Лунтикке көмектесейік

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Ересектер тобы.

Күні: ________                                                Тәрбиеші:

Білім беру саласы:

Бөлімдері: Вариативтік компонент

Тақырыбы: Лунтикке көмектесейік.

Мақсаты:

Білімділік:Балалардың ЖЖЕ-ін  сақтау және оларды  орындау әрекеттерін дағдыландыру.  Ойын  арқылы жолда жүру ережелерін бекіту. Дамытушылық: Балаларды көшеде және жолда жүру ережелерін,  шығармашылық қабілетін қалыптастыру.

Тәрбиелік:Балалардың зейінің, өз-ара араласу, бір-біріне көмектесуге тәрбиелеу.

Қолданатын технология:  Технология Квест

Квест технологиясының негізгі идеясы: Лунтикке жол ережелерін білуге үйрету және оған жол апатына түспеуге көмектесу.

Қажетті құралдар: АҚТ, карта, бағдаршам, жол белгілерінің суреттері, ойыншықтар, пазл.

 

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиеші әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық

қозғаушылық

 

            

1кезең:  «Шнюк ағаның жол  викторинасы»

Кезеңде  берілген әңгіменің сипаттамасы: Лунтик айда туып, жерге түсті, бірақ ол жолдан өтемін деп ,көліктің астына түсіп қала жазды.  Өйткені  ол жолда жүру ережелерін білмейді, бағдаршамды көрмеді.

Лунтик балаларға келіп көмек сұрады.

 

№1 слайд. Лунтик келеді.

 

Жүргізуші: Енді біз не істейміз?

№2 слайд. Лунтиктің достары көмекке келеді

Капа әже мен Шер ата және олардың достары Лунтикке көмекке баруға шешті.Олар үстелдің үстінде карта тастап кетіпті. Картада жол ережелерін білу үшін  не істеу керек екені көрсетілген.   Картада балаларға  және Лунтикке жол ережелерін үйрету үшін және бағдаршамды құрастыру үшін , оларға  қиын жолды өту үшін  не істеу керек екеніне  бағыт берілген .  Барлық тапсырмаларды табысты орындалуына Капа әже сыйлықтар, ал Корней Корнееч Лунтикке  «Зейіңді жүргінші» правасын береді.

№3 слайд: Жұмбақтардың шешімі.

Тапсырма: Жұмбақтар жасыру.

1.     Сойлеуді  ол білмейді,

Бірақ, тоқта, жүр-дейді.  (бағдаршам)

2.     Төрт аяғы дөнгелек

Адамсыз ол жүрмейді  (машина)

3.     Ұзын-ұзын, ұзын жіп

          Ұшына шыққан жан бар ма?

          Ақырын басқан жан бар ма?

          Ұшына шықпас жалған да.     (жол)

4.     Көше бойлап аяңдайды,

Жол тәртібін нұсқаған.

Ысқырықпен түзеткен. (полицейский)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалардың жауабы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар жұмбақтың шешімін табады.

 

 

 

 

Бірінші тапсырма орындалған кейін, балалар қызыл түсті белгі алады.

 

Ұйымдастыру-іздестіру

 

2 кезең: « Ара мен Кузя шегірткенің кедергі жолақтары»

№4 слайд: Ара мен Кузя.

 

Кезеңде  берілген әңгіменің сипаттамасы: Лунтик балалармен бірге  карта бойынша алға жылжиды. Оларды алдында  «Кедергі жолақтары» күтеді.

-Кузя мен Ара қимылды ойындарды өте жақсы көреді, сондықтан олар эстафеталық ойындар дайындапты және бағдаршамды құрастыру керек. Кедергі жолақтардан өткеннен кейін, қатысушылар сары түсті белгі алады. (сары  түсті картоннан дөңгелек).

 

Тапсырмалар:  Балалар  екі командаға бөлінеді.

1. Жердегі ойыншықтарға тимей  жіппен машинаны  жүргізу, жолақтың соныңда жіпті тақшаға орау.

2.Пазлды құрастыр. Екі команда жол белгілерімен пазлды құрастырады. Әр қатысушы бір пазлдан ғана қояды. Ең тез жинаған команда жеңеді. (барлық бала қатысу үшін ,ойынды бірнеше рет қайталауға болады)

3.Көңілді секіргіш. Екі команда ойнайды. Бағдаршам белгі береді. (қызыл, жасыл немесе сары) Балалар белгіге қарап, қимылды бастауға болатынын анықтайды, тек содаң кейін секіруді бастайды.   Бұл ойында балалардың зейінділігі мен ұқыптылығы саналады.

3 кезең: «Вупсень мен Пупсеньның белгісіз белгілері»

 

№4 слайд: Вупсень мен Пупсень.

 

Кезеңде  берілген әңгіменің сипаттамасы: Бұл кезеңде Вупсень мен Пупсень тапсырманы дайындағанда барлық жол белгілерін шатастырды. Лунтик пен  балалаларға барлақ белгілерді ретімен дұрыстау керек. Тапсырманы орындағаннан кейін балаларға жасыл түсті белгі беріледі.(жасыл тусті дөнгелек картон).

 

Тапсырма: Белгілерді атау және  атуы бойынша  топтастыру.

4кезең: «Миланың  сұрақтары»

 

Кезеңде  берілген әңгіменің сипаттамасы: Мила Лунтиктің жол ережелері туралы білімін толықтырғысы келеді, ол үшін Мила  балаларға сұрақтар дайындады.

 

Сұрақтар:

1) Автобусты қай жерде күтеміз? (аялдамада)

2) Көліктер қайда жүреді? (жолда,көшеде)

3) Жолда жүреін  көліктердің  қандай түрлерін білесіңдер? (жеңіл машина, жүк машина, автобус)

3) Жаяу жүргіншілер көшенің қай жерімен жүруі тиіс? (тротуармен)

4) Жолды  қай жерден өтуге болады? (бағдаршам және зебра)

5)Неге жаяу жүргіншілер көшеде тек ғана міндетті түрде  тротуармен жүру керек? (өйткені жолда көліктер жүреді)

6)Бағдаршамның қандай белгісі бойынша, яғни шамның қандай түсі жағылғанда жүруге, өтуге болады? (бағдаршамның жасыл түсі жанғанда)

Жүргізуші: Жарайсындар  балалар! Біз бағдаршамның барлық түстерін жинадық, енді біз оларды бағдаршамға  дұрыс ретімен орналастырайқ.

 

№5 слайд: Корней Корнееч Лунтикке  «Зейіңді жүргінші» правасын береді.

Капа әже балаларға смайликтер жібереді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалардың  командалары бір-бірімен әр түрлі кедергілерден өту үшін жарысады. Жарысқан  командалардың  бірлескен қызметімен  сипатталады. Бір мақсатқа жетуге бағытталады және жеңіс әр бір ойыншының  әрекетіне байланысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар тиым салатын, ескерту  белгілерін  топтастырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Бағдаршамның түстерін дұрыс орналастырады.

(қызыл, жасыл, сары)

Рефлексивті-түзетушілік

 

 

 

Тапсырманың орындалу нәтежесі:  Барлық тапсырмалар орындалды,  Лунтикке  «Зейіңді жүргінші» правасы беріледі. Балаларға  көңілді смайликтер таратылады.

Жүргізуші:  Балалар  енді Лунтик  жол апатына түспейді деп ойлаймын, өйткені ол жол ережелерін білуге үйренді және жолда жүру ережелерін бұзбайды. Бүгін бізде оған жол ережелерін бұзбаймыз деп уәде берейік!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Барлық балалар бірге: Жолда жүру ережелерін бұзбаймыз!

Балалар қоштасып топқа оралады.

 

Күтілетін нәтиже: Балалардың құрдастарымен өзара іс-қимыл дағдылары, бір-біріне көмектесу  дағдыларын  қалыптастыру.  Балалардың  жолда жүру  ережелері бойынша  білімдерін  бекіту. Бағдаршам туралы білім кеңейту.

Білу: Балалар сұрақтарға жауап беру арқалы  жол жүру ережелері  бойынша білімдерін толықтырды

Игеру: Жол белгілерді атау және топтастыру бойынша балалардың  білімдері толықтырылды.