«Мысыққа арналған жіп»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің  технологиялық картасы.

Күні, айы, жылы: 22.01.2019 жыл.

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі:  Аппликация

Тақырыбы: «Мысыққа арналған жіп»

 Міндеттері:

Білімділік: қоршаған орта және үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту; балаларды қайшымен жұмыс істеуге үйрету

Дамытушылық: Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру

Тәрбиелік:Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Қайырымдылыққа тәрбиелеу

Әдіс-тәсілдер: Жылулық шеңбері, әңгіме, түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап,жұмбақтар

Жабдықтар: Қыс бейнесі суреттері, орман бейнесі бейнеленген алаң,

Қостілділік компонент: қыс-зима.қар-снег

Сөздік жұмыс: қар, қыс, ағаш

Қызмет кезеңдері Тәрбиешінің қызметі Балалардың қызметі
Мотивациялық қозғаушылық Шаттық шеңбері:

Салем аспан

Салем жер

Салем балабақшам

Салем жер

Шеңберге тұрып,өлең жолдарын айта отырып көңіл- күйлерін көтереді.Бір-бірімен амандасады.
Ұйымдастыру – іздестіру Сұрақ – жауап:

Жылдың қай мезгілі?

Дұрыс айтасындар!

Қыс мезгілінің қандай өзгерістері бар?

Қыста күн қандай болады?
— Енді айналаға, далаға қараңдаршы қандай болып жатыр?
— Дала аппақ қар, ақ мақта сияқты:

Ғажайып сәт:

Есік қағылады, тәрбиеші есіктің артыннан қорап алып шығады -Балалар қалай ойлайсындар қорапта не бар екен ?Тәрбиеші қораптан мысық алып шығады.

Мынау не?

— Мынау – мысық.

Мысықтың түсі ақ екі көзі, екі құлағы, төрт аяғы, құйрығы бар

— Осы мысыққа мұқият назар аударайық.көңілсіз,

Иа балалар мысығымыз көңілсіз.

Неге көңілсіз екенің сұрайық?

Мысық: менің ойын ойнағым келеді?

Тәрбиеші: Балалар мысықпен бірге ойын ойнаға дайынбыз ба?

Мысық сенімен бірге біздің балалар ойын ойнауға дайын.

Мысық: Менің жіппен ойнағым келіп тұр?

Тәрбиеші: Балалар мысықтың жіппен ойын ойнағысы келіп тұр екен. Онда біз мысыққа жіп жасап берсек қалай қарайсындар?

Тәрбиеші: Балалар сендердің алдыларын да жіп қиықтары жатыр, соларды жапсырамыз.

Сергіту сәті

Мысық сүтке тояды
Қарнын сипап қояды
Жүрісі оның баяу
Дейді мысық мяу – мяу

 

Қыс

 

Қар жауады,

 

— Суық, аяз, боран.

 

 

 

 

 

 

 

— мысық

 

Иа.

 

 

Мысық көңілсіз

 

 

 

Иа

 

 

Иа

 

 

 

 

 

Иа. Жасап береміз.

 

Өлең жолдарын бірге қосылып айтып, қимыл-қозғалыстар жасайды.

Рефлексивті – түзетушілік Тәрбиеші балалардың жауаптарын қорыта, білмегендерін үйретеді. Тілдері келмеген кейбір сөздерді қайталатады. Мысалы: мысық, мияулайды т. б.  

Күтілетін нәтиже: 

Нені біледі:  мысық туралы білімдерін жетілдірді

Қандай түсініктерді игерді: мысықтың қалай дыбыстайтынын

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Мысыққа қуаныш сыйлау арқылы, сабақ барысын меңгерді.