«Менің сүйікті ойыншығым»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Күні, айы, жылы: 18.09.2018ж.

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақрыбы: «Менің сүйікті ойыншығым»

Мақсаты:

 Білімділік:Ойыншықтарды сипаттап айтуға үйрету.

Дамысынтушылық:Балаларды сөзді анық айтып, дұрыс сөйлей білуге баулу, сөздің қорларын дамыту.

Тәрбиелік:Олармен қалай ойнау керектігінтүсіндіріп,ұқыптылыққа, эстетикалық талғамдарын кеңейту, ойын барысындаьойыншықтарға ұқыптылыұпен қарап әрекет етуге тәрбиелеу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: Ойыншықтар туралы әңгімелеу.

Сөздік жұмыс: Ойыншық.

Билингвальды компонент: Ойыншық игрушка, ойыншықтар игрушки.

Қызмет кезеңдері Тәрбиешінің қызметі Балалардың қызметі
Мотивациялық қозғаушы Жылулық шеңберге жиналу.

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік!

Жылулық шеңберіне жиналып, тәрбиешімен бірге қайталайды.

Қимыл арқылы жасайды.

Ұйымдастырушы ізденуші Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізді жұмбақтар жасырудан бастаймыз.

Жұмбақтар

Шіркіннің өзіне обал-ақ.

Жүреді аяқта домалап.

 

Аяғы бар, жүрмейді,

Аузы бар, күлмейді

Айнымайды бөпемнен,

Тек сөйлеуді білмейді.

 

-Балалар, доп, қуыршақты біз бір сөзбен не дейміз?

— Біздің бөлмемізде қандай ойыншықтар бар?

 

-Ендеше Нұрсұлтан Әлімқұловтың «Ойыншықтар» өлеңімен танысамыз

Өлеңді мәнерлеп оқу.

Ойыншықтар

Біздерде бар қуыршақ,

Бұзау, қозы, құлыншақ.

Ойыншықтар тыңдайды,

Ақыл айтсақ, бұйырсақ,

Қуыршақтар ұйықтайды.

Айтқаныңнан шықпайды.

Бұзау, қозы құлыншақ.

«Ұйықта» десең, ұқпайды.

Тыңдамайды ұрысса,

Осылары дұрыс па?

Тентектігін қоймаса,

Тұрғызармын бұрышқа.

(Н. Әлімқұлов

Сергіту сәті

Биік болып өсеміз,

Жапырақтай жайқалып.

Шетімізден шеберміз,

Біз тынығып аламыз,

Әсем сурет саламыз.

 

Ойыншық бізге ойнау үшін қажет және ойыншықпен тек балалар ғана ойнайды, Олар әр түрлі материалдан жасалады. Балалар сендердің сүйікті ойыншықтарымыз туралы айтайықшы.

 

ойыншық

 

қуыршақ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ойыншықтар

 

 

 

 

 

 

 

Балалар тәрбиешіні мұқият тындайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбиешінің көмегімен балалар өз ойыншығын сипаттайды.

Рефлексивті коррекциялаушы Балаларға сұрақтар қойылады Сұрақтарға жауап береді

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Ойыншықтарды,
Нені біледі: Ойыншықтарды, оларды топтастыруды
Нені меңгерді: Ойыншықтар туралы ойынды ойнауды