Тәуелсіз елім-өз елім

Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіз елім-өз елім

Сабақтың мақсаты:

  • Тәуелсіз Қазақстанның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік дамуын және әлемдік саяси аренадағы орнын ашып көрсету;
  • оқушылардың тарихи-танымдық қабілетін шыңдау және тарихи оқиғаларды ғылыми көзқараспен сыни тұрғыдан сынау сынау қабілетін дамыту;
  • туған халқына, Отанына, оның тарихи тағдырына деген құрмет сезімін қалыптастыру. Патриоттық тәрбие беру.

Әдісі: дәстүрлі емес.
Құралдары, көрнекіліктері: интерактивті тақта, шарлар, ҚР картасы, безендіру құралдары.
Жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.(интерактивті тақтамен жұмыс)
А) Мұғалімнің сөзі: ойынның мақсаты мен жоспарын таныстыру.
Б) Ойынның кезеңдерімен таныстыру
І кезең: « Қанат қақты». Топ басшыларының сайысы. 2 мин ішінде 20 сұраққа жауап беру
ІІ кезең: « Самғау». Ұпайы көп топ бастайды.

ІІІ кезең: «Шарықтау».
ІҮ кезең: «Жерұйық».
І. Жүргізуші сөзі: Сәлемдесу, топтармен таныстыру.
ІІ. Әділқазылар алқасымен таныстыру.
ІІІ. Ойынды бастау.
ІҮ. Қорытындылау: Әділқазылар алқасына сөз беру.
Ү. Мұғалімнің қорытынды сөзі.

І. Жүргізуші сөзі: — Армысыздар, қадірменді оқушылар! — Армысыздар, жақсы ниетпен келген ұлағатты қонақтар! Отан, туған жер, атамекен, елім, ауылым деген жүрек тебірентіп шаттық сезімді оятатын қасиетті сөздер мен туған жердің тарихы, шежіресін білу – әрбір ұрпақтың азаматтық борышы.

« Тәуелсіз елім-өз елім!» тақырыбы аясында өтетін интеллектуалды тарихи танымдық ойынын бастауға рұқсат етіңіздер.
Менің елім Қазақстан – Отаным, болашағы бізбен бірге өседі,- деп ХХІ ғасырдың талантты жастары – екі топтың ойыншыларымен таныстырайық:
І топ – «Алғыр» тобы.
ІІ топ –«Самға» тобы.

ІІ. Әділқазылар алқасымен таныстыру
— Қара қылды қақ жарған әділ бағасын беретін әділетті әділқазылармен таныстырайық.
1.
2.
3.
ІІІ. Ойынды бастау
— Ал, іске сәт,- дей отырып, ойынымызды бастаймыз.
І кезең – «Қанат қақты» деп аталады. Топ басшылары сайысы.
І топ басшысына сұрақтар:
1. Ең қадірлі адам (Ана)
2. А. Байтұрсынұлының өмір сүрген жылдары (1873 — 1938)
3. А. Құнанбаевтың шын аты. (Ибрахим)
4. «Қазақ» апталық газетінің редакторын ата. (А. Байтұрсынов).
5. Тұңғыш президентіміз. (Н. Ә. Назарбаев).
6. Бүркітті баптайтын адам. (Бүркітші, құсбегі)
7. Соғыста ерлік көрсеткен адам (Батыр)
8. Жер көлемі жағынан Қазақстан нешінші орында? (9)
9. «Пайғамбар» сөзі қандай мағына береді?. (Алланың жердегі өкілі)
10. ҚР — сы БҰҰ — ға қашан мүше болды?. (1992 — ші жылы)
11. Мұсылманның қасиетті айы, күні, түні. (Рамазан, Жұма, Қыдыр)
12. 37 санының жартысы. (18, 5)
13. Қызылорда облысында қанша аудан бар? (7)
14. Қазақстанның астаналары болған қалаларды ата (Орынбор, Қызылорда, Алматы, Астана)
15. Парламенттің Жоғарғы палатасы (Сенат)
16. Үйдегі ең қасиетті нәрсе не болды? (Ошақ)
17. Қызылорданың бұрынғы атын ата (Ақмешіт, Перовск)
18. Қазақ хандығын құрған кім? (Керей, Жәнібек)
19. «Жеті Жарғы» қай ханның тұсында жазылды? (Тәуке хан)
20. Ұлы жұт жылдарын ата (1931 — 33 жылдар)

