтамасының жоспарын жасай алуына,     жұмыс кезеңдерінің дәйекті, тізбектеліп ұйымдастыруына, қысқа мерзімді жоспар құра алатындай жағдайға жеткізеді.

Коучинг «Рефлексия мен кері байланыс». Мұғалімдерге оқу процесінде рефлексия мен кері байланыс, оның түрлері, әдістері жайлы мәліметтер алуға жағдай жасау. Оқушылардың сабақтағы іс-әрекетке, оқу материалдарына, көңіл-күйіне рефлексия мен кері байланыс жасау жолдарын жоспарлауды бірлесіп қарастыру. Мұғалімдер сабақтағы кері байланыс пен рефлексияның ара жігін ашып, түрлері мен әдістері жөнінде әдістемелік қоржындарын байытады.Кері байланыс арқылы алынатын мәліметтер өз біліміне түзету мен өзгертулер енгізу ісінде өте құнды болып табылатындығын ортаға салады. Рефлексия — кері байланыстың ақпараттық негізі екендігіне көз жеткізеді.Рефлексия мен кері байланыс бір-бірімен тығыз байланысты. Рефлексия деген өзінің жұмысына, әрекетіне өзінің баға беруі.Ал кері байланыс сіздің жұмысыңыз не әректіңізге басқа біреудің баға беруі. Кері байланыс басқалардың әрекетіне айтылған пікірі, реакциясы. Ол рефлексияның ақпараттық негізі. Кері байланыс хабарларды білдірушіге алушының реакциясы деуге де болады.

Кәсіби қоғамдастықтың жоспарына сәйкес атқарылған іс-шараларға мониторинг жүргізу.Өткізілген іс-шараларға талдау, саралау жүргізіп, қоғамдастық жұмысы барысында «Мектепте АКТ-ны тиімді қолдану арқылы оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыру» тақырыбы өзінің алға қойған мақсат-міндеттеріне жетуін анықтау.Кәсіби қоғамдастық құрамына негізінен жас мамандар кіргендіктен, алынған тақырып мұғалімдерге көп көмек беретіндігіне күмән жоқ. Қоғамдастықтың жұмысы арқасында мұғалімдер АКТ-ның тиімді жақтарын сабақта жан-жақты қолдануға мүмкіндік алып, тәжірибелерімен алмасып, кәсіби біліктерін арттырды.Күнделікті сабақтарды дәстүрлі түрде емес, АКТ-ны қолдану арқылы түрлендіре, жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып өткізу бүгінгі күннің талабы болып саналады.Сол себепті кәсіби қоғамдастықтың тақырыбы өзекті болып табылады, істелген жұмыс жалғасын тауып, өз нәтижесін көрсетуі қажет. Қоғамдастықтың жұмысына талдай келе, болашаққа қойылған мақсат-міндеттерге тоқталсақ: қоғамдастықтың жұмысын жалғастыру, басқа да өзекті тақырыптарды қарастыру, қоғамдастық құрамын ұлғайту, оқушылардың білім алуға деген ынталарымен, қызығушылықтарын арттыруға жағдай жасау.