Ауыл тарихы

 Ауыл тарихы.

 

«Алмазын» — жалпы топонимикалық жер-су атауы. Бұл жердің табиғаты XIXғасырда өзінің сұлулығымен орман-көлімен, өзен-бұлағымен, шалғынды шөбімен біздің ата-бабалырымызды таңғалдырған екен. Сондықтан болар оны  алмаздай  мөлдір көлі үшін, сұлулығы үшін  «Алмазға» теңеген, яғни «АЛМАЗЫН». Үлкен көлді кейде солай атаған. Жоғарыда айтылып кеткендей тарихи хронологиялық көшіп-қону барысында біздің ата-бабаларымыз талай қиыншылықтарды басынан өткізді. Басты негізгі орын алмастыруға әсер еткен факторлар: 1) Қара шекпенділердің  жаппай біздің қазақ жерімізге қоныс аударуы. 2) сулы жерлер үшін күрес жүргізу 3) шабындық пен жайылым үшін талас тоқтаусыз жүрді. 4)Ішкі руаралық  жайылым мәселесі болды. Алмазын көлдерің айнала орналасқан ауылдар: Шәлтік (Ботай ауылы,Көшқұл  -Кісей), Ожан, Төребек, Тыныбек, Иса, Исақ, Елубай, Алпысбай, Наймантай, Бекшебай, Көгенбай аталардың әулеттері еді. Мұқан қызылында-Сарылар (Төребек), Қапар бекітуында-сарылар (Тыныбек), Бейітті ағаш маңында солтүстік беткейінде – Бағаналылар (Сарғалдақ). Сарымен Бағаналы бірге ауылдас болған, тарихи зерттеуді қажет етеді.Жәдік әулетіне жататындар  Үлкен көлді айнала қоныстанған. Үлкен көлдің батыс  жағында  Елубай, Көгенбай,Алпысбай  -Салпыға дейін созылып орналасқан. Берестовенка селосы мен Аққу көлі арасында Наймантай-Елшібек (Байгереей мен Баймақан ауылы) қоныстанған.Қамсақтының  солтүстік-батыс беткейін Наймантай-Жәнібек, Бекшебек  жайлаған. Қамсақтының оңтүстік жағалауын түгелімен  Ожан ауылы алып жатқан. Қазіргі теміржол көпірінен төмен Высокое жолының   сол жақ жағалауында орман баурайында  Шәлтік қажы ауылы (Кісеймен  бірге)  орналасқан. Теміржол мен автотрасса аралығында және үлкен тартпа құдықтың  арғы бетінде  Ахмет-Смағұл  ауылы орналасқан. Тас-Мұса  Үлкен көлдің төменгі оңтүстік бөлігінде қоныстанған. Ол  жердегі ескі жұрттын орнын Кәміш атамыз трактор жалдап айнала көмкеріп белгілеп қойғызған-дейді Мусин Батан ақсақал. Қазіргі теміржол арқылы аялдамаға баратын екі жолдың аралығында Әпи бекітуы болған. Сіздер байқап отырсаңыздар бекітулар көп кездеседі мұнын да бір себебі бар . Көктемгі суды үнемді пайдалану шабындықтың жақсы  болуы  үшін су тоқтату әдетке айналған және сол маңайға ауыл болып қоныстанған екен. Қамсақтының маңдай жағында бекітулер кездеседі. Үлкен көлдің солтүстік-батыс  бөлігінде үлкен бекіту бар, оны бастапқыда ата-бабаларымыз шыммен, талмен және сырғауылмен бекітіп еді, уақыт өте келе су оны шайып кетті. Кутузовкаға қосылған кезде ол жерді дұрыстап бекітті, содан көл өз деңгейін сақтап тұр. Теміржол мен Үлкен көл аралығында Берестовенка селосы болған, тұрғындары 20-30 үйден құралған, көбінесе украиндер қалғаны орыс пен белорустар еді. Белгілі тұрғындары  Авраменко, Тулупов,Кондрад,Әкет Айтжанұлы дегендер еді. Әкет Айтжанұлы туралы Жолдыбай атамыз айтып  жүріпті.Біздің ауылдан онда уақытша тұрақтаған Кәтия, Үмітжан, Кәміш аталарымыз. Берестовенкада  3-сынып Батан ақсақал оқыған, ал 4-сыныпты Баянтайдан бітірген. Ауылдың үлкендері Кириловкада оқыған, демалыс күндері жаяу келетін. Берестовенканың халқын 1960 жылдары түгел көшіріп жіберген. Енді біздің аталарымыз осы село халқымен байланысы туралы айтсақ, сонау  патша үкіметінің отаршылдық саясаты жүріп тұрған кезде  басқа ұлт өкілдерімен қарым-қатынас жақсы болса,  өмір сүру жақсы болатының болжаған біздің аталарымыз олармен достық қатынас жасап отырған. Басқа ұлт өкілдерімен жолдастық қатынаста болып көп өнерге де үйренген — картоп  өсіру, жеміс-жидек егу т.б. кері әсерінің бірі сыра  ашытуды үйрену. Сөйтіп тарихи шындық арқылы еліміздің нақты орны туралы сөз қозғайық. 1925 жылы ата-бабаларымыз ұжымдастырудың ықпалымен  қазіргі Шүкірлік орналасқан жерге келіп қоныстанады. Шәлтік ауылы (Ботайға, Көшқұл-Кісей) қарағандар кіреді), Ожан ауылы (Сары, Бағаналы кірген), Елубай  ауылы ( Үлкен Рашид-Көгенбай аталар әулеті), Алпысбай, Бекшебек, Көгенбай, Наймантай ауылы (Жәдікке жататындар) жатқызылады. 1929 жылы біздің ауылда колхоз ұйымдастырылды. «Шүкірлік» деген сөздің шығу тегі тарихи себеп салдарға байланысты болған екен. 1861 жылғы Орыс патшалығының жарлығына сай шаруалар өз қожайындарынан кетуге рұқсат алып, ендігі кезекте жер бөліп оларға жағдай жасау үкімет тарапынан қолдау таппай орыс шаруалары қазақ  жеріне қоныс аудара бастады. Жергілікті қазақ шаруаларінің атадан мұра болып келе жатқан шұрайлы жерлері күштеп алына басталды. Біздің ауылдың тарихын бұл  науқан айналып кеткен жоқ. Сондықтан бөлек- бөлек ауыл құрып, ендігі кезекте бірігіп ел болу, жаңа жер құт береке әкелсін, «шүкіршілік» деп-  Шүкірлік деп атаған екен біздің ауылдың атын.

