Хаммурапи патша Вавилонды қалай қуатты империяға айналдырды?

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.2A. Қос дөңгелекті күйме арбалар мен империялар Мектеп: КММ «Малоубинка ОМ»
Күні:  13 қараша Мұғалімнің аты-жөні: Бельдеубаева Г.К.
Сынып: 5 Б Қатысқан оқушылар саны: Қатыспағандар:
Сабақ тақырыбы Хаммурапи патша Вавилонды қалай қуатты империяға айналдырды?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 5.3.2.1 ежелгі заман тарихындағы мемлекетаралық қатынастарды түсіндіру үшін «империя» ұғымын білу және пайдалану;

5.3.2.2 басқыншылық соғыстар мен империялардың пайда болуы мемлекеттердің шекараларын қалай өзгерткенін түсіндіру

Сабақ мақсаттары Вавилонның қуатты империяға айналуындағы Хаммурапидің қызметін бағалау
Бағалау критерийлері ·      өз көзқарасын түсіндіреді;

·      өз жауабына дәлел келтіреді

Тілдік мақсаттар

 

тыңдалым және айтылым (топ /жұп ішінде талқылайды)

оқылым (мәтінмен жұмыс істейді)

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

заң, құқық жүйесі

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Хаммурапи заңдарының ерекшелігі сонда, ол…

Құндылықтарды дарыту құрмет (іс-әрекет арқылы: оқушылар бір-бірінің пікірін тыңдайды)

Хаммурапидің заңдары әділдік жолында жұмыс жасады

Пәнаралық байланыстар құқық негіздері (мазмұн арқылы: Хаммурапидің заңдары адамдар арасындағы қарым-қатынастарды жүйелі түрде реттеуге жәрдемдесті)
Бастапқы білім 5.1B бөлімінен Қосөзендегі ежелгі мәдениеттер жайлы біледі
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы Ұйымдастыру сәті.

Оқушылармен амандасу.

Психологиялық жағымды ахуал тудыру

 

Оқушыларды топқа бөлу

 

Үй тапсырмасы  Кластер құру

1 топ Хетт патшалығы

2 топ Египет патшалығы

 

Ыстық орындық

1.    Термин сөздермен жұмыс

-империя, қос дөңгелекті арба

2.    Хронологиямен жұмыс

—       Б.з.б. IV-III мың жылдық

—       Б.з.б.1296 ж

—       Б.з.б.1468ж

3.    Картамен жұмыс

Үй тапсырмасын бекіту

 

Алғашқы білімдерін еске түсіру (1 минут).

 

Хаммурапи заңдары мен ҚР Конституциясын олардың мағынасын айтпастан көрсету. Екі суреттің арасындағы байланыс және заңдардың мемлекет үшін маңызы жайлы оқушылардың пікірін тыңдау (2 минут).

 

Тақырыпты (оқушылар жазып алады) және сабақ мақсатын айту (1 минут).

«Көрші»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Вавилон» деп аталатын презентация

Сабақтың ортасы

 

Саргон I патшаның Аккад империясы тек 200 жыл ғана өмір сүріп, Месопотамияға басқа империялардың бақылау орнатқандығын түсіндіру. Бірінші Вавилон, Хетт, Ассирия, Екінші Вавилон және Парсы патшалықтары бейнеленген уақыт сызығын көрсету. Аталған империялардың басшылары өз елдерін келесідей нәрселерге негізделе отырып басқарғандығы жайлы әңгімелеу:

·      Заң;

·      Жақсы ұйымдастырылған әскер;

·      Патшаның беделі.

Оқушыларға келесі нәрселерді айту:

·      Хаммурапи өз билігі тұсында Месопотамияны біріктірді (б.з.б. 1793-1750 жж.);

·      Хаммурапи қоғам өмірін реттейтін әрі адамдарға жаза түрлерін тағайындайтын заңдар шығарды.

(Зерттеу нәтижесінде оқушылар келесідей тоқтамға келуі керек: Хаммурапи империясының жетістікке жетуі оның шығарған заңдарының арқасында орын алды) (5 минут).

 

Оқушыларды бірнеше топқа бөлу (2 минут).

 

Топтық жұмыс. Әрбір топ зерттеу жүргізіп, төмендегі сұрақтарға жауап берулері қажет:

·      Хаммурапидің заңдары қаншалықты әділ болды?

·      Заң алдында бәрі тең бе еді?

·      Бұл заңдарда діни сенім көрініс тапқандығы жайлы қандай дәлелдер бар?

(15 минут).

 

Жеке жұмыс. Оқушылар ауыр қылмыстарды бір түспен, жеңіл қылмыстарды екінші түспен белгілеп, өз шешімдерін негіздейді (4 минут).

 

Келесі сұрақтарды талқылау:

·      Хаммурапидің заңдарына сәйкес, қайсы қылмыс ауыр, қайсысы жеңіл болды?

·      Оқушылар бұл туралы қайдан білді?

(5 минут).

 

Вавилон империясы ұзақ өмір сүрмегендігін, бірақ оның заңдарының біразы сақталып қалып, оларды Хетт және Ассирия сияқты кейінгі патшалықтар пайдаланғандығын түсіндіру (1 минут).

 

Бекіту. Ертеде кейбір күшті мемлекеттердің дамыған құқық жүйесі болған.

«Вавилон» деп аталатын презентация

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Хаммурапидің заңдары» деп аталатын мәтін

Сабақтың соңы Оқушылардың жұмысын бағалау (1 минут).

 

Оқушылар сабақта нені білгендігі әрі не нәрсені түсінбегендігі жайлы рефлексия жасайды (2 минут).

 

Үй жұмысы. Оқулықтағы сәйкес параграфты оқып келу.

 
Саралау – оқушыларға қалай  көбірек қолдау көрсетуді  жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Оқушылардың коммуникативтік дағдылары анықталады. Ұсынылған тапсырмалар мен дидактикалық материалдар оқушылардың  оқу әрекетін ұйымдастыру үшін арнайы оқыту әдістерін және іс-әрекеттерді саралау тәсілдерін кіріктіреді. Мысалы, сұрақтардың деңгейі біртіндеп күрделеніп, Блум таксономиясының жоғары деңгейдегі дағдыларына өтуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ айтылым, тыңдалым дағдысы ерекше оқушылардың қажеттілігі ескерілді. Мәтінге анализ жасап, сұраққа жауап береді (бағалау критерийлеріне сәйкес) Партада дұрыс отыру ережелері еске салынады. Мойынға жаттығулар жүргізіледі.
Сабақ бойынша рефлексия

 

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.