«Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою. Алмасу буфері. Практикалық жұмыс»

Тақырыбы:     «Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою. Алмасу буфері. Практикалық жұмыс»

 

Мақсаты:    

  1. Информатика пәніне оқушылардың қызығушылығын арттыру.
  2. Оқушыларды компьютермен жұмыс істеуді дағдыландыру.
  3. Объектілерді көшіру, көшіру жолдарымен таныстыру.

Сабақтың барысы:

І.  Ұйымдастыру кезеңі.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою. Алмасу буфері. Практикалық жұмыс». Бүгін сабақта біз объектілерді көшіруге үйренеміз. Жаңа сабаққа кірісу алдында өтілген материалдарды қайталайық.

ІІ.  Үй тапсырманы тексеру:    

  1. Компьютер дегеніміз не?
  2. Компьютер қандай бөлшектерден тұрады?
  3. Компьютерді қалай іске қосу керек?
  4. Терезе дегеніміз не. Қандай түрлерін білесін?
  5. Қалай көмек сөз алу керек?
  6. Ұзын командасының  және қысқа командасының айырмашылығы неде?
  7. Таңбаша ол не?
  8. Бағыттаушы (проводник) программасы дегеніміз не?
  9. Файл ол не?
  10. Таңбашаны қалай жасауға болады.
  • Ал балалар, енді компьютерді косуға рұқсат беремін. Сізге бүгінгі сабаққа керек  “Merits” жүйесі.

 ІІІ.  Жаңа материалды беру:

      Алмасу буфері –жылжытылатын немесе көшірілетін ақпараттарды уақытша сақтауға арналған жадтың арнайы бөлігі. Алмасу буферіндегі ақпарат оған жаңа ақпарат бөлігі келіп түскенше сақталады, ал содан кейін алдыңғы ақпарат жойылады. 
Алмасу буферінің көмегімен деректерді әр түрлі құжаттар мен қолданбалардың арасында алмастырып отыруға болады. Алмасу буферін пайдалану үшін, алдымен деректерді оған орналастырып (сақтап) қояды да, содан кейін одан алып қажетті құжатқа кірістіреді. Бұл процедураны қиып алып кірістіру немесекөшіріп алып кірістіру процедурасы деп атайды.
Көшіру деп алғашқы құжаттағы белгіленген ақпараттың Алмасу буферіне осы деректердің көшірмесі түрінде орналастырылуын айтады.
Қиып алу деп алғашқы құжаттағы белгіленген ақпараттың берілген құжаттан алынып, алмасу буферіне орналастырылуын айтады.
Кірістіру деп қазіргі кезде алмасу буферінде бар ақпараттарды құжаттың қажетті жеріне кірістіруді айтады.

Алмасу буферіндегі ақпараттар компьютерді өшіргенше немесе онда басқа ақпараттар жіберілгенше сақталады. Алмасу буферіндегі ақпараттарды осы құжатқа, сондай-ақ Windows-тың басқа да қолданбаларына кірістіру үшін бірнеше рет қолдануға болады.
 Windows объектілерімен жұмыс істегенде, оларды көшіру қажет болады.

        Объектілерді көшіргенде объект бұрыңғы орнында қалады, ал көшірмесі жаңа орынға орналастырады. Қанша көшерме қажет болса, сонша көшірме алуға болары.

      Объектілерді көшіру әрекеті бірнеше кезендерден тұрады. Бірінші кезені ол объектіге көңіл аудару кезеңі. Екінші кезен – алмасу буферіне объекіні салу кезені. Үшінші кезені – керекті жерге қою кезеңі.

      Объектілерді көшіру бірнеше жолы болады. Соларды қарастырайық.

  1. Меню панелі көмегімен;
  2. Құралдар панелі көмегімен;
  3. Контекстік меню көмегімен
  4. Маус көмегімен;
  5. Пернетақта арқылы.

      Меню панелі арқылы объектілерді көшіру:

  1. Объекітіге көңіл аудару;
  2. Правка  — Копировать командасын орындау (Объект алмасу буферіне көшіріледі);
  3. Правка – Вставить (Объект алмасу буферінен керекті орынға қойылады).

      Құралдар панелі арқылы объектілерді көшіру:

  1. Объекітіге көңіл аудару;
  2. Құралдар панеліндегі копировать батырмасын басу (Объект алмасу буферіне көшіріледі);
  3. Вставить батырманы басу  (Объект алмасу буферінен керекті орынға қойылады).

     Контекстік меню арқылы объектілерді көшіру:

  1. Объекітіге көңіл аудару;
  2. Контекстік менюні шақырып – Копировать командасын орындау  (Объект алмасу буферіне көшіріледі);
  3. Контекстік менюні шақырып – Вставить командасын орындау  (Объект алмасу буферінен керекті орынға қойылады).

