«Ұлттық дүниетаным » факультативтік курс бағдарламасы 7- орыс сыныбы

 

«БЕКІТЕМІН»                               «Келісемін»                              «Қаралды»

«УТВЕРЖДАЮ»                                «Согласовано»                   «Рассмотрено»

Директор СШ им.Естая                         ЗДУР                                на заседании МО

                                                                                                                         

 

 

«Ұлттық дүниетаным »

факультативтік курс бағдарламасы

7- орыс сыныбы

 

 

 

 

 

Құрастырған:

Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі

Кожахметова А.Т

 

 

 

2018  жыл

 

Мақсаты:

Жас ұрпақты өз елінің қамын жеп өсуіне, тілін құрметтеуге, үлкенді сыйлап, әдептілік пен имандылықты бойына сіңіруге және рухани бай, ұлттық намысы жоғары болып өсуіне ықпал ету.

Оқушы бойына қазақ халқының ұлттық дүниетанымын, ежелгі заманнан бүгінге жеткізіп берген танымы мен білімін, сенімі мен көзқарасын, өлшемі мен түсінігін қалыптастыру.

Имандылыққа, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу.

 

Міндетті:

 

  • туған еліміздің, халқымыздың төл мәдениетіне лайық таным түсініктері мен ерекшеліктерін қалыптастыру;

 

 

  • жүздеген жылдар бойы халықтың өмірі мен тұрмысына алтын арқау болған салты мен санасына бағыт-бағдар етіп сақтаған салт-дәстүрлері мен жөн-жораларды тануға баулу;

 

  • жан-жақты мәдениетті тұлғаны тәрбиелеу.

 

 

  • ұлттық мінезқұлық пен әдеп-ғұрып негізінде еңбекке, халықтық ісмерлікке, адамгершілікке тәрбиелеу, эстетикалық сезімдерін, сөйлеу мәдениетін дамыту.

 

  • қазақ батырлары, хандары, билерімен таныстыру.

 

 

 

 

 

Түсінік хат

Ұлт мәселесі, тәлім-тәрбиенің ұлттық астары, бұрын да ғұмыр кешкен қазақ ойшылдарының мұраларына сан рет сөз болғаны белгілі. Ұлттық тәлім-тәрбие ескіліктің еншісі, көненің көзі емес, ұлтымыздың баға жетпес құндылығы болуы керек. Сондықтан өскелең ұрпағымыз ұлтжанды да иманды, тілі мен дінін құрметтейтін азамат болып өссін десек, ата-баба салт-дәстүрін тағылымды тәрбиенің құралына айналдырғанымыз жөн.

Ұлттық тәрбие ананың сүті, ананың әлдиінен, ана тілінен бастау алады.Баланың тілі ана тілінде шығып, ана тілінің мың құбылған мазмұнын терең түсінсе ғана ұлттық қасиет, салт-сана, дәстүр ерекшелігін игереді екен.Ана тілін түсінген әрбір жас ата дәстүрді аттамайды, ал дәстүрді құрметтеген адам «Адамгершілік» деген үлкен қасиетті әрқашан биік ұстайтыны анық.

Ұсынылып отырған бағдарлама орта мектептің 7- орыс сыныбына арналған, апасына 1 сағаттан, жылына 34  сағат.

Бағдарлама  7 сынып -5 негізгі бөлімдерден тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі бағдарлама  7- орыс сынып

 

Сынып Негізгі бөлімдері Сағат саны Қойылатын талаптары
7сынып I.Ұлағатты  ұлттық  ұғымдар 10 Қазақша ай аттарын, жыл аттарын білу, астың пісуіне байланысты уақыт өлшемдерін, қоршаған ортаға байланысты тыйымдарды білу

Қазақ халқының хандарын,  үш жүз билерін, батырларын, ақын –жырауларын, күйшілерін білу

II. Ұлттық тағамдар 6 Сүт, ет, ұн тағамдарын, нанға, сүтке қатысты тыйымдар мен ырымдарды білу
III. Қазақтың ұлттық бұйымдары 6 Түрлі заттардан жасалатын қазақтың ұлттық бұйымдарын білу
IV. Ою-орнек түрлері 6 Ою-өрнек түрлерін, олардың орындалу әдіс-тәсілдерін, ою-өрнек элементтерін қағазға сызу,ою, қию әдістерін білу
V. Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы 6 Мал шаруашылығында, егіншілікте, саятшылықта қолданатын құрал-жабдықтарды, ер -тұрман жабдықтарын білу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

              

                                     Tақырыптық жоспар

апасына 1 сағаттан, жылына 34  сағат.