Бастапқы кезде ауылда 30 үй болған, ол үйлер саманнан істелген, шыммен жабылған еді. Алпысбай ауылында- Кәміш, Мұса, Мырзахмет, Бірімжан, Оразалы тұрды. Елубай ауылында — Үмітжан, Қабдолла, Қабдрахман тұрды. Зікірия  ортаңғы томардың маңына қоныстанған, екі баласы жастайынан жетім қалды Кәкім мен Уәп. Кейін Шәутібай апамыз Идаят атамыздың әкесі Қапар молдамен тұрмыс құрған екен. Темеш атамыздың әкесі Жанахмет қазіргі ескі құдықтың маңайында тұрған еді.

1929-1936 жылдары колхоз бригадирі Қабдеш, ол Қонқақтың әкесі еді. Қанапия — есепші болып істеген. 1936 жылы Мөкен Қарымсақов колхоз бригадирі. 1940 жылы- Әбіш Жусупов бригадир. 1941-1942 жылы – Мырзахмет бригадир болды. Сол кездегі ауылдың үлкендері: Қапа, Мырзахмет, Қабдрахман (Зәлледенің  әкесі), Ерғали, Әпи, Қажы ( Көкеннің әкесі), Қапар (Идаяттің әкесі), Қозкен Қозкей-Ақмерді ұлы.  Қабдыл Исаұлы, Қари Оспанұлы  еді. Исақұлдары: Мұхаммадия, Ақмадия, Асқар, Асқап, Қабдеш, Әкпар. Ахметов Уахиттің әкесі Баймұхамет қажы болған кісі. Ахметов Қали, Ахметов Қабдолла ұлдары – Мәмәт, Самат.