      Маус көмегімен  арқылы объектілерді көшіру:

    Объектіге көңіл аударып, жылжыту кезінде CTRL пернесі басулы тұрса, онда тандаған объект файлдың типіне және оның тағайындалған орнына қарамастан көшіріледі.

      Пернетақта  көмегімен  арқылы объектілерді көшіру:

  1. Объекітіге көңіл аудару;
  2. CTRL + Cбатырмаларды бірге басып, объект алмасу буферіне көшіріледі);
  3. CTRL + V батырмаларды бірге басып, объект алмасу буферінен керекті орынға қойылады.
  4. Практикалық жұмыс:

Ал, қазір біз практикалық жұмысқа көшіміз. Сіз жұмыс үстелдерде «5 сынып» папканы құрайсындар. Сосын «Мои документы» папкадан 5 файлды әртүрлі тәсілмен көшіресіндер.  Содан кейін «5 сынып» папкасын «Мои документы» папкасына көшіресіндер. Кейін мұғалімді шақырып оған жұмыста тапсырасындар.

  

    Қайталау сұрақтары:

  • Ал енді балалар көшіру әрекеті қандай кезендерден тұрады, кім маған айтады?
  • Қандай көшіру түрлерін білесіз?
  • Алмасу буфері дегеніміз не?
  • Пернетақта арқылы көшірілу қалай жүргізіледі?
  • Меню панелі арқылы көшіру қалай жүргізіледі.
  1. Сабақты қорытындылау:

    VІ.  Үйге:  

    Оқулықтың 98 – 102 бетін оқу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Паскаль бағдарламалау тілінде сызықтық бағдарлама жасау жолдары

Сабақтың тақырыбы:  «Паскаль бағдарламалау тілінде сызықтық бағдарлама жасау жолдары»
Сабақтың мақсаты: оқытушылық: оқушыларды сызықтық бағдарламаның құрылымымен таныстыру, өткен тақырыптарды қайталау негізінде жаңа білімді қалыптастыру;
дамытушылық:қарастырылған материалды қорыта білуді, талдай білуді дамыту, теорияны практикада қолдануды үйрету және өзбетінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту;
тәрбиелік: пәнге деген қызығушылығын тәрбиелеу, тәртіпшілікті тәрбиелеу, ТҚЕ қадағалау және топпен жұмыс жасай білуді тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:  аралас сабақ
Сабақта қолданылатын
әдістер: түсіндірмелі-иллюстративті, сұрақ-жауап, баяндау.
Сабақта қолданылатын
құрылғылар: мультимедиалық компьютерлік сынып, мультимедиалық проектор, тесттік жұмыстар
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалімнің сөзі: Сәлеметсіздерме! Біз күнделікті өмірде белгілі бір әрекеттерді орындау барысында көптеген алгоритмдерді қолданып жүрміз. Осы тұрғыдан қарағанда, өмір дегенді алда тұрған мәселелерді шеше алатын алгоритмдер жиыны деп түсінуге болады. Адам күнделікті өмірде алгоритмдер теңізінің ішінде жүзіп жүр деуге де болады. Қазырғы кезде күнделікті өңделетін ақпарат көлемінің тез өсуіне байланысты көптеген мәселелердің шешуін адам іс-әрекеттерді, яғни алгоритмді атқарушыға  немесе орындаушыға – техникалық құрылғыларға, әртүрлі автоматтарға, компьютерлерге жіктеуге мәжбүр болып отыр. Сонымен, алгоритм ұғымы күнделікті өмірде кеңінен пайдаланылатын ұғымдардың бірі болып саналады. Ал біз сіздермен осы ұғымды бағдарламалау негіздері бөлімінде қарастырдық.
ІІ. Үй жұмысын тексеру. Үйде сіздер алгоритмдеу негіздерін қайталадыңыздар. Енді сіздердің алгоритмдеу негіздері бойынша білімдеріңізді тексерейік. Сонымен:
1. Алгоритм дегеніміз не?
2. Алгоритмнің қандай түрлерін білеміз?
3. Алгоритмнің қасиеттері.
4. Алгоритмнің өрнектелу жолдары.
5. Алгоритм аргументтері дегеніміз не?
6. Алгоритм нәтижесі дегеніміз не?
7. Тармақталу алгоритмі дегеніміз не?
8. Циклдік алгоритм дегеніміз не?
9. Алгоритм түрлері қайсысы дұрыс жазылған?
10. Алгоритм дегеніміз не?
11. Блок-схемада алгоритм басы мен соңын қандай геометриялық фигура бейнелейді?
12. Тармақталу алгоритмінің блок-схемасында шарт қандай геометриялық фигурмен көрсетіледі?
13. Блок-схемада шығару командасы қандай геометриялық фигура арқылы жазылады?
14. Алгоритм командасы дегеніміз не?
15. Алгоритмдік тіл не үшін керек?
16. Алгоритм қадамы дегеніміз не?