ІІ — топ басшысына берілетін сұрақтар:
1. 1 жылда неше күн бар? (365 күн)
2. Төл тенгеміз қашан айналымға енді? (1993 ж. 15 қараша)
3. Ел басымыз Н. Ә. Назарбаевтің туған жері (Алматы обл. Қарасай батыр \ ауд. Шамалған ауылы)
4. Еліміздің тәуелсіздік алған күн (1991 ж. 16 желтоқсан)
6. Парламенттің төменгі палатасы (Мәжіліс)
7. Мемлекеттік рәміздер қашан қабылданды? (1992 ж. маусым)
8. Қазақ хандығының ХУШ ғ. астанасы (Түркістан)
9. Қызылорда облысның әкімі кім? (Б. Қуандықов)
10. А. Байтұрсынов кім? (Ағартушы, т. б.)
11. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі қай жерде? (Түркістан)
12. ҚР — да қанша облыс бар? (14)
13. ҚР — ның рәміздерін ата. (Ту, елтаңба, әнұран)
14. ҚР — ның әнұранын ата. (Ш. Қалдаяқов, Нәжімеденов, Назарбаев)
15. Абылай ханның лақап аты. (Сабалақ)
16. Парламент деген не, неше палатадан тұрады? (Заң шығарушы орган, 2 палата) 17. Алматы қаласы бұрын қалай аталған? (Верный)
18. 21 санының жартысы қандай? (10, 5)
19. Жоңғар мемлекетінің билеушісі (қонтайшы)
20. «Алжир» терминінің мағынасын түсіндір. (Акм. лагерь жен изм — в Родины)

ІІ кезең – « Самғау».
І топ — «Алғыр» тобына берілетін сұрақтар:
(негізгі оқиғалары оқылады, оқушылар жылын айтады)

Уақыты Негізгі оқиғалар
1986 жыл 17-желтоқсан  Колбиннің үкімет басына келуі. Желтоқсан оқиғасы
1989 жыл «Қаз КСР-дегі тіл туралы заң»қабылданды
1989 жыл мауысым Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің  I хатшысы болып Н.Ә.Назарбаев сайланды
1991 жыл Семей полигоны жабылды
1991 жыл Қаз. Халық конгресі құрылды
1991 жыл 19-тамыз Тамыз төңкерілісі

 

ІІ топ — «Самға»тобына берілетін сұрақтар:

(негізгі оқиғалары оқылады, оқушылар жылын айтады)

1991 жыл қазан Ленин комсомолының ыдырауы. Қазақстан жастар одағының құрылуы
1991 жыл 2-қазан Т. Әубәкіров, Волков, Фибектердің ғарышқа ұшуы
1-желтоқсан  Президент сайлауы
1991 жыл 25-қазан «Қазақстан Республикасың Егемендігі туралы »  Декларацияның қабылдануы
1991 жыл 16-желтоқсан «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы» Декларацияның қабылдануы
1991 жыл 21-желтоқсан ТМД-ның құрылуы

 

 

ІІІ кезең –«Шарықтау»           Тәуелсіз Қазақстан

 

І топ — «Алғыр» тобына берілетін сұрақтар:

(жылдар оқылады, оқушылар негізгі оқиғаны айтады)

