Сиқырлы сандар. ( Есептік санау 1-ден 10-ға дейін шектеу)

Тәрбиеші: Кадырқожақызы

.Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас».

Білім беру бөлімі: ҚМҰҚ .

Тақырыбы: Сиқырлы сандар. ( Есептік санау 1-ден 10-ға дейін шектеу)

Мақсаты: Білімділік:Балаларды 1-ден, 10 – ға дейін санауға жаттықтыру,сандар туралы түсініктерін толықтыру, түстерді ажыратуға, сәйкестендіруге үйрету, геометриялық пішіндерді ажырата білуге үйрету. Дамытушылық:Тура және кері санай білу қабілеттерін дамыту. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін, дамыту, ойын дағдыларын қалыптастыру. Әр түрлі тапсырмалар бере отырып логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Балаларды ұқыптылыққа, бірлікке тәрбиелеу, жағымды қарым — қатынасқа тәрбиелеу. Әдіc – тәсілдері: сұрақ — жауап, ойындар арқылы, үлестірмелі материалдармен жұмыс. Көрнекілігі: сандар, пішіндер, суреттер, таратпа материалдар Қостілдік компонент: 1 – 10 сандар.

Жылулық шеңбер: « Жүректен жүрекке ». Жылы лебіздерін бір — біріне білдіреді. (енді орындарымызға барып отырайық).Балалар бүгін бізде қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырудан ашық оқу іс — әрекеті, тақырыбымыз «Сиқырлы сандар».  Ал балалар мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.

  • Сендер ойын ойнағыларын келеме?
  • Иә.
  • Жарайсыңдар, ендеше « Үшінші артық » деген ойын ойнаймыз.
  • Ойнаймызба, балалар?
  • Иә, ойнаймыз.
  • Жарайсыңдар.

Ал, балалар мен сендерге ойын топтамаларын айтамын, сендер онын үшінші артық екенін табасыңдар.

  • Шырын, сүт, нан.
  • Жаңбыр, қар, өзен.
  • Аяз, боран, қаңтар.
  • Қалам, дәптер, су.
  • Теледидар, компьютер, айран.
  • Жарайсыңдар.

Ал, балалар қараңдар, мен сендерге кереметтей түрлі – түсті шарлар әкелдім. Ал мен сендерге қанша шар әкелгенімді сендер санап беріндер. Біріңші тура және кері санаймыз.

  • Балалар, 1-10 санайды ( қазақша, орысша, ағылшынша).
    Ал балалар, мен сендермен тағы қызықты ойын ойнағым келіп тұр.Ойынның аты « Құлыпты аш » деп аталады. Шарты: Музыка ырғағымен билеп жүріп, үстел үстінде тұрған геометриялық пішіндерді қалағанша алып, би билеп айналып, жүресіңдер. Музыка әуені тоқатағанда, сендер тез өз құлыптарынды барып ашасыңдар. Ол үшін сенін қолындағы пішінмен құлыптағы пішін сәйкес келу керек. Түсіндікпа? Балалардан түсін, пішінін сұрау. Ал балалар, енді біз мына тақтадағы сандардың құпиясын білуге асығып тұрған сияктымыз. Ең бірінші сандардың басында қандай сан тұрады?
  • Бір тұрады. Бір ұғымына сәйкес келетін әлемде не бар? Не бар деп ойлайсыңдар?
  • Балалар: бір күн, бір ай және біздің Отанымыз бар екен. Енді бір санына байланысты Жания тақпақ айтып береді.
  • Сенім: Жіңішке жалғыз таяқша,

Бір саны ол айырықша. ЕндіСенім бір санын тауып алып кел.

  • Бірден кейін қандай сан келеді?
  • Балалар: екі.
  • Екі ұғымын білу үшін, ата – ана бір – бірімен тығыз байланысты. Мемлекетпен мемлекет тығыз байланысты. Өз дене мүшелерінде екі зат барма?
  • Балалар: екі қол, екі құла, екі көз, екі аяқ, екі бет.
  • Ал екі санының тақпағын тыңдайық.
  • Хансұлтан: Міне екі саны тұр,
  • Қараңдаршы неткен түр.
  • Мойының алға иеді,
  • Құйрағы артына ереді.
  • Ал балалар, екі саны қайда жасырынды екен. Дария екі санын тауып келші.
  • Ал балалар, сандық қатарда 1-мен 2-ден кейін тұратын сандарды тауып рет – ретімен орналастырайық. Қане орнымыздан тұрайық.

Ал келесі тапсырмамыз, мен айтамын, сендер орындайсыңдар. Устелде кеңістіктер берілген, сол кеңістікте мен оқып тұрған өлеңдегі көріністі тақтаға бейнелеу керек. Әр жол сайын оны тақтаға көрсету керек.

  • Түсіндікпе?
  • Ендеше, мен өлеңді жол жол бойынша оқып тұрамын, мұқият тыңдаймыз.

Жоғарыда ақша бұл күлімдеген

,Арасынан күн нұрын шашса.

Ал төменде айдын көл мөлдіреген,

Жағасында қос аққу орын тапса.

Ал балалар сергіту сәтін орындаймыз

. Оң қолымда бес саусақ

,Сол қолымда бес саусақ

.Беске бесті қосқанда,

Болып шықты он саусақ.

Орынымызға отырамыз.

Ал келесі тапсырма « Ұзын –қысқа . Ең ұзын құртты ең үлкен санмен қос. Ең қысқа құртты ең кіші санмен қос. Жауатарын қызық арқылы қосу.Алдарында қағазда тапсырма берілген, орындаймыз.

Жұмбақ:

-Бір сиырдың неше аяғы бар?

-екі түлкінің неше құйрығы бар?

-ағаштың басында төрт торғай отыр,торғайлардың жанына тағы бір торғай келіп қонды неше торғай болды?

(Балалар жауабын айтады.)

 

Екінші тапсырма: « Екі ұқсас пішінді боя » деп аталады.

Осымен оқу іс – әрекетіміз аяқталды, бүгінгі оқу іс – әрекетінде әркім өзіне қандай баға қояр екен, алдарындағы сандар арқылы тез көрсете қойындар.

Қоштасу шеңбері:

Алақанды ашайық.

Күннің нұрын салайық!

Жүрек жылуын алайық!

Жиналған жылы шуақты!

Қонақтарға сыйлайық!