« Әлеуметтік педагогтің тәртібінде ауытқушылығы бар оқушарымен жұмысы»

 

 

 

 

 

 

Аудандық семинар:

« Әлеуметтік педагогтің тәртібінде ауытқушылығы бар оқушарымен жұмысы»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 наурыз 2016 жылы

 

 

 

«Адамның баласын заман өсіреді. Кімде-кім жаман болса, оның замандасының бәрі кінәлі» деп Абай атамыз айтқандай, бала тәрбиесіне бәріміз де: мектеп, ұстаз, ата-ана, қоршаған орта, қоғам жауаптымыз. Ата-бабаларымыз бізден бұрын бала психологиясын танып, адамның жан дүниесіне үңіле білген. Ал, бұл қасиет дәл қазіргі уақытта бізге өте қажет: баланың ішкі дүниесіне үңіле білу, жан-сезімін түсініп, ұғыну, оған көмектесу. Мысалы, «Балаңды 5-7 жасқа дейін патшадай сыйла, 10-15-ке дейін құлша жұмса, 15-17 жасынан ақылға-ақыл қосар дос, жолдасыңдай сыйла»деген ғибаратты баланың даму психологиясын жас ерекшеліктеріне қарап, сипаттап, саптап бөліп қойғандай. Осы кезеңдердің бірінен аттап кетсек тәрбиенің күрт бұзылуы даусыз.

Осынау өмірдегі әрбір жасөспірімге тән қасиет яғни, көңілінің қамауы – ешкімге бағынышты болмай, қатар-құрбыларымен бірге ойнап, бірге күліп, ішкі жан сырларын да бірге бөлісіп, балалық бал дәуренін көңілді өткізу. Ол сондай-ақ тіршілік көшіне үлескісі келіп, жеке басы үшін әрқандай қам-қаракет жасайды, өзін болашаққа бағыттайды. Осындай ұмтылыс әрбір жас жеткіншектен көрінгенімен, оның сапалық дәрежесі әркімде әр түрлі болады. Мысалы, қиын балалардың болашаққа ұстанған бағыты басқа жасөспірімдерден өзгешелеу болып келеді. Тәрбиесі «қиын» балалар әдетте өмір тәжірибесінің таяздығынан, көп ретте ерік-күшінің аздығынан, берік қалыптаспауынан кездескен қиыншылықты жеңе алмай, тағдырдың тәлкігіне түсіп кете барады.

Тәрбиесі «қиын» балалардың  пайда болуына бірден-бір себепші болатын және жағымсыз жағдай туғызатын – отбасы тәрбиесі. Оның бастылары: — біріншіден, баланың күнделікті жүріс-туыстарын қадағаламау; оның көзінше арақ-шарап ішу, дау-жанжал, ұрыс-керіс туғызу;

  • екіншіден: тәрбиенің көзі — баланы киіндіру, тамақтандыру, мұң-мұқтажын қамтамасыз ету деп санаушылық;

 

 

 

  • үшіншіден, жастайынан еңбектену әдет-дағдыларын қалыптастырмау. Оқушының жан дүниесіне көңіл аудармау, отбасындағы ажырасу және жаңа адамның отбасы мүшесі болып енуі де себеп болады.

Отбасындағы тәрбиеден кеткен кемшіліктер мектеп жағдайында одан да бетер шиеленсе түсетіндігі айқын. Себебі мектепте де баланың жеке басын сыйламай, әкімшілік көрсету баршылық. Мектеп мұғалімдері мен қиын балалардың қарым-қатынастары «қиын» айтуымен, ұрысу ар-ожданына тию тәрізді. Педагогикаға жат әрекеттермен сипатталады.

Қоғамымызда жыл өткен сайын қылмыс жасаушылардың жасы жасарып, нашақорлық, жезөкшелік, девиантты тәртіптегі балалар саны өсіп отыр. Сондықтан қазір жалпы білім беретін  мектепте «қиын» баланы қайта тәрбиелеу мәселесі – аса  өзекті педагогикалық әрі әлеуметтік  проблемаға айналды.

«Қиын» бала ұғымын барлығымыз  естіп жүрміз, бірақ бұл терминнің артында не жатыр? Қоғамдық тәртіп  сақшылары  үшін – ол тәртіп бұзушы, мұғалім үшін – ол басқа оқушыларға жағымсыз әсер ететін «шартсыз көшбасшы», тәрбиеші үшін – ол белсенді, бағынбайтын сотқар бала. Бұл баланы  қалай түзетеміз? Бұл орайда еліміздің осы кезеңдегі әлеуметтік педагогтары «қиын» бала тәрбиесі төңірегінде мектептің тәрбие ісінде басшылыққа алуына болатындай бірсыпыра оң ұсыныстар беруде.