1930-1931 жылдары кейбір отбасылар көшіп кеткен еді аштыққа байланысты, кейін қайтып көшіп келді. 1938 жылы астық жақсы шыққаны белгілі болып отыр. Колхозға екі доңғалақты тракторлар «ЧТЗ» әкеліне басталды, жартылай шынжыр табанды еді. Тракторға Қанаш, Қари мініп жүргізді. Әшім бригадир болды. 1940 жылы колхозға комбайндар әкелінді. 1941 жылы маусымда ер жігіттер соғысқа шақырылды. Қалған әйелдер,  кемпір-шал, балалар өгізбен жер жыртты, мал – жанды асырады. Қоскөл маңында далада тоқ орналасты. Егін маяға түсіріліп, сосын  обогрейкамен қыста соғып алған. Кейін сталинский комбайндар әкелінді. Халық көп бейнет көрді, барлық жұмыс қара күшпен істелген, қыста қолмен қар тоқтатты. Шөпті қолмен шауып, далаға үйді.

Қазіргі ескі мектепті 1930-31 жылдары Айыртаудан сатып әкелген. Мектепте 4-жылдық білім берген, 30-40 бала оқыған. Мұғалімдер: Ахметов Қайыржан(Шұқыркөлден), Сердалин Ғанибет, Жүкен Жайықов (Ботай ауылы), Жүсіп Дүйсенбеков (Мәмәттің әкесі  Рахмет әулетіне  жатады), Ақылбек пен Малдыбек (Сұлушаш апамыздың ағалары 3-4 жыл сабақ берді).Мұғалімдер 7-жылдық оқу бітіргендер. Ол кезде дін ұстауға тыйым болған, сондықтан жасырын Төребек қажының үйінде намаз оқитын. Комсомол комитетін Жүсіпов Тәжітай басқарды. Комсомолдар –Мусин Сатан мен Рахметов  Тельжан. Қарикен мұғалім болды, сосын Сатан Мусин мұғалім  болып 6-жыл істеді.. Қасымов Мағзұм есепші болды, кейін соғысқа кетті. Ұлы Отан соғысы барысында майдан даласында қаза болғандар  23   жауынгер  жерлестеріміз еді. Ал елге аман – есен оралғандар саны 27 адам  болды.  1948 жылы колхозды 3-4 жыл Әлібеков Сәлмен басқарды. Сөйтіп колхоз Кутузовкаға қосылды. 1955 жылы колхозды ірілендіру басталды, кейін Казанкаға қосты бұл 1960 жыл еді. 1962 жылы 13 бригада болды. 1962-1972 жылдары Каменнобродқа қосты.