ІІІ. Жан жақты білімдерін тексеру
Бүгінгі күнді, тақырыпты жазып қойыңыздар. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Паскаль бағдарламалау тілінде сызықтық бағдарлама жасау жолдары.» Сабағымыздың мақсаты Паскаль бағдарламалау тілінде сызықтық бағдарлама жасау және оны Турбо Паскаль қосымшасында теріп, орындау. Жаңа тақырыпты қарастыруды бастамас бұрын, бірінші еске түсірейік (Оқушыларга сұрақ: ) бағдарлама деп нені айтамыз?
Паскаль тіліндегі бағдарламаның құрымын еске түсірейік.
(Оқушыларга сұрақтар:) Паскаль тіліндегі бағдарламаның құрылымы ?
Сипатталу бөлімі толық болған жағдайда қандай бөлімдерден тұрады?

ІV. Жаңа білімді белсенді қорытуға дайындау
Паскаль тілінде жазылған бағдарлама 3 бөлімнен тұрады:
тақырып бөлімі, сипатталу бөлімі  және операторлар бөлімі.
Бағдарламалар құрылымы үш түрге бөлінеді: сызықтық, тармақталу және циклдік. Бүгінгі сабақта  сызықтық бағдарлама жасауды қарастырамыз.
V. Жаңа тақырып түсіндіру
Паскаль бағдарламалау тілінде сызықтық бағдарлама жасамас бұрын келесі түсініктерге тоқталайық:
— Паскаль бағдарламалау тіліндегі операторлар  қарапайым және құрама болып бөлінеді.
— Операторлар бағдарламаның begin және end операторларының ішіне алынып жазылады.
— begin және end операторлары операторлық жақшалар деп аталады.
— Қарапайым оператор деп құрамына басқа операторлар енбейтін операторды айтады.
— Бірнеше операторлардан тұратын және begin және end операторларының арасында жазылатын операторларды құрама оператор деп атайды.
— Бос оператор деп «;» операторын айтамыз. Бұл оператор оның алдындағы оператордың аяқталуын көрсетеді.
Енді сызықтық бағдарлама жасауға көшейік.
Еске сала кетейік : Бағдарлама  деп белгілі бір бағдарламалау тілінде жазылған  реттелген командалар тізбегін айтамыз. Белгілі бір алгоритмді бағдарламалау дегеніміз осы алгоритм орындалатын бағдарлама жазу. Ендеше сызықтық құрылымды алгоритмді бағдарламалап көрейік. Сонымен сызықтық алгоритм деп командалары бірінен соң бірі тізбектеліп орындалатын алгоритмді айтамыз.
Сызықтық бағдарлама жазу үшін келесі операторларды білу қажет:
— меншіктеу операторы :  =
— енгізу операторы Read( );немесе Readln( );
— шығару операторыWrite( );немес Writeln( );
Меншіктеу операторы жазылған өрнектердің мәнін есептеп оны айнымалыға беру үшін қолданылады. Жазылу ережесі <айнымалы атауы>:=<өрнек>;
мұндағы <айнымалы атауы>- айнымалы идентификаторы, := меншіктеу белгісі, яғни айнымалының мәні орнектің есептелген сан мәнін қабылдайды; <өрнек> — арифметикалық өрнек немесе сан.
Паскаль тілінде екі енгізу операторы қолданылады: Read(); немесе Readln();
Read операторының жалпы түрі келесідей болады: Read(a1, a2,…,an) – мұндағы a1,a2,…,an айнымалы атаулары, оларды енгізу операторларының параметрлері деп те атайды. Айнымалылардың мәндері алғашқысынан бастап пернетақта арқылы енгізіледі. Курсор келесі қатарға көшірілмейді. Ал Readln(a1, a2,…,an) айнымалылардың мәндері пернетақтадан енгізілген соң курсорды келесі жолға көшіреді. Read операторы орындалғанда параметрлер өздеріне сәйкес мәндерді қабылдайды.
Мысал:
Var I:real; j:integer; k:char;
Begin
Read(I,j,k);

