Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі

Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі

 

Мақсаты:   қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс  дағдысы, қыз  намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы  қыз  балалардың бойына рухани -адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту. Жеке  бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік пен азғындық жолға түспеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:    интерактивті  – мультимидиялық   кабинет   жабдықтарын  пайдалану.

Әдісі:    пікірлесу, әңгімелесу, сұрақ-жауап, салыстыру

Формасы:  Дебат сабақ

Барысы:

 

1-жүргізуші:

Құрметті  ұстаздар, оқушылар кешіміздің қонақтары!  «Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» тақырыбындағы   “Қызға қырық үйден тыйым” дебатына қош келдіңіздер! Бүгінгі тілге тиек болар әңгіме жастарға, оның ішінде қыз балаларға беріліп жатқан тәрбие. Сөз басын елбасымыздың Нұрсұлтан Әбішұлының «Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман елдерінде әйел затын ерекше бағалайтын, қарындасты қатты қастерлейтін халықтың бірі де, бірегейі де – біздің қазақ», – деген сөзден бастасақ.

 

2-жүргізуші:

Я, дұрыс айтасың. Халқымыз  «қыз – қонақ»  деп, төрінен орын беріп, қыздарды алтынның сынығына балап өсірген. Жалпы бала тәрбиесіне, соның ішінде қыз бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген. Ата-бабаларымыз «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю»   деген мақалға қанша ой сыйғызған. Яғни қыз бала тәрбиесіне тек ата-анасы жауапты емес, бүкіл ауыл, ел жауапты болып отыр.

 

  1. Психологиялық тренинг. /Психолог:  Б.Кушенова/

 

1-жүргізуші: Инабатты, адамгершілігі мол, сыпайы қыздарды тәрбиелеу-бүгінгі мектептің, қоғамның және ата-ананың негізгі міндеті екенін естен шығармағанымыз жөн. Ендеше, қыз бала тәрбиесі жөнінде ой бөлісіңіз, сырласыңыз, пікіріңізді білдіріңіз.

 

2-жүргізуші: «Қазақ қызы!» Қандай қастерлі сөз! Ежелден ер азаматпен қатар түзде жауға қарсы найза ұстаған, үйде ошақтың берекесі, алыптардың анасы атанған Қазақтың қызы. Он мың әскерімен парсының патшасына қарсы тұрған Тұмар, даналығымен белгілі Айша бибі, Жиреншеге серік болған Қарашаш, жары дүние салғанда ошағын сөндірмей тағын ұстап, хандық құрған Айғаным ханым, жер мен су жарлыға берілсін деп ұрандаған Шолпан, Алма, фашистке қарсы қан майданда ерліктің қайталанбас үлгісін көрсеткен Әлия мен Мәншүк, еңбек майданында алға озған Кәмшат, Желтоқсанда ұлтым деп ұрандаған Ләззат, егемендіктің туын көтерген сәтте барша жұрттың анасындай болып жүрген Сара апайымыз тізімін бастаған қазақ қыздары қашанда өз қадірімен ерекшеленді. Тарихтан ойып тұрып орын алды.

 

1-жүргізуші:

Ал, «бүгінгі қазақ қызы ертеңге қалай барады? Барғанда не алып барады?» деген заңды сауалдар айналаға қараған сәтте өзінен-өзі туындайды. Айман-Шолпан, Қыз Жібек пен Баян сұлудай қазақтың бұрымды, сұлу келбетті қыздарын қазіргі кезде шынымен де жырдан ғана оқитын болдық па?!. Бүгінгінің Баяны, ару Айманы, атына сай есілген Жібегі қайда жүр?! Оларды көшеден де, киелі сахнадан да, теледидардан да көру арман болып кетті-ау.

 

2-жүргізуші. Құрметті қонақтар, ұстаздар, қыздар «Қазақ қызы қандай болуы керек?» бейнетаспаға назар аударайық.

 

Бейнекөріністі көре отырып, қазіргі кезде қыз балалардың тәрбиесінде алаңдататын қандай нәрселер бар деп ойлайсыз?

Ата бабамыздың тәрбиесі мен қазіргі тәрбиенің айырмашылығы бар ма? Бар болса неде?  

 

«Ой толғау». Сұрақтар.