1972-1991 жылдар аралығында Қаратал совхозына қарады. Негізгі шаруашылықтың дамыған түрі бұл мал шаруашылығы мен  егіншілік еді.Қаратал кеншарында Шүкірлік ауылы алдынғы қатардағы №6 бригада болып саналды. Ауылда 4-баз  қорада қара мал мен қой бағылып жайланды.сонымен бірге  мал жемдеу  бөлек қорасы болды. Жем-шөп базасы нығыз шаруашылық қалыптасқан шабындық жерлері сонау Қаратал түбіне дейін болған. Ал мал бағатын жартылай-көшпелі шаруашылық, яғни отгондық тәсіл қолданылды. «Өзекті» бойлай, «Зор көл»,»Қара-су», «Аққұдық», «Қасқыр шапқан», «Хамит қорасы», «Қоскөл», «Құр көл» -топонимикалық жер атаулары, осы  жайлауларды  жайлаған. Негізгі дақылдар: бидай, сұлы арпа, жүгері, күнбағыс, бұршақ өсірілді. Ауылымыздың егін-шөп шаруашылығын дамытуға қатысқан механизаторлар:Жанахметов  Темеш, Құсайынов Сағынай, Исин Тұрсын, Каппасов Тендік, Елшібеков Құрманбай, Байгереев Мәжит, Оспанов  Қари, Рахметов  Төлеу, Төребеков Көкен, Садвакасов Сансызбай, Козкенов  Маулет, Козкенов Дауіт, Ельшибеков Талап, Аманжолов  Есентемір, Исмағұлов Дулат, Ахметов Бақытжан, Байгереев Жанаберген, Исмағұлов Сапарғали, Байгереев Ерден, Исмағұлов Отарбай, Төребеков Қариполла, Исмағұлов Амангелды, Байгереев Азамат, Ельшибеков Арап, Мухамедьянов Ерлан, Исаков Мақсұт, Мажикеев Еркін, Хамзин Қорғанбек, Байгереев  Ерболат, Баймаканов Серік. Бригада басшылары: Мусин Нұрғали, Ерғалиев Аяған, Мусин  Батан, Құсайынов Сағынай, Жанахметов Берік, Жанахметов Даулет, Исмағұлов Акпар. Мал шаруашылығын көтеруге қажырлы еңбек еткендер: Исмағұлов Ғабиден, Исмағұлов Зәлледен, Исин Қанаш, Байгереев Кәтия, Қабдушев Қонқақ, Хамзин Сапарбек, Тасжанов Ғалым, Закирьянов Кәкім, Қасымов Мағыпар, Мухамедьянов Бүркітбай, Қозыкенов Жұмабай, Баймаканов Жаңбырбай, Исин Жылқыбай, Ожанов Әлімбай, Иманбаев Кәрім, Искаков Қажымұрат, Әбикеев Жанайдар, Мәжикеев Ноғай, Исақов Ақан, Исин Қаукен, Мұрзағұлов Дауылбай, Хамзин Мәкен, Елюбаев Рашид, Касымов Базарбай, Закирьянов Мереке, Төребеков Сейфолла, Оразалин Ермуханбет, Козкенов Сауыт. Мал дәрігері: Сәдуақасов Досжан, Қаппасов Уәлихан. Теміржолшылар: Исақов Ақан, Баймаканов Жаңбырбай, Елюбаев Кәрібай, Елюбаев Уахит, Ахметов Уахит, Абикеев Рашит,Ахметов  Абай, Закирьянов Әбікен, Жанайдаров Ринат,Баймұханбетов Бөгенбай, Исин Әділбек, Жанахметов Қайрат,Мусин Қанат, Закирьянов Бөкен,Мұрзағұлов Нұржан, Төребеков Ерназар, Баймаканов  Сансызбай, Садвақасов Алпамыс, Исин Рустем, Байгереев Бекболат, Оразалин Ермуханбет, Мажикеев Ерсін, Исақов Жеңіс, Байгереев Жасұлан, Жанахметов Бақытжан, Мусин Сырымбет, Исин Бейсембек, Мурзагұлов Ержан. Орманшылар: Аманжолов Әбілқайыр, Жакупов Идаят, Аманжолов Амангелды, Аманжолов Сапарбек, Исмағұлов Ерлан, Исмағұлов Ержан, Оразалин Шынболат. Жүргізушілер: Оразалин Жанболат, Аманжолов Тілеп,Закирьянов Аубакир, Абикеев Қайдар, Хамзин Аскен, Искаков Құрманғали, Жакупов Бернияз, Рахметов Жанат. Механик-жөндеуші: Байгереев Мажит, Мусин  Ерке. Хаттаратушы:Мусина Қымбат, Сұрағанова Үміт, Оразалина Бақыт. Кино-механик: Исмағұлов Мәмбет, Байгереев Ерболат. Электр-монтер: Исин  Ұлан, Ағаш–шебері: Баймаканов Қонысбай, Агроном: Тащанов Темірболат. Кітапханашы:Аманжолова  Күлбарам, Жунусова Жанна. Дүкенші: Есімсейітова Көгершін, Исина Гүлжанат,Исмагулова Күләш. Медбике: Иманбаева Алма, Төребекова Алма, Тащанова  Бибігүл.

 

 

 

 

 

Ұстаздар.

