Музыка және бейнелеу өнері

 

Сынып: 6а,б             Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Бөлім 3-бөлім. Музыка және өнер түрлері
19-сабақтың тақырыбы Музыка және бейнелеу өнері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.1.1.1 – тыңдаған музыкалық шығарманы талдау және өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтау;

6.2.12.1 – музыкалық көркем құралдарын, музыкалық аспаптар мен дауысын қолдана отырып әндерді орындау.

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:

— сурет өнері мен музыканың  байланысын біледі;

— тыңдаған күй мен суреттен алған әсерін бояумен бейнелей алады;

— Әбілхан Қастеев шығармашылығын біледі;

— өз жұмысын таныстыруға тырысады.

Көптеген оқушылар:

— сурет өнері мен музыканың  байланысын біледі;

— тыңдаған күй мен суреттен алған әсерін бояумен бейнелей алады;

— Әбілхан Қастеев шығармашылығын біледі;

— өз жұмысын таныстырады;

-өзінің және өзгенің жұмысын бағалауға тырысады.

Кейбір оқушылар:

— сурет өнері мен музыканың  байланысын біледі;

— тыңдаған күй мен суреттен алған әсерін бояумен бейнелей алады;

— Әбілхан Қастеев шығармашылығын біледі;

— өз жұмысын таныстырады;

— өзінің және өзгенің жұмысын бағалайды.

 

Бағалау критерийлері Оқушылар мақсатқа жетті:

— сурет өнері мен музыканың  байланысын біледі;

— тыңдаған күй мен суреттен алған әсерін бояумен бейнелей алады;

— Әбілхан Қастеев шығармашылығын біледі;

— өз жұмысын таныстырады;

— өзінің және өзгенің жұмысын бағалайды.

Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

Ә. Қастеевтің «Өзен» картинасы мен халық күйі  «Сары өзен» күйін байланыстыра әңгімелеу; тыңдалған шығарманы талдау және сипаттама беру; музыкалық шығарманың мазмұнын ашу және көңіл күйін көрсету

Талқылауға арналған сұрақтар:

• Күйді тыңдау барысында мен . . .

• Картинаны көргенде мен …..

• Егер де . . . мен өз жұмысымды жақсартар едім.

 

Құндылықтарды

дарыту

Туған жердің табиғатын сүюге, қорғауға, қастерлеуге дәріптеу.
Пәнаралық

байланыстар

 
Бастапқы білім Алдыңғы сабақтан алған білімдері
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар
Сабақтың басы

 

Сергіту сәті: Сабақтың басында оқушылармен коллаборативті ортаны ұйымдастыру.

«Күн сәулесі» тренингін өткізу. Шеңберге тұрып, көздерін жұмады.

— Мына дыбыстарды естігенде, көз алдарыңа нелер елестейді? (Табиғат дыбыстары)

— Иә, жаздың шуақты күнінің бірінде өзен  жағасына демалуға бардық. Шығыстан самал жел есіп тұр. Судың сылдырлаған дыбысы сендерді жайбарақаттық  сезімге бөледі. Күннің ыстық қызуы  денемізді қыздырып барады. Сол күннің нұрына екі қолымызды созып, алақанымызды қыздырайық. Енді сол алақанымызды жүрек тұсымызға ұстап, жылылықты жүрегімізге ұялатайық. Көзімізді ашайық. Міне сендердің жүректерің күн нұрына малынған жылылықпен бірге ізгілік, нәзіктік, мейірімділікке толы. Енді сол жүрегіміздегі жақсы қасиеттерімізді  қолымызды созып, досымызға сыйлайық.

1-тапсырма. Үй тапсырмасын тексеру.

1.Силлабика дегеніміз не?

2.Қара өлең және жыр неше буыннан тұрады?

3.А.Құнанбайұлының қандай әндерін білеміз?

4.Романс термині қандай мағына береді?

5.Романс музыкасының әннен айырмашылығы?

6.Романсты қандай аспаптың сүйемелдеуімен орындаймыз?

7.Романс жазған композиторларды ата?

8.Франц Шуберттің қанша вокалдық шығармалары бар?

(Жауап берген оқушыларға смайликтер беремін)

 

Сабақ тақырыбы. Сабақ мақсаты.