Қыздарымызға сұрақ

  1. Қазақ қызы қандай болу керек?
  2. Қазіргі тәрбиемен бұрынғы тәрбиені салыстырғанда айырмашылық бар ма?
  3. Қазақ қыздарының қазіргі киім үлгісіне көңіліңіз тола ма?
  4. Дөрекі сөйлейтін қыздар туралы ой — пікіріңіз?
  5. Сән мен сымбат туралы айтып берсеңіз?
  6. Бүгінгі қыздың қылығы орынды ма?
  7. Сіз анаңызбен еркін сырласа аласыз ба?
  8. «Қазіргі қазақ қыздары бұзылу қаупін кешіруде» — дегенге не дейсіз?
  9. Мектебіміздегі қыздардың тәрбиесіне көңіліңіз тола ма?
  10. Ұлттық ерекшлігімізде қыз бала тәрбиесінде жыныстық қатынас туралы апа мен қыздар арасында ашық әңгіме бола бермейтін. Қазір бәрі өзгеше. Сіз осыған келісесіз бе?
  11. Ерте жүктіліктің, ерте жастан тұрмыс құруға көзімізбен құлағымызда үйренді. Шын мәнінде бұл әркекеттер қыздарымыздың мінез-құлықынан ба? Әлде осы әрекеттер дұрыс па?

 

 

 

 

 

 

«Жағдаяттан қалай шығасың?»

 

  1. Сен көшеде өтіп бара жатырсың. Көшеде екі оқушы бала төбелесіп тұр. Сен оларға не айтасың немесе қасынан өтіп кете бересің бе?
  2. Мысалға сен концерт карауға кешігіп келдің. Сенің орнын 15 қатар және сол катардың орта шамасында. Барлық орында адамдар отыр. Сен өз орныңа жету үшін адамдардың алдынан қалай өтесің? Алдынан өтсең артқа қарап өтесің бе немесе алға қарап өтесің бе?
  3. Сен автобуста орындықта отырсың. Бірен минуттың ішінде кісі лық толып кетті. Қасында үлкен қарт атай және сенің мұғалімің тұр. Сен орныңды кімге бересің? Әлде отыра бересің бе?
  4. Сен қоғамдық орында келе жатырсың. Алдыңнан екі қыз темекі тартып, жерге қоқыстарды лактырып келе жатыр. Сен қандай күйде боласың. Қоқыстарын қоқыс жәшікке саласың ба? Қандай әрекет жасайсың?
  5. Сен университетке асығып, кешігіп бара жатырсың. Университетке жетуіне бір ғана аялдама қалды. Автобустан бұрынғы оқушы кезіндегі мұғалімінді көрдің, бірақ ол кісі сені байқамады. Сен не істер едің? Барып амандасасың ба немесе автобустан түсіп жүре бересің бе?
  6. Қыздардың барлығын да «әдеміліктің, әдептіліктің, сұлулықтың символы» деп айтуға бола ма?
  7. Қыз бала тәрбиелеуде мектеп пен  отбасының қайсысының міндеті көбірек, неліктен?
  8. Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқанында алдыңнан үлкен апай көп сөмкелерімен шықты. Сен не істейсің?
  9. Сен үйде жалғызсың. Бір мезетте саған достарын кинотеатрға барайық деп телефон шалды. Сен ата-анаңа телефон шалып ескертейін десең телефондарын үйге тастап кеткен. Сен не істейсің? Ескертпей кете бересің бе немесе үйде қалып қоясың ба?
  10. Сенің үйіңе қонақ келгенде сен қандай әрекет жасайсың?

 

Қыздарымыздың ибалы, иманды, тәрбиелі болуына пайдасы тиер деген оймен ес біліп, етек жиған әрбір қыз өзі барған әрбір үйде мынадай қырық істен тыйылу керек немесе барған үйлері тыю керек деп қараған.

