Фосфор, периодтық жүйедегі орны, электрондық құрылысы                       

Сыныбы : 9  сынып

Сабақтың тақырыбы:   Фосфор, периодтық жүйедегі орны, электрондық құрылысы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға  Ү негізгі топшаның маңызды бейметалы – фосфордың элемент және жай зат ретіндегі қасиеттерін азотпен салыстыра отырып, атом құрлысын, кристалл торлары электр терістік қасиеттерінің өзара тәуелділігі туралы ұғымдарын дамытуы  тиіс.

Сабақтың көрнекілігі:  «Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесі» кестесі, экрандық жабдықтар, жинақтамалар.

Сабақтың түрі:  Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу,практикалық және жаңа технология элементтері, СТО, кластер құру, Венн диаграммасы, семантикалық парақша,

Сабақтың барысыІ. Ұйымдастыру бөлімі.

                                    ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

1.Оқушылардың қызығушылығын ояту.

Семантикалық карта толтыру арқылы оқушы азоттың оксидтерін, тұздарын ажыратады.

Азот NH4CI NO2 HNO3 NO NaNO3 NH4NO3 HNO2 KNO3
тұздары +       + +   +
қышқылдары     +       +  
оксидтері   +   +        

 

  1. Жаңа сабаққа көшу үшін біздер «миға шабуыл»  сөзжұмбақты шешу.

А)Азотты  сипаттаған ғалым. (Резерфорд)

Б)Ауаның 78%-ын құрайтын элемент.  (Азот)

В)Азот қышқылының тұздары.     (Селитра)

Г)Атмосфераға азот бөліп жанатын зат.   (Торф)

Ж)Азот диоксиді адам қанынан  нені азайтады.  (Гемоглобин)

З)Азоттың металдармен қосылысы.   ( Нитрид)

          Ф        
      О    
С            
      Ф  
      О            
      Р      

 

  1. «Мағынаны тану» кезеңі:Сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылады. «Фосфор» деп тақтаға жазылады.

ІІІ.   Жаңа сабақ

Атом құрылысы: Химиялық элементтердің периодтық жүйесінде фосфор ІІІ периодта,V топтың негізгі топшасында орналасқан.Салыстырмалы атомдық массасы 31,реттік номері 15. Фосфордың соңғы энергетикалық қабатында бес электрон бар,оның үшеуі жұптаспаған.Фосфор атомындағы электрондардың орналасуы:

                        +15 Р         )2е)8е)5е 

Электрондық формуласы: 1s2 2s2 2p2 3s2 3p2    

Фосфор қосылыстарында -3,+3,+5 тотығу дәрежесін көрсетеді.

Ашылу тарихы: Фосфорды 1669ж.неміс алхимигі Х.Бранд ашқан. Гамбург алхимигі Бранд «философиялық «тас» алу жолында көп жұмыс істеді. Брандтың ойынша бұл тас кәріні жасартатын,ауруды тез сауықтыратын, адамның өмірін ұзартатын тас болатын.Бранд бұдан басқа барлық металдарды  алтынға айналдырғысы келді.Бірде ол жаңа рецепті бойынша зертханада жұмыс істеді.Адам зәрін суалтып,оған көмір мен құмды араластырып ауа қатыстырмай қыздырды.Құтының ішінде жылтыраған бір нәрсенің бар екенін көрді.Бұл фосфор еді.Сөйтіп 1669 жылы фосфор осылай кездейсоқ ашылды.Алынған фосфор жарық шығарды,осыны пайдаланып,Бранд байларға сатып ақшаға кенелді.

Табиғатта кездесуі .Табиғатта фосфор  тау жыныстары мен  минералдарда қосылыс түрінде кездеседі. Мысалы, ересек адамдардың сүйегінде 600 грамм, ет ұлпасында 56 грамм, жүйке жүйесінде 5 грамға дейін болады. Атақты геохимик,академик А.Е.Ферсман «Фосфор тіршілік пен ақыл-ой элементі»деген болатын.Себебі мидың қызметі бұлшықеттің қимылы фосфор қосылыс-тарының химиялық өзгерістеріне байланысты. Адам мен жануар фосфорды өсімдіктен алады.

