«Жаңа жыл- жаңа жыр» атты жаңа жылдық кештің жүрісі.    

 

 

«Жаңа жыл- жаңа жыр» атты жаңа жылдық кештің жүрісі.    

 

 І — жүргізуші:     Армысыздар, құрметті ата-ана,  қымбатты ұстаздар, оқушылар!

ІІ -жүргізуші:    Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын!

 

І-жүргізуші:                          Қош  келдіңіз  бүгінгі  кешімізге,

Жаңа табыс  тілейік  ісімізге.

Келе  жатқан  Жаңа жыл  құт  әкелсін,

Мына  отырған  барша жан бәрімізге .

 

ІІ -жүргізуші:                       Айнала  қоршап  шыршаны,

Шашылар  шашу  жыр әні.

Мынау  әсем  шыршаға,

Қош, келдіңіздер балалар! – дей отырып, ортаға Жаңа жылдық шыршаға

келіп  отырған оқушыларды  шақырайық.

( Музыка ойнап  тұрады, залға  оқушылар  бастап кіріп  шыршаны  айнала  тұрады)

 

 

І -жүргізуші:                       Жаңа  жылдық  шырша  мерекесіне  қош  келдіңіздер, балалар!

 

ІІ -жүргізуші:                     Төрлетіңдер, төрлетіңдер,

Шырша сәнін көріңдер.

Әсем әнмен  би билеп,

Күй-жырларын төгіңдер!

 

І-жүргізуші:                       Жаңа жыл-туындаған жаңа армандар,

Жаңа жыл-шуылдаған жаңа ормандар.

Ал мынау- мәңгі бақи жаңа дүние,

О, сәлем, жаңа жылда жаңарғандар

 

«Кел, кел жаңа жыл»  әні орындалады.

 

ІІ -жүргізуші:                      Ақ  көңілім айналды  аппақ қарға,

Көңілдене  қосыл сен ән мен жырға.

Қыс қызығы  басылмай ұласады,

Қуаныш  көп болсын  Жаңа жылға.

 

І-жүргізуші:                       Мектебіміздің бишілерін шақырайық,

Қошеметпен, құрметпен қарсы алайық.

Бишілерімізді,  ырғалтып би билетіп,

Қол соғып биік шыңға самғатайық,-  деп бишілерді ортаға шақырамыз.

«Аққу»  биі орындалады.

 

I — жүргізуші:                     Ал , халайық, халайық,

Ескі  жылдай аға бар.

Оны ортаға алайық,

Қош айтысып қалайық.

(Музыка ойнап  ескі жыл келеді)

 

Ескі жыл:                            Ескі жылың  есіркеп,

Жаңа жылың  жарылқап.

Еліңде болсын тыныштық,

Бейбіт күнің  жарқырап.

Қоштасамын бүгін мен,

Сіздерді  қимас көңілмен.

Келер тышқан жылында,

Дән көп болсын қоймада.

Тыныштық пен бейбіт күн,

Болсын деп тілеп  әмәнда

Қоштасып  қол бұлғаймын.

Қош сау болыңдар!

(Қол бұлғап,  қоштасып  ескі  жыл  кетеді)

 

ІІ-жүргізуші:                    Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақмамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн,
Қанаттана кең алқапқа тарайды.

 

І-жүргізуші:                    Жаңа  жыл – қайсарлық  пен  жүректілік,

Баратын  болашаққа  білек түріп.

Біз  жаңа  жылдарға  қол  соғамыз,

Әлемге  жақсылықтар  тілеп тұрып.

 

Клоун:                            Алақай, алақай.

Жыл келді шапқылап,

Қанеки, қарсы алайық жақсылап!

(Жаңа жыл барыс  кейпінде  келеді)

 

ІI — жүргізуші:              Келді міне жаңа жыл аппақ болып,

Ән болып, жұмбақ болып, тақпақ болып.

 

І — жүргізуші:               Ауламыздың тұсына қонып жатыр,

Аяз болып, мұз болып, қатқақ болып.