  • Үлкенге сәлем бер, жолын кесіп өтпе, жалғыз қыдыруға тыйым.
  • Үлкендер алдында жарыса сөйлеуге тыйым.
  • Талтайып отыруға тыйым.
  • Шалқайып жатуға тыйым.
  • Көп алдында ұятқа қалмауды, ағайынға жеккөрінішіті болмауды әрқашан ойлап жүр.
  • Орынсыз іске ұрынудан тыйым.
  • Өтірік, өсек айтпа және оны айтушыларды тыңдама.
  • Әурет жерлеріңді жауап, ашық-шашық жүруге тыйым.
  • Өзгелерге тіл және қол тигізуге тыйым.
  • Кісіге қарап керілуге, есінеуге тыйым.
  • Дастарқан үстінде әдемі отыр, әдепті сөйле. Орынсыз сөзден тыйым.
  • Ұрлық-қарлыққа тыйым.
  • Жаназа оқылып жаткан жерден айналып кетпе. Адамды жерлеуге бара жатқандардан озба, жолын кеспе.
  • Бұраңдауға, қылымысуға тыйым.
  • Қызыл іңірде жатып, түске дейін ұйықтауға тыйым.
  • Жалқаулыққа, ластыққа тыйым.
  • Кісі алдында қасынуға, киім ауыстыруға тыйым.
  • Аш болсаң да, тоқ болсаң да құдайынды ұмытпа.
  • Бейәдеп сөз айтудан тыйым.
  • Үйге, мешітке, қасиетті орындарға оң аяқпен кіру керек.Үлкендердің  атын атауға тыйым.
  • Ішімдік-шегімдікке тыйым.
  • Ұрыс-керіске тыйым.
  • Беттен алып, төске шабуға тыйым.
  • Ер адамға әйел киімі жараспайтыны сияқты әйелдер мен қыздарға ер киімі де қонымсыз әрі тәңірінің бұйрығында да жоқ нәрсе.
  • Біреудің байлығына, дүние-мүлкіне, ақшасына сұқтанба.
  • Түнде суға жалғыз баруға тыйым.
  • Жат жыныстылармен араласып жатуға тыйым.
  • Құран, намаз оқылып жатқанда сөйлеме, қозғалма, тұрып кетпе.
  • Тарс-тұрс жүріс, қарқ-қарқ күлкіге тыйым.
  • Ерді қорлауға, зорлауға тыйым.
  • Адамды және жан-жануарларды тебуге тыйым.
  • Бүйірін, жағын таянуга тыйым.
  • Тәкаппарлыққа, сайқы-мазаққа тыйым.
  • Тамақты өз алдыңнан алып же, кісі алдындағы қол созба.
  • Шектен тыс жасанып, сылануға тыйым.
  • Қызғаншақтыққа, күншілдікке тыйым.
  • Менмендік пен өзімшілдікке тыйым.
  • Алдап-арбауға тыйым.
  • Көрсеқызарлыққа, нәпсіқұмарлыққа тыйым.
  • Тойымсыздыққа тыйым.

 

Олай болса, бүгінгі дебатқа оқушыларымыздың арнайы дайындаған видеоролигімізді тамашалаңыздар. Осында отырған қыздарымыз бұл туралы не ойлайды екен? Пікірлерімізді ортаға салайық. Қазіргі заманның қыздарының жүріс-тұрысы туралы көп мағлұматқа қанық болдық. Осыған орай тағы да өз ойларымызды білдіріп өтсек

 

Халық арасында бойжеткен қызды ажарына қарай жетіге бөлген:

Әдемі қыз — баппен сөйлеп, биязы күліп, жақсы-жаманның жөнін біліп тұратын;

Көрікті қыз — істі үйіріп, сөйлесе бұйырып, баурап алатын, бірден көзге түсе қоймайтын;

Шырайлы қыз — көз жанары өткір, бет-әлпеті балбұл жанған, тәні шымыр;

Сұлу қыз — сөзі өткір, өзі пысық, өрескелдікті сүймейтін, болмашыға пісіп-күймейтін, келбетті;

Ару қыз — бет пішіні, дене мүсіні келіскен, сөзі сыпайы, өзі әдепті, сұңғақ бойлы, терең ойлы;

Ажарлы қыз — дене бітімі жинақы, тығыршықтай, сөзі салмақты, ісі тиянақты;

Әсем қыз — жүзі жылы, өзі ұяң, тәні нәзік.

 

Қорытындылау.

Жүргізуші: Қыз бала тәрбиесі қай кезде де назардан тыс қалып көрген жоқ. Бірақ, бүгінгідей қоғамның аласапыран кезеңде де қыз балаларды жан-жақты тәрбиелеу, уақыт күттірмейтін мәселе. Келесі сөз кезегін тарих және дінтану пәнінің мұғалімі Майра Мажитқызына  ұсынамын.