Сыныпта әңгімелеу. Сабақ тақырыбын ашу.  (Тақтадан оюдың, домбыраның, картинаның, палитраның суреттері көрсетіледі.)

Табиғатпен сырласа да үндесе өмір сүрген ата-бабаларымыз өз дүниетаным пәлсапасын өнер арқылы шебер жеткізгені аян. Сонау ескі замандағы қолөнер бұйымдарының оюы кітап қызметін атқарып, оның бейнелері әлемдік тәртіпті айқындауда таптырмас тәрбие құралы болды. Осы құралдың басты заңдылығы – адам қоршаған Табиғат ананы аялауы керек, Ғарыш заңдылықтарын терең түсінуі қажет. Ғарыш құрылымы туралы біздің заманымызға ежелгі дәуірден жеткен аңыздар бар.

«Ертеде бүкіл әлемді су басқан заманда Жердің кіндігінде Әлемдік тау (Ұлытау), ал оның ұшар басында Бәйтерек жайқалып өсіпті. Үш әлемнің арасын байланыстырған Бәйтеректің жапырағында Самұрық құс ұя соғып, қасиетті алтын жұмыртқа салады екен. Егер кенеттен әлемді түнек басса, құс тағы да жұмыртқа салып, қайтадан әлемді тіршілік жайлайды. Аспанды тіреп тұрған Бәйтеректің төбесі жоғарғы әлем – құдайлар мекені болып, Темірқазық жұлдызына жететін. Оның жапырағында құс бейнесіндегі аруақтар отырады. Ортаңғы әлемде адамдар, ал Жерді тамырымен тіреп тұрған Төменгі әлемде зұлым күштер өмір сүрген. Ағаштың етегінен әртүрлі өзендер бастау алған екен».

Міне, осы аңыздағы үш әлем төкпе күйдің бас буын, орта буын және саға бөлімдеріне бөлінуімен сәйкес келеді. Күйдің шарықтау шыңы болатын саға бөлімі топан су басқан Төменгі әлемнің көрініс іспетті.

Табиғат заңдылықтарымен үйлесім тапқан өмір пәлсапасын жеткізудегі көркем құралдар саз өнері (күй және ән) мен ою-өрнекке ортақ болды. Оюда бос Кеңістіктің қалмауы, форма мен контрформаның тең, тегіс, симметриялы орналасуы оюды табиғаттағы молекулалармен теңдес етеді. Қорқыт, Ықылас күйлерінде және оюда жоғарғы және төменгі, оң жағы мен сол жағы болып бөліну арқылы жеткізілген өмірдегі қарама-қайшылықтардың тепе-теңдігі мәңгілікті бейнелейтін қобыз сарынында созылыңқы әуенде көрінсе, өрнекте шексіздік белгісімен көрсетіледі.

Ою-өрнек Ғарыш пен Табиғат заңдылықтарын жалпылама пәлсапалық белгілермен көрсетсе, күй адамның ішкі жан тебіренісін, көңіл күйін қоңыр үн арқылы күмбірлетті. Құстың сайраған дауысына елітеген ән қайырмалары (гәгәгәй, ғағиға – ғақ-ғақ), әннің шырқау биіктен басталған иірімдері, қобыз сарынымен орындалған «Аққу» күйі – қазақтың Жоғарғы Әлем туралы саз түсінігінің айғағы. Жалпы, ою мен күйдің көп мағыналылығы, түпсіз тереңдігі қазақтың ойды астарлап, тұспалдап жеткізу әдетіне сәйкес келеді.

 

Әбілхан Қастеев – суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Қазіргі Алматы облысы Панфилов ауданы Шежін ауылында дүниеге келген. Қазақ елінің тарихын, оның болмысын, туған жердің әсем табиғатын бейнелеу оның басты тақырыбы болды.

(О) Оқушыларға берілетін тапсырма:

—          Қалай ойлайсың, музыка мен әдебиет арасында байланыс бар ма?

—          Музыка мен әдебиеттің көркемдік құралдарын салыстыр.

1-тапсырма. Ақпарат іздеу.

Оқылым.

(М,Ұ) Музыка және поэзияның байланысы туралы айтқанда романс және ән жанрлары еске түседі.

