Менің президентім

Тақырыбы: Менің президентім

 

Мақсаты:Балаларды Отанын сүйе білуге тәрбиелеу. Туған жерге деген сүйіспеншілігін ояту. Рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу. Сөздік қорларын байыту. Шығармашылық қабілеттерін дамыту. Білімдерін толықтыру.

Әдіс-тәсілдер:түсіндіру,сұрақ жауап, көрсету,үйрету, әңгімелеу, өлең-тақпақтар.

Көрнекілігі: Елбасымыздың суреттері, Ақорданың суреттері,

1.Жүргізуші: Құрметті қонақтар, Ата аналар. Бүгінгі сіздерге дайындаған «Менің президентім» тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

Қ.Р-ның мемлекеттік әнұранымен орындалады.

Балалар біздің яғни, Қазақстан Республикасының президенті кім екенін білесізбе?

Біз бүгін Елбасымыз жайлы түсінік алатын боламыз.

Қ.Р-ның тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаев. Осы кісінің құрметіне 1-желтоқсанды Президент күні деп атапты. Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз, Елбасының құрметіне арналмақ. Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келіпті. Бұл кісінің балалық шағы осы жерде өтеді. Қаскелеңдегі 10 жылдық мектепте оқып бітіреді. Одан кейінгі жылдары Қарағанды қаласындағы металлургия комбинатында жұмысшы болады. Содан өсіп, жақсы жұмыстарда істеп, 1991 жылы Қ.Р.ның президенті болып сайланды. Ақмола қаласын еліміздің орталығы етіп таңдап, ерекше әдемі еткен де осы Елбасының ойы. Сондағы сәулеті ерекше ғимараттардың бірі, елбасының жұмыс жасайтын орны- Ақорда.

2.Сергіту сәті

Қане, қане тұрайық.

Дөңгелене тұрайық.

Қазір озіміз көрген,

«Ақорданы» құрайық.

-Елбасымыз кім екен?

-Елбасының астанасы қай қала?

3.Балалар біздер елбасы туралы тақпақ білеміз бе?

Балалар енді қонақтарымызға өз өнерлерімізді еөрсетіп, тақпақтарымызды айтайық.

1.бала

Елімде бейбіт, тыныш заман болсын

Тілеймін әр адамға бақыт қонсын.

Елімнің ел ағасы, ел басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев аман болсын.

(Гүлжайна)

2.бала

Елімнің атын айтсам Қазақстан.

Жерімнің атын айтсам Қазақстан.

Қойнауы қызығына толғна мекен.

Байлығым атын айтсам Қазақстан.

(Дияр)

 

Ән орындайды: «Елтанбасы елімнің»

3.Бала

Елтаңбасы елімнің,

Ортасында шаңырақ.

Мемлекеттік туымнан

Күн шығып тұр жарқырап.

(Аружан)

4.Бала

Қазақ жері Қазақстан,

Мөлдіреген ашық аспан

Алыс кетсем сағынамын,

Отаным сен Қазақстан.

(Султан)

Би:

5.Бала

Астана-арман қала,

Бағы бір жанған қала.

Тұрады ол жап-жасыл болып,

Мен үлкен болғанда да.

(Рахман)

6.Бала

Қамқоршы саған да,

Оған да маған да.

Отандай қымбатты

Жер көктен табам ба?

(Сабина)

7.Бала

Отан- жерім, отан суым,

Отан қуат нәр береді.

Отан-ұран, отан туым,

Отан мәңгі гүлденеді.

(Даулет)

8.Бала

 Асем сазы басталған тазы ағыстан,

Айдынын аққулар, қаздар ұшқан.

Қадам нық, әлемге аты айтқан.

Егеменді ел бүгін Қазақстан.

(Жанель)

 

9.Бала

Отан жерім, отан суым,

Отан қуат, нәр береді.

Отан ұран,отан туым,

Отан мәңгі гүлденеді.

(Әділет)

 

10.Бала

Отан туған үйіміз.

Отан туған жеріміз

Отан ортақ үйіміз,

Көңілді ән мен күйіміз

(Айнара)

 

Ән орындайды: Ағайынбыз бәріміз.

Қортынды: Балалар ,біздің Республикамыз қалай аталады? Біздер қай Республикада тұрамыз?

Біздің елімізді басқарып отырған Елбасы кім?

Еліміздің астанасы қай қала?

Балалар бүгінгі ашық тәрбие сағатына белсене қатысқандарына көп рахмет!

Осымен ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет.

 

   

 

 

 

«Елімнің ертеңітәуелсіздік»

 

Тақырыбы: «Елімнің ертеңі-тәуелсіздік»
Мақсаты: Балалардың Отаны, Рәміздері, Елбасы, желтоқсан оқиғасы, Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту. Мәнерлеп тақпақ айтуға, сахналық көріністерді көрсетулер арқылы еліне, отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу.