Алыну жолы:   Фосфор белсенді элемент болғандықтан табиғатта қосылыс түрінде кездеседі. Бос күйіндегі фосфорды алу үшін электр пеште кремний (ІҮ) оксиді мен көмірді қосып қыздырады.Бөлінген фосфордың буын су астында ақ фосфор Р4 түрінде бөліп алады. Реакция теңдеуі. 2Са3 (РО4)2 + 6SiO2  + 10C =P4 + 6CaSiO3 + 10CO↑

Физикалық қасиеті:Фосфор элементі жай зат ретінде бірнеше аллотропиялық түр өзгерістерін түзеді.Оның маңыздылары: Ақ,қызыл,қара.

Ақ фосфор — өте белсенді,улы зат,ауамен жанасса жарық шығарады.Суда ерімейді,сондықтан оны су астында сақтайды.Оны ауа қатыстырмай 250-300 С қыздырса қызыл фосфорға айналады.

Қызыл фосфор-түсі қоңыр-қызыл,улы емес,суда нашар ериді,ұшпайды,250 С –де от алады.

Қара фосфор -200С өте жоғары қысымда қыздырғанда түзіледі.Түсі графитке ұқсас,қолға майдай сезіледі.Жартылай өткізгіш,улы емес 500 С-де от алады. Қара фосфор аз кездеседі.

Химиялық қасиеті: Реакция теңдеулерін жазу

  1. 4Р +5О2 = 2Р2О5 Р2О5 + 3Н2О = 2Н3РО4
  2. Фосфор металдармен фосфидтер түзе әрекеттеседі.

  3Са +2Р = Са3Р2         кальций фосфиді.              3Zn + 2P = Zn3P2        мырыш фосфиді.

3.Реакция жағдайына байланысты фосфор хлормен (700С) әрекеттесіп, фосфор трихлордін РСІ3   және  3000  С-та фосфор пентахлоридін РСІ5 түзеді:

    2Р + 3СІ2  = 2РСІ3                         2Р + 5СІ2  = 2РСІ5

  1. Фосфор сутекпен әрекеттесіп, фосфин РН3 түзеді. 2Р + 3Н2 = 2РН3

Шырпының басына жанғыш заттар – күкірт пен бертоле тұзының қоспасы жағылады. Қораптың жақтауына қызыл фосфор мен шыны басын қорапқа үйкегенде,қызыл фосфор бертоле тұзынан от алып, тез тұтанады.    6Р + 5КСIO3=3Р2О5+6КСI

Қолданылуы: Фосфор тыңайтқыш,дәрі-дәрмек,сіріңке өндірісінде, пиротехникада және фосфор қышқылын алуда  пайдаланады.

  1. «Білімді тиянақтау» кезеңінде слайд арқылы тапсырмалар беріледі.

       А) Химиялық диктант жазу.

1.Фосфор қосылыстарда  _________ тотығу дәрежесін көрсетеді.

2.Фосфордың сутекпен қосылысы____________деп аталады.

3.Фосфор элементі жай зат ретінде бірнеше аллотропия түзеді: ______  ,_______, _______ .

4.__________ химиялық белсенді болып келеді.

Ә) «Сандарды сөйлетейік» ойыны.

  1669                           31                   56                      600                      15

 

Жауабы:

1.1669 жылы Х.Бронд фосфорды ашты.

2.Фосфордың салыстырмалы атомдық массасы – 31.

3.Фосфор ет ұлпасында 56 гр кездеседі.

4.Адам сүйегінде 600 гр фосфор бар.

5.Фосфордың реттік номері – 15.

Б) Семантикалық карта толтыру арқылы фосфордың оксидтерін, тұздарын,қышқылдарын  ажырату.

Фосфор Са3(РО4)2 Р2О5 AlPO4 P2O3 HPO3 Na3PO4 H3PO4 K3PO4
тұздары                
қышқылдары                
оксидтері                
  1. Бағалау.
  2. Үй тапсырмасы: &20 . №6,7

Сірікенің ашылу тарихы баяндама жасау