Өз елімнің өркендеуі үшін мен не істер едім?

 

                       Өз елімнің өркендеуі үшін мен не істер едім?

Ұлтымыздың көшбасшысы – Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегендігі мен жасампаз қайраткерлігінің арқасында қазіргі «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда» өмір сүріп жатырмыз. Осынау адам таңғаларлық  жетістіктердің бәріне де – әрбір қазақстандықтың, мемлекетіміздің көшбасшысының күш-қуатына сенген халқымыздың да еңбегі зор.

Мен өз елімнің өркендеуі үшін не  істер едім ?  Әрбір жас өз елінің алдыңғы  қатарлы ел болғанын, өркендегенін қалайды. Еліміздің алдыңғы қатарлы ел болуы —  ертеңгі жастың қолында. Сол үшін мен  сапалы білім мен саналы тәрбиені қатар ала жүріп, салауатты да сауатты азамат болып өсуім керек. Ақылды,  парасатты, заман талаптарынан қалыс қалмайтындай, әлемдік деңгейге дейін елімді танытатындай жұмыстар атқарамын. Өз еліміздің тілін, дінін, салт-дәстүрлерін, ұлттық ойындарын ешқашан естен шығармай, қайта оны жағыртып нағыз қазақ халқына тән  өмір сүргенімізді қалаймын.

Өз елімнің өкендеуі үшін: түрлі білім мен өнер бәйгелеріне қатынасып тереңірек  білім  аламын. «Білекті – бірді жығады, білімді – мыңды жығады» деген қазақ даналығы. Озық білім арқылы түрлі салаларда жұмыс жасауға болады. Маған елім не береді, — деп жатып алмай, мен еліме не бере аламын,- деп ойланған дұрыс сияқты. Мен келешекте өзімнің түрлі ғылыми жобаларымды ұсынып, әлемде қолданысқа ие болатындай техникалық құралдар ойлап табамын. Егер сол техникалық құралдарым  қолданысқа түсіп, әлемдік сұранысқа ие болса менің арманымның орындалғаны.

Еліміздің өркендеуі – болашағымыздың жарқын болатынын көрсетеді. Елімізде тұратын әрбір жеке тұлға: жұмыс жоқ – деп бос жүрмей еңбектену керек. «Екі қолға бір күрек» табылады емес пе?! Өз бойында бар күш – қуатты, талантты, дарындылықты жасырып қалмай сыртқа шығарса, ол дегенің еліміздің өркендеуіне қосқан үлесі емес пе?!…

Міне,  Елбасымыз еліміздің өркендеуі жолында  өзінің  оң іске бастайтын жолдауларын ұсынып жатыр. Осы жолдауларды қуаттау арқылы көптеген жетістіктерге қол жеткізуге  болады. Жастарымызға қолдау көрсете отырып, олардың әлеуметтік жағдайын ойлап, олардың жұмыс жасауына кедергі келмейтіндей жағдай жасаған.Берілген көмек арқылы аянбай жұмыс жасап, еліміздің алдыңғы қатарлы елдердің қатарына қосылуына оңай қол жеткізуге болады.

Білім бар жерде – үлкен жетістік бар. Сол арқылы болашаққа үмітпен қарауға болатынын қазақ ұлылары айтып кеткен.  Мектеп табалдырығын аттағаннан бастап ізденіс арқылы оқу керек.

Еліміздің көшбасшысы – Н.Ә.Назарбаев еліміздің өркендеуі жолында қаншама жұмыстар атқарып келеді. Еліміздің Тәуелсіздік алғанына 23 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде елімізде адам таңғаларлық өзгерістер болғанын өзіміз де, өзге елдің азаматтары да біледі. Бұл маңдай тердің арқасы екенін білуіміз керек. Сол үшін де еліміздің өркендеуі үшін аянбай тер төгуге  барша халқымды шақырамын. Еліміздің өркендеуі ынтымақ пен бірліктің арқасында болады. Сол үшін аянбай еңбек жасап, жастарымыз жоғарғы дәрежеде білім алып, ауызбіршілікте болып, елімізді әлемге танытатындай игі істер жасасын деп тілеймін.