«Елдің көркі ерімен, Отан көркі жерімен»

«Елдің көркі ерімен, Отан көркі жерімен»

«Елдің көркі ерімен, Отан көркі жерімен» дегендей, ел басына қатер төнген жылдары кеудедегі шыбын жаны шыққанша жаумен жаға жыртысқан батыр аталарымыз аз емес.         Ел басына күн туған кешегі соғыс кезінде ер-азаматтар қолдарына қару алып, ел қорғауға аттанған. Талай қанды қырғынды бастарынан кешіріп, жеңісті жақындатқан майдангер батыр аталарымыз. Олар ең алдымен ұлты үшін, халық үшін жанын құрбан еткен жандар.  Жыл өткен сайын қатары азайып бара жатқан майдангер аталарымыздың есімдері ұмытылмай, келер ұрпақтың есімдері ұмытылмай, келер ұрпақтың есінде жатталып қалуы керек, – дей  отырып:

Қатал тағдыр сұм соғыс..

Кетіпті жастық қол бұлғап.

Бетіне түскен әжімдер,

Самайындағы ақ шашы,

Өткен өмір белгісін,

Тұрғандай -ақ көрсетіп

Қарттар жүрсің ортада,

Өткенді көрген шежіре,

Аман-сау жүрсін әрқашан,

Сыйлаған бақыт біздерге.

Жастық шақтың жалындаған шағын толарсақтан саз кеше жүріп, Отан деген ұлы сезім үшін кеуделерін оққа төсеп, Жеңіс күнін жақындатуға жұмсаған Ұлы Отан соғысының жауынгерлері үшін мамырдың 9-ы өліп-тірілген күнмен бірдей. Қаншама боздақ бұған жете алмай, қыршынынан қиылды. Жеткендерінің алды бүгін тоқсаннан асқан, соңы сексеннің сеңгіріне шыққан ақ жаулықты әжелер мен аталар.

Жас ұрпақ сіздердің алдарыңызда борышты. Олар қасық қандарыңыз қалғанша күресіп, жаудан аман-есен қалған бейбітшілік құнының баға жеткізгісіз қымбат екендігін біліп, оның өмір бойы аялап өту

Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды.

Жеңістен соң қаншама арман мен үміт ұрыс даласында жер бауырлап қалды. Әр жеңістен соң ананың көзінен аққан гауһар тамшы омырауда қақ болып қатты. Жеңіс осылай келгендігі, қырманға суырылған әр дән аталардың жауға қарсы кезенген қаруына оқ болып енгені, бәрі де қымбат. Кейінгі ұрпаққа қолмен нұсқап, «Әне, Отан үшін от кешкен аталар, соған ұқсап бақ!» деп айта алатын кезеңдеміз. Сол үшін де бақыттымыз! Жауынгер біздің саңлақтар,

Жауды жеңген солдаттар.

Ардақты Отан – ел үшін,

Бақытты туған жер үшін.

 

 

Павлодар қаласының №33 жалпы орта білім

беру мектебінің бастауыш

сынып мұғалімі: Олжаева М.О.