«Табиғат әлемі»
Ұйымдастырылған оку әрекетінің технологиялық картасы
16 мамыр 2018 жыл
Технологическая карта ОУД
16 мая 2018 год
Педагогтің аты- жөні : Абилдина А.К.
Топ/Группа:2 кіші «Г»
Облысы/Область: коммуникация
Бөлімшесі/Подобласть:қазақ тілі
Тақырыбы/Тема: «Табиғат әлемі»
Тақырыпша: «Жайдарлы жаз» (жыл бойы өткенді қайталау)
Мақсаты/Цель: Білім алушылардың жыл бойғы білімдерін бекіту, мазмұндарын ашу, бар білімдерін дұрыс қолдана білуге үйрету.
Білімділік/Образовательная : жыл бойы өткен тақырыптарды пысықтау.
Дамытушылық/Развивающая: ойлау қабілетін дамытып, сөздік қорын молайтып, тілін дамыту;
Тәрбиелілік/Воспитательная: еңбекқор болуға, ұқыптылыққа тәрбиелеу;
Жабдық / Ресурсы :қуыршақтар ,таратпа қағаздар,кеспе қағаздар,ойыншықтар,сандықша,аудиотаспа,ілме қағаздар.
Сөздік жұмысы/Словарная работа:
Билингвальный компонент: жыл мезгілдері-времена года,киімдер-одежда,мерекелер-праздники.
Педагогтің іс-әрекеті
Действия педагога |
Балалардың іс-әрекеті
Деятельность детей |
Іс-әрекет кезендері / Этапы деятельности
Мотивациялық-қозғаушы/ Мотивационно-побудительный |
|
Балалармен сәлемдесу.
Жылулық шеңбері. Қонақтармен амандасу.
Енді балалар бір – бірімізге қарама – қарсы тұрып, бір – бірімізге қуаныш сыйлайықшы |
Балалар сәлемдеседі.
Шаттық шеңбері Қуанамын мен де, Қуанасың сен де . Қуанайық достарым , Арайлап атқан күнге. |
Іс-әрекет кезендері / Этапы деятельности
Іздену-ұйымдастырушы/Организационно-поисковый |
|
Тосын сәт. Қобдиша дыбысы шығады.
-Ой ,балалар, бұл ненің дыбысы екен? Дұрыс айтасыңдар! Мен бүгін осы жерге келсем,осы қобдиша тұр екен. Және осы қобдишаның 3 кілті бар екен. Бұл кілттердің тапсырмалары бар екен. Ендеше бірінші кілттің тапсырмасын орындап көрейік,содан соң ол қобдишаны ашады ма екенін көрейік! Сабақтың басында біз тіл жаттығуларын жасап алайық! Қайталаймыз: Қобдишаны қағайық Тық-тық-тық Кілтпен оны ашайық Тік-тік-тік Ашылмады қобдиша Ой-ой-ой Не бар екен ішінде ?Өй-өй-өй
Д-о. «Бұл қай кезде болады?»(Ж.Ж) Әр жұпқа жыл мезгілдеріне байланысты суреттер таратып беремін.Балалар суреттерді сәйкестендіріп,қандай мезгіл екенін анықтап айту керек.
-Жарайсыңдар ,балалар. Ал,енді бүгінгі осы мезгілдерде қандай киім киеді екенбіз? Д/о. «Сәйкестендір» Балаларға суреттер беріледі. Олар берілген суреттегі жыл мезгілінде қандаай киім киетіндерін сәйкестендіреді.
Сергіту сәті. Аю-аю тұршы,бетіңді жушы, Шашыңды тарашы,айнаға қарашы. (2рет) Мен қазір тұра алмаймын,бетімдіжуа алмаймын Шашымды тарамаймын,қыс өтеді , Сонда сен ойнауға кел менімен.
Жарайсыңдар! |
Балалардың жауабы.
-Жедел жәрдем.
-Дәрігер. Тосын сәтке қуанады. Мамандық атауларын тыңдайды. Түсінеді.
Мұғалімнің сөздерін қайталап,тіл жаттығуларын орындайды.
Дидактикалық ойынды ойнайды.
Сергіту сәтін орындайды.
|
Іс-әрекет кезендері / Этапы деятельности
Рефлексивтік-коррекциялаушы / Рефлексивно-корректирующий |
|
Дидактикалық ойын. «Артығын тап»
Суреттерге қарап артық мерекелерді табу.
Қорытынды. Мадақтау. |
Балалар қуанады. |
Күтілетін нәтіже/Ожидаемый результат:
Нені біледі/Знать: жыл бойы өткен тақырыптар бойынша сөздерді біледі;
Қандай түсініктерді игереді/Иметь: зат атауларын,жыл мезгілдерінің атауларын игереді,айырмашылығын түсінеді;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері/Уметь : жұппен , топпен жұмыс істеуге дағдыланады.