Атап айтсақ, олар:

  • оқушы баладағы құндылық бағдарының мазмұнын анықтау;

-отбасы тұрмысындағы қарым –қатынастарды , сәтсіздіктерді, бала тәртібін қадағалаудағы ата-ананың іс-әрекеттерін зерделеу;

  • баланың сабақтан тысқары уақытын қадағалау;
  • баланың шартсыз топтарға қатысуын, ондағы көшбасшылық деңгейін зерттеу;
  • баланың девиантты тәртібінің себептерін анықтау;
  • «қиын» баланың пайда болу себебін әлеуметтік педагогикалық тұрғыдан анықтап алу;
  • «қиын» балаға көмек көрсету үшін мақсатты және жүйелі түрде тәрбие жұмысын жүргізу және т.б

Аталған әдістемелік  ұсыныстарды  басшылыққа алып, біз мектептегі «қиын» баланы  қайта  тәрбиелеу ісі бойынша ұжымның алдында  төмендегідей әлеуметтік  педагогикалық  талаптар қойдық:

  1. Әр «қиын» балаға арналған күнделік  жүргізу. Күнделікте «қиын» баланы қайта тәрбиелеуді қажет ететін қылықтары есепке  алынады: баланың әр сабақтағы белсенділігі, себепсіз  босатқан сабақтары, ата-анасының, сынып жетекшісімен, пән мұғалімдерімен, сыныптағы жолдастарымен  қарым – қатынасы, пәндер бойынша  үлгерімі және сабақтан тыс уақытты пайдалануы, өз  қызығушылығы бойынша үйірмеге қатысуы.
  2. Педагогикалық кеңесте және әдістемелік бірлестіктер мәжілістерінде «қиын» бала мәселесін жүйелі түрде қарастыру. Арнайы әлеуметтік педагогикалық шешім шығарылады және хаттама жеке жазылады. Шешімнің орындалуын мектеп директоры  қадағалайды.
  3. Оқу жылының аяғында педагогикалық кеңесте жеке қайта тәрбиелеудің нәтижесі талданады, жіберілген кемшіліктерді жою жолдары қарастырылады. Келесі оқу жылына қайта тәрбиелеу жұмысының жоспары  жасалады.

Тәрбиесі қиын оқушыны болдырмау мақсатында біздің мектепте «Бұзақылықтың алдын алу кеңесі» жұмыс атқарады. Кеңестің төрайымы, мүшелері сайланады. Жұмыс жоспары мектептің орналасқан ауданының қиындықтарын ескеріп жасалады.  Кеңестің мақсаты: оқушының есепке алынуының себептерін анықтау, қиындықты шешу жолдарын көрсету, бұзақылықтың алдын алу шараларын ұйымдастыру. Кеңес  айына  бір рет  немесе қажетіне қарай екі рет отырыс өткізеді. Кеңесте оқушының  құжаттары қаралып, шешім қабылдағаннан кейін бала мектепішілік есепке алынады. Есепке алынған оқушыға көмек көрсету, алға тарту, қиындықты жеңу жолдарын  көрсету мақсатында сынып жетекшісі осы оқушы үшін тәлімгер болып тағайындалады.

 

 

 

 

2 сызба.

Тәлімгер                                                           Ата-ана

 

Әлеуметтік педагог

 

/2 сызба/ Ол әлеуметтік педагогпен, ата-анамен бірлесіп, қайта тәрбиелеу жұмысын жоспарлы түрде жүргізіп отырады. «Қиын» жасөспірімнің қайта тәрбиеленгендегі деңгейін анықтау үшін  келесі белгілер  (критерийлер) басшылыққа алынады:

  • рухани дүниесінің өзгерісі (табандылық, істі өз бетімен орындауы, еңбексүйгіштігі, адалдығы, уайымшылдық және басқа адамдарды түсінуі), дүниетанымындағы өзгерістер, өз болашағына көзқарасы: өзін — өзі баға беру сезімінің оянуы;
  • еңбекке, оқуға, тапсырма мен міндетті орындауға ынталануы;
  • болашақ ұстанған бағытында, жаңа жақсы нышандардың байқалуы;