Жүргізуші: «Қазақстан -2050» стратегиясында қыз балаларға қатысты жеке тарау арналып: «Ең алдымен, біз қыздарымыздың тәрбиесіне көп көңіл бөлуіміз керек. Олар – болашақ жар, болашақ ана, шаңырақтың шырақшылары» делінген. Халқымыз «қыздың жолы жіңішке» дегенге ерекше мән беріп айтады. Қыздың жолы – қылдай, оны үзуге болмайды. «Бойжеткен, әйел заты әрдайым біздің қоғамның теңқұқылы мүшесі, ал ана – оның ең ардақты тұлғасы. Біз әйел затына  — анаға, жарға, қызға  деген қапысыз құрметті қайта оралтуға тиіспіз» деп міндет қойды Елбасымыз аталмыш стратегияда. Сондықтан да жасөспірім шақта отбасында саналы тәрбие, мектепте сапалы білім алып, қоғамның жеке дербес тұлғасы ретінде қалыптасып, келешекте білікті маман болып, елінің дамуына өз үлесін қосатын азаматшалары атанулары тиіс қой деген қорытынды пікірге келіп бүгінгі «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» атты дебатымызды аяқтаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнамалар

  1. Қыз балалардың бойында қандай қасиеттер болуы мүмкін?
    ______________________________________________________________
    2. Өзіңді ұстау ережелерін білесің бе? (қонақта, театрда, сабақта, спорт залда, асханада)
    ______________________________________________________________
    3. Сен киіну мәдениетіне мән бересің бе?
    ______________________________________________________________
    4. Инабаттылық, әдемілік, әсемдік туралы қандай көркем шығармаларды білесің?
    ______________________________________________________________
    5.Қыздарға байланысты қандай тыйым сөздерді білесің?
    ______________________________________________________________
    6. Қазіргі замандағы қыздар тәрбиесінің ақсап бара жатыр дегеніне келісесің бе? ______________________________________________________________
    *** *** *** *** *** *** *** *** *** *** ***
    1.Сен соңғы кезде кіммен уақыт өткізгенді қалайсың?
    Отбасыммен-
    Достарыммен —
    Жалғыз өзім —
    2.Сыртқы келбетіңнің өзгергені, дене салмағыңның, бойыңның өскені /өспегені/ сені:
    Қуантады –
    Ренжітеді –
    Ашуымды келтіреді —
    3.Сенің қандай болғың келеді?
    Ақылды —
    Әдемі —
    Тіл табыса білу —
    4. Сен өзіңнің келбетіңмен жұртшылық назарында болсаң:
    Қуанамын —
    Көңіл- күйім болмайды —
    Бәрібір-
    5. Мені қолдайды:
    Отбасы –
    Мектеп-
    Достарым –
    1.Тәрбиелеу ісіне қандай әдістерді көбірек қолданасыз?
    а) өзіне мысал келтіру;ә) талап етушілік;
    б) сендіру;в) жазалау;г) мадақтау.
    2. Сіздің отбасыңызда балаға талап етушілікте ынтымақтастық, ауызбірлік сақталады ма?
    а) ия;б) жоқ.
    3. Тәрбиеде мадақтаудың қай түрін қолданасыз?
    а) мақтау;ә) отбасы мүшелері бірауыздан баланың жақсы қылықтарын, жаңа кітап, б) ойыншық сатып алғанда мақтау;
    4. Баланы тәрбиелегенде күш қолданасыз ба?
    а) ия; ә) жоқ; б) әркезде.

    5. Сіздің таңдаған әдісіңіз балаға оң ықпал етеді ме?
    а) ия;
    ә) жоқ;
    б) әркезде.
    6. Балаңыз сізге сенім білдіре ме, құпиясымен бөлісе ме?
    а) ия;
    ә) жоқ;
    б) әркезде.
    7. Бала тәрбиесі үшін сіз өз жүріс-тұрысыңызды, мінез-құлқыңызды бақылауға тырысасыз ба?
    а) ия;
    ә) жоқ;
    б) әркезде.
    8. Баланы тұлға ретінде құрметтейсіз бе?
    а) ия;
    ә) жоқ;
    б) әркезде.
    9. Бала тәрбиесіндегі кездесіп жатқан қиыншылықтарды кімдермен бірге шешуге талпынасыз?
    а) жеке өзім;
    ә) әкесімен;
    б) көршілермен;
    в) туған-туыстарымен;
    г) педагог-психологпен, әлеуметтік педагогпен;
    д) сынып жетекшісі немесе пән мұғалімдерімен.
    10. Бала тәрбиелеуде мектепке қояр талабыңыз бен ұсынысыңыз:_________________________________________________