Уақыты Негізгі оқиғалар
1992 жыл наурыз БҰҰ-на мүшелікке өтуі
1992 жыл 4-маусым Мемлекеттік нышандардың қабылдануы
1992 жыл қазан Дүнйе жүзі қазақстарының құрылтайы
1993 жыл 28-қаңтар Тұңғыш Конституцияның қабылдануы
1993 жыл 15-қараша Ұлттық волютаның енгізілуі
1995 жыл 27-ақпан Төлқұжаттың шығуы
1995 жыл 30-тамыз Конституцияның қабылдануы
1996 жыл 3-қыркүйек БҰҰ мүше елдері ядролық қаруды таратпау келісімі
1997 жыл Жалпыұлттық татулық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы
1997 жыл 10-желтоқсан Астана статусы Ақмола қаласына көшірілді
1998 жыл Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы

 

ІІ топ — «Самға»тобына берілетін сұрақтар:

(жылдар оқылады, оқушылар негізгі оқиғаны айтады)

1998 жыл 6-мамыр Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертілді
1997 жыл 11-қазан «Қазақстан — 2030» стратегиясы
1998 жыл 29-қаңтар Т. Мұсабаевтың ғарышқа ұшуы
1999 жыл Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы
2000 жыл Мәдениетті қолдау жылы
2002 жыл Денсаулық жылы
2003-2005 жыл  Ауылды дамыту жылы
2010 желтоқсан Астанада ЕҚЫҰ саммиті өтті
2011 жыл қаңтар, ақпан Астана мен Алматыдағы VII қысқы Азияда ойындары болды. Білім жылы
2012жыл Бұл – Қазақстан астанасының EXPO-2017 көрмесін өткізуге байланысты конкурсты жеңіп алуы.
2015ж Қазақстан халқы ассамблеясы жылы.

 

 

ІҮ кезең – «Жерұйық»
1. Парсы патшасы Кирді талқандаған сақтардың әйел патшасы кім?. (Томирис)
2. К. Қасымұлы көтерілісін жазғаны үшін айыпталған тарихшы кім және ол неше жылға бас бостанды5ынан айырылды? (Е. Бекмаханов, 25 жыл)
3. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді», деген сөз кімнің сөзі? (Төле би)
4. Кіші жүздегі патша үкіметінің отарлау саясатына карсы ұлт — азаттық күрестің ең ірісі қайсы? (С.Датұлы.)
5. Олар: « Қарусыз халық үкіметтің жазалау шараларының құрбаны болады», — деп қауіптенеді. «Тыңдаңыздар, қан төкпеңіздер, қарсыласпаңыздар»,- деп жазды олар 1916 ж. Мұны жазған кімдер? (Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов)
6. 1931 — 1933 ж. республ — ң қанша тұрғыны аштықтан қырылды, қандай атпен тарихқа енді? (6, 2 млн.—- 2, 1 млн. «Ұлы жұт»)
7. 1916 ж. ұлт — азаттық қозғалыстың басталуына не себеп болды? (1916 ж. шыққан патша Жарлығы)
8. І дүние жүзілік соғысқа барлығы қанша ел, адам қатысты? (38 мемлекет, 74 мың адам қатысты)
9. «Ленинградтық өренім!» өлеңі кімдікі? (Ж. Жабаев)
10. М. Әуезовті бүкіл әлемге танытқан шығармасы. («Абай жолы» эпопеясы)

Ү. Қорытындылау. Әділ қазылар алқасына сөз беру.
«Тәуелсіз елім-өз елім!»» атты қайталауға арналған интеллектуалдық тарихи — танымдық ойынымызды қорытындылаймыз. Топтардың ұпай сандарын есептеп шығарып, атап айтамыз.

ҮІ. Мұғалімнің қорытынды сөзі:
— Қазақ елі туралы білмеген жер шарының түкпір — тукпірі тек тәуелсіздігін алған соң ғана танып білуде. Тәуелсіздіктің тірегі білім. Елбасымыздың «Қазақстанның болашағы, балалар, сіздердің қолдарыңызда»,- деген аталық сезімін ақтай біліңіздер демекпін. – Тыңдағандарыңызға рахмет