Р/с Тақырыбы Сағат саны
I Ұлағатты ұлттық  ұғымдар 10
1 Қазақша ай аттары. Жыл аттары. Жыл санау 2
2 Тәулік мезгілдерінің атаулары. Қазақша өлшемдер 2
3 Қазақ халқының билері. 2
4 Қазақстан батырлары. 2
5 Қазақ халқының ақын-жыраулары. 2
II Ұлттық тағамдар 6
6 Сүт тағамдары. Сүт тағамдарына қатысты тыйымдар 2
7 Ет тағамдары. 2
8 Ұн тағамдары 2
III Қазақтың ұлттық бұйымдары 6
9 Жүннен, теріден жасалатын бұйымдар 2
10 Сүйектен, тұяқтан,  және мүйізден жасалатын бұйымдар 2
11 Металдан, тастан жасалатын бұйымдар. Зергерлік бұйымдар 2
IV Ою-орнек түрлері 6
12 Көк әлеміне , құстарға байланысты өрнектер 2
13 Малға, аңның денесіне, ізіне байланысты өрнектер 2
14 Жер,су, өсімдік, гүл, жапырақ, бұтақ бейнелі өрнектер 2
V Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы 6
15 Мал шаруашылығында қолданатын құрал-жабдықтар. 2
16 Ер-тұрман жабдықтары. 2
17 Егіншілікте, саятшылықта қолданатын құрал-саймандар. 2

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

  1. Қазақстан Республикасының «Білім» мемлекеттік бағдарламасы. Алматы, 2000ж.
    2. А.Құралұлы Ұлттық дүниетаным. Алматы: 2002
    3. Алтынсарин Ы. Таңдамалы педагогикалық мүралары — Алматы: Рауан,
    4. Гулзыхан А. Қазақтардың дүниетанымы — А: Қазақ университеті,
    5. Қалиев С., ОразбаевМ., Смайлов М. Қазақ халқының салт-дэстүрлері
    6. Табылдиев Ә. Халық тағылымы А: Мектеп, 1986
    7. Харламов И.Ф. Педагогика — М. Высшая школа, 1990
    8. Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл №5 мамыр 2012
  2. А.Құралұлы Қазақ дәстүрлі мәдениетінің анықтамалығы. Алматы 2001ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

( Рецензия беретін ұйымның атауы)

 

Ақтоғай ауданы, Естай орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі     Кожахметова А.Т.  7-сыныбына  құрастырған «Ұлттық дүниетаным»  факультативтік курс бағдарламасына

Рецензия

«Ұлттық дүниетаным» факультативтік курс бағдарламасы, апасына 1 сағаттан, жылына 34  сағат.

Ұсынылып отырылған жұмыста 7- сыныбың  ұлттық дүниетанымын, мәдениетін жетілдіруге арналып құрастырылған. Мақсаты: жас ұрпақты өз елінің қамын жеп өсуіне, тілін құрметтеуге, үлкенді сыйлап, әдептілік пен имандылықты бойына сіңіруге және рухани бай, ұлттық намысы жоғары болып өсуіне ықпал ету

Құрастырушы бағдарлама үлгі мазмұнын орыс сынып оқушыларының дүниетанымын кеңейтуде әдептану, тарихтану, салт-дәстүр арқылы тереңірек кеңейте отыра, оларға халқымыздың төл мәдениетіндегі таным, түсінік  ерекшеліктерін қалыптастыру арқылы адамгершілікке, ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу көзделінген.

«Ұлттық дүниетаным» бағдарламасын құрастыруда тәжірибе қолданысындағы ғылыми-әдістемелік ақпараттардағы материалдарды тірек еткен.

Оқушылардың осы бағдарлама мазмұны бойынша меңгерілетін білім, біліктілігіне қойылатын талаптары мен зерттеуге байланысты жүргізілетін жұмыс түрлері көрсетілген

Жинақ әдістеме тұрғыда дұрыс, материалдар мазмұны оқушының қабылдауына ыңғайлы.  Бағдарлама түсінік хат, материалдар мазмұны, мақсат –міндеттері, қолданылған әдебиеттер тізімі берілген.

Бағдарламаны қосымша әдістемелік ретінде сабақтарда, сабақтан тыс уақытта қолдануға болады.

 

Рецензент:

 

«____»______________ 2017 жыл