«Мен өз елімнің патриотымын» дөңгелек үстел

ҚАЗАҚСТАН   РЕСПУБЛИКАСЫ                                               «БАЛДАУРЕН-ШЫМКЕНТ»

 БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ                                                                        РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОҚУ

МИНИСТІРЛІГІ                                                                                    САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

 

 

 

 

 

 

«Химия ел ырысы, ғасыр үні»

республикалық Менделеевшілер турнирі

  • ауысым

«Мен өз елімнің патриотымын» дөңгелек үстел

 

Жауаптылар:

Джалаева Ляззат Ахимбековна

Абуов Жалғас Абайұлы

Дыбыс режиссёрі:

Ерполат Н. Ұйымдастырушы-ұстаз

 

Өткізілу орны: РОСО «Балдәурен-Шымкент», акт залы

Өткізілу уақыты: 20.11.2018 ж. сағат  16.30

Ұзақтығы:  50 мин

Қатысушылар:  ауысымның қатысушылары, қонақтар, мұғалімдер.

Мақсаты:

Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елінің патриоты болуға,  тәрбиелеу.
— Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту.
— Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой — пікірін білдіре алатын оқушыларға қолдау көрсету.

Міндеттері:

—балалардың білімдерін, ойларын кеңейту;

—жеке тұлғалық шығармашылық қабілеттерін дамыту;

—білімге деген, жауапкершіліктерін арттыру;

Құрал-жабдықтар: видео-роликтер,интерактивті тақта, слайдтар, микрафон, нақыл сөздер

Дайындық жұмысы: Әдебиетпен, ақпаратпен жұмыс.Сценарий жазу.

Қажетті жабдықтарды дайындау.

Жүргізуші: Джалаева Ляззат Ахимбековна.

Іс-шараның барысы:

                       (видео ролик көрсетіледі, фанфар ойналады, жүргізуші шығады)

 Жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты Балдәурендіктер мен қадірлі қонақтар!

Жүргізуші:  Аспаны ашық еліміздің,
Көркі сұлу жеріміздің,
Біз-бақытты баламыз!
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз! дей келе,  бүгінгі «Мен өз елімнің патриотымын» дөңгелек үстеліне қош келдіңіздер!

Жүргізуші:Қыран құсым көк аспанда самғасын

Желбіресін көк байрағым сан ғасыр
Жас ұландар, берік ұста туыңды
Жарқыратып туған елдің таңбасын

Дөңгелек үстелге қатысушы оқушыларымызды таныстырып өтсем:

  1. Төрехан Әсет — 9”В”
  2. Қуанышқызы Нурила — 9”В”
  3. Мұхамеджан Роза — 9”Ә”
  4. Ибрагим Салтанат — 9”Ә”
  5. Жалғасова Динара — 9”Б”
  6. Нұрмаханбет Нұрлыбек — 9”Б”
  7. Шадыметов Тахиржан — 9 “А”
  8. Әмір Шыңғысхан — 9 “А”
  9. Елтай Мерей — 9 “Г”
  10. Аман Айдана — 9”Г”

Жүргізуші: 1) Оқушылар пікірі

  1. “Патриот”деген ұғымды қалай түсінеміз?

2.«Мен өз елімнің патриотымын» дегенді қалай түсінеміз?

3.»Әр адамның бойында қандай қасиеттер болуы қажет? Оқушылар пікірі

  • Видео-пікір көрсету

Жүргізуші: Патриот – Отанын, халқын, жері мен суын шынайы сүйетін, халық мүддесі үшін бар күш-жігерін, қабілетін аямайтын адам. Олар — өз Отанының жалынды патриоты, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығының озаттары. Өз Отанын, халқын шексіз сүюшілік – барша күш-жігерін Отан мүддесіне арнаған адамға т Б.Момышұлы: «Патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік. Жеке адамның аман-саулығы, қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын,  өзіңнің  мемлекетке тәуелді екеніңді сезіну.қысқасын айтқанда патриотизм дегеніміз мемлекет деген ұғымды оны жеке адамның барлық жағынан өткені мен бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасын біріктіреді, — деп терең, жан-жақты анықтама берген.ән терең сезім.

Жүргізуші: Әр адам өз елінің патриоты болу керек, өз елін, өз жерін қорғау қажет! Туған жер адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер адамды елімен, өткенімен, болашағымен байланыстырады. Міне сондықтан да балалық шақтан Отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбір адам үшін Отан отбасынан басталады.

Отан – дейміз от жаққан жерімізді,

Отан – дейміз өсірген елімізді,

Отан – дейміз туған жер, атамекен,

Биік тау, орман, тоғай, көлімізді!

Көрініс: Қасиетті қара жер!!!

 Жүргізуші: көрініске байланысты оқушылар пікірі

Қазағым, тілің қандай, дінің қандай,

Табиғат та тербеледі тірі жандай.

Көкірегіңде тізілген тауларыңның

Арасынан батқан күн, атар таңдай.

Сұлу дала ! Менің сүйген еркемсің.

Жаным сенен жаратылған өлкемсің

Қандай жақсы, қазақ болып туғаным

О, туған жер! Тамашасың, көркемсің.

Келесі кезекте оқушылар шығармашылығы (өлең оқу)

Жүргізуші:

Сен қазақсың, себебі әкең қазақ

Ақ сүт берген, ақ жаулықты анаң қазақ

Ата дәстүр салтыңмен ағып жатқан

Денеңдегі қасиетті қаның қазақ

Сен қазақсың, себебі тілің қазақ

Ізіңде еріп жүрген інің қазақ

Бір қараған алыстан танитұғын

Ақ дидар әп-әдемі көзің қазақ!

Қойылым: Шет елге сатылған қазақ баласы!!!

Жүргізуші: қойылымға байланысты оқушылар пікірі

 

Жүргізуші: Күн нұрындай сәуле шашқан өңірге,
Бақ — дәулетін аямаған жеріме.
Егемендік елдігіме жарасқан,
Елім менің, жерім менің құт сыйладың өзіме!

Хор: Мен Қазақпын

Жүргізуші:  Жүректен – жүрекке. (Сөйлемдерді өз ойларымен жалғастырып айтады)
— Мен туған жерді сүйемін, өйткені…….
— Мен туған жерді қорғаймын, өйткені…
— Мен туған жерімді мақтан етемін, өйткені…..
Мен туған жерімді ғажайып деймін, өйткені…
(Оқушылар бірге қол ұстасып, мұғалім соңынан мына өлеңді қайталайды)
Қазақстан, туған жерім — киелім,
Қастерлеймін басымды да иемін.
Табиғатың — таптырмас жан байлығым,
Бәрін — бәрін аялаймын, сүйемін.

Жүргізуші: Қорытынды “Өз Отанының патриоты болу – Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ”деген сөз. Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев: Өткеніңді еске алсаң, Өскеніңнің белгісі. Өткеніңді ұмытсаң, Өшкеніңнің белгісі, — деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!