 

Баралар барлығы  бірге:  Қонысыңыз құтты болсын  барыс  жылы!  Қонарсың  мектебіме  ырыс болып.

 

Жаңа жыл:                   Рахмет балалар!   Мені бөтенсімей  шын ықыласпен қарсы  алғандарыңа рахмет!

Жақсылыққа бағыттаған,

Барыспын мен жаңа жыл.

Жаңа жылда  барлығыңыз,

Жаңа үміт таба  біл.

Сиыр жылының мерекесін,

Берекеге  жалғаймын.

Елде, жерде,  табиғатта,

Бейбіт жолды қолдаймын.

 

ІI — жүргізуші:              Аппақ  тонға  оранып,

Базарлықты  мол  алып.

Келеді  алыс  сапардан,

Аяз   ата  оралып.

 

І — жүргізуші:               Келеді  Аяз  атамыз,

Қасында  Ақшақары  бар.

Қызыққа  әбден  батамыз,

Қарсы  аламыз  баршамыз.

 

IІ – жүргізуші:  Ал  енді  құрметті  халайық! Бүгінгі  кешіміздің  қадірлі  қонағы  әрі  сәні   Аяз  ата  мен  Ақшақарды  қарсы  алайық!

 

Хормен:           Аяз ата!  Ақша қар!  (3 рет)    (Музыка ойнап Аяз ата мен Ақшақар келеді)

 

I — жүргізуші:                  Қош келдіңіз Аяз  ата!

ІI — жүргізуші:               Амансың  ба  Ақшақар!

 

Аяз ата:                          Амансыңдар  ма, ұлдарым?

Амансыңдар ма, қыздарым?

Қандай  жарқын  жүздерің,

Қандай  әсем  билерің.

Асулармен алыстым.

Асау желмен жарыстым.

Шыршамызға  асығып,

Өздеріңмен  табыстым.

 

Ақша қар:          Армысыздар, оқушылар, ата-аналар

Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Жаңа жыл бірлік пен татулық жылы болсын.

Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын.

Барыс жылы  молшылық  мәресі,

Жақсылық сыйлар жылдың нағыз төресі болсын.

 

І- жүргізуші:     Аяз  ата сіз алыс жолдан шаршап  келдіңіз , енді отырып дем алыңыз.  Біздің  сізге  арналған жаңа  жылдық  тартуларымызды  қабыл  алыңыз!

 

ІІ — жүргізуші:           Жаңа жыл-ауылдарды жарылқасын,

Қиналып әр отбасы тарылмасын.

Аяз ата бүгінгі келген күндей,

Жүздеріңнен қуаныш арылмасын,-    деп  ниет білдіре отырып кезекті әнге береміз.

 

«Аппақ қар»  әні орындалады.

 

І- жүргізуші:           Баршаңызды  ортаға Аяз атамен, Ақшақармен бірге  биге  шақырамыз.

 

ІІ — жүргізуші:            Жаңа жылды қарсы алып,

Жасаймыз  той жылда бір.

Жарқын жарқын ән салып,

Жалғасады жырға жыр.

 

І- жүргізуші:               Жаңа жыл мерекесі  құтты болсын !

Әрқашан  мерекелік  көңіл  болсын !

Кеудеміз  күмбірлеген  жырға  толып,

Қане,  достар,  күлкімен  орта  толсын.

 

ІІ- жүргізуші:            Шырша айналып әндетіп,

Би билеңіз сәнді етіп.

Қандай жақсы жаңа жыл,

Өткізейік мәнді етіп.

 

ІI — жүргізуші:           Кел, Жаңа  Жыл! Төрле – төрле жеріме,

Құт –береке боп  келгейсің  еліме!

Үміт  артып  армандарға  аяулы,

Шаттығыңа  бөлегейсің  бізді  де –дей отырып кезекті ойынға береміз.

 

«Шырша  шамдары»  ойыны  ойналады.

 

I — жүргізуші:              Кел, төрлет, Жаңа  жылым, құтты  жылым,

Өзіңді  бүкіл  елім  күтті  бүгін.