«Қиын» баланы тәрбиелеудің ықпалы мынадай сұрақтар негізінде анықталып отырады:

  1. Сен мектепте қандай қоғамдық тапсырмаларды орындадың? Олар саған қандай рухани күш – қуат береді?
  2. Мектепті бітірген соң не істемек ойың бар және алдыңда қандай мақсат тұр?
  3. Қолыңнан қандай істер істеу келеді? Мектепте неге үйрендің?
  4. «Отаныңды сүй», «Өз халқыңның азаматы бол» деген нақыл сөздерді қалай түсінесің?
  5. Темекіге – «жоқ». Бұл тұжырымды басқаша қалай айтуға болады?
  6. «Нашақорлық – бұл ауру, оны емдегеннен гөрі алдын алған жеңіл» Сөйлемнің мағынасын түсіндір.
  7. «Ішімдік ішу – азғындатушы және кісі жазалаушы», — дегенді қалай түсінесің?
  8. Ішімдікке салынуға әкелетін жолдарды ата.
  9. «Есірткі – адам баласының қас жауы»  Мысал келтір.        Есірткіден қорғануға болады ма?

 

10.«Тәуелді болу» деген не? Тәуелділік қалай пайда болады?

  1. «Салауатты өмір салты- біздің мақтанышымыз», — деген сөйлемді қалай түсінесіз? Баланың осы сұрақтарға берген жауаптарын  алғашқы жинақталған ақпарат – мәліметтерімен салыстырып, әлеуметтік педагог  белгілі бір қорытындыға келеді жеке жұмыс жоспарына өзгерістер енгізеді.

Осы жұмыстармен қатар мектеп бойынша әлеуметтік мониторинг өткізіліп отырады. Ең алдымен әлеуметтік педагог «қиын» баланың отбасының құрамын, тұрмыс – жағдайын, ата-ананың білімі мен бала тәрбиесіне қанша уақыт бөлінетінін анықтайды. Бұл мектеп әкімшілігі  үшін мектепте қанша отбасы бойынша «қиын» балалардың  отырғанын  білуге және сол балалармен  жүргізілетін жұмыс түрін белгілеуі керек.

Мектеп бойынша «қиын» балалар отбасының әлеуметтік статусын анықтау, балаларының ойлау қабілетіне, психологиясына  және физиологиялық  дамуына әсер ететін әлеуметтік факторларды анықтау.

 

Ол үшін жинақтау кестесі құрылады.

«Қиын» баланың аты –жөні Отбасы құрамы Отбасының тұрмыс жағдайы Ата – ананың білім деңгейі
       

Мониторинг мектепте жылына екі рет өткізіледі.

Қорыта келгенде, жоғарыда аталған факторлардың баланың жақсы немесе  нашар үлгерім мен даму дәрежесіне әр қилы әсер ететінін  байқатты. Мәселен, оқушының білім сапасының төмендеуі ата-ананың білімінің  төмендігіне, оның жұмыс істеуіне, яғни әлеуметтік  жағдайының нашарлығы, баланың сабағын,  тәртібін бақыламауы ғана әсер етеді деп айту қиын. Өйткені  кейбір осындай отбасынан шыққан бала жақсы оқиды әрі инабатты болады. Ал кей жағдайда, керісінше, «қиын» оқушының үлгілі отбасынан шығуы байқалады.

Сондай-ақ, отбасының көшіп-қонуы, баланың мектеп ауыстырып, ол мектепке үйренуі, сыныптағы балармен мен тіл табысуы оқушының үлгеріміне, тәрбиесіне сыныптық, мектепішілік, қоғамдық жұмыстарға қатысуына кедергі жасайтынын біздің бақылауымыз көрсетіп отыр.

 

Сондықтан біз тәрбиелеу мен оның тәсілдеріне арналған мақсатты жұмыстар баланың жеке қасиеттерін, сыртқы орта мен өз ортасындағы әр түрлі ықпал, әсерлерді қалай қабылдайтынына қарай жүргізілуі тиіс деген қорытындыға келдік. Біздің «қиын» балалармен  жүргізіп отырған жұмысымыз: Мектептің отбасымен ынтымақтастығы, ата –аналар арасында жүргізілетін жеке және ұжымдық жұмыстарды ұштастыру, оқу-тәрбие ісін  жүйелі жүргізу, әрбір «қиын» оқушыға сергек те мұқият қарау – оқу-тәрбие жұмысының табысты болуының басты кепілі болатынын көрсетіп отыр.