Еліміздің Тәуелсіздігіне орай өткізілетін мерекелік ертеңгілікке  балалар залға вальс билеп кіреді. Мұнан соң барлығы  Әнұранды орындайды.
Сәлеметсіздер,балалар, әріптестер! Бүгінгі 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған   «Гүлдер» тобында өтетін мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз.
Рәміздерім – елдігімнің  белгісі,
Білу керек бала –дағы ең кіші.                                                                                     Рәміздерім- ӘНҰРАН, КӨК ТУ, ЕЛТАҢБА,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.
Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?
Қазақстан.
Қазақстан қандай мемлекет?
Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет.
Балалар, бүгін міне осы Тәуелсіздік мерекесі күні. Еліміздің президенті кім?
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Еліміздің елордасы қай қала?
Астана.
Астана қандай қала?
Астана-бас қала, әдемі, үлкен қала.
Дұрыс айтасыңдар, балалар. Тәуелсіздік туралы тақпақтарымызды айтайық.

Жиырма бес жыл болды,мінекей,

Тәуелсіздік тойына

Шаттанып өлең жазамын

Қалам алып қолыма           Аружан

 

 

Елбасымыз елді қорғайды

Халық қамын ойлайды.

Осындай жақсы адамның,

Жақсылығы тарайды.            Аяна

 

Тәуелсіздік елге сыйлайды,

Бейбітшілікті қалады.

Орындалып арманы,

Халқымызда ажарлы.           Жангелді

 

Жүргізуші;Алтын таның аясында

Бақытты өскен баламыз.

Еркін өмір шат заманда

Шырқап әнге салайық.

 

Біз бүгін тәуелсіздік алған күнімізді мерекелеудеміз. Біздің еліміз тәуелсіз болғандықтан өз мемлекеттік Әнұраны, Елтаңбасы және өзінің мемлекеттік туы бар. Балалар, мемлекеттік туымыздың түсі қандай екен?
Туымыздың түсі – көк.
Иә, өте жақсы.
Ән: «Ел қорғауға әзірміз».

Бүгінгі тәуелсіздік мерекесіне орай өткізіліп отырған «Елімнің ертеңі- тәуелсіздік» атты ертеңгіліміз  аяқталды.Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын, бейбіт күніміз жарқын болсын.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты

 

Рәміздерім — мақтанышым (тәрбие сағаты)

Тақырыбы: «Рәміздерім — мақтанышым»
Мақсаты: Отан, Қазақстан, туғанжер туралы  түсініктерін  кеңейту. Қазақстан Республикасының  рәміздері  туралы  түсініктерін  қалыптастыру.
Баладарды  Отан  сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына  адал  қызмет етуге, елінің  Туын, Елтаңбасын, Әнұранын  қастерлеуге, халқының  тегін, тарихын білуге  тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап
Көрнекілігі: ҚР-ның  рәміздері, Президент портреті
Барысы:
Тәрбиеші: Сәлеметсіздерме, құрметті  ұстаздар мен бүлдіршіндер! Бүгінгі  біздің «Рәміздерім — мақтанышым» атты  тәрбие  сағатымызды  ашық  деп  жариялаймын.
Балалар орындарынан  тұрып, ҚР-ның  Әнұранын  орындайды.
Рустам:
Батырлықтың  уызына  жарыған,
Ер түркіні байрағынан  таныған
Өзі  ақын, өзі  әнші  халықта,
Кім  айтаалар болмаған  деп  Әнұран.

Айдын: Гректің «гимн» сөзі  қазақша «ұран», «ұран салу» деген  ұғымды  білдіреді. Басқа  ұлттар  секілді  қазақелінің де әрбір  ру-тайпасының таңба  белгілері, жалауымен  қатар, Әнұраны да болған. Елді  жау  шапқанда жер-жердегі  сарбаздарды  жинауға  ат  шаптырып, ұран  салады, хабар береді. Кезінде  сарбаздарға  рух  берген, жауға  қарсы  ерлікпен күресе  білуге  жұмылдырған.
-Балалар, қазақ  халқының «Бізді  таныдыңдарма?» деп, әлемге жар салған Ән ұранның  әнін  жазған, сөзін  жазғандар кімдер?
Балалардың  жауабы. Әні: Шәмші.  Қалдаяқов
Сөзі: Нұрсұлтан  Назарбаев, Жұмекең  Нәжімеденов
Камила: ҚР-ның   Әнұранында  адамға  зор  рухани  әсер ететін күш, өйткені  Әнұранда  халықтың, ұлттың, мемлекеттің, елдің  бірлігінің   нышаны бар.
Ақбота:
Бәрі  болған  қараңсынды  көне
Ел белгі де, ерлік  өнерде.
Жаһандағы  ең жауынгер  халықта,
Кімсенеді «Ту болмады» дегенге?