 

  1. Аманжолов Әбілқайыр
  2. Жанғожина Мауия
  3. Салпықов Зұлқаш (Қазақстан ауылы)
  4. Сәдуов Нұрбай (Ботай ауылы)
  5. Бейсенова Қақжан (Сулыкөл ауылы)
  6. Елемесов Құдабай (Сулыкөл ауылы)
  7. Күлман (Жетістік ауылы)
  8. Қасымова Күлпан (Сарсай ауылы)
  9. Жаңыл (Ақан ауылы)
  10. Ахметов Қайыржан (Шұқыркөл ауылы)
  11. Сердалин Ғанибет
  12. Жайықов Жүкен (Ботай ауылы)
  13. Дүйсенбеков Жүсіп
  14. Ақылбек пен Малдыбек (Сұлушаш апаның ағалары)
  15. Қарикен
  16. Мусин Сатан
  17. Баймақанов Жақия
  18. Қуандыкова Нағима Мұхамеджанқызы
  19. Құсайынова Раушан Қожақызы
  20. Исина Дамежан Ахатқызы
  21. Қозкенова Жібек Жұмабайқызы
  22. Абикеев Маулет Қайдарұлы
  23. Жанахметова Бақыт Айтжанқызы
  24. Жанахметов Серік Темешұлы
  25. Исина Айдын Байдрахманқызы
  26. Закирьянов Ұлан Кәкімұлы
  27. Алибекова Жанар Ерсайынқызы
  28. Құсайынова Гүлжан Дауылбайқызы
  29. Закирьянова Гүлмира Пазылқызы
  30. Азанова Светлана Файзрахманқызы
  31. Қозкенов Сауыт Жұмабайұлы
  32. Қасымова Анаргүл Ермекқызы
  33. Қалиева Эльмира Мұратқызы
  34. Жанайдарова Инеш Абайқызы
  35. Құсайынов Рамазан Сағынайұлы
  36. Мусин Ерке Батанұлы
  37. Баймаканова Айнаш Қонысбайқызы
  38. Маширова Гүлнұр Ұланқызы
  39. Джуминов Дулат Пазылұлы
  40. Мұқышев Сәкен Ербатырұлы
  41. Жанахметова Динара Темешқызы
  42. Жүнісова Жанна Теміртасқызы
  43. Акентаева Салтанат Қамбарқызы
  44. Қаппасова Назгүл Тендікқызы
  45. Ельшибеков Талғат Құрманбайұлы
  46. Шамратов Дәуренбек
  47. Ташимова Қаламқас Бейімбетқызы
  48. Алибекова Шынар Ерсайынқызы
  49. Төребеков Дәурен Қариполлаұлы
  50. Құсайынова Марал Сағынайқызы
  51. Жанахметова Арман Өмірзаққызы
  52. Мәриям Манаповна

53.Мұрзақұлова Орал Магипаровна

 

1991 жылы 16 желтоқсан Қазақстан Республикасы  Тәуелсіздік алғаннан кейін елімізде көптеген өзгерістер болды.Реформалар жекешелендіруден басталып ауылшаруашылығындағы жерлер жеке қожалықтарға  жалға беріле бастады. Қаратал кеншары бірнеше жеке шаруашылыққа бөлініп кетті, бұл уақыт талабы еді. Жекешелендіру өз зардабын  тигізді, көп адамдар жұмыссыз қалды. Шүкірлік ауылында бірнеше жеке шаруашылықтар ашылды: Жанахметов Даулет, Рахметов Амандық, Исин Ұлан, Тащанов Темірболат, Исқақов Құрманғали, Исақов Жеңіс, Исмағұлов Амангелды, Исин Тұрсын, Мухамедьянов Ержан. Олардың негізгі өсіретін дақылдары жаздық бидай болды. Бастапқы кезде қиыншылықтар болды,техника ескі, себу агрегаттары жоқ т.б.Қазіргі кезде мемлекеттің несие беру арқылы жаңа техника мен құрал жабдықтар алып  жағдайлары дұрысталып қалды деуге болады. Қазақстан әлемдік нарыққа бидай мен оның өнімдерін шығару кең жол ашуда және оның бағасы  нарыққа сәйкес  жүруде. Кейінгі жылдары өсімдік түрлерінің күнбағыс ,бұршақ дақылдарын қолға алуда. Ал еліміздің «Жол картасы»- бағдарламасы бойынша  мал шаруашылығын дамыту байқалуда,соның ішінде бұл жеке шаруашылықтар жылқы,қара мал,қой өсіруде. Ауылымыздың өркендеуіне ол шаруашылықтар қолдан келетін көмектерін көрсетуде.