Қарсы  алдық,  сені  еселі  еңбекпенен,

Жарқырап, әне  алдымнан  шықты  күнім.

 

ІІ -жүргізуші:           Асыға күткен Жаңа жыл,

Кел , Жаңа жыл, жаңа жыл.

Жаңа заман, жаңа айлар,

Кел, Жаңа жыл,  Жаңа жыл!

 

І- жүргізуші:            Шырша қандай керемет,

Ойыншықтар ілінген .

Жымың қағып шамдары,

Бүкіл қызық тірілген.

 

ІІ — жүргізуші:        Жарқырайды жан жағым,

Жаңа жылдық киіммен,

Жаңа жылдың сыйлығын.

Жеңіп алғын өнермен.

 

«В лесу родиолась елочка»  әні  орындалады.

 

  ІІ -жүргізуші:          Қуаныш пен шаттық  кенелейік,

Жадырап, ән шырқап,  тербелейік.

Төрле, төрле, халқымнан құтты жылы,

Бәріміз  дөңгелене, би билейік.

 

І- жүргізуші:          Әдемілеп біз ілген,

Ойыншықтар тізілген.

Қандай әсем шыршамыз,

Ән шырқайық баршамыз.

 

IІ — жүргізуші:             Жаңа  жылда  жаңа белден асамыз,

Жаңа  жылға  жырмен  шашу шашамыз.

Бейбітшілік  ұранымен,  жеңіспен,

Жаңа  жылда тағы  да  алға   басамыз.

 

«Ертегілер әлемі»   әні  орындалады.

 

Аяз ата.    Ой,  бәрекелді  балаларым.  Әсем ән шырқап,  би билеп аталарыңды  бір қуантып  тастадыңдар. Көп-көп рахмет,  өркендерің өссін.   Енді  Ақша қар  екеуміз  аттанайық.  Баршаңызбен қоштасамыз, сау болыңыздар!

Ақша қар :               Сау  болыңыздар,  балалар!   Келесі  Жаңа  жылда  кездескенше.

 

Барлығы:                 Сау  болыңыз  Аяз ата,  сау  болыңыз  Ақша қар

 

I — жүргізуші:            Ей, Жаңа  Жыл! Жаңа  бақыт, ырысым,

Жақсылықтың  жаршысы  да  нұрысың.

Адамдардың   асқақтаған  арманы,

Ақындардың  таусылмайтын  жырысың.

 

IІ — жүргізуші:         Жаңа жылға арналады жаңа жыр,

Жаңа жылда шақырады бар өмір.

Бақыт болып жаңа жылым келді ғой,

Құтты болсын, құтты болсын  Жаңа жыл.

 

І  — жүргізуші:      Жаңа жылдағы  айлар  бізге  не  жақсылық  әкеледі?

Ендеше, ортаға «Жұлдызнамаларды» шақырайық.  (Жұлдызнамалар  тілектерін айтады)

 

IІ  — жүргізуші:                 Келеді  жылдар,  келеді  айлар  ауысып,

Сиыр  жылы  мен  барыс жылын  тауысып.

Береке,  бірлік,  бейбітшілік  төрінде,

Тұрайық  әр  кез  татулықпен  қауышып.

 

I  — жүргізуші:                    Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр,

Ізгілік, бірлік дәнін ортаға ысыр.

Құт болып, береке бер халқымызға

Мерейін , мәртебесін биікке асыр.

 

ІІ –жүргізуші: Міне,  Жаңа  2010 жыл да келді.  Ал 2009  жыл біздің  тарихымыздың  бір бөлшегіне айналды.   2010 жылы да  елімізде  тыныштық  болып  ырыс –құтымыз  азаймасын!

 

І-жүргізуші:    Жаңа жыл  әрбіріңіздің  отбасыңызға  жаңа  нұр,  жаңа  шуақ,  табыс пен береке,  қуаныш пен мереке алып келсін.   Жаңа жыл баршамыз  үшін берекелі,  мерекелі жыл болсын.

 

 

Соңы.