Тәрбиеші: Ту бейбіт  кезде құрметпен  сақталып, ол тек жаугершілік кезде  ғана шығарылып  отырған. Тудан  айырылу — өлімментең  болған. Өздерімізге белгілі  қазақ  жеріне  көз  тігушілер аз болмаған. Сондай  бір  қиын-қыстау  кезеңде  ұлы дана бабаларымыз  Төлеби, Қазыбек би, Әйтеке би  ордабасында  кездескеннен  кейін, Әбілхайыр хан үш  жүздің  басын  қосып, Бөгенбай  батырға қазақтың туын ұстатқан  екен.
Гүлназ: 1992 жыл 4 -маусым – тарихи  күн. Сол  кезде Республика Жоғары  Кеңесі тәуелсіз  ҚР-ның  мемлекеттік  Туы мен Елтаңбасын  бекітті. 1992 жылы маусым айында  тұңғыш президент Н.Ә.Назарбаев  ұлт  Туына  тағзым  етті.
Жалғас: Ту ортасында  күн, оның  астында  қалықтап  ұшқан  қыран, Ту таңсабының тұсында  ұлттық  өрнек  нақышталған тік  жолақ  көктеп  өтеді. Күн  шұғыла, қыран, өрнекбейнесі алтын түстес.
Камила:
Енді  бүгін  өлген  Туым   тірілді,
Әнұраным  жалғап  алды  ғұмырды.
Босағада қалып  кеткен  Елтаңбам,
Баяғыша  төріме  кепілінді.

Ән: «Жас дәуірдің түлегіміз»

Тәрбиеші : Егеменді  еліміз  жер әлеміндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең өркениетті, ол  ретінде  өзінің  Елтаңбасы мен Әнұранын, Туы мен Жалауын  белгілеп, осы бір қасиетті  белгілердің  мәнін  әрбірұрпақтың  терең түсініп, әдептілік рәсімдерін  орындау борышымыз  деп санауын көздейді.

Ал, балалар, ҚР-ның  Елтаңбасында  нелер бейнеленген?
Балалардың  жауабы: күнсәулесі, көкаспан, шаңырақ, жұлдыз, қанаттытұлпар, бидай сабақтары.

Тәрбиеші: Олар  қандай  мағынаны  білдіреді?
Ералы: Көкаспан – кеншіліктің, тыныштық пен биіктіктің  белгісі. Ашық  аспанға тараған  күн сәулелері сәулетті  өмір  санатын  көрсетіп   тұрғандай, биіктегі жарық жұлдыз  Отанымыздың  жұлдызы  биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғанын білдіреді.
Бекзат: Елтаңбадағы алтын шаңырақ  Қазақстанның «қарашаңырақ» деген қасиетті сөзінен  алынып, шаңырақ  астындағы  халықтар бірлігін  талап етіп, халықтың қасиетті  шаңырағы биіктеп, отбасына күн ананың жарығын шашып, бақыт жұлдызының нұрын төгіп тұр.
Жанель: Қанатты  тұлпардың  баламалы қмәні қазақтың  аңыз-ертегісінен  алынған. Аңыз бойынша, қанатты  тұлпарға  мінген алып батыр алтықат  аспанға  ұшып, жеті қат жер астына түсіп, халықты қасіреттен  азат еткен.

Аяна: Бидай  сабақтары – молшылықтың  нышаны. Аспан  ашық, жұлдызы жарқыраған, шаңырағы биік, жеңімпаз, молшылық елінің перзенті болу.
Қорытынды.
Айбек: Алдағы уақытта тәуалсіз еліміздің  шаңырағынан  күн сәулесі тарап, кең даласын анға толып, көлдері көкке күміс тер шашып, тілінің мәртебесі биік болсын!

-Сонымен қорыта келгенде, өзіміздің жерімізді, рәміздерімізді, Отанымызды  құрметтеуге  және патриоттық  сезімімізді нығайта  түсуге тырысайық! Туған жер киелі ұғымды әр қазақстандық құрметтұтуға, оны қастерлеуге міндетті екенін  ұмытпайық. «Ел ерімен мақтанар, жер кеңімен мақтанар» деген, елімізді қорғар ер-азаматтар, асыл ұрпақтар, тәрбиелі  ұл-қыздар молаяберсін.

 

 

 

 

 

 

«Ақбота» бөбекжайы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рәміздерім — мақтанышым (тәрбие сағаты)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өткізген: Султанова А.Х                  Казталов 2015-2016 ж.