«Романс» термині, ортағасырлық Испанияда пайда болған, алғашқыда испан тілінде (роман тілінде) «ән» деген сөзді білдірген. Испанша – Romance. Романс музыкасының әннен айырмашылығ – көңіл күйге көп назар аударылады. Романстың мәні – сүйемелдеуде емес, өлең мен әуеннің мазмұнында болады.

Әдетте, романс камералық музыка болып саналады (бір аспаптың сүйемелдеуінде, көбінесе фортепианомен орындалады). Романстың өлеңінің өзі әуенді, сазды, нәзік, әсерлі немесе трагедиялық болып келеді. Көптеген еуропалық композиторлар – романстардың авторлары: Ф.Шуберт, Р.Шуман, И.Брамс, Ж.Массне, Ш.Гуно және т.б. Орыс романсы жанр ретінде XIX ғасырдың бірінші жартысында қалыптасты, бұл әлемдік (сонымен қатар орыс әдебиетінде де) романтизмнің дамуымен тұспа-тұс келді. А.Алябьев, А.Варламов, А.Гурилёв, М.Глинка сынды композиторлар орыс романсының қалыптасуында маңызды рөл атқарды.

Глинка 20-дан астам романс пен әні жазды, олардың барлығы дерлік әйгілі болды, бірақ олардың арасында ең танымалы – «Я помню чудное мгновенье» романсы. А.Даргомыжский, П.Чайковский, Н.Римский-Корсаков, П.Булахов, С.Рахманинов сынды композиторлар – XIX ғасырдағы романс музыкаларының авторлары.

Г.В.Свиридов және Г.Ф.Пономаренко – XX ғасырдағы ең танымал романстардың авторлары.

 

Франс Шуберт – (1797-1828) австралиялық композитор, музыкадағы романтизмнің негізін қалаушылардың бірі, 600-ге тарта вокалдық шығармалардың авторы.

 

(О) Оқушыларға берілетін тапсырма:

1.Ф.Шуберттің «Ave Maria» (М.Калластың орындауында), М.И.Глинканың «Я помню чудное мгновенье» (Д.Хворостовскийдің орындауында) шығармасын тыңда.

2.Шығармаларға сипаттама бер (сипаты, екпіні, динамикасы, бояуы, мазмұны);

3. «Я помню чудное мгновенье» романсының мазмұнына назар аудар. Бұл өлең жолдары кімге арналған?

4. «Романс» тақырыбына синквейн немесе музыка мен поэзия туралы Венн диаграммасын құрастыр.

Үнтаспа

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Ф.Шуберттің «Ave Maria»

https://www.youtube.com/watch?v=aVm61yNJFCA

2. М.И.Глинканың «Я помню чудное мгновенье»

https://www.youtube.com/watch?v=mEel0CCtFOo

 

Сабақтың ортасы

 

2-тапсырма. Тыңдау және орындау.

Сабақта оқушылар М.Төлебаветың «Кестелі орамал» әнін үнтаспадан тыңдап, мәнерлеп орындайды.

 

1.Әнді аудиотаспадан тыңда.

2.Әнді мәнерлеп орындауға тырыс.

 

3-тапсырма.Зерттеу.

 

(М,О) Сергей Васильевич Рахманинов (1873-1943) – орыс композиторы, пианист, дирижёр.

 

(О) Оқушыларға берілетін тапсырма:

1.«Романс» сөзіне анықтама бер.

2.Камералық музыка дегеніміз не?

3.Романстар жазған композиторларды ата.

4.Қандай романс әсерлі болды және неге?

5.Динара Алиеваның орындауында «Здесь хорошо» романсын тыңда.

6.Романстың мәтінін мәнерлеп оқы.

7.Бұл романс не туралы? Осы романсты қалай атар едің?

 

 

https://www.youtube.com/watch?v=UU2YlX3pPM8

 

 

 

 

 

 

Динара Алиева С.Рахманинов «Здесь хорошо»

https://www.youtube.com/watch?v=lg2RZtkiYYM

 

Сабақтың соңы

 

Рефлексия:

Мен не білдім?

Бүгін мен не үйрендім?

Мен үшін қандай тапсырма қиын болды?

Ал қай тапсырманы мен оңай орындадым?