Осы бағдарламаға сәйкес енгізудің бірінші нұсқасы: 212.2  38  ‘п’
Енгізудің екінші нұсқасы  ‘в’  23  12.1 – екінші нұсқа дұрыс емес
Паскаль тілінде нәтижені экранға шығару үшін Write( );немес Writeln( ); операторлары қолданылады. Write операторы былай жазылады Write(a1,a2,…,an)
Мысалы егер В=2.15 болып мына команда орындалғанда: Write(‘B мәні=’, В); экранда В мәні =2.15 деген сөз тіркесі көрсетіледі. Шығарылатын параметрлер бір-бірімен үтір арқылы ажыратылып Write операторынан соң жай жақша ішіне жазылады.
Паскаль тілінде параметрсіз шығару операторы Writeln( )жаңа жолға өту үшін пайдалынады. Егер Writeln(a1,a2,…,an ) операторы пайдаланылса a1,a2,…,an мәндерін экранға шығарған соң курсор келесі жолға көщеді. Write операторын түсініктеме беруге пайдалануға болады.
Мысалы: Write(‘А,В,С мәндерін енгізіңдер’)
Read(A,B,C);
Мұндайда экранға: А,В,С мәндерін енгізіңдер түсініктеме сөзі шығады, содан кейін үш сандық мән енгізілуі тиіс.
VI. Жаңа тақырыпты түсінуін тексеру
Ал енді сызықтық бағдарлама жазып көрейік. Мысал: Ұзындығы а-ға тең, ені в-болатын тіктөртбұрыштың ауданын анықтайтын бағдарлама жазу:
Алдымен бізге тіктөртбұрыштың анықтайтын формуланы білуіміз керек. Ол S:=a*b
Алдымен Блок-схемасы мен алгоритмін қарастырып көрейік

Блок-схема Алгоритм
алг  тіктөртбұрыш ауданын анықтау
нақты а,в
нәтиже S
басы
а,в енгізу
S=a+b
S шығару
соңы

Енді осы алгоритм бойынша бағдарлама құрамыз:
Program pr1;
Var a,b,s: real;
Begin
Write(‘a,b мәндерін енгіз’);
Read(a,b);
S:=a*b;
Write(‘S:=’,S);
End.
Енді Паскаль бағдарламасының терезесін ашып теріп, орындаймыз.
VII. Сабақты бекіту
1) Диктант. Берілген программа мәтінін оқушылармен бірге жазып шығу.
• Программаның аты ESEP1- оқушылар жазу керек  — Program ESEP1;
• Тұрақтылар бөлімінде  PI тең 3,14159 — оқушылар жазу керек  — const PI=3.14159;
• Айнымалылар бөлімі -оқушылар жазу керек  — var
• Шар радиусы нақты сан, қасына түсініктеме жазу — оқушылар жазу керек  — r: real; (**)
• Шар көлемі  нақты сан, қасына түсініктеме жазу   — оқушылар жазу керек
— v: real;(**)
• Операторлар бөлімі ашылады — оқушылар жазу керек  —  begin
• Шар радиусы  мәнін енгізуге ұсыныс — оқушылар жазу керек  —   Writeln(‘r – мәнін енгізіңдер’);
• Шар радиусының мәнін енгізу (оқып алу)  операторы — оқушылар жазу керек  —  Read(r);
• Шар көлемін есептеу формуласы Паскаль тілінде — оқушылар жазу керек  —  V:=4*PI*r*r*r;
• Жаңа жолға өту операторы — оқушылар жазу керек  —   Writeln;
• Нәтиже сөзін экранға шығару — оқушылар жазу керек  —   Writeln (‘нәтиже’);
• Нәтижені  экранға шығару, шығару форматы бойынша нәтижеге 8 орын беріледі ал бөлшек бөліміне 3 орын беріледі  — оқушылар жазу керек  —   Writeln (‘ V=’, V:8:3);
• Бағдарлама соңы — оқушылар жазу керек  —  End.
2) Кері есеп.
• Алдында қарастырған бағдарламаның  блок-схемасын салу.
Оқушылар келесі схеманы көрсетеді
• Есептің қойылымын анықтау
3) Берілген есепке Паскаль тілінде программа жасау және өңдеу.
Цилиндрдің көлемі V –ға тең. Табанының ауданы S. Цилиндрдің биіктігін анықтайтын бағдарлама жазып теріңіз.

VIII. Үй жұмысы
Қайталау. Берілген есепке Паскаль тілінде программа жазу:
Бірінші оқушы бір сағатта М шелек, 2-ші оқушы К шелек, 3 оқушы L-шелек алма  жинаса, олар t сағатта қанша алма жинайды.

  1. Сабақтың қорытындысы
    • Оператор дегеніміз не, олар қандай топтарға жіктеледі?
    • Бос оператор дегеніміз не?
    • Құрама операторлар қалай ұйымдастырылады?
    • Нәтижені экранға шығарудың қандай жолдарын  білесіңдер?
    • Экранға түсініктеме ретінде қолданылатын  сөз тіркестері  қалай  шығарылады?
    • Енгізу және шығару  операторларының атқаратын  негізгі  міндеттері қандай?