Жабайы және үй жануарлары

 
Пәні: Жаратылыстану.           Мектеп :№ 173 Әлия Молдағұлова атындағы мектеп
Күні:

Сынып: 1«Б»

Аяпова Гулнар Шарапатовна

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы   Жабайы және үй жануарлары

 

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.2.2.2 Жабайы және үй жануарларын ажырату.

1. 1. 2. 1 . қоршаған әлем құбылытарына бақылау жүргізу

Сабақтың мақсаттары Барлық оқушы:Кейбір жануарларды атай алады.Үй жануарларын таниды және оларды күтуді біледі.

Көптеген оқушы: Жануарлардың ұқсастығымен айырмашылығын анықтайды.Жабайы және үй жануары болуының себебін айтады.

Кейбір оқушылар Жыл мезгілдеріне байланысты қысқы ұйқыға кететін жануарларды айтады.Құстардың жылы жаққа ұшу себебін түсіндіреді.

 

Бағалау критерийлері ·         Жабайы жануарларды және үй жануарларын атайды..

·         Жануарларды жабайы және үй жануарларына топтайды.

·         Қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жасайды.

Тілдік мақсаттар Оқушылар:

Академиялық тілді пайдалана отырып жануарлардың негізгі белгілерін тұжырымдап түсіндіреді.

Жабайы және үй жануары, қорек,қысқы ұйқы

Талқылау

-Қандай жанурларды білесіңдер?

-Адамға қандай пайдасы бар?

-Біздің сыныптың оқушыларында қандай үй жануарлары бар?

-Қандай жабайы жануарды көрдіңдер?

Жазба тапсырмалары

Үй және жабайы жануарлардың суретін салу

Құндылықтарды дарыту •шығармащылық және сын тұрғысынан ойлау;

• Қарым қатынас жасау қабілеті

Өмір бойы оқуға дайын болу.

Денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық жасау

Пәнаралық байланыс Өнер,сауат ашу
АКТ қолдану дағдылары Интербелсенді тақта
Бастапқы білім Кейбір жануарларды атай алады.Үй жануарларын күтуді біледі
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

5минут

 

Ширату жаттығуы

Жануарлардың дыбысын тыңдау арқылы олардың қай аң екенін табады  .Сол арқылы сабақтың тақырыбын ашамыз.Бүгінгі сабағымыз не туралы болады деп ойлайсыңдар? Жануарлар туралы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   

 

 
Сабақтың ортасы

 

30 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үй жануарларының хоры” ойыны. Сыныпты төрт топқа бөлеміз. Бірінші топ — сүт беретін жануарлар; екінші — үйде ұсталатын жануарлар; үшінші топ — жұмыртқа беретін, ал төртінші топ — қымыз беретін жануарлар.

Ойынды былай бастаймын: “Тек сүт беретін жануарлар әндетеді (ме-ме-ме, мө-мө-мө-му)”. Әрі қарай үйде ұстайтын жануарлар әндетеді. Содан кейін жұмыртқа беретін жануарлар, соңынан тек сусын беретін жануарлар әндетеді.

ЖЖ. Оқушының міндеті — қажетті сөздерді пайдаланып, кестені толтыру. Алдымен жануардың тұратын мекенін, содан соң одан алынатын өнім түрін таңдап алсын. Оларға кейбір сөздердің қайталануы мүмкін екенін айтқызу.

Жауабы:

СИЫР: сиырқора, сүт, ет. ЖЫЛҚЫ: атқора, қымыз, ет. ҚОЙ: қойқора, жүн, ет.

ТАУЫҚ: күрке, жұмыртқа, мамық, ет. ТҮЙЕ: түйеқора, шұбат, ет

Бағалау. Басбармақ арқылы.

Жануарлар дүниесі. Оқушылар суреттергеқарайды.. “Бейнеленген жануарлардың қайсысын білесіңдер? Олар туралы не айта аласыңдар? Қай­ сысы біздің өлкемізде тіршілік етеді?” деп сұраймын.. Суреттердегі жануарларды қандай топтарға­ бөлуге болатынын сұрау. (Жабайы және үй жануарлары.) Егер оқушылар жауап беруге қиналса, жетелеуші сұрақтарын қою. “Суреттегі әр жануар қай жерде тіршілік етеді? Немен қоректенеді?”­

Т.Ж

 

Жабайы және үй жануарлары. Оқушылардыңназарын суреттерге аудару.

Сұрақ қою: “Суреттердегі әр жануар не істеп жатыр? Салыстырыңдар. Суреттер несімен ұқсайды? Ит пен құндыздың іс-әрекеттерінде қандай айырмашылық бар? Осы екі суретті жұптастыруға бола ма? Сендерде қандай жұптар шықты? Неге?” Суреттерді төмендегідей етіп жұптастыруға болады:

 

қоректену: құндыз қорегін өзі табады, итке адам тамақ береді;

 

емделу: құндыз жарақатын жалап жазады, ал итке адам қамқорлық жасайды, мал дәрігеріне апарады;

 

баспана: құндыз өзіне ағаш бұтақтарынан ін жасап алады, ал итке адам үйшік жасайды. Оқу­

 

шылардан өмірде осы әрекеттердің қайсысын­ көргенін сұраңыз.

Бағалау.шапалақ арқылы

Т.Ж

Зерттейік. Мұғалім алдын ала әзірленіп қойғанбелгілі үй жануарларының, олардың қораларының, азықтарының, бағып-күтуге арналған құралдардың суреттерін таратады. Мысалы, сиыр, түйе, ит, жылқы, шөп, қырғыш, жем-шөп, сүйектер, сиырқора, ит үйшігі, қойқора, атқора.

 

Оқушылар топпен талдап, адам әр үй жануары үшін не істей алатындығын сәйкестендіреді. Әр топқа бір жануарды таңдап алып, ол туралы мәлімет дайындауға ұсыныс жасауға болады.

Ойлан!

Жеке жұмыс

 

Оқушылар мынадай сұрақтар бойынша ойланып көрсін: Ит қандай әрекеттер жасайды? Қасқыр ше? Олардың қандай ұқсастығы бар? Негізгі ерек­ шеліктері не?

“Орман” және “үй” деген үлестірмелі материал­ дарды оқушыларға таратып беріңіз. Мұғалім жа­ нуарларды атайды, ал оқушылар оны жабайы жануар деп санаса “ОРМАН”, үй жануары деп ойласа “ҮЙ” белгісін көтереді.

 

Сөздер: сиыр, бұғы, қасқыр, қой, есек, бұлан, кірпі, қоян, тауық, қаз, түлкі, мысық, аю.

Бағалау.

АКТ

 

 

Электронды оқулық

 

 

 

 

 

 

 

Электронды оқулық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті

1 минут

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп теріп алайық

Қалтамызға салайық

Сергіту сәтіне арналған жинақ
Сабақтың соңы

1 минут

 

(Ұ)Рефлексия. Мұғалім балалардан  бүгін нені үйренгенін сұрайды.

 

Бүгінгі сабақта не білдік.?

Қандай жануарлардың атын білдік?

 

Бағдаршам

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?  

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін  тексеру жоспарыңыз?

Оқушылар үй және жабайы жануарлардың түрлерін білді.

 

 

Орман жануарларын атауды үйренді.

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

 

Оқушылар өздері жасаған  бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)

 

Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.