Шүкірлік ауылында  2001 жылы 31 қазан 9-жылдық жаңа екі қабатты мектеп ғимараты салынып аяқталды. Онда 60 бала білім  әлемінде ұлттық тілде, ата-бабамыздың ғасырлық қалыптасқан салт-дәстүр, әдет-ғұрпын сіңірген жан-жақты тәрбиеленген азаматтар тәрбиеленуде. Ағарту орны еліміздің тәуелсіздігінің  10-жылдығына орай ашылды. Мектеп ғимаратының салынуына  басшылық еткен  жерлесіміз ауылымыздың тумасы Әбулқайыров  Армия Әбілқайырұлы болды. Мектеп  ұжымында 14 ұстаз, жұмысшыларсаны-15 адамды құрайды. Мектеп директоры — Абикеев Маулет Қайдарұлы. Айыртау ауданы бойынша мектебіміз алдыңғы орында жүр. Әсіресе білім саласы мен спорттық ойындардан.Волейболдан біздің оқушылар  2011-2012жылдар  Петропавл қаласында жарыстан 1-орынмен  марапатталды. Шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ ойындары, қазақша күрестен біздің оқушылардың алдына түсетін  мектеп жоқ. Аудандық   пәндер  олимпиадаларына оқушылар  қатысып  2-3-орындар  алуда (Қазақстан тарихы,  география, қазақ тілі, физика). 2009жылы мектеп қабырғасында шағын-орталық ашылды, онда 15 бала тәрбиеленуде. Ауылда екі жекеменшік дүкен бар. Ауылымыз автотрасса  мен теміржол торабында орналасқандықтан жол жүру, қарым-қатынас жақсы дамыған деуге болады. Шүкірлік ауылының болашағы бар деп ойлаймыз, еліміз күнен-күн даму  үстінде, көшелер жөнделген, жаңа үлгіде үйлерге  жөндеу  жүргізу  байқалуда. Әр отбасында бір техника бар деуге толығымен болады.  Ауылымыз бес  атадан  ұрпақ  таратып ұлғаю  үстінде. Қанша қиын  кезеңдер: аштық жылдары-  1921-1933жылдар, қуғын-сүргін  1936-1938 жылдар, репрессия -1938-1953  жылдары  жергілікті  халық  тату-тәтті ,бейбіт,бір  ауылда ұйымшыл,еңбекқор, бес саусақ — бір жұмырдықтай жұмыла еңбек етудің арқасында  қиындықтарды  жеңе білді. Репрессияға ұшыраған   жағдай ауылда болған емес.   Халықтың өсіп-өңуіне, дамуына барлық жағдайды мемлекет жасауда. «Қазақстан – 2050» стратегиясында көрсетілгендей  барлық әлеуметтік мәселені шешуші фактор еңбек етуші адам болып табылады, сондықтан ауылдың болашағы  еңбекқор, білімді, жасампаз, отансүйгіш жастардың қолында   демекпіз.

XX ғасырдың басында ауылда 120 адам тұрса, қазір 300 адам мекендеп жатыр. Халықтың өсіп — өңуіне  1920-30 ж.ж аштық және 1941-45ж.ж. Ұлы Отан соғысы әсерін тигізссе керек. Ғылыми зерттеу барысында ауылдың үлкен қарияларының әңгімелерін тыңдап нақты оқиғаға куәгерлерімен кездесу жүргіздік, ол ақсақалдар: Мусин Батан, Құсайынов Сағынай, Жакупов Идаят, Мәжікеев Ноғай, Сәдуақасов Досжан, Аманжолов Әбілқайыр, Исмағұлов  Зәлледен, Исин Қанаш.Тарих мұғалімдері:-Абикеев М.Қ., Закирьянов Ұ.К. Құжаттарды жинақтауға ұзақ уақыт жұмсалды.