Кімнің мекені жақсы

Үстірт атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Акшабаева Мереке Кенжегаливна

Сабақ тақырыбы: Кімнің мекені жақсы?

Сабақтың мақсаты : 1. Тақырыпты түсіндіру. Ауызша сөйлеу дағдысы мен жазба тілдерін  жетілдіру.

2.Оқушылардың ой-өрісін дамыта отырып, өздіктерінен қортынды шығаруға баулу.

3.Еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу, Отанын  сүюге, қорғауға үйрету.Патриоттық тәрбие беру.

Сабақтың көрнекілігі: схема ,суреттер,плакат, автор суреті.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау,ойын.

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.Психологиялық дайындық.

Сабаққа сегізде келеміз.

Сабақтан қалмаймыз дегенбіз.

Сабақты 4-пен 5-ке оқып,

Білімді оқушы боламыз дегенбіз.

2.Үй жұмысын тексеру.  Туған өлкем.

Өткен сабақты пысықтау.

Үй жұмысын пысықтау мақсатында тест сұрақтарын қою.

Оқушыларды үш топқа бөлу

Топ басшыларына бағалау парақтарын беру.

Өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру.

3.Жаңа сабақ: Кімнің мекені жақсы?

Плакатпен жұмыс.

Сөздікпен, суретпен жұмыс.

Оқушыларды рөлдерге бөліп оқыту.

Ұжымдық оқыту.

Туған жер туралы өлең, тақпақтарды айтқызу.

Сергіту жаттығуы:Үнтаспадан жануарлардың дауысын тыңдау.

Топ басшыларына тапсырма беру:

Кима қағаздармен жұмыс. Ситуациялық сұрақтар беру.

Ойын: Жануарлар қалай дыбыстайды?

1.Сиыр мөңірейді.

2.Қой маңырайды.

3.Жылқы кісінейді.

4.Түйе боздайды.

5.Әтеш шақырады.

6.Бақа бақылдайды.

7.Қарға қарқылдайды.

8.Ит арсылдайды.

9.Мысық миаулайды.

10.Жылан ысылдайды.

Ойын: «Ұйқасын тап»

— ақ -ақ –ақ         Секіреді лақ.

-ын-ын-ын          Ойнақтайды құлын.

-ау-ау-ау             Мөңірейді бұзау.

-қан-қан-қан       Қошақаным момақан.

-та-та-та               Әп-әдемі бота.

-ой-ой-ой             Маңырайды қой.

-қы-қы-қы            Біздің жүйрік жылқы.

-ыр-ыр-ыр            Өрісте жүр сиыр.

Сабақты қортындылау :

Тірек сызбамен,схемамен жұмыс.

Үйге тапсырма.Түсініп оқу

Бағалау.Топ басшыларының ойын тыңдау.