Квадрат теңдеулер

Бекітемін:

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Мектеп: Сағыз орта мектебі
Күні: 14.11.2018 ж Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып:  8 а,ә Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы Квадрат теңдеулер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 8.2.2.3 квадрат теңдеулерді шешу
Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар: Квадрат теңдеулерді шешеді.

Оқушылардың басым бөлігі: Квадрат теңдеулерді шешу жолдарын талдайды.

Кейбір оқушылар: Квадрат теңдеулерді шешуде шығармашылық тапсырмаларды орындайды

Бағалау критерийі —     квадрат теңдеуді шешу формуласын біледі;

—     квадрат теңдеудің түбірлерін табады

Тілдік мақсаттар

 

 Пәндік және тілдік мақсат:

Квадрат теңдеу шешу әдісін сипаттайды.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

«Дискриминант», «түбір», «коэффициент», «бос мүше»

Диалог/жазылымға қажетті сөз тіркестері:

егер D>0;  D<0;  D=0 түсініктері арқылы диалог құру.

Құндылықтарға баулу

 

 Мәңгілік ел идеясы негізінде қоғамымыздағы ұлттық бірлік,бейбітшілік пен келісім құндылығы арқылы азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс  Физикалық есептерді шығаруда математикалық формулаларды пайдаланып квадрат теңдеулер арқылы шығырады
Алдыңғы білім

 

Қысқаша көбейту формулалары, толық квадратты айыру, квадрат түбір, квадрат түбірдің анықталу облысы, квадрат түбірдің қасиеттері, құрамында квадрат түбірі бар өрнектерге амалдар қолдану
Сабақ барысы

Психологиялық ахуал /2 мин/   « Әр елдің амандасу түрлері »

Блум таксономиясы бойынша:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

 

Ресурстар
Сабақтың басы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Оқушыларға ширату жаттығулары арқылы оқушылар ойын шоғырландыру: «Ыстық орындық»  әдісі бойынша оқушылардың білімін шоғырландыру, жаңа материалды игеруге дайындық үшін тапсырма беріледі.

1.    Топқа бөліну

Математика ғалымдарының аттарымен топқа бөлу (Пифагор, Фалес, Виет, Декарт)

Адасқан әріптер  Топ бойынша жұмыс

Таиимдкисрнн (дискриминант), кісенді (кесінді), дуеңте (теңдеу), фэкоцинетиф (коэффициент),

біртү (түбір)

Мағынасы бойынша артық сөзді алып тастау

Бұл тапсырманы орындауға 1 минут беріледі. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

— Қалған сөздер қандай тақырыпты біріктіреді? (Квадрат теңдеулер.)

Мұғалім: Жарайсыңдар, квадрат теңдеудің түрлерін есімізге түсірдік. Ал квадрат теңдеулер ерте заманда, осыдан біздің заманымызға дейін 2000 жыл бұрын Вавилонда пайда болған. 1202 жылы итальяндық ғалым Леонард Фибоначчи квадрат теңдеудің формуласын берген. Тек 17 ғасырда ғана, Ньютон мен Декарттың арқасында ол формулалар қазіргі түрге енген.

— Балалар, квадрат теңдеуді шешу кезінде біз қандай ұғымды кездестірдік? (Дискриминант).

— «Дискриминант» ұғымын ағылшын оқымыстысы Сильвестр ойлап тапқан. Көптеген терминдерді тауып енгізгені үшін ол өзін «Математикалық Адам» деп атаған.

— Ол не үшін керек? (квадрат теңдеудің түбірлерін анықтау үшін)

Оқулықпен жұмыс:

І топ –  7.4 (1,2)    ІІ топ – 7.4 (3,4)      ІІІ топ- 7.5 (1,2)

Дескриптор:

—  есептің шартына байланысты есепті шығарады;

—  есеп берілнгені арқылы теңдеудің түбірін анықтайды;

Үлестірме материалдар
Сабақтың ортасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті «Жаңылмаймын » ойыны

Оқушылар оқулықпен жұмыс барысында өз бетімен алған білімдерін бекіту мақсатында «Ойлан, жұптас, бөліс» (Идеялар мен ойларды дамытудың құрылымдалған әдісі). Оқушылардың  жеке ойлау, жұппен жұмыс жасау, бір-бірінің пікірін ескеру дағдылары қалыптасады.

ҚБ: «Басбармақ » әдісі.

 

Квадраттық теңдеу а в с түбірлері
         
         
         
         

Дескриптор:

—       -коэффициенттерін анықтайды;

—       -формуланы қолданады;

—       -түбірін табады.       ҚБ: «Бағдаршам» әдісі.

Сұрақ:

1. Коэфиценценттер таңбалары дискриминант есептеуге әсер ете ма?

ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен топтар бірін-бірі бағалайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алгебра 8 сынып

2018 ж.

Оқулықпен жұмыс

 

 

 

 

 

Кесте№ 1

Сабақтың соңы

 

 Қорытынды

«Бір минут» әдісі.

Оқушылардың сабақта оқыған материалдан түйінді, басты ақпаратты іріктей білу  дағдыларын қалыптастыру. Оқушылар шеңбер бойымен тұрып бүгінгі  өткен тақырып бойынша сұрақтар  қою арұылы сабақты қортындылайды.

Рефлексия

«Идеялар себеті»- әдісін қолдану оқушылардың жетістіктерін сыни бағалауға, өзінің танымдық ойы туралы ойлауын дамытуға және шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

Себет

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
1-тапсырмада саралаудың  «Қарқын» тәсілін қолданамын. Кейбір оқушылар  жылдам жұмыс жасайды,қосымша тапсырмаларды көп күш жұмсауды талап ететін оқушылар үшін қолданылады. Оларға деңгейі жоғары тапсырмалар дайындалады, ал көмекқажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі.

2-тапсырмада саралаудың «Тапсырма»  тәсілі арқылы оқушылардың қажеттіліктеріне қарай қосымша тапсырмалар  жасалады, беріледі. Күрделілігіне қарай  алға ілгерілеп отыратын тапсырмалары бар карточкалар дайындалады.

3-тапсырмада саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі арқылы кейбір оқушыларға жан-жақты нақты көмек беріледі, оқушыларды ойланту үшін алдын ала дайындалған сұрақтар  қойылады.

«Бағдаршам» әдісімен оқушылар өзін-өзі бағалайды.

 

 

«Басбармақ » әдісімен оқушылар бір-бірін бағалайды.

 

 

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен топтар бірін-бірі бағалайды