«Біздің топтың ойыншықтары»

 

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Күні, айы, жылы: 19.09.2018ж.

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Сенсорика

Тақрыбы: «Біздің топтың ойыншықтары»

Мақсаты:

 Білімділік: балаларға топ ойыншықтарын тануға, түс бойынша (қызыл, көк) таңдауға үйрету.

Дамысынтушылық: заттарды түсі бойынша топтастыру іскерлігін бекіту; спектрде түстер бояуларын араластырудың ретімен таныстыруТәрбиелік: Ойыншықтармен ұқыпты ойнауға

Билингвальды компонент: Ойыншық игрушка, ойыншықтар игрушки.

Қызмет кезеңдері Тәрбиешінің қызметі Балалардың қызметі
Мотивациялық қозғаушы Жылулық шеңберге жиналу.

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік!

Жылулық шеңберіне жиналып, тәрбиешімен бірге қайталайды.

Қимыл арқылы жасайды.

Ұйымдастырушы ізденуші Үлестірмелі материалмен жұмыс.

-Балалар, қараңдаршы, ойыншықтар бізге қандай әдемі, ашық, түрлі түсті жолақшалар әкелген.

Сөздік жұмыс: түрлі түсті жолақтар.

Педагог қызыл және көк телпектері бар 2 қуыршақты әкеледі (көйлектері, шаш буғыштары және т.б.бар).

-Кәне, балалар, қызыл телпегі бар қуыршаққа арналған жолақшаны таңдап көрейікші.

Ал екінгі қуыршағымызға да дәл басындағы телпегінің түсі сияқты-көк түсті таңдайық.

Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

Балалар қарайды.

Қайталайды: түрлі түсті жолақтар.

Балалар алдымен қызыл түсті таңдап алып, оны қызыл телпекті қуыршақтың қасына қояды.

Екінші қуыршаққа көк түсті таңдайды.

Рефлексивті коррекциялаушы Жол сал» дид.ойыны.

Педагог балаларға құлыншаққа арнап түрлі түсті жолақшалардан (қызыл, көк) жол салуларын ұсынады.

Педагог балалардың жұмысын мадақтап, құлыншақпен қоштасады.

Балалар алдарына жолақшаларды қызыл-көк, қызыл-көк ретпен орналастырады.

Құлыншақпен қоштасады.

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Ойыншықтарды,
Нені біледі: Ойыншықтарды, оларды топтастыруды
Нені меңгерді: Ойыншықтар туралы